Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТП РК и ЗС каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Дәріс тезистері

1-тақырып. Еңбек құқығының түсінігі, пәні.

  1. Еңбек қызметі және еңбектік қатынастар.

  2. Еңбектік және өндірістік қатынастар. әлеуметтік-еңбектік қатынастар

  3. Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары ООН, МОТ, аймақтық еңбек стандарттары).

  4. Жақын және алыс шетелдердегі еңбекті құқықтық реттеу.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

  3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.

  4. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

  5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

  6. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  7. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  8. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  9. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

  10. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

Мақсаты: Қазақстан Республикасы мен шетелдердің еңбек құқығы ұғымын басқа құқық салаларынан айырмашылықтарын аша отырып, Еңбек құқығының пәні: жұмысшының өз еңбек функциясын, жұмыс берушінің еңбек заңнамасымен, әлеуметтік серіктестік туралы келісімдермен, ұжымдық және жеке еңбек шарттарымен көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, орнындауы туралы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісімге негізделген қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар (туынды қатынастар). Еңбек шарты негізінде туындайтын еңбек құқықтық қатынастарын мердігерлік, тапсырма, қызмет көрсету және т.б. шарты бойынша ұйымдар үшін қандай да бір нақты жұмысты орындаған адамдардың еңбекке қатысуы жөніндегі басқа қатынастардан ажырата білген жөн.

осы курстың мазмұнын студентке, жеткізу.

Міндеті: еңбек құқығы туралы іліммен таныстыру және заңнамасының даму тарихын оқыту арқылы шетелдік заңнамамен салыстырмалы талдау жасау. Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары ООН, МОТ, аймақтық еңбек стандарттары). Халықаралық актілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызын ашу

Еңбек құқығын пән ретінде қарастырмастан бұрын, алдымен еңбек ұғымын ашып алайық: еңбек дегеніміз не?құқық деніміз не? Осы екі ұғымды ашып алайық. Құқық жалпы адамдарды тәртіпке, белгілі бір жүйеге итермелейді, нормаларға сәйкестендіреді, ал еңбек бұл адамның дүниеге келгеннен бастап, өз еңбегімен белгілі бір жетістіктерге жетуінің жемісі.

Адам өзінің санасыз өмірінде де бір нәрсені жасап шығарып, өндіріп жатады.Сәби кезінде өзінің еңбектенуі арқылы тамақтануы, одан ары қарай әке шешесінің сұранысы бойынша бір заттарды әкеп беруі, т.б. атауға болады. Сонымен еңбек адамның табиғи қажеттілігінен туындайды.

Еңбек бұл еңбек өнімін алу үшін адамның ақыл ойы, рухани қабілеттіліктерінен туындайтын материалдық, рухани құндылықтар.

Енді екеуін қосатын болсақ еңбек құқығы қандай еңбекті реттейді?

Бұл жұмыс беруші мен қызметкер ретінде екі тарап арасында туындайтын материалдық құқықтық қарым қатынасты реттейтін құқық саласы. Ол қандай қатынастар:

Негізгі қатынастар келесі ерекше белгілермен сипатталады:

Еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне қатысты еңбек функциясын атқарады, бұл функция тұрақты сипатқа ие, соңғы нәтижемен аяқталмайды, жалғаса береді, яғни ұзақ уақытқа созылады.

Ақылы қатынастар

Ерік білдіруші қатынастар

Қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып, еңбек ұжымына қосылуы

Ерекше заңды фактпен реттеледі

Мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатыстылығы

Жұмысқа іс жүзінде қабылданған сәтінен басталуы.

Еңбек құқығының ролі: өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімін арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға бағытталған.

Тараптардың жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызыметкер арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп аталады.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қызыметкер ретінде жеке еңбек шарты бойынша жұмысқа алынған тұлғалардың немесе қзге де жұмыс берушілерде жалдану бойынша жұмыс істейтін қызыметкерлердің еңбегін қолдануға байланысты қатынастар ғана еңбек заңдарымен реттеледі.

