- •1.Қақтығысты шешу жолдары қандай болатындығын түсіндіріңіз?
- •2.Науқастың әлеуметтік реабилитациясының маңызын қалай түсіндіресіз?
- •3.Науқасқа көмектесуде дәрігердің коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктерін атаңыз?
- •4.Психологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
- •5.Науқастардың әлеуметтік реабилитациясымен әлеуметтік көмегіне әсер етуші факторлар қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •6.Тәжірибелі дәрігердің жас әріптестерімен қарым-қатынасын атаңыз?
- •7.Реабилитацияның негізгі принциптері қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •10.Дәрігердің коммуникативтік компетенциясының басты мақсаты неде?
- •11.Науқасты қанағаттандыруға кері әсер ететін кедергісін анықтаңыз?
- •8.Реабилитацияның ұғымына не кіреді?
- •9.Реабилитацияның қанша түрі бар?
- •13.Күрделі науқастарды қабылдау ерекшеліктері?
- •14. Дәрігердің коммуникативтік компетенциясының басты мақсатын қалай жүзеге асыруға болады?
- •15.Науқастың қанағаттануын қалай түсіндіресіз?
- •16.Науқастың қанағаттануына кері әсер ететін кедергісін анықтаңыз?
- •17.Науқастың наразылығын тудыратын қандай себептер?
- •18.Өлімнің этикалық аспектісін қалай сақтауға болады?
- •19.Қайғылы жағдайда туыстарына хабардар ету ерекшеліктері қандай?
- •20.Реанимация шараларының этикалық мәселелерді шешу ерекшеліктері қандай?
- •21.«Зиян келтірме»- деген сөзді кім айтқан және толық сипттаңыз?
- •22.Дәрігердің моральды және кәсіптік міндеттері қандай?
- •24.Науқастың құқығы?
- •25.Науқас дәрігерден не күтеді?
- •26.Науқасқа диагнозын және болжамын айту?
- •27.Қайғылы жағдайда кімдерге қалай хабарлауға болады?
- •28.Патологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
- •29.Паллиативті медицинаның мақсаттары қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •30.Паллиативті көмектің критерийлері қандай болатындығын түсіндіріңіз?
- •2.Дәрігердің кәсіби және жеке жетістіктерге жетуге әсер етуші факторлар?
- •3.Дəрігер тұлғасына не əсер етеді?
- •4.Дәрігерде қандай қасиеттер болуы керек?
- •5.Дәрігерде қандай моральді принциптері болуы керек?
- •6.Созылмалы ауруы бар науқастарды ақпараттармен қамтамасыз етуді қалай жүргізесіз?
- •9. Тәжірбиелі дәрігердің жас әріптестерімен қарым-қатынасына сипаттама беріңіз?
- •10.Қанағаттандыру ұғымына сипаттама беріңіз?
- •11. Инфаркт миокардымен ауырған науқастардың әлеуметтік реабилитациясы?
- •12. Денсаулық мектебін қалай ұйымдастырасыз?
- •14 Орта және кіші медицина қызметкерлердің мотивациясы ретінде тиімді коммуникация тәсілдерін қолданудың негізгі принциптері қандай
- •Жаңадан шыққан қызметті көрсету және нарыққа енгізу.
- •Өсу кезеңі.
- •Ұлғаю кезеңі.
- •Төмендеу кезеңі.
- •15.Ятрогения дәрігерлік қателіктер?
26.Науқасқа диагнозын және болжамын айту?
Науқасқа диагноз анықталғаннан кейін бірден оның сырқаты жайлы ақпаратты жеткізу керек. Науқасқа сырқатынан жазылу мүмкіндіктерін айтып, оның жазылатынына сендіріп, үмітін үздірмеу керек. Науқас өзінің ауруы жайлы нақты мәліметтерді сұраған кезде, дәрігер науқасты жұбату мақсатында шындықты жасыруға болмайды және науқасты бірден өліммен куресуге шақыру мүмкін емес, өйткені науқас әлі дайын емес. Уақыт өте келе науқас өз-өзін психикалық тұрғыдан дайындағаннан кейін ғана, оның шағымдарын тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап беруге тырысу керек.
