Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТП РК и ЗС каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Дәрістердің тақырыптық жоспары

№

Тақырыптар, олардың сағаттардағы көлемі, бақылау сұрақтары

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Өзекті мәселелері

1.

Еңбек құқығының түсінігі, пәні.

Еңбек қызметі және еңбектік қатынастар. Еңбектік және өндірістік қатынастар. әлеуметтік-еңбектік қатынастар. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы еңбек мәселелері. Нарықтық экономикалы елдерде адамның еңбек саласындағы негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

Қазақстан Республикасы еңбек құқығының түсінігі және оның ұлттық құқықтың жалпы жүйесіндегі орны. Еңбек құқығының пәні: жұмысшының өз еңбек функциясын, жұмыс берушінің еңбек заңнамасымен, әлеуметтік серіктестік туралы келісімдермен, ұжымдық және жеке еңбек шарттарымен көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, орнындауы туралы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісімге негізделген қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар (туынды қатынастар).

Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары ООН, МОТ, аймақтық еңбек стандарттары). Халықаралық актілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызы. Халықаралық және ұлттық еңбек құқығы нормаларының коллизиясы. Халықаралық актілердің ұлттық еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызы.

Жақын және алыс шетелдердегі еңбекті құқықтық реттеу. Еңбек құқығын дифференцияациялау. Еңбек құқығын ұлтаралық дифференциациялау. Континенталды Еуропа елдерінің еңбек құқығы (еңбек құқығының англо-саксондық түрі; еңбек құқығының аустралиялық түрі). Еңбек құқығының түрлі елдердің мемлекеттік құрылымына байланысты дифференциациясы. (АҚШ, Канада, Аустралия, ГФР, Швейцария). Жақын шетел елдерінің еңбек заңнамасын салыстырмалы талдау (Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан және т.б.).

(2 сағат)

Мақсаты: Қазақстан Республикасы мен шетелдердің еңбек құқығы ұғымын басқа құқық салаларынан айырмашылықтарын аша отырып, Еңбек құқығының пәні: жұмысшының өз еңбек функциясын, жұмыс берушінің еңбек заңнамасымен, әлеуметтік серіктестік туралы келісімдермен, ұжымдық және жеке еңбек шарттарымен көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, орнындауы туралы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісімге негізделген қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар (туынды қатынастар). Еңбек шарты негізінде туындайтын еңбек құқықтық қатынастарын мердігерлік, тапсырма, қызмет көрсету және т.б. шарты бойынша ұйымдар үшін қандай да бір нақты жұмысты орындаған адамдардың еңбекке қатысуы жөніндегі басқа қатынастардан ажырата білген жөн.

осы курстың мазмұнын студентке, жеткізу.

Міндеті: еңбек құқығы туралы іліммен таныстыру және заңнамасының даму тарихын оқыту арқылы шетелдік заңнамамен салыстырмалы талдау жасау. Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары ООН, МОТ, аймақтық еңбек стандарттары). Халықаралық актілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызын ашу.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады, ал бұл жайт, халықаралық құқықтың еңбекті реттеу саласындағы нормаларын зерделеуді шарттандырып отыр.

Қазақстан Республикасы еңбек құқығының түсінігі және оның ұлттық құқықтың жалпы жүйесіндегі орны. Еңбек құқығының түрлі елдердің мемлекеттік

құрылымына байланысты дифференциациясы. (АҚШ, Канада, Аустралия, ГФР, Швейцария). Жақын шетел елдерінің еңбек заңнамасын салыстырмалы талдау (Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан және т.б.).

Еңбек құқығын пән ретінде қарастырмастан бұрын, алдымен еңбек ұғымын ашып алайық: еңбек дегеніміз не?құқық деніміз не? Осы екі ұғымды ашып алайық.Адам өзінің санасыз өмірінде де бір нәрсені жасап шығарып, өндіріп жататынының табиғатын ашып көрсету

2.

Еңбек құқығының әдісі, функциялары, жүйесі.

Еңбекті құқықтық реттеу тетігінің (механизмінің) түсінігі және құрылымы. Еңбек құқығы әдісінің түсінігі, оның белгілері.

Еңбек құқығының пәні мен құқықтық реттеу әдісінің арақатынасы, олардың еңбек құқығын құқық саласы ретінде анықтаудағы мәні.

Еңбектік қатынастарды реттеудің мемлекеттік-құқықтық, ұжымдық-шарттық, жеке-шарттық тәсілдері. Еңбек құқығының функциялары.

Шетелдердегі еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің ерекшеліктері. Авторитарлы әдіс. Автономиялық әдіс.

Құқық саласы ретіндегі еңбек құқығының жүйесі. Еңбек құқығының жүйесі және еңбек заңнамасының жүйесі. Еңбек құқығы ғылымының пәні және жүйесі. Еңбек құқығы ғылымының қазіргі кезеңдегі міндеттері.

(2 сағат)

Мақсаты: еңбек құқығының функцияларын зерттеу. Әдістердің тарихи аспектілерін қарастыру.

Міндеті: ең алдымен, еңбекті құқықтық реттеудің мақсатына, еңбек тиімділігін арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға, қызметкерлердің еңбек жағдайын жоғары деңгейге жеткізуге, қызметкердің құқықтарын жан жақты қорғауға бағытталғандығы және де шетелдердегі еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің ерекшеліктерін ашып көрсету.