Еңбек шарты негізінде туындайтын еңбек құқықтық қатынастарын мердігерлік, тапсырма, қызмет көрсету және т.б. шарты бойынша ұйымдар үшін қандай да бір нақты жұмысты орындаған адамдардың еңбекке қатысуы жөніндегі басқа қатынастардан ажырата білген жөн. Аталған шарттар негізінде еңбек қатынастары емес, азаматтық-құқықтық қатынастар пайда болады да, олар азаматтық заңдармен реттеледі. Еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық қатынастардың аражігін айырудың практикалық маңызы бар. Өйткені, еңбек құқықтық қарым-қатынастарға түсуші қызыметкерге еңбек заңдарында белгіленген тәртіппен жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі, еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңге жәрдемақы төленеді және т.б. ал азаматтық-құқтық шарттар негізінде тек мүліктік, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар туындайды.

Әрбір құқықтық қатынастарда қатынастың субьектілері деп алатын қатысушылары болады. Еңбек құқықтық қатынастарының субьектілері болып мыналар танылады: азаматтар, жұмыс берушілер, кәсіподақтар, мемлекеттік органдар.

Құқықтық қатынастарына қатысушылардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Еңбек құқығымен реттелетін қатынастар жүйесін екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі жетекші орын алатын еңбек құқықтық қатынастары, ал екіншісі топқа еңбек қатынастарымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарынан бұрын, олармен қатарлас жүретін және солардан туындайтын қатынастар.

Еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері мынада:

  1. еңбек құқығы қатынастарын реттеуге келісім әдістерін басым қолдану;

  2. жекеше және ұжымдық еңбекті реттеуге негізделген әдістерді қолдану;

  3. еңбекте «ыңталандыру» мен «міндеттеу» әдістерін тиімді қиылыстырып қолдану;

  4. еңбек қатынастары пайда болғанда, жүзеге асырылғанда «келісім» және еңбекті басқаруда «міндеттеу» қағидаларына сүйену;

Еңбек қатынастарын реттеудің басты әдісі - әлеуметтік-әріптестік әдіс, оның мынадай түрлері бар: кәсіпорын деңгейінде – ұжымдық шарт; салалық, жергілікті жер деңгейінде – салалық, жергілікті тарифтік және басқа әлеуметтік – экономикалық келісім; мемлекет деңгейінде – бас келісімдер.

Жаңа жағдайда пайда болған барлық еңбек құқығының қатынастары мынадай топтарға жіктеледі:

Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты пайда болған еңбек құқығы қатынастарын жатқызуға болады. Мұндағы ерекшелік, еңбек ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола алмайды, бірақ бұл жағдайда ұжымы кәсіпорынды басқарудан мүлде шеттетіледі деуге де болмайды, өйткені олар кәсіпорынды, оның құрылымдарын жалға немесе ұжымдық меншікке айналдыра алады.

Екінші топқа кооперативтік, акционерлік заңды ұйымдардың меншігіне негізделген еңбек қатынастары кіреді. Оның тараптары: бір жағынан – меншік иесінің ұжымы, оның өкілдері (басқарма, бастық); екінші жағынан әрбір меншік иесі, жалдамалы жұмысшы болып саналады, ал кәсіпорынды басқару - өзін - өзі толық басқаруға негізделген.

Азаматтардың өз меншігінен пайда болған еңбек қатынастары үшін үшініш топты құрайды.

2-тақырып. Еңбек құқығының әдісі, функциялары, жүйесі.

  1. Еңбекті құқықтық реттеу тетігінің (механизмінің) түсінігі және құрылымы.

  2. Еңбек құқығы әдісінің түсінігі, оның белгілері.

  3. Шетелдердегі еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің ерекшеліктері. Авторитарлы әдіс. Автономиялық әдіс.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15 мамыр 2007 ж.

