Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ком жауап.docx.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85 Кб
Скачать
☆

18.Өлімнің этикалық аспектісін қалай сақтауға болады?

  • Өлімге деген қатынас өмір сүруге әсер етеді. Стоиктер өлім, өмірдегі маңызды оқиға деп айтқан. Әулие Августиннің пікірі де осыған ұқсас: «Тек өлімнің алдында ғана адамның болмысы көрінеді». Сонымен, өлім – өмірдің шындығы.

  • Өлімнің өмірге жағымды әсер ететін қабылдау қиын, өйткені біз оны тек қана қабылдаймыз. Бірақ, бір сәтке болсын өлім туралы ойлардан бас тартсақ, өмір өзінің қарқынынан айрылады.

  • Жазылмас ауру адамға өлімді бір табан жақындатады. Ол адамның өмірін өзгертеді, осының нәтижесінде «тұлғалық даму» белгілері көрініс береді. (Yalom, 1980). Өлім тақағанда не болады? Бұл сұраққа жауапты қатерлі ісікпен ауыратын науқастармен әңгіме барысында аламыз:

• өмірдегі приоритеттер қайтадан бағаланады, маңызды емес мәселелер мәнін жояды;

• еркіндік сезімі пайда болады – жасағысы келмеген заттар жасалмайды, маңызды дегеннің мәні жойылады («міндетті» мен «қажетті» және т.б.);

• өмірдің әрбір сәтінің маңызы артады;

• өмірдегі қарапайым оқиғалардың маңызы күшейеді (жыл мезгілдерінің ауысуы, жаңбыр, қар, жапырақтың түсуі және т.б.);

• сүйікті адамдармен қарым-қатынас тереңдейді;

• керексіз болып қалу қаупі азайып, қауіптен қорықпау сезімі пайда болады.

19.Қайғылы жағдайда туыстарына хабардар ету ерекшеліктері қандай?

  • Қайғылы ақпаратты жеткізу үшін науқастың отбасын алдын-ала дайындау керек. Қайғылы ақпаратты телефон арқылы жеткізуге болмайды. Отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері келуі мүмкін, сол кезде шындықты жасырмай барлығын толығымен айту керек. Қайғылы жаңалықты есту әркімге де оңайға тимейтіні анық. Науқастың туыстарына қайғылы оқиғаны жеткізуде жаман хабарды барынша жұмсартып жеңіл түрде жеткізе білген жөн. Дәрігер аса жоғары дайындықта болу керек және науқастың отбасына қолдау көрсету керек. Себеі, дәрігер қызметінің өзі АЛЛАНЫҢ үлкен сыйы! Дәрігердің алдына адам ауырып, қиналып, дертіне шипа іздеп, жанарына жас толып барады. Дәрігер сол адамның қайғы-мұңын жеңілдететін маман болып табылады. Сондықтан да, дәрігердің қызметі Алланың алдында жоғары мәртебелі қызметтің бірі саналады.

  • Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізу.

  • Қайғылы ақпаратты жеткізу барысы :

1. Ең алдымен әңгімелесу орнын таңдап алу керек.

2. Науқастың келісімімен әңгімелесу барысында оның туысқандары, достары қатысуына болады.

3. Науқаспен отырып сөйлескен дұрысырақ болады. Егер науқас жатқан болса, оны отырып сөйлесуін сұрау керек.

4. Әрине, қайғылы ақпаратты жеткізген кімге болса да ауыр тиеді. Сондықтан, дәрігер қайғылы ақпаратты жеткізген кезде ыңғайсызданып қобалжуы мүмкін. Дегенмен, дәрігер өз қимыл-әрекетіне абай болып, оны науқасқа сездірмеуге тырысу керек.

5. Науқасқа дәрігер бар ынтасын бөліп, оның көзіне қарап сөйлесу керек.

6. Қарым-қатынас кезінде медициналық терминді сирек қолданған жөн. Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізер алдында оны ескерткен жөн.

7. Дәрігер әрдайым науқасқа психологиялық, эмоцианальды қолдау көрсету керек.