Науқастарға ауруын болжам түрінде айтатын кездерде болады. Мысалы егер науқас оның қаншалықты өмір сүру уақыты қалғанын білетін болса, оның жағдайы одан әрі нашарлай түседі. Науқастың өмір сүру уақытын толығымен анықтау мүмкін емес, дәрігер де қателесуі мүмкін. Сондықтан науқасқа нақты қалған өмір сүру уақытын айту керек емес, тек болжамын айтқан жөн. Науқасқа оның жағдайының нашар екендігін міндетті түрде айту керек. Кейбір науқастар нақты мәліметті талап етуі мүмкін. Ондай науқастар осы күнге дейін аяқталмаған жұмыстарын аяқтап бәріне үлгергілері келеді. Бұндай жағдайда да науқасқа дәрігер тек болжамдап айту керек.
Кейбір науқастар дәрігер қойған диагнозы дұрыс қойылмаған, дәрігер қателесті деген ойда болуы да ғажап емес. Дегенмен, науқас ерте ме, кеш пе өзінің жағдайымен келіседі. Бұндай кездерде науқас психикалық көмекті қажет етеді. Сондықтан дәрігер науқасқа қолдау көрсету керек.
Науқастың диагнозы толығымен анық болғаннан кейін бірден науқастың ауыратыны жайлы оның отбасына жеткізу керек. Науқастың отбасын алдын-ала дайындау керек. Ақпаратты телефон арқылы жеткізуге болмайды. Отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері келуі мүмкін, сол кезде шындықты жасырмай барлығын толығымен айту керек.
Ақпаратты жеткізгеннен кейін дәрігер бірден науқастың отбасы мүшелерін жалғыз тастап кетпеуі керек. Жанында біраз отырып қолдау көрсетуі тиіс. Туысқандарының жанында отырған кезде міндетті түрде сөйлеудің қажеті жоқ. Жанында отырғанның да өзі жеткілікті. Науқастың отбасы мүшелеріне сіз қолдау көрсете аласыз, бірақ оны өз жүрегінізге жақын қабылдамауға тырысыңыз. Егер науқастың отбасы мүшелері жылап отырса, оған жеңілдеуіне мүмкіндік беріңіз, оны мұқият тыңдап сөзін бөлмеңіз. Дәрігер өзінің қобалжып тұрғанын көрсетпеуге тырысу керек. Өйткені ол науқастың отбасына кері әсер етуі мүмкін.
27.Қайғылы жағдайда кімдерге қалай хабарлауға болады?
Кәсіптік көзқарас бойынша саналы мағынадан айрылған науқасқа, психологиялық қолдау функциясын тоқтатпау керек .Кейде медицина қызметкерлері науқастың жазылмайтыны туралы біліп,оның жағдайын сұрамай,дәріні уақытында ішуін қадағаламай, гигиеналық процедуралардың жасалуын бақыламай, одан қашқақтайды. Өлім алдындағы адам жалғыздықта қалады.
Хал үстіндегі науқаспен сұхбаттасу кезінде , үйреншікті ритуалды бұзбау керек, науқастан өзін қалай сезінетінін сұрау, жағдайының жақсаруы жайлы тіпті маңызсыз көріністерді белгілеу керек, науқастың шағымдарын тыңдау, оның күтімін қадағалап,науқастың өзін өліммен бетпе-бет қалдырмау қажет. Ауыр халде және өлім алдында жатқан науқастар арасында, дәрігер жазылмайтын ауру жайлы айтып немесе емдік әсер көрсететін, ауру ағымын баяулататын және тіпті толығымен жазылдыратын жаңадан ұсынған дәрілер жайлы айтады. Мұнда дәрігер науқасты алдамайды, себебі ол шынайы толық сеніммен аурудың ағымын және қорытындысын болжамдай алмайды . Бұл уақытта науқастың сенімі және өмір сүруге тілегі шынымен де ағзаның қорғаныш күштерін белсендіруге, соңын алыстатуға, немесе тіпті болмаса, өмірінің соңғы күндерін мағыналы өткізуге көмектеседі.