  3. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі Алматы: ЮРИСТ, 2006

  4. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  5. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  6. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  7. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

  8. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

Мақсаты: еңбек құқығының функцияларын зерттеу. Әдістердің тарихи аспектілерін қарастыру.

Міндеті:Шетелдердегі еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің ерекшеліктерін ашып көрсету

Еңбек құқығының ролі мен функциялары бір бірімен тікелей тығыз қарым қатынаста болады. Олар қызметкердің, мемлекеттің, жұмыс берушінің, өндірістің, қоғамның мүдделерін білдіреді.

Міндеттері: ең алдымен, еңбекті құқықтық реттеудің мақсатына, еңбек тиімділігін арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға, қызметкерлердің еңбек жағдайын жоғары деңгейге жеткізуге, қызметкердің құқықтарын жан жақты қорғауға бағытталған.

Еңбек құқығының функциялары бұл еңбек құқығы нормасының күшінің негізгі бағыттары.

Әлеуметтік функция.

Қорғау функциясы.

Шаруашылық тәжірбиелік функция.

Тәрбиелеу функциясы.

Еңбек құқығының әдістері диспозитвтік және императивтік болып бөлінеді. Императивтік әдістерге міндеттеуші сипатқа ие болса, диспозитивтік әдіс рұқсат беруші болып келеді. Еңбек Кодексінде диспозивтік әдіс көбіне орын алады. Себебі бұрынғы Еңбек туралы Заңда жұмыс берушінің мүддесі көбіне қорғалған болса, қазіргі Еңбек Кодексінде қызметкермен келісі отырып бір шешімге келу қарастырылады.

3-тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қағидалары.

  1. Еңбек құқығы қағидаларының түсінігі, олардың мәні.

  2. Еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу аясындағы қағидалардың топтастырылуы, (классификациясы), мазмұны. Еңбек құқығының қағидалары мен нормалары, олардың арақатынасы.

  3. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қағидалары. Еңбек ету құқығы. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу. Еңбектегі теңдік. Дискриминацияға тыйым салу. Ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы. Еңбекті, еңбек жағдайларын және т.с.с. қорғау құқығы

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15 мамыр 2007 ж.

  3. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі Алматы: ЮРИСТ, 2006

  4. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  5. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

Мақсаты: Еңбек құқығының конституциялық қағидалары. Еңбек құқығының салааралық, салалық қағидалары. Еңбектік қатынастарды реттеудің құқықтық қағидаларының еңбек құқығы субъектілерінің субъективті құқықтары және міндеттерімен арақатынасын ашып көрсету.

Міндеті: Азаматтардың еңбектік құқықтарының шынайы қамтамасыз етілуінің және міндеттерінің орындалуының кепілдіктерін анықтау.

«Принцип» ұғымы (латынша principium – басталу, негізі) адамдардың жүріс – тұрысындағы бастау, басшы идея, негізгі ереже дегенді білдіреді.

Құқықтық принциптер дегеніміз кодексте бекітілген басқарушы ережелер. ҚР Конституцияның «Адам және азамат» деп аталатын 11 тарауда басқарушы идеялар азаматтардың еркін еңбек ету, кәсіпті және қызметті, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайын таңдауға; өзін кемітпестен еңбегіне лайық ақы алуға құқығы арқылы көрініс табады..

Еңбек құқығы принциптерінің қызметтік рөлінің негізгі позициялары:

а) принциптер еңбек субъектілері үшін арнайы бағдар болады, себебі

олар еңбек құқығы кодексінде бекітілген және қатысушылар әрекетін мемлекеттің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы құқықтық саясатын басқарушы идеяға сай бағыттайды;

б) принциптер еңбек қатынастарын құқықтық реттеу үшін бастапқы нұсқа болып табылады. Бұл сапада принциптер еңбек туралы күшіндегі заңның мәні мен мазмұнын жіне оны қолдану практикасын алдын ала анықтайды;

в)принциптер еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құқықтық негіздеріне тұрақтылық береді.

Принциптер жалпы (салааралық), салалық принциптері болып бөлінеді.

