- •1.Қақтығысты шешу жолдары қандай болатындығын түсіндіріңіз?
- •2.Науқастың әлеуметтік реабилитациясының маңызын қалай түсіндіресіз?
- •3.Науқасқа көмектесуде дәрігердің коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктерін атаңыз?
- •4.Психологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
- •5.Науқастардың әлеуметтік реабилитациясымен әлеуметтік көмегіне әсер етуші факторлар қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •6.Тәжірибелі дәрігердің жас әріптестерімен қарым-қатынасын атаңыз?
- •7.Реабилитацияның негізгі принциптері қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •10.Дәрігердің коммуникативтік компетенциясының басты мақсаты неде?
- •11.Науқасты қанағаттандыруға кері әсер ететін кедергісін анықтаңыз?
- •8.Реабилитацияның ұғымына не кіреді?
- •9.Реабилитацияның қанша түрі бар?
- •13.Күрделі науқастарды қабылдау ерекшеліктері?
- •14. Дәрігердің коммуникативтік компетенциясының басты мақсатын қалай жүзеге асыруға болады?
- •15.Науқастың қанағаттануын қалай түсіндіресіз?
- •16.Науқастың қанағаттануына кері әсер ететін кедергісін анықтаңыз?
- •17.Науқастың наразылығын тудыратын қандай себептер?
- •18.Өлімнің этикалық аспектісін қалай сақтауға болады?
- •19.Қайғылы жағдайда туыстарына хабардар ету ерекшеліктері қандай?
- •20.Реанимация шараларының этикалық мәселелерді шешу ерекшеліктері қандай?
- •21.«Зиян келтірме»- деген сөзді кім айтқан және толық сипттаңыз?
- •22.Дәрігердің моральды және кәсіптік міндеттері қандай?
- •24.Науқастың құқығы?
- •25.Науқас дәрігерден не күтеді?
- •26.Науқасқа диагнозын және болжамын айту?
- •27.Қайғылы жағдайда кімдерге қалай хабарлауға болады?
- •28.Патологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
- •29.Паллиативті медицинаның мақсаттары қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •30.Паллиативті көмектің критерийлері қандай болатындығын түсіндіріңіз?
- •2.Дәрігердің кәсіби және жеке жетістіктерге жетуге әсер етуші факторлар?
- •3.Дəрігер тұлғасына не əсер етеді?
- •4.Дәрігерде қандай қасиеттер болуы керек?
- •5.Дәрігерде қандай моральді принциптері болуы керек?
- •6.Созылмалы ауруы бар науқастарды ақпараттармен қамтамасыз етуді қалай жүргізесіз?
- •9. Тәжірбиелі дәрігердің жас әріптестерімен қарым-қатынасына сипаттама беріңіз?
- •10.Қанағаттандыру ұғымына сипаттама беріңіз?
- •11. Инфаркт миокардымен ауырған науқастардың әлеуметтік реабилитациясы?
- •12. Денсаулық мектебін қалай ұйымдастырасыз?
- •14 Орта және кіші медицина қызметкерлердің мотивациясы ретінде тиімді коммуникация тәсілдерін қолданудың негізгі принциптері қандай
- •Жаңадан шыққан қызметті көрсету және нарыққа енгізу.
- •Өсу кезеңі.
- •Ұлғаю кезеңі.
- •Төмендеу кезеңі.
- •15.Ятрогения дәрігерлік қателіктер?
28.Патологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
Қорқыныш ауруға, емге, медициналық орталықтарға байланысты науқаста туатын қалыпты жағдайдағы реакция. Кейбір науқастардақорқыныш сезімі стрестік жағдайлар кезінде пайда болады. Қорқыныш дамуын асқындырып жіберуі мүмкін. Сондықтан дәрігер қорқыныштың деңгейіне аса назар аударғаны дұрыс. Мысалы, ондай науқастар үнемі қозғыш қалыпта отырады, қолын үнемі уқалап, басын, бетін ұстай береді. Науқас күрсініп, құрғақ еріндерін жалап, дірілдеп, терлейді. Ұйқы артериясының жиі пульсациясын, жүрек соғысының жиіленуін аңғаруға болады. Кейбір науқастар үрейленіп сөйлей алмайтын жағдайға дейін жетеді немесе өзінің сезімін жасыру мақсатында, басқа әңгіме айтуға тырысады.
