- •Казақ гуманитарлық-заң университеті Жоғарғы ұлттық құқық мектебі (әділ сот, адвокатура, кәсіпкерлік құқық) Азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •050302-«Халықаралық құқық»
- •Оқу әдістемелік кешеннің мазмұны:
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы
- •050302 «Халықаралық құқық»
- •Мазмұны
- •Түсiндiрме беретiн жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Лекциялар жоспары
- •Семинар сабақтарының жоспары Әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік (семинар) сабақтары тақырыптарының үлгілік
- •Аралық емтихан (аралық бақылау)
- •Сөж тапсырмалары
- •Курстық (бітіру) жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Ұсынылатын негізгі әдебиеттердің тізімі
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •050302 - «Халықаралық құқық» мамандығының студенттеріне арналған
- •050302 – «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
- •4.3 Практикалық (семинар) сабақтардық мазмұны мен тізімі
- •4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •050302 «Халықаралық құқық» мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме пән атауы «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы»
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •Оқу жұмыс бағдарламасы азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы мәжілісінде талқыланып, мақұлданған
- •Дәріс оқытушы (office-hour):
- •Қазақстан Республикасы және шетелдердің еңбек құқығы кредит саны - 3 , семестр -5
- •3. Пререквизиттері:
- •4. Постреквизиттері:
- •Пәннің сипатттамасы
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибе сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қорытынды баға қою белгілері:
- •Соөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Пәнінен кітаптармен қамтамасыз ету
- •Дәріс тезистері
- •1 Сұрақ. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
- •3 Сұрақ. Ұжымдық дауларды (дау-жанжалдарды) шешу
- •Курстық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Дипломдық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Пәнінен емтихан сұрақтары
- •«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» пәнін оқытудың әдістемелік нұсқауы
- •Тәжірбие сабақтарын жүргізудің әдістемелік нұсқауы
- •Бақылау жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.
- •Реферат жазудың әдістемелік нұсқауы.
- •Сөж(сөжо) бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Студентке сөж (сөжо) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
- •Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:
- •Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
- •Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда берілетін әдістемелік нұсқаулар
- •Іскерлік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
- •Брейн-ринг өткізу ережелері
- •Диспутты өткізу ережелері
- •Жарыссөздер өткізу әдістемесі
- •Оқытудың тәжірибелік әдістері
- •Таратылу құралдары Есептер
1 Сұрақ. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
2 сұрақ. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету
Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен, сондай-ақ тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану арқылы қамтамасыз етеді.
Еңбегі үшін көтермелеу
1. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеудің кез келген түрін қолдануға құқылы. 2. Қызметкерлерді көтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады.
3 сұрақ. Тәртіптік жазалар
Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
1)ескерту; 2)сөгіс; 3) қатаң сөгіс; 4) Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы. Еңбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарындакөзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.
Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады. ұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиіс.Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.
Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі: 1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі; 2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан босатылған; 3) қызметкер демалыста болған; 4) қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті. Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Кодекстің 73-бабы 5-тармағында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза қызметкерге тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылығы анықталған жағдайларда қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты кірмейді. Қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады.
Кодекстің 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының өтінуімен, қызметкерлер өкілінің өтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.
15-тақырып. Еңбек даулары.
Еңбек дауларының түсінігі және топтастырылуы: жеке және ұжымдық еңбек даулары.
Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау тәртібі. Келісім комиссиясының құқықтық мәртебесі. Жеке еңбек дауларын сот тәртібімен қарау. Еңбек істері бойынша сот шешімдерін орындау.
Ұжымдық еңбек дауларын қарап-шешудің негізгі қағидалары. Ұжымдық еңбек дауларын қарайтын органдар (бітістіру комиссиясы, еңбек арбитражы). Ұжымдық еңбек дауларын қарап-шешу тәртібі. Бітістіру комиссиясының және еңбек арбитражының ұжымдық еңбек дауын қарап-шешу жөніндегі құзыреттілігі. Ұжымдық еңбек дауындағы делдалдың құқықтық мәртебесі. Ереуілдің түсінігі. Ереуілді
Шетелдердің еңбектік іс жүргізу құқығы. Еңбек дауларының топтастырылуы. Мүдделер қарама-қайшылығы. Еңбек дауларын қарап-шешудің әдістері.
Еңбек дауларын қарап-шешудің соттық процедуралары. Мамандандырылған еңбек юстициясы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15 мамыр 2007 ж.
Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997
Скобелкин В.Н. Трудовые правоотношения. М. 1999
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008
Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000
Передерии С.В. Процедурно – процессуальный правовой механизм обеспечения трудовых прав наемных работников. Воронеж, 2000
Передерии С.В. Трудовые споры и порядок их разрешения. Воронеж, 1996
Попов В.И. Порядок разрешения коллективных трудовых споров: комментарий к закону. Челябинск, 1996
Ставцева А.И. Разрешение трудовых споров (судебная защита от необоснованных переводов и увольнений). М. 1998
Скобелкин В.Н. Трудовые правоотношения. М. 1999
Толкунова В.Н. Трудовые споры и порядок их разрешения. Учеб. пособие. – М. Юрист, 1999
Тихомиров М.Ю.Трудовые споры. М. 2000
Чуча С.Ю. Коллективные трудовые споры в Российской Федерации. Комментарий нового законодательства. - Омск, 1996
Мақсаты:еңбек саласындағы келіспеушілік табиғатын анықтау.
Міндеті: келіспеушіліктердің алдын алу, еңбек дауына жібермеу
Бітістіру комиссиясының және еңбек арбитражының ұжымдық еңбек дауын қарап-шешу жөніндегі құзыреттілігі. Ұжымдық еңбек дауындағы делдалдың құқықтық мәртебесі. Ереуілдің түсінігі. Ереуілді – ұжымдық еңбек дауын шешудің шарасы ретінде өткізу процедурасы. Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы заңнаманы бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы ерекшеліктерін айқындау.
1. Еңбек даулары ұғымы және олардың түрлері. Олардың туындау себептері.
Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды.Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгіне алады. Келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдерінің бірдей санынан құрылады. Келісу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі және келісім комиссиясы өкілеттігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы келісім бойынша қызметкерлердің жалпыжиналысында (конференциясында) белгіленеді. Келісу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелері қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келісу комиссиясының жұмыс берушіден құрылатын мүшелері жұмыс берушінің актісімен тағайындалады. Келісу комиссиясының мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында көпшілік дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап жеті күндік мерзімде қарайды. Қарау нәтижесі бойынша келісу комиссиясының шешімі қабылданады, ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі.
2. Еңбек дауларын қаралу жөніндегі органдар
Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді: 1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай; 2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл.
3. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясының еңбек дауларын қарау тәртібі
Келісу комиссиясы, Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында қараудың өзгеше тәртібі белгіленген дауларды қоспағанда, ұйымдарда туындайтын еңбек дауларын қарау жөніндегі орган болып табылады.
Егер қызметкер келіспеушіліктерді жұмыс берушімен арадағы өзі немесе өз өкілі қатысатын тікелей келіссөздер барысында реттемеген болса, еңбек дауын келісу комиссиясы қарайды. Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссияда міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарауға міндетті.
Дау өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады. Дауды қызметкердің немесе оның өкілінің қатысуынсыз қарауға тек оның жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі. Қызметкер немесе оның өкілі аталған комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау кейінге қалдырылады. Қызметкер немесе оның өкілі дәлелді себептерсіз екінші рет келмей қалған жағдайда, келісім комиссиясы мәселені қараудан алып тастау туралы шешім шығаруы мүмкін, мұның өзі қызметкерді осы Кодексте белгіленген мерзім шегінде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
Келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыртуға, мамандарды шақыруға құқылы. Комиссияның талап етуі бойынша ұйымның басшысы оған қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Келісу комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы және жұмыс беруші атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.
Келісу комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі, оған комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары қол қояды.
Келісу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен шешім қабылдайды. Өтініш берушінің немесе комиссия мүшелерінің бірінің талап етуі бойынша дауыс беру жасырын өткізіледі.
Келісу комиссиясының шешімінде:ұйымның (бөлімшенің) атауы, комиссияға жүгінген қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, кәсібі немесе мамандығы;комиссияға жүгінген күн мен дауды қарау күні, даудың мәні; комиссия мүшелері мен отырысқа қатысқан басқа да адамдардың тегі, аты, әкесінің аты; шешімнің мәні және оның негіздемесі (заңға, өзге де нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасай отырып); дауыс беру нәтижелері көрсетіледі. Келісу комиссиясы шешімінің тиісінше расталған көшірмелері шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде ұйымның қызметкері мен басшысына беріледі.
Келісу комиссиясының шешімі онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс. Комиссияның шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда қызметкер немесе жұмыс беруші еңбек дауын шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқылы.
Еңбек шарты бұған заңды негізсіз, не басқа жұмысқа заңсыз ауыстыру, басқа жұмыс орнына заңсыз көшіру, еңбек жағдайларын заңсыз өзгерту, жұмыстан заңсыз шеттету себебінен тоқтатылған жағдайда, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган қызметтерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешім шығарады. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді. Жеке еңбек дауын қарайтын орган қызметкердің өтініші бойынша қызметкерге осы баптың 2-тармағында көрсетілген мөлшерде жалақы төлеу туралы шешім шығарумен шектелуі мүмкін. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі органның қызметкерді бұрынғы жұмысында қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган қызметкерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.