Жалпы (салааралық) принциптер еңбекті және еңбек салаларын құқықтық реттеудің негізгі принципі болып саналады. Оларға: заңдылық; азаматтардың құқықтарының бостандығының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы;мемлекеттік қызметке қол жеткізуді жатқызамыз.

Заңдылық принципі – Конституцияны, республикалық күшіндегі заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар –ожданын сыйлау жөнінде мемлекеттік органдарға қойылатын талап.

Азаматтардың құқықтарының бостандығының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы – азаматтардың, өздерінің құқықтарын, бостандықтарын жүзеге асыруда мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының алдындағы артықшылығын білдіретін принципі.

3.Салалық принципі – тек қана бір құқық саласына әрекет етеді. Бұл принципке жататындар: Еңбек шартының бірлігі мен жіктелуі. Бұл принциптің ерекшелігі – еңбек туралы жалпы құқықтық нормалар негізінде кейбір әлеуметтік және экономикалық салада жұмыскерлердің жекелегн санаттарының еңбегін қолдану жағдайының ерекшелігі ескеріледі.

Еңбек жағдайының қауіпсіздігі ҚР Конституциясы (29бап) азаматтарының денсаулық қорғау құқығын көздейді.

Заңда белгіленген ең аз мөлшерден кем емес еңбек ақы төлеу . ҚР Конституциясы (24баптың 2тармағы) азаматтардың ешқандай кемсітусіз еңбек ақы алуын көздейді.

Еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Ұжымның бірлескен еңбегінің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, жұмыскерлерді кәсіпорынның бірыңғай, ортақ ережемен бекітілген ішкі еңбек тәртібіне бағындыру.

4-тақырып. Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары).

  1. Еңбек құқығының қайнар көздерінің (нысандарының) түсінігі, олардың топтастырылуы.

  2. Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің нормалары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі ретінде.

  3. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері және олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҰ, Еуропа Кеңесінің, Еуропалық Одақтың, ТМД актілері). ХЕҰ конвенцияларының және ұсыныстарының құқықтық табиғаты. Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары, аймақтық еңбек стандарттары).

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

  2. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  3. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  4. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  5. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

Мақсаты: Еңбек құқығының қайнар көздерінің (нысандарының) түсінігі, олардың топтастырылуы. Негізгі және туынды нормативтік құқықтық актілер. Заң актілері және заңға негізделген норматитвтік құқықтық актілер ұғымын түсіндіру.

Міндеті: Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің нормалары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі ретінде. Еңбек құқығының қайнар көздерінің кеңістікте, уақытта, тұлғалар шеңбері бойынша әрекет етуін анықтау.

Еңбек құқығының қайнар көздері – ол заңмен бекітілген уәкілетті органдар шығарған нормативтік актілер.

Еңбек құқығының қайнар көздерінің компоненті: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұны және объектілендіру формасының бірлестігі.

Материалдық мазмұн құқықтық реттеуді қажет ететін еңбек қатынастарымен байланысты.

Ал, объектіленген айтылымның формасы- формальдық, заңдық мағынадағы еңбек құқығының қайнар көзі болып табылады. Яғни, еңбек құқығының негізгі қайнар көздері құқық нормалары болып табылады. Норма шығаратын органдардың өкілеттігіне және еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің шегіне байланысты еңбек құқық нормаларының айтылу формалары әр түрлі болады. Бұл ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметтің қаулылары және т.б болуы мүмкін.

Кең мағынада алғанда нормативтік құқықтық акт – референдумда не мемлекеттің өкілетті органымен лауазымды адамымен қабылданған белгілі бір формадағы ресми құжат.

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып келеді. Негізгілерге: ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек кодексі, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметтің қаулылары, министрліктердің бұйрықтары және т.б жатады. Туындыларға: ережелер,баптар, нұсқаулар, ұсыныстар т.б жатады

Сонымен, нормативтік құқықтық актілер еңбек құқығының көзі ретінде заңдық күші сол актіні қабылдаған мемлекеттік органның мемлекеттік аппарат жүйесіндегі өкілеттік мөлшермен және орнымен анықталады.