Еңбек құқығы құқықтың дербес саласы болып табылады, оның өзіндік пәні, әдісі, қағидалары бар және ол құқықтың басқа салаларынан айтарлықтай ерекшеленеді.

Ұлттық заңнаманы жетілдірудегі кейбір мәселерге көңіл бөлу. Еңбек құқығының функциялары бұл еңбек құқығы

нормасының күшінің негізгі бағыттары. Бұрынғы Еңбек туралы Заңда жұмыс берушінің мүддесі көбіне қорғалған болса, қазіргі Еңбек Кодексінде қызметкермен келісі отырып бір шешімге келу арқылы, талдау жасау.

3

Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қағидалары.

Еңбек құқығы қағидаларының түсінігі, олардың мәні. Еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу аясындағы қағидалардың топтастырылуы, (классификациясы), мазмұны. Еңбек құқығының қағидалары мен нормалары, олардың арақатынасы.

Еңбек құқығының конституциялық қағидалары. Еңбек құқығының салааралық, салалық қағидалары. Еңбектік қатынастарды реттеудің құқықтық қағидаларының еңбек құқығы субъектілерінің субъективті құқықтары және міндеттерімен арақатынасы. Азаматтардың еңбектік құқықтарының шынайы қамтамасыз етілуінің және міндеттерінің орындалуының кепілдіктері.

Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қағидалары. Еңбек ету құқығы. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу. Еңбектегі теңдік. Дискриминацияға тыйым салу. Ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы. Еңбекті, еңбек жағдайларын және т.с.с. қорғау құқығы.

(2 сағат)

Мақсаты: Еңбек құқығының конституциялық қағидалары. Еңбек құқығының салааралық, салалық қағидалары. Еңбектік қатынастарды реттеудің құқықтық қағидаларының еңбек құқығы субъектілерінің субъективті құқықтары және міндеттерімен арақатынасын ашып көрсету.

Міндеті: Еңбек құқығы принциптерінің қызметтік рөлінің негізгі позицияларын ұстану арқылы азаматтардың еңбектік құқықтарының шынайы қамтамасыз етілуінің және міндеттерінің орындалуының кепілдіктерін анықтау.

Соңғы уақытта тәжірибеде, еңбек құқығын көпұлттық компаниялардың қызметімен, ұлтаралық еңбектік қатынастардың қалыптасуымен айтарлықтай дәрежеде байланысты экстерриториалды қолдану кеңінен таралуда.

Принциптер еңбек субъектілері үшін арнайы бағдар болады, себебі олар еңбек құқығы кодексінде бекітілген және

қатысушылар әрекетін мемлекеттің еңбекті қоғамдық йымдастыру саласындағы принциптер еңбек туралы күшіндегі заңның еңбек құқығы қағидаларының жаңа заңнама қабылданғаннан кейінгі кейбір жағымды, жағымсыз жақтарына тоқталу

4

Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары).

Еңбек құқығының қайнар көздерінің (нысандарының) түсінігі, олардың топтастырылуы. Негізгі және туынды нормативтік құқықтық актілер. Заң актілері және заңға негізделген норматитвтік құқықтық актілер.

Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің нормалары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі ретінде. Еңбек құқығының қайнар көздерінің кеңістікте, уақытта, тұлғалар шеңбері бойынша әрекет етуі.

Құқық нысандарының (қайнарларының) жүйесіндегі құқықтық әдет, сот (әкімшілік) прецеденті, олардың еңбек құқығындағы маңызы. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру туралы құқықтық саясатының Тұжырымдамасы.

Жергілікті (локалды) актінің түсінігі. Локалды нормативтік актілердің түрлері. Локалды нормалардың кеңістікте, уақытта, тұлғалар шеңбері бойынша әрекет етуі. Нормативтік құқықтық актінің және құқықтық аткінің арақатынасы. Жұмыс берушінің актілері (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері және т.б.).

Ұжымдық шарт – құқықтық акт. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбектік және олармен байланысты экономикалық қатынастарды трипартизм деңгейінде реттеу туралы келісім – құқықтық акт. Бас, салалық (тарифтік), аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдердің еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесіндегі рөлі мен орны.

Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері және олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҰ, Еуропа Кеңесінің, Еуропалық Одақтың, ТМД актілері). ХЕҰ конвенцияларының және ұсыныстарының құқықтық табиғаты. Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары, аймақтық еңбек стандарттары).

(2 сағат)

Мақсаты: Еңбек құқығының қайнар көздерінің (нысандарының) түсінігі, олардың топтастырылуы. Негізгі және туынды нормативтік құқықтық актілер. Заң актілері және заңға негізделген норматитвтік құқықтық актілер ұғымын түсіндіру.

Еңбек құқығының қайнар көздерінің компоненті: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұны және объектілендіру формасының бірлестігі.

Материалдық мазмұн құқықтық реттеуді қажет ететін еңбек қатынастарымен байланысты.

Ал, объектіленген айтылымның формасы- формальдық, заңдық мағынадағы еңбек құқығының қайнар көзі болып табылады. Яғни, еңбек құқығының негізгі қайнар көздері құқық нормалары болып табылады. Норма шығаратын органдардың өкілеттігіне және еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің шегіне байланысты еңбек құқық нормаларының айтылу формалары әр түрлі болады. Бұл ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметтің қаулылары және т.б болуы мүмкін.

