Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ком жауап.docx.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85 Кб
Скачать
☆

24.Науқастың құқығы?

91-бап. Пациенттердің құқықтары

1. Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;

3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;

5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;

6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.

2. Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс.

Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс.

3. Медициналық көмек пациенттің ауызша немесе жазбаша хабардар етілген ерікті түрдегі келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс.

25.Науқас дәрігерден не күтеді?

Ежелгі Иранның дәрігерлік даналығы «Дәрігердің үш қаруы бар: сөз, шөп және пышақ» деген. Бұл даналық пікірдегі «сөздің» бірінші орынға қойылуы әншейін емес, яғни, дәрігердің науқас психикасына, оның ойларына, көңіл күйіне, ерік жігеріне ықпал етуі — оның ең басты қаруы.

Кез-келген науқас өз дәрігеріне белгілі бір талаптарды саналы немесе бейсаналы түрде қоятынын айту қажет. Сырқат адам ең алдымен өз дәрігерінен өзіне қажет көмек көрсетудің тұрақты және шынайы тілегін көргісі келеді. Науқас дәрігердің өзіне арнаған сол аздаған минуттарының толығымен дәл өзіне, оның шағымдарына, оның аландайтындарына қызмет еткенін қалайды. Және де науқасты қоршаған жағдай, медициналық қызметкерлердің қатынасы, дәрігердің өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, емдеу мекемесіндегі жалпы мейірімді аужай (атмосфера) оған бұл жерде шын мәнінде көмектескісі келетінін, оның бойындағы ауыртпалығынан құтқару үшін бар мүмкіндікті жасайтынын көрсетуі тиіс. Тек осындай жағдайда, дәрігерге деген сенім туындап, нығая алады, тек осындай аужайда науқастың дәрігермен әрбір кездесуі өз бетінше жеңілдік әкеле алады.

Науқастардың дәрігерден талап етілетін талаптары:

диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;

дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;