5-тақырып. Еңбек құқығының субъектілері.

  1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.

  2. Еңбек құқығы субъектілерінің еңбектік құқықсубъектілігі, оның ажырамас құрамдас бөліктері (құқыққа қабілеттілік, әрекетке қабілеттілік).

  3. Шетелдердегі кәсіподақтардың құқықтық мәртебесі. Ерікті Кәсіби Одақтардың Интернационалды Конфедерациясының (ЕКОИК) мәртебесі және оның қызметі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15 мамыр 2007 ж.

  3. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  4. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  5. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

  6. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

  7. Николаева Л.А. Судебная защита трудовых прав граждан. Алма-Ата: Наука, 1968

  8. Кисилев И..Я. Зарубежное трудовое право: Учеб. для вузов. – М. Норма – Инфра- М., 2001

Мақсаты: Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқықсубъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі бойынша мемлекеттің кепілдігін ашу.

Міндеті: Мемлекет еңбек құқығының субъектісі ретінде. Оның әлеуметтік-еңбектік қатынастарға қатысуының нысандары тәртібін білу.

Еңбек қатынастарының субъектілері. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілері болып табылады. Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін орындайды. Жеке және заңды тұлғалар нормативтік құқықтық актілер, сот шешімдері, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенімхат негізінде өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде қызметкерлердің немесе жұмыс берушінің мүдделерін білдіреді.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын жасау алдында:

1)лауазымға сайлану (сайлау);

2) тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;

3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;

4) заңда уәкілеттік берілген органдардың белгіленген квота есебіне жұмысқа жіберуі;

5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді.

Жұмысқа орналасу үшін жіберілген адамдардың біліктілігі жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушілер белгіленген квота шегінде олармен еңбек шартын жасасады.

1. Қызметкердің:

      1) Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

      2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

      3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

      4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;

      5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

      6) бос тұрып қалу үшін ақы алуға;

      7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;

      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін, кәсіподақ немесе басқа да бірлестіктер құру, сондай-ақ оларға мүшелік құқығын қоса алғанда, бірігуге;

      9) өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

      10) Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзінің біліктілігін арттыруға;

      11) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;

      13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;

      14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;

      15) бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға;

      16) еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;

      17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

      18) Қазақстан Республикасының Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері

     еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық  шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

      19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

      20) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі себепті ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

      21) еңбек жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне өзінің жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын тексеру туралы өтініш жасауға, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдікпен қатысуға;

      22) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

      23) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;

      24) Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ұжымдық шартта көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;

      25) Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге құқығы бар.

      2. Қызметкер:

      1) еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

      2) еңбек тәртібін сақтауға;

      3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

      4) жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

      5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

      6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

      7) жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде өтеуге міндетті.

      Қызметкердің Еңбек кодексінде көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері

      1. Жұмыс берушінің:1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне; 2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға; 3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар.

    Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілер шығару Кодекстің 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады; өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге; қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге; Еңбек Кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға; еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге; еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге; қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге; егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.

      Жұмыс беруші: 1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға; 2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға; 3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі  бақылауды жүзеге асыруға; 4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге; 5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге; 6) қызметкерді жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға; 7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат беруге; 8) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға; 9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге; 10) қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге; 11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға; 13) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; 14) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға; 15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге; 16) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге; 17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге; 18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге; 19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге; 20) қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге; 21) қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге; 22) еңбек жөніндегі уәкілетті органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкілдерін, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-күйін және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге; 23) жұмысқа қабылдау кезінде Кодекстің 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге міндетті.

6-тақырып. Әлеуметтік серіктестік.

  1. Әлеуметтік серіктестіктің түсінігі.