Кең мағынада алғанда нормативтік құқықтық акт – референдумда не мемлекеттің өкілетті органымен лауазымды адамымен қабылданған белгілі бір формадағы ресми құжат.

Міндеті: Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің нормалары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі ретінде. Еңбек құқығының қайнар көздерінің кеңістікте, уақытта, тұлғалар шеңбері бойынша әрекет етуін анықтау.

Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері және олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҰ, Еуропа Кеңесінің, Еуропалық Одақтың, ТМД актілері). ХЕҰ конвенцияларының және ұсыныстарының құқықтық табиғаты. Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары, аймақтық еңбек стандарттары).

Халықаралық актілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызы. Халықаралық және ұлттық еңбек құқығы нормаларының коллизиясы. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілер шығару Кодекстің 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады; өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге қатысты жағдайларды зерттеу.

5

Еңбек құқығының субъектілері.

Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері. Еңбек құқығы субъектілерінің еңбектік құқықсубъектілігі, оның ажырамас құрамдас бөліктері (құқыққа қабілеттілік, әрекетке қабілеттілік). Еңбек құқығындағы арнайы құқықсубъектілік.

Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқықсубъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі. Еңбектік қатынастары еңбек туралы заң актілерімен реттелетін жұмысшылардың өзге санаттары.

Жұмыс беруші еңбек құқығының субъектісі ретінде. Жұмыс берушінің құқықсубъектілігі. Еңбектік құқықтық қатынастарға қатысушы заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдарының жұмысшылардың еңбегін қолдану аясындағы құқықтық мәртебесі. Жеке тұлғалар жұмыс беруші ретінде, олардың құқықсубъектілігі.

Жұмыс берушілердің өкілдері. Еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік орган. Жұмыс берушілердің өкілдері, олардың жалпы сипаттамасы.

Кәсіподақтар еңбек құқығының субъектілері ретінде, олардың құқықтық мәртебесі.

Мемлекет еңбек құқығының субъектісі ретінде. Оның әлеуметтік-еңбектік қатынастарға қатысуының нысандары.

Жұмыс берушілердің халықаралық ұйымдарының құқықтық мәртебесі. Халықаралық ұйымдардың функциялары. Жұмыс берушілердің ұйымдарының құрылымы. Жұмыс берушілердің ұлттық деңгейдегі ұйымдары. Жұмыс берушілердің аймақтық ұйымдары.

Шетелдердегі кәсіподақтардың құқықтық мәртебесі. Ерікті Кәсіби Одақтардың Интернационалды Конфедерациясының (ЕКОИК) мәртебесі және оның қызметі. Кәсіби Одақтардың Халықаралық Федерациясы (КОХФ): құқықтық мәртебесі мен құзыреттілігі.

(2 сағат)

Мақсаты: Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқықсубъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі бойынша мемлекеттің кепілдігін ашу.

Міндеті: Мемлекет еңбек құқығының субъектісі ретінде. Оның әлеуметтік-еңбектік қатынастарға қатысуының нысандары тәртібін білу.

Барлық елдермен танылған білім беру стандарттары құқықты салыстырмалы-құқықтық және халықаралық-құқықтық тұрғыда зерделеуді ұсынады. Бұл мәселе толықтай еңбек құқығына да қатысты. Тек өзінің ұлттық заңнамасымен ғана таныс және шетелдің еңбек құқығы, халықаралық еңбек нормалары туралы хабары жоқ, заңгер дипломын иеленіп отырған адамды – жоғарғы кәсіптік білімінің қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін толыққанды маман деп есептеуге болмайды.

Қазіргі жағдайда еңбекті салыстырмалы және халықаралық-құқықтық реттеудің маңызы артып отыр. Осының барлығы еңбек құқығының, оның ұлттық шекараларынан шығатын аспектілерін өзектендіреді және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарын қолдану тәжірибесін зерделеуге септігін тигізеді.

Экономикалық үрдістерді, аймақтық интеграцияны жаһандандыру, өзара әріптестікті белсендендіру, еңбек миграциясы мәселелерін шешу - әртүрлі елдердің еңбек заңнамасын тиісті құқықтық жүйелер шегінде бірегейлендіруге (унификациялауға) ықпалын тигізеді.

Шетелдердегі кәсіподақтардың құқықтық мәртебесі. Ерікті Кәсіби Одақтардың Интернационалды Конфедерациясының (ЕКОИК) мәртебесі және оның қызметнің салыстырмалы талдау жасау.

Ұлттық еңбек заңнамасының дамуы нақты бір елдің мәдениеті және дәстүрлерімен ғана емес, сонымен қатар, жалыәлемдік бағыттармен (тенденциялармен) де шарттандырылады.

Қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге халықаралық актілердің ұлттық еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызы.

6

Әлеуметтік серіктестік.

Әлеуметтік серіктестіктің түсінігі. Әлеуметтік серіктестіктің міндеттері, қағидалары, жүйесі, нысандары. Әлеуметтік серіктестіктің тараптары. Әлеуметтік серіктестіктің мазмұны.

