Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ком жауап.docx.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85 Кб
Скачать
☆

30.Паллиативті көмектің критерийлері қандай болатындығын түсіндіріңіз?

Паллиативті көмектің анықтамасына сәйкес:

• Өмірді қолдап, өлімді қалыпты заңдылық ретінде қарауға;

• Өмір сүру уақытын қысқартуға немесе ұзартуға ықылас білдірмеу;

• Науқастың қолдан келгенше белсенді өмір сүру салтын сақтауға көмек беру;

• Науқастың отбасына, жақындарына науқастың ауыр сырқаттанған кезеңінде және науқас қайтыс болғаннан соң психологиялық көмекті ұсынады;

• Науқасқа және оның отбасына, олардың қажеттерін өтейтін барлық жағдайларды жасайды, қажет болса жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектеседі;

• Науқастың өмірін жақсартуға, аурудың ағымына оң нәтиже беруіне көмектеседі;

• Уақытылы жасалған іс-шаралардың арқасында, науқастың өмірін ұзартуға болады.

Паллиативті көмектің мақсаты:

• Адекватты ауырсыну сезімін және физикалық симптомдарды жою.

• Науқасқа және оның күтуші туыстарына психологиялық көмек беру.

• Адам өміріндегі өлімді қалыпты жағдай ретінде көзқарасты қалыптастыру.

• Науқастың және оның туыстарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру.

• Әлеуметтік және заңдық мәселелерді шешуге көмектеседі.

• Медициналық биоэтикалық мәселелерін қарастыру.

Ем қонбайтын науқастардың өмірлерінің соңында арнайы паллиативті көмекті қажет ететіндерді 3 негізгі топқа бөлуге болады:

• Қатерлі ісік ауруларының төртінші сатысындағы науқастар;\

• АИТЖ терминалді сатысындағы науқастар;

• Онкологиялық емес созылмалы аурулары асқынған науқастар терминальді өршу сатысында (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек жетіспеушілігінің декомпенсация сатысында, ми қанайналымының бұзылуының ауыр салдары, т.б.)

Паллиативті көмек көрсететін стационарлық мекемелер: хоспис, паллиативті көмекті көрсететін бөлімшелер (палата) жалпы профилді ауруханаларда, онкологиялық диспансерлерде, әлеуметтік көмек көрсететін стационарлық мекемелер. Бұл мекемелерде: дәрігерлер, мейірбикелер, психолог, әлеуметтік қызметкерлер және дін қызметкерлері көмек көрсетеді. Науқастар өмірлерінің соңын үйлерінде өткізгісі келетіндіктен, үй жағдайларында көмек көрсету өте орынды.

ІІІ-деңгей

1.Дәрігердің көшбасшы сапасының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

Дәрігердің көшбасшы сапасын қалыптастыру барысынжа негізгі орынды , оның тәрбиесі, кәсіптік білімінің деңгейі,деонтология мен дәрегерлік этканы сақтай білуі керек.

Дәрігердің көшбасшы сапасының қалыптасуына мынандай факторлар әсер етеді:

  • Ерекше кәсіби байқағыштықтығы, сезім мүшелерінің жақсы дамуының арқасында анықтай білуі керек;

  • Жоғары оптимисті сезімі болуы керек;

  • Сабырлықты сақтай білуі керек, қандай жағдай болсада, тәуліктің қай сағаты болсада, науқастарға диагностика мен ем жүргізудің шешімдерін табу;

  • Жоғары кәсіби дайындық, әсіресе, барлық шұғыл жағдайларда, оны анықтау принциптері, тез және кәсіби түрде шұғыл ем шараларын жүргізу керек;

  • Науқас пен оның туыстарымен тез тіл табыса білуі керек;

  • Логикалық ойлау және талқылауды білуі керек, науқас пен оның туыстарына өзінің ойының дұрыс екеніне сендірі білуі керек;

  • Науқасты түсіне білуі керек, қандай жағдай болмасын оны қолдан, жазылатынына сенімін нығайтып,оның күмәні мен қауіптерін азайту керек;

  • Өз әріптестерімен, орта және кіші буын қызметкерлерімен жақсы қарым-қатынас орната білуі керек