  2. Әлеуметтік серіктестіктің міндеттері, қағидалары, жүйесі, нысандары.

  3. Әлеуметтік серіктестіктің құқықтық тетігі (механизмі): шетелдердің екіжақты және үшжақты әріптестігінің органдары.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

    2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

    3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.

  1. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

  2. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

  3. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  4. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  5. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  6. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

Мақсаты: Әлеуметтік серіктестіктің органдары, оларды қалыптастырудың қағидалары, тәртібі. Әлеуметтік серіктестік органдарының негізгі мақсаттары, міндеттері, олардың құзыреттілігі. Әлеуметтік серіктестік органдарының үйлестірушілері (координаторлары). Әлеуметтік серіктестік тараптарының арасында келісімдерді бекіту тәртібі. Келісімдердің орындалуын бақылау.

Әлеуметтік серіктестіктің құқықтық тетігі (механизмі): шетелдердің екіжақты және үшжақты әріптестігінің органдары. арақатынас механизмін оқыту.

Міндеті. Бипартизм, трипартизмнің құрылуы, тоқтатылуы, қайта құрылу тәртібін білу.

Заңда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік (трипартизм) жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, міндеттері мен тәртібін айқындайды. Тараптардың тең құқылы және өзара жауапакершілікті принциптері негізінде ортақ әлеуметтік маңызы бар мақстаттарға қол жеткізуі үшін Бас, салалық және аймақтық келісімдерді жасау, өзгерту және бұзу тәртібін белгілейді.

Негізгі ұғымдары

Заңда мынандай ұғымдар пайдалынады:

  1. Қызыметкерлердің өкілдері-кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары, согдай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен құрылған қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де адамдар мен ұйымдар;

  2. Жұмыс берушілердің өкілдері-заңдарда белгіленген тәртіппен құрылған жұмыс берушілер органдары, сондай-ақ заңда берілген тәртіпен құрылған жұмыс берушілер органдары, уәкілеттік берген адамдар

  3. Келісім (Бас), салалық (тарифтік), аймақтық-республикалық, салалық және аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуларын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұндарын және тараптпардың олар бойынша міндеттемелерін анықтайтын, әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт;

  4. Әлеуметтік әріптестік-атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі;

  5. Әлеметтік әріптестік тараптары-атқарушы билік органдары өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері;

  6. Әлеметтік әріптестік комиссияларына қатысушы-әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілетті өкілі.

Меншік нысанына қарамастан ҚР-ның аумағында қызыметін жүзеге асыратын барлық жұмыс берушілерге;

  1. ҚР-ның аумағында орналасқан кәсіп орындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне;

  2. Атқарушы билік органдарына қолданылады;

Әлеметтік әріптестіктің міндеттері

Қр-дағы әлеметтік әріптестік мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. Әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;

  2. Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін объективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұақтылықпен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

  3. Қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру

  4. Барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялар мен келісөздер процесіне жәрдемдесу;

  5. Ұжымдық еңбек даулары мен жалжарды шешуге жәрдемдесу;

Әлеуметтік әріптестікті Республикалық деңгейде ұйымдастыру.

Әлеуметтік әріптестікті Республикалық деңгейде Әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінжегі Республикалық үшжақты комиссия қамтамасыз етеді.

Республикалық комиссия әлеуметтік әріптестердің мүдделерін үйлестіруді тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялармен келіссөздер жүргізу жолымен қаматамасыз ете жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметкерлердің Республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.

Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде ұйымдастыру.

  1. Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар қамтамасыз етеді.

  2. Аймақтық комиссия әлеуметтік әріптестер мүдделерін үйлестіруді тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін консультациялар және келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

  3. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері аймақтық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.

7-тақырып. Ұжымдық шарт.

  1. Ұжымдық шарттың түсінігі.

  2. Ұжымдық шарттың тараптары, мазмұны және құрылымы.

