- •Казақ гуманитарлық-заң университеті Жоғарғы ұлттық құқық мектебі (әділ сот, адвокатура, кәсіпкерлік құқық) Азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •050302-«Халықаралық құқық»
- •Оқу әдістемелік кешеннің мазмұны:
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы
- •050302 «Халықаралық құқық»
- •Мазмұны
- •Түсiндiрме беретiн жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Лекциялар жоспары
- •Семинар сабақтарының жоспары Әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік (семинар) сабақтары тақырыптарының үлгілік
- •Аралық емтихан (аралық бақылау)
- •Сөж тапсырмалары
- •Курстық (бітіру) жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Ұсынылатын негізгі әдебиеттердің тізімі
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •050302 - «Халықаралық құқық» мамандығының студенттеріне арналған
- •050302 – «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
- •4.3 Практикалық (семинар) сабақтардық мазмұны мен тізімі
- •4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •050302 «Халықаралық құқық» мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме пән атауы «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы»
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •Оқу жұмыс бағдарламасы азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы мәжілісінде талқыланып, мақұлданған
- •Дәріс оқытушы (office-hour):
- •Қазақстан Республикасы және шетелдердің еңбек құқығы кредит саны - 3 , семестр -5
- •3. Пререквизиттері:
- •4. Постреквизиттері:
- •Пәннің сипатттамасы
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибе сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қорытынды баға қою белгілері:
- •Соөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Пәнінен кітаптармен қамтамасыз ету
- •Дәріс тезистері
- •1 Сұрақ. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
- •3 Сұрақ. Ұжымдық дауларды (дау-жанжалдарды) шешу
- •Курстық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Дипломдық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Пәнінен емтихан сұрақтары
- •«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» пәнін оқытудың әдістемелік нұсқауы
- •Тәжірбие сабақтарын жүргізудің әдістемелік нұсқауы
- •Бақылау жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.
- •Реферат жазудың әдістемелік нұсқауы.
- •Сөж(сөжо) бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Студентке сөж (сөжо) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
- •Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:
- •Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
- •Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда берілетін әдістемелік нұсқаулар
- •Іскерлік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
- •Брейн-ринг өткізу ережелері
- •Диспутты өткізу ережелері
- •Жарыссөздер өткізу әдістемесі
- •Оқытудың тәжірибелік әдістері
- •Таратылу құралдары Есептер
Оқу жұмыс бағдарламасы азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы мәжілісінде талқыланып, мақұлданған
Хаттама № _____ «____» ___________2012 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________________Ч.У.Джекебаев
Дәріс оқытушы (office-hour):
Тәжірибе мен СӨЖО оқытушы
Аға оқытушы:
Журунова Мереке Қонысханқызы
Негізгі бағыты: еңбек құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру құығы. Қазақ тілі және орыс тілдерін жетік меңгерген.
ҚазГЗУ, Астана қ., Қорғалжын даңғылы 8.
Азаматтық іс жүргізу, жер және еңбек құқығы кафедрасы,
каб. № 318
2. Пән :
Қазақстан Республикасы және шетелдердің еңбек құқығы кредит саны - 3 , семестр -5
Дәріс -30 сағат; Тәжірибиелік -15 сағат
СӨЖО – 23; СӨЖ-67
Өткізу орны - ҚазГЗУ оқу аудиториялары
3. Пререквизиттері:
Бұл пәнді оқытуда студенттердің Конституциялық құқық, азаматтық құқық, халықаралық жария құқық, халықарлық жеке құқық саладарынан білімдері болғаны жөн.
4. Постреквизиттері:
Бұл пән туралы білім алғаннан кейін басқада құқық салаларын, яғни жер және азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік құқық салаларын толық меңгеруге өз көмегін тигізеді.
Пәннің сипатттамасы
Қазақстан Республикасы мен шетелдердің еңбек құқығы негізгі құқық салаларының бірі, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес «халықаралық құқық» мамандығы бойынша заңи жоғарға оқу орындары мен факультеттердің студенттерін оқытуға арналған.
Аталған оқу сабағын оқытудың пәні ретінде қызметкерлердің еңбегін қолдану үрдісінде жалпы еңбектік қатынастарды реттейтін құқық нормалары және еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастарды, сонымен қатар еңбек құқығының ғылымына тән теориялық концепцияларды оқыту болып табылады. Еңбек құқығы ғылыми пән ретінде заң ғылымдарының бір бөлігі болып табылады.
Оқу курсын оқытудың мақсаттары студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасы мен шетелдердің заңдылығын зерттеу, заңдылықпен жұмыс істеу қабілетін иемдену, практикада туындайтын күрделі мәселелерде бейімделуге, алған білімдерін қолдану қабілеті пайымдау.
Оқу курсының міндеттері студенттерін аталған курсқа қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студенттер бұл курстың әрбір институттарының жалпы және арнайы бөлімдерін меңгеру керек, құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет.
Оқу курсын оқып бітірген соң студент құқық қолдану қызметін жүзеге асыру үшін еңбек құқығының және әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларының мазмұнын және институттарын білу қажет.
Еңбек құқығы дербес құқық саласы болып табылады, оның пәні, әдісі, қағидалары бар және басқа құқық салаларынан айрықша ерекшеленеді.Мысалы, еңбек шарты еңбек бостандығы қағидасын жүзеге асырудың негізгі нысаны болып табылады. Еңбек шарты – еңбектік құқытық қатынастардың айрықша ерекшеліктерін көрсететін еңбек құқығының ең негізгі институттарының бірі болып табылады. Еңбек шартын азамттық-құқықтық шарттардан айыру қазіргі таңда өзекті мәселе болып қала береді. Ұйымдардағы азаматтармен бекітетін азаматтық-құқықтық шарттарға көбінесе, мердігерлік шарт, сату-сатып алу шарты, олардың пәні жұмыстың қорытындысы болып табылады. Аталған шарттар бойынша қатынастар ұйым мен жеке тұлғалар арасында бекітілуі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекспен реттеледі және азаматтық заңдылықтың бір бөлігі болып табылады. Бұл жерде атап кеткен жөн, жоғарыда аталған шарттарды айыру кезінде тек жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында ғана емес, сонымен қатар, жұмыс беруші мен мемлекеттік органдардың , мысалы, салық органдарымен еңбек даулары туындайды.
Салалас пәндер тізімі: әкімшілік, қаржы, салық, азаматтық, азаматтық-іс жүргізу құқығы
“Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы” курсын оқып бітірген соң студент Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығының жүйесі, оның қағидалары, мақсаттары және құрылымы туралы мағлұмат алуы керек, оларды жетілдіру тарихын машықтау қажет, қызметкерлердің кейбір санаттарымен жеке еңбек шартын бекітудің ерекшеліктерін білуі қажет, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу тәртібін білуі керек, жалақының нысандары мен жүйесін қамтуы керек, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің еңбек заңдылығын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің әр түрлі түрлерін пайдалануды үйренуі керек, еңбек құқығының теориясын және еңбек заңдылығының нормаларын қолдана білу керек, еңбектік және зейнетақылық салада сапалы кеңес беру, сонымен қатар еңбек құқығын еңбектік және әлеуметтік-қамсыздандырушылық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үрдісінде пайдалана білуі керек.