Әлеуметтік серіктестікті үшжақты деңгейде (трипартизм) ұйымдастыру. Әлеуметтік серіктестіктің органдары, оларды қалыптастырудың қағидалары, тәртібі. Әлеуметтік серіктестік органдарының негізгі мақсаттары, міндеттері, олардың құзыреттілігі. Әлеуметтік серіктестік органдарының үйлестірушілері (координаторлары). Әлеуметтік серіктестік тараптарының арасында келісімдерді бекіту тәртібі. Келісімдердің орындалуын бақылау.

Әлеуметтік серіктестіктің құқықтық тетігі (механизмі): шетелдердің екіжақты және үшжақты әріптестігінің органдары. Францияның, Италияның, Канаданың, Бельгияның әлеуметтік әріптестік органдары (Экономикалық және әлеуметтік кеңес; Экономика және еңбек мәселелері жөніндегі Ұлттық кеңес; Еңбектік қатынастар жөніндегі кеңес; Еңбек жөніндегі Ұлттық кеңес). Жақын шетелдердің әлеуметтік серіктестігі (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б.).

(2 сағат)

Мақсаты: Әлеуметтік серіктестіктің органдары, оларды қалыптастырудың қағидалары, тәртібі. Әлеуметтік серіктестік органдарының негізгі мақсаттары, міндеттері, олардың құзыреттілігі. Әлеуметтік серіктестік органдарының үйлестірушілері (координаторлары). Әлеуметтік серіктестік тараптарының арасында келісімдерді бекіту тәртібі. Келісімдердің орындалуын бақылау.

Әлеуметтік серіктестіктің құқықтық тетігі (механизмі): шетелдердің екіжақты және үшжақты әріптестігінің органдары. арақатынас механизмін оқыту.

Міндеті. Бипартизм, трипартизмнің құрылуы, тоқтатылуы, қайта құрылу тәртібін білу.

Әлеуметтік әріптестікті Республикалық деңгейде Әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінжегі Республикалық үшжақты комиссия қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік әріптестік деңгейлеріне қатысты шетелдік заңнамаға шолу жасау арқылы Республикалық комиссия әлеуметтік әріптестердің мүдделерін үйлестіруді тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялармен келіссөздер жүргізу жолымен қаматамасыз ете жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде ұйымдастыру.

7

Ұжымдық шарт.

Ұжымдық шарттың түсінігі. Ұжымдық шарттың еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесінде алатын орны мен маңызы. Ұжымдық шарттың тараптары, мазмұны және құрылымы. Ұжымдық шарттың нормативтік және міндеттемелік жағдайлары (шарттары) және олардың мазмұны. Ұжымдық шартты дайындаудың және бекітудің тәртібі.

Ұжымдық шарттың әрекет ету мерзімдері мен аясы. Жеке еңбектік және ұжымдық шарттардың; ұжымдық шарттардың және келісімдердің (басты, салалық (тарифтік), аймақтық) арақатынасы.

Шетелдердің еңбегін орталықтандырылған және орталықсыздандырылған ұжымдық-шврттық реттеу. Халықаралық тәжірибедегі ұжымдық шарттарды бекітудің қағидалары. Ұжымдық шарттардың әрекет ету мерзімі, тараптарының құқықтық мәртебесі, оларды орындамағаны үшін тараптардың жауаптылығы. Ұжымдық шарттарды бекітудің алуантүрлі үлгілерінің (американдық және еуропалық) ерекшеліктері. Ұжымдық щарттар және коллизиялық құқық.

(2 сағат)

Мақсаты: Студенттер Ұжымдық шарттың мазмұны және құрылымы. Ұжымдық шарттың нормативтік және міндеттемелік жағдайлары (шарттары) және олардың мазмұны. Ұжымдық шартты дайындаудың және бекітудің тәртібін оқыту.

Міндеті: Ұжымдық шарт тараптарының құқықтары мен міндеттерін білу.

Осыған байланысты алыс және жақын шетелдердің ұлттық заңнамасын және еңбңк заңнамасын зерделеу қажеттілігі туындап отыр. Ұлттық еңбек құқығын жалпыәлемдік заңдылықтар мен бағыттардан үзе отырып, шетелдік тәжірибені және еңбекті халықаралық-құқықтық реттеуді ескермей қарастыру мүмкін емес. Халықаралық факторлар Қазақстан Республикасы еңбек құқығының дамуына да айтарлықтай септігін тигізеді.

Ұжымдық шарт міндеттілігіне қатысты өзекті мәселелер

Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде ұйымдастыру.

Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар қамтамасыз етеді.

8

Еңбек шарты.

Шарт туралы ілімнің жалпы сипаттамасы. Еңбек шартының түсінігі және оның түрлері. Еңбек шартының тараптары. Еңбек шарты бойынша еңбек функциясының және жұмыс орнының түсінігі. Еңбек шартын бекіту тәртібі. Еңбек шартының мазмұны мен мерзімдері. Еңбек шартының нысандары.

Еңбек шартының жағдайларын өзгертудің шарттық (келісімді) тәсілі. Жұмысшы еңбегінің жағдайларын жұмыс берушінің бастамашылығымен өзгертудің негіздері.

Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі және түрлері. Басқа жұмысқа ауыстырудың шарттары және тәртібі. Басқа жерге ауыстырудың іссапардан айырмашылығы. Басқа жұмыс орнына ауыстыру.

Алыс және жақын шетелдердегі еңбек шарты: түсінігі, мәні, субъектілері, мазмұны, нысаны.