Дәрігер науқастың қорқыныш сезімін анықтаған жағдайда, науқастың жан дүниесін түсіне білу керек. Қорқыныш сезімі бой алған науқастарды дәрігер жұбатады, мысалы, «қорықпаңыз, бәрі де жақсы болады» - деп. Бірақ, мұндай әрекет кері әсер етуі де мүмкін. Дәрігер қорқыныштың себебін анықтамағанша, жұбатудың еш мағынасы болмайды. Кейде жұбатуды ерте бастау алдағы сұрақтың дамуына теріс әсер етуі мүмкін, себебі көптеген науқастар «өорқыныш сезімін мойындау - әлсіздік» деп өабылдайды. Алдымен науқасты не уайымдататынын анықтап алу қажет. Қорқыныш сезімі сұхбаттасқаннан, лабораториялық зерттеулерден кейін түбегейлі жоғалады. Сол кезде дәрігер науқаспен оны мазалайтын сұрақтарды талқылай алады.
29.Паллиативті медицинаның мақсаттары қандай болатындығын сипаттаңыз?
«Паллиативті» термин «pallium» латын тілінде «бетперде» немесе «плащ» деген мағынаны білдіреді. Ем қонбайтын науқастардың өмірін жеңілдету үшін және өмірін создыру үшін қазіргі кезде паллиативті ем қолданады. Паллиативті күтімнің негізі. Ем қонбайтын науқастың науқастың ауырсыну белгілерін байқатпау немесе плащпен жапқандай науқасты аурудың белгілерінен қорғау. Қазіргі кезде паллиативті көмек, бұл медицинаның және әлеуметтік қызметтің бағыты, оның негізі мақсаты инкурабельді науқастардың және олардың отбасыларының, аурумен келген азаптарын жеңілдетуге және оның алдын алуға, рухани, психологиялық және физикалық белгілерінің ауытқуларын анықтауға және ауруды басуға бағытталған.
Паллиативті көмектің анықтамасына сәйкес:
• Өмірді қолдап, өлімді қалыпты заңдылық ретінде қарауға;
• Өмір сүру уақытын қысқартуға немесе ұзартуға ықылас білдірмеу;
• Науқастың қолдан келгенше белсенді өмір сүру салтын сақтауға көмек беру;
• Науқастың отбасына, жақындарына науқастың ауыр сырқаттанған кезеңінде және науқас қайтыс болғаннан соң психологиялық көмекті ұсынады;
• Науқасқа және оның отбасына, олардың қажеттерін өтейтін барлық жағдайларды жасайды, қажет болса жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектеседі;
• Науқастың өмірін жақсартуға, аурудың ағымына оң нәтиже беруіне көмектеседі;
• Уақытылы жасалған іс-шаралардың арқасында, науқастың өмірін ұзартуға болады.
Паллиативті көмектің мақсаты:
• Адекватты ауырсыну сезімін және физикалық симптомдарды жою.
• Науқасқа және оның күтуші туыстарына психологиялық көмек беру.
• Адам өміріндегі өлімді қалыпты жағдай ретінде көзқарасты қалыптастыру.
• Науқастың және оның туыстарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру.
• Әлеуметтік және заңдық мәселелерді шешуге көмектеседі.
• Медициналық биоэтикалық мәселелерін қарастыру.
Ем қонбайтын науқастардың өмірлерінің соңында арнайы паллиативті көмекті қажет ететіндерді 3 негізгі топқа бөлуге болады:
• Қатерлі ісік ауруларының төртінші сатысындағы науқастар;\
• АИТЖ терминалді сатысындағы науқастар;
• Онкологиялық емес созылмалы аурулары асқынған науқастар терминальді өршу сатысында (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек жетіспеушілігінің декомпенсация сатысында, ми қанайналымының бұзылуының ауыр салдары, т.б.)
Паллиативті көмек көрсететін стационарлық мекемелер: хоспис, паллиативті көмекті көрсететін бөлімшелер (палата) жалпы профилді ауруханаларда, онкологиялық диспансерлерде, әлеуметтік көмек көрсететін стационарлық мекемелер. Бұл мекемелерде: дәрігерлер, мейірбикелер, психолог, әлеуметтік қызметкерлер және дін қызметкерлері көмек көрсетеді. Науқастар өмірлерінің соңын үйлерінде өткізгісі келетіндіктен, үй жағдайларында көмек көрсету өте орынды.