Шетел жұмысшысымен (мигрант-жұмысшымен) жасалтын еңбек шарты. Еңбек контрактісінің қолданылатын құқығы. Жұмысқа алу кезінде үміткерді ұсыну. Анкеталар толтыру. Әңгіме (интервью) өткізу. Кәсіби (тест) сынақтары. Сынақ мерзімі. Еңбек шартын өзгерті тәртібі.

(2 сағат)

Мақсаты: Еңбек шарты бойынша еңбек функциясының және жұмыс орнының түсінігі. Еңбек шартын бекіту тәртібі. Еңбек шартының мазмұны мен мерзімдері. Еңбек шартының нысандары оқыту.

Міндеті: Алыс және жақын шетелдердегі еңбек шарты: түсінігі, мәні, субъектілері, мазмұны, нысанының сақталуына берілетін кепілдіктерді анықтау.

Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі;

Шетел жұмысшысымен (мигрант-жұмысшымен) жасалтын еңбек шарты. Еңбек контрактісінің қолданылатын құқығы. Жұмысқа алу кезінде үміткерді ұсыну. Анкеталар толтыру. Әңгіме (интервью) өткізу. Кәсіби (тест) сынақтары. Сынақ мерзімі. Еңбек шартын өзгерті тәртібі.

Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.

9

Еңбек шартын тоқтату.

Еңбек шартын тоқтатудың және бұзудың негіздерін топтастыру.

Еңбек шартын тараптардың келісімімен бұзу. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамашылығымен бұзудың негіздері. Еңбек шартын жұмысшының бастамашылығымен бұзудың негіздері.

Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс жағдайлар бойынша тоқтату. Еңбек шартын бұзу тәртібі.

Шетелдердің заңнамасы бойынша еңбек шартын тоқтатудың ерекшеліктері. Жұмысшының (немесе жұмыс берушінің) бастамашылығымен жұмыстан шығу (шығару).

Жұмыстан ұжыммен шығуды реттеу тәртібі.

Еңбек шартын жекелеген елдердің (Францияның, Ұлыбританияның, АҚШ, Бельгияның, Ресейдің, Беларусьтің, Қырғызстанның және т.б.) заңнамасы бойынша тоқтату.

Еңбек шартының күшін жою. Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердің (Ресейдің, Беларусьтің, Қырғызстанның және т.б.) заңнамасы бойынша шеттетудің негіздері.

(2 сағат)

Мақсаты: Еңбек шартын тараптардың келісімімен бұзу. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамашылығымен бұзудың негіздері. Еңбек шартын жұмысшының бастамашылығымен бұзудың негіздері ерекшеліктерін анықтау.

Міндеті: Шетелдердің заңнамасы бойынша еңбек шартын тоқтатудың ерекшеліктері. Жұмысшының (немесе жұмыс берушінің) бастамашылығымен жұмыстан шығу (шығару) белгілеу тәртібі.

Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады.Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.

Еңбек шартының күшін жою. Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердің (Ресейдің, Беларусьтің, Қырғызстанның және т.б.) заңнамасы бойынша шеттетудің негіздерін ажырата білу.

Егер қызметкерді оның келісімімен жұмыс берушіде бар басқа, орындау үшін қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаса, еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі.

10

Жұмыс уақыты.

Жұмыс уақытының түсінігі және түрлері. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы. Толық емес (толымсыз) жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеу шарттары және тәртібі. Өндірістік объектілердің аттестациясы қықартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің шарты ретінде.

Жұмыс уақытының режимдері. Жұмыс аптасының, басқа жұмысқа ауыстырудың, жұмыс күнінің түсінігі және түрлері. Ауыстырылым графиктері. Жұмыс уақытының режимін белгілеу тәртібі. Жұмыс уақытын есептеу түрлері. Жұмыс уақытын қосынды есептеу. Вахталық әдіспен жұмыс істеу кезіндегі жұмыс уақытын есептеу.

Мерзімнен тыс жұмыстар. Жұмысшыны мерзімнен тыс жұмыстарға тартудың шарттары. Жұмысшыны түнгі уақытта жұмыс істеуге тарту. Жұмыстарды ұйымдастырудың вахталық әдісінің ерекшеліктері.

Шетелдердің жұмыс уақытының ұзақтығын реттеуде ұжымдық шарттың рөлі мен маңызы. Еңбек режимін индивидуализациялау және персонализациялау.

Жекелеген мемлекеттердің (АҚШ, Испанияның, ГФР, Ресейдің, Украинаның, Қырғызстанның және т.б.) заңнамасы бойынша жұмыс уақытының режимдерін белгілеу, жұмыс уақытының ұзақтығы мерзімнен тыс жұмысқа тарту.

(2 сағат)

Мақсаты: Жұмыс уақыты түрлерін бір-бірінен ажырата білу.

Міндеті: Жұмыс уақытына байланысты заң актілерімен жұмыс істей білу.

Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан асып кетуден туындайтын мәселелерді шешу жолдары Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген кезде еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.

11

Демалыс уақыты.

Демалыс уақытының түсінігі және түрлері. Демалу және тамақтану үшін үзіліс. Арнайы үзілістер. Демалыс және мереке күндері.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық.

Қосымша еңбек демалысы және оны беру тәртібі. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілін есептеу және жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру тәртібі. Жұмысшыларға жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру кезектілігі. Еңбек демалысынан шақыртып алу. Еңбек шартын бұзу кезінде пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу.

Жүктілік және босану бойынша демалыс. Балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) демалыс беру. Үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға, балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақыны сақтаусыз берілетін қосымша демалыс. Оқу демалыстары.

Жақын және алыс шетелдердің демалыс уақытын құқықтық реттеу. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысның ұзақтығы (ТМД; ГФР, АҚШ, Франция, Канада, Швейцария мемлекеттері). Демалыс түрлері («сэбетикл»).

Жақын және алыс шетелдерде әлеуметтік демалыстарды беру процедурасы.

ақылы еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілін есептеу және жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру тәртібі. Жұмысшыларға жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру кезектілігі. Еңбек демалысынан шақыртып алу. Еңбек шартын бұзу кезінде пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу.

Жүктілік және босану бойынша демалыс. Балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) демалыс беру. Үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға, балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақыны сақтаусыз берілетін қосымша демалыс. Оқу демалыстары.

Жақын және алыс шетелдердің демалыс уақытын құқықтық реттеу. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысның ұзақтығы (ТМД; ГФР, АҚШ, Франция, Канада, Швейцария мемлекеттері). Демалыс түрлері («сэбетикл»).

Жақын және алыс шетелдерде әлеуметтік демалыстарды беру процедурасы.

(2 сағат)

Мақсаты: азаматтарға санаттары бойынша тынығуға құқық беру тәртібі.

Міндеті: азаматтарға тынығуға жеңілдіктерге мемлекеттің беретін кепілдігін анықтау.

Жүктілік және босану бойынша демалыс. Балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) демалыс беру. Үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға, балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақыны сақтаусыз берілетін қосымша демалыс. Оқу демалыстары.

Жұмыстың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге технологияға және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі. Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістер берудің ұзақтығы мен тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде белгіленеді. Жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жылытылмайтын жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге жылыну және тынығу үшін жұмыс уақытына қосылатын арнаулы үзілістер беріледі. Жұмыс беруші қызметкерлердің жылынуы мен тынығуына арналған үй-жайлардың жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бір жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге тынығуға және тамақтануға арналған үзілістен бөлек, Кодекстің 188-бабына сәйкес баланы тамақтандыруға арналған қосымша үзілістер беріледі. Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.

Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады.

Тынығу туралы отандық және халықаралық актілердің қарым-қатынасын анықтау.

Жақын және алыс шетелдердің демалыс уақытын құқықтық реттеу. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысның ұзақтығы (ТМД; ГФР, АҚШ, Франция, Канада, Швейцария мемлекеттері). Демалыс түрлері («сэбетикл»).

Жақын және алыс шетелдерде әлеуметтік демалыстарды беру процедурасы. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

Іссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тәртіптемесіне сәйкес пайдаланады.

12

Жалақы. Жұмысшыларға арналған кепілдіктер және өтемақылық төлемдер.

Жалақының түсінігі және оның еңбек үшін сыйақының (табыстың) басқа түрлерінен айырмашылығы. Нарықтық қатынастардың орнығуы және дамуы жағдайындағы жалақының функциялары. Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері. Жалақының ең төменгі мөлшері. Ең төменгі жалақының, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің арақатынасы.

Еңбекке ақы төлеудің нормаларын локалды және индивидуалды белгілеудің рөлі. Нормалаудың және еңбек нормасының түсінігі. Жұмыс нормасы (выработка), уақыт нормасы, сан нормасы, қызмет көрсету нормасы. Еңбек нормаларын енгізу, тексеру, ауыстыру және қайта қарау тәртібі.

Еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелері, оларды белгілеу тәтібі. Сыйақы беру (премиялау) жүйесі жұмысшыларды материалдық ынталандырудың нысаны ретінде. Қосымша және үстеме төлемнің мөлшерін белгілеудің тәртібі және шарттары.

Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқу кезінде (мерзімнен тыс, демалыс және мереке күндері, түнде жұмыс істегені үшін) ақы төлеу. Жұмыстың тоқтап қалу уақытына ақы төлеудің тәртібі мен шарттары.

Жалақыны құқыққа қайшы ұстап қалулардан қорғау. Жалақыны төлеу мәселелері және жалақыны кешіктірумен байланысты жағымсыз құбылыстарды болдырмаудың құқықтық құралдары.

Орташа айлық жалақы. Жұмысшының орташа жалақысын есептеу тәртібі. Орташа күндік (сағаттық) ақыны анықтау.

Кепілдіктер мен өтемақылық төлемдердің түсінігі және түрлері. Кепілді қосымша төлемдер және олардың түрлері. Іссапарда болу уақытына және жұмысшының басқа жерге ұйыммен бірге ауысуы кезінде төленетін өтемақылық төлемдер. Уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі және балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) арналған әлеуметтік жәрдемақылар.

Алыс шетелдерде жалақыны орталықтандырылған реттеу (жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу; оның құрылымын анықтау; жұмыс күшіне ақы төлеудің белгілі бір нысандарын енгізу; жалақыны индексациялау және оның шамадан тыс өсімін болдырмау мақсатын көздейтін шараларды жүзеге асыру).

Жалақыны, үстемелерді және өзге де төлемдерді белгілеудегі ұжым және еңбек шарттарының рөлі және маңызы. Жақын шетелдердегі (Ресейдегі, Беларусьтегі, Қырғызстандағы, Өзбекстандағы және т.б.) нарықтық экономика жағдайында жалақыны локалды реттеу.

(2 сағат)

Мақсаты: Жалақының ең төменгі мөлшері. Ең төменгі жалақының, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің арақатынасын анықтау

Міндеті: Еңбек нормаларын енгізу, тексеру, ауыстыру және қайта қарау тәртібі.

Кепілдіктер мен өтемақылық төлемдердің түсінігі және түрлері. Кепілді қосымша төлемдер және олардың түрлері. Іссапарда болу уақытына және жұмысшының басқа жерге ұйыммен бірге ауысуы кезінде төленетін өтемақылық төлемдер. Уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі және балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) арналған әлеуметтік жәрдемақылар.

Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Жалақының мөлшері. Еңбекақыны реттеу әдістері.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдері мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді.Еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерін және салалық келісімдерде анықталып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін салалық арттырушы коэффиценттерді есептеуден айқындалады.

Уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі және балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) арналған әлеуметтік жәрдемақылар ерекшеліктері.

Алыс шетелдерде жалақыны орталықтандырылған реттеу (жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу; оның құрылымын анықтау; жұмыс күшіне ақы төлеудің белгілі бір нысандарын енгізу; жалақыны индексациялау және оның шамадан тыс өсімін болдырмау мақсатын көздейтін шараларды жүзеге асыру).

Өз еңбек міндеттерін (еңбек нормаларын) орындаған қызметкердің сағаттық жалақысының ең төменгі мөлшері тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс сағатының санына бөлінген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Жалақыны көбейту жұмыс берушінің ҚР нормативтік құқықтық актілерінде тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін негізге ала отырып, келісімдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен жүргізетін жалақыны индекстеуін қамтиды.

13

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары. Азаматтардың қауіпсіздікке және гигиенаға жауап беретін еңбек жағдайларына деген конституциялық құқығы. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнама. Еңбекті және өндірістік тазалықты (санитарияны) қорғау жөніндегі жалпы және арнайы нормалар. Жұмысшының еңбекті қорғау құқығына кепілдіктер.

Еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-өндірістік нысандары: еңбекті және өндірістік тазалықты (санитария) қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау және қаржыландыру; жұмысшыларды медициналық күәландыру, кезеңдік тексеру; жұмысшыларға еңбекті және өндірістік саниятарияны қорғау жөніндегі ережелер бойынша нұсқау және оқыту; жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету; орындалып жатқан жұмыстың (өндіріс объектісінің) ауырлығын, зияндылығын және қауіптілігін анықтаудың шарттары және тәртібі.

Өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және тіркеу (есепке алу) Ережелері. Жұмысшының медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясымен күәландырылу тәртібі. Сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру өтемақысын есептеу тәртібі.

Жұмысшылардың жекелеген санаттарының: әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеттілігі төмен тұлғалардың еңбегін қорғаудың ерекшеліктері.

Еңбектің қорғалуын қадағалайтын және бақылайтын органдар. Еңбекті және өндірістік тазалықты (санитарияны) қорғау туралы заңнаманың нормаларын бұзғандық үшін жауаптылық.

Шетелдердің заңнамасы бойынша еңбектің қауіпсіз жағдайларына деген құқықтқы қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы. Мамандандырылған мемлекеттік органдардың рөлі. Еңбек инспекциялары.

(2 сағат)

Мақсаты: Еңбекті қорғау жөніндегі заңнама. Еңбекті және өндірістік тазалықты (санитарияны) қорғау жөніндегі жалпы және арнайы нормалар. Жұмысшының еңбекті қорғау құқығына кепілдіктер жүйесін оқыту.

Міндеті: Еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-өндірістік нысандары: еңбекті және өндірістік тазалықты (санитария) қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау және қаржыландыру; жұмысшыларды медициналық күәландыру, кезеңдік тексеру; жұмысшыларға еңбекті және өндірістік саниятарияны қорғау жөніндегі ережелер бойынша нұсқау және оқыту; жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету; қамсыздандыру туралы шетелдердің заңнамасын тереңдетіп оқу, атап айтқанда мына мәселерге көңіл бөлген дұрыс:

Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті.

Шетелдердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудағы сақтандыру жағдайына салыстырмалы талдау жасау.

Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.

Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті..

14

Еңбек тәртібі.

Еңбек тәртібінің түсінігі. Еңбек тәртібі еңбек құқығы қағидаларының бірі және еңбектік құқықтық қатынастың элементі ретінде. Еңбек тәртібі еңбек құқығының институты ретінде.

Еңбек тәртібін қамтамасыз етудің әдістері. Еңбек тәртібі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер. Еңбектік құқықтық қатынас тараптарының еңбек тәртібін сақтау жөніндегі міндеттері.

Еңбек үшін ынталандыру шаралары және оларды қолдану тәртібі.

Тәртіптік терісқылықтың түсінігі. Тәртіптік жазалаудың түрлері. Тәртіптік жазалауды қолдану және оған шағым келтірудің тәртібі. Тәртіптік жазаның әрекет ету мерзімі. Тәртіптік жазаның күшін мерзімнен бұрын жоюдың негіздері.

Шетелдердегі еңбек тәртібін құқықтық реттеу. Еңбек тәртібінің ережелері, ұжымдық шарттар. Тәртіптік құқықбұзушылықтар. Қолайлы психологиялық климатты (жағдайды) қамтамасыз ету. Әдепті қатынастарды («прайвэси», моббинг) орнату. Жұмыс орнында сексуалды қатынасқа тартуға ұмтылыс үшін жауаптылық.

(2 сағат)

Мақсаты: ҚР әрекет етуші құқыққа халықаралық құқық нормаларың жүйесін анықтау.

Міндеті: БҰҰ, ЕҚМ әлеуметтік қорғауды реттеуші негізгі актілері мен СНГ халықтарының келісімдеріне анықтама беру.

Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады. ұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.

Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиіс.Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.

Дағдарысқа сай

халықаралық келісімдердің ерекшеліктерін оқыту.

Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі: 1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі; 2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан босатылған; 3) қызметкер демалыста болған; 4) қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.

Қызметкер жаза жөнінде белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

15

Еңбек даулары.

Еңбек дауларының түсінігі және топтастырылуы: жеке және ұжымдық еңбек даулары. Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері. Азаматтардың ереуілге құқығын қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларына деген конституциялық құқығы. Еңбек дауларын қарайтын органдар.

Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау тәртібі. Келісім комиссиясының құқықтық мәртебесі. Жеке еңбек дауларын сот тәртібімен қарау. Еңбек істері бойынша сот шешімдерін орындау.

Ұжымдық еңбек дауларын қарап-шешудің негізгі қағидалары. Ұжымдық еңбек дауларын қарайтын органдар (бітістіру комиссиясы, еңбек арбитражы). Ұжымдық еңбек дауларын қарап-шешу тәртібі. Бітістіру комиссиясының және еңбек арбитражының ұжымдық еңбек дауын қарап-шешу жөніндегі құзыреттілігі. Ұжымдық еңбек дауындағы делдалдың құқықтық мәртебесі. Ереуілдің түсінігі. Ереуілді – ұжымдық еңбек дауын шешудің шарасы ретінде өткізу процедурасы. Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы заңнаманы бұзғандық үшін жауаптылық.

Шетелдердің еңбектік іс жүргізу құқығы. Еңбек дауларының топтастырылуы. Мүдделер қарама-қайшылығы. Еңбек дауларын қарап-шешудің әдістері.

Еңбек дауларын қарап-шешудің соттық процедуралары. Мамандандырылған еңбек юстициясы.

Жақын және алыс шетелдердің кейбір елдерінде жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарап-шешу тәртібі. Ереуілдер мен локауттардың ережелерін белгілеу (регламентациялау). Американдық арбитраж ассоциациясы. Мәжбүрлеуші арбитраж. Әріптестік мәселелері жөніндегі Ұлттық басқарма (ӘҰБ). Еңбек дауларын шешудің соттық және әкімшілік процедуралары. Мамандандырылған еңбек юстициясы. Еңбек соттары (Франция, Ұлыбритания, ГФР, Испания, Швеция және т.б.).

(2 сағат)

Мақсаты:еңбек саласындағы келіспеушілік табиғатын анықтау.

Міндеті: келіспеушіліктердің алдын алу, еңбек дауына жібермеу

Бітістіру комиссиясының және еңбек арбитражының ұжымдық еңбек дауын қарап-шешу жөніндегі құзыреттілігі. Ұжымдық еңбек дауындағы делдалдың құқықтық мәртебесі. Ереуілдің түсінігі. Ереуілді – ұжымдық еңбек дауын шешудің шарасы ретінде өткізу процедурасы. Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы заңнаманы бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы ерекшеліктерін айқындау.

Еңбек шарты бұған заңды негізсіз, не басқа жұмысқа заңсыз ауыстыру, басқа жұмыс орнына заңсыз көшіру, еңбек жағдайларын заңсыз өзгерту, жұмыстан заңсыз шеттету себебінен тоқтатылған жағдайда, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган қызметтерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешім шығарады. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді. Жеке еңбек дауын қарайтын орган қызметкердің өтініші бойынша қызметкерге осы баптың 2-тармағында көрсетілген мөлшерде жалақы төлеу туралы шешім шығарумен шектелуі мүмкін. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі органның қызметкерді бұрынғы жұмысында қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган қызметкерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.

Шетелдердегідей мамандандырылған соттардың қажеттілігі мәселесін зерттеу.

Еңбек дауларын қарап-шешудің соттық процедуралары. Мамандандырылған еңбек юстициясы.

Жақын және алыс шетелдердің кейбір елдерінде жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарап-шешу тәртібі. Ереуілдер мен локауттардың ережелерін белгілеу (регламентациялау). Американдық арбитраж ассоциациясы. Мәжбүрлеуші арбитраж.

Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі қызметкерлердің қойған талаптарын соларды алған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей қарауға және оларды шешу үшін шаралар қолдануға, ал шешуге мүмкіндік болмаған кезде туындаған келіспеушіліктерді одан әрі қарау үшін өз өкілдерін көрсете отырып, өздерінің шешімдері мен ұсыныстарын жазбаша түрде жеткізуге міндетті.

Барлығы 30 сағат