  3. Шетелдердің еңбегін орталықтандырылған және орталықсыздандырылған ұжымдық-шарттық реттеу.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

    2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

    3. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

    4. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

    5. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

    6. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

Мақсаты: Студенттер Ұжымдық шарттың мазмұны және құрылымы. Ұжымдық шарттың нормативтік және міндеттемелік жағдайлары (шарттары) және олардың мазмұны. Ұжымдық шартты дайындаудың және бекітудің тәртібін оқыту.

Міндеті: Ұжымдық шарт тараптарының құқықтары мен міндеттерін білу.

Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар айқындайды. Ұжымдық шартқа:

1) еңбекке ақы төлеуді нормалау, оның нысандары, жүйелері, қызметкерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшері туралы;

2) еңбекке ақы төлеуді индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу туралы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі қосымша өтемақылар туралы;

3) тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгі жалақысы мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас туралы;

4) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы;

5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;

6) салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;

7) тиісті саланың разрядаралық коэффициенттерін белгілеу туралы ережелер енгізілуге тиіс.

2. Ұжымдық шартқа:

1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы;

2) еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін реттеу туралы;

3) босатылатын қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы;

4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;

5) қызметкерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;

6) қызметкерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың тынығуы туралы;

7) кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған кезде ұйымның кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескерудің тәртібі туралы;

8) кәсіподақ органына сайланған қызметкерлерге берілетін кепілдіктер туралы;

9) қызметкерлердің өкілдері қызметін жүзеге асыруға арналған талаптар туралы;

10) кәсіподақ қызметі үшін жағдай жасау туралы;

11) қызметкерлерді сақтандыру туралы;

12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;

13) еңбек шарттарын ереуілді желеу етіп жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуды болдырмау туралы;

14) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздері келтірген залал үшін жауаптылығы туралы;

15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы;

16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы;

17) тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.

3. Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады.

Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері мен аясы

1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады.

2. Ұжымдық шарт, егер оның ережелерінде өзгеше көзделмесе, қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптар оны орындауға міндетті.

3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым қызметкерлеріне және жазбаша өтініш негізінде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады.

4. Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құрылу) кезеңінде ұжымдық шарт өз күшін сақтайды.

5. Ұйым мүлкінің меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарт үш ай бойы өз күшін сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданыстағы шартты сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келіссөздерді бастауға құқылы.

6. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек шарттары тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.

8-тақырып. Еңбек шарты.

  1. Еңбек шартының түсінігі және оның түрлері.

  2. Еңбек шартының мерзімдері.

  3. Алыс және жақын шетелдердегі еңбек шарты: түсінігі, мәні, субъектілері, мазмұны, нысаны.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  2. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

  3. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

  4. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

Мақсаты: Еңбек шарты бойынша еңбек функциясының және жұмыс орнының түсінігі. Еңбек шартын бекіту тәртібі. Еңбек шартының мазмұны мен мерзімдері. Еңбек шартының нысандары оқыту.

Міндеті: Алыс және жақын шетелдердегі еңбек шарты: түсінігі, мәні, субъектілері, мазмұны, нысанының сақталуына берілетін кепілдіктерді анықтау.

1 – сұрақ. Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

Еңбек шартын жасасу кезіндегі құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері

      1. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады. Еңбек Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. Осы адамдар санатының талабы бойынша жұмыс беруші бас тарту себебін жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің бұзылу фактісі анықталған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Еңбек шартын:

      1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы келетін жұмысты орындауға; 2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, он сегіз жасқа толмаған азаматтармен; 3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.

      Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы: 1) қызметкердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы; 2) міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы; 3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі болып табылады.

      Еңбек шартының мазмұны. Еңбек шартында: тараптардың деректемелері:жұмыс беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрақты тұратын мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі; жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс беруші-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі; қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды; белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы); жұмыстың атқарылатын орны; еңбек шартының мерзімі; жұмыстың басталу күні; жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі; еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары; егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер; қызметкердің құқықтары мен міндеттері; жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі; кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі; сақтандыру жөніндегі талаптар; тараптардың жауапкершілігі; жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.

 Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады.

2 сұрақ. Еңбек шартының мерзімі

      1. Еңбек шарты:

1) белгіленбеген мерзімге;

2) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.

Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі;

3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;

5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.

Жұмыс беруші-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде белгіленген мерзімге жасалады. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.

Еңбек шартын он алты жасқа толған азаматтармен жасасуға жол беріледі.

Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен:

1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен;

2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен;

3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.

Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар: 1) жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлігі); 2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін); 3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат; 4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін); 5) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін); 7) салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктердің көшірмелері қажет.

Жоғарыда көзделмеген құжаттарды жұмысберуші талап етуге құқылы емес. Қызметкердің келісімімен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушіде сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.

Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі

Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды. Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым мүлкінің меншік иесі не ол уәкілеттік берген адам немесе орган ұйымның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен жасайды. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс беруші үш күн мерзімде қызметкерді актімен таныстыруға міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқаны қызметкердің қол қоюымен куәландырылады. Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші оған актінің тиісінше расталған көшірмесін беруге міндетті. Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) қатысы бар өзге де актілерімен, ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті.

Мына құжаттардың кез келгені: еңбек кітапшасы; тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер; қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады. Еңбек кітапшаларының нысанын, оны жүргізу және сақтау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына (ол бар болған кезде) ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар көрсете отырып жүргізілуге тиіс.

Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады.Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.

Жұмысқа қабылдау кезінде: тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға; орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға; мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.     Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап қызметкерге жазбаша түрде ескертіп, бұл қызметкерді сынақ мерзімінен өте алмады деп тануға негіз болған себептерді көрсете отырып, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі. Жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталғанға дейін қызметкерді одан жоғары лауазымға тағайындаған жағдайда да қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі.

   Еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қойылған күннен не шартта белгіленген күннен басталады. Қызметкерді жұмысқа нақты жіберу еңбек шартына тараптардың қолы қойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.

   Еңбек шарты: 1) алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал етіп;  2) нақты немесе заңды салдар туғызу ниетінсіз (жалған еңбек шарты); 3) әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен; 4) он төрт жасқа толмаған адаммен егерде ата анасының, қамқоршысының рұқсаты болмаса; 5) ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, асырап алушысының келісімінсіз, он алты жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайларда, сот оны жарамсыз деп таниды.

   Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз деп танылуы бұрынғы қызметкердің еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемін, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер алу құқығынан айрылуына әкеп соқпайды. Еңбек шартының жұмыс берушінің немесе қызметкердің кінәсінен жарамсыз деп танылуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына әкеп соғады. Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды. Жұмыс беруші қызметкерден еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауды талап етуге құқылы емес.

     Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру

     Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп: 1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау; 2) орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретін жұмысты тапсыру; 3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру; 4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі.

     Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Қызметкерді сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыру, егер бұл осы баптың 1-тармағында көзделген өзгерістерге әкеп соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған қызметкердің келісімін алу талап етілмейді.

  Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы қызметкерге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.

Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің көшуіне байланысты өтемақы төлемдерін жасайды. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты Еңбек Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады. Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша алмастырған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлеп, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. Жұмыс берушінің бос тұрып қалу жағдайында қызметкердің мамандығын, біліктілігін ескере отырып, оның келісімінсіз, күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспайтын мерзімге, оны денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.

Бос тұрып қалу жағдайындағы ауыстыру кезінде қызметкердің еңбегіне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша, бірақ оның бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысының кемінде үштен екісі мөлшерінде жүргізіледі.

Еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты Еңбек Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.

 Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыда көрсетілген мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстырылады. Тараптардың келісімімен қызметкердің бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталуы мүмкін. Қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенге дейін жұмыс беруші қызметкерді анағұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыруға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, сондай-ақ еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес залалдың өтемін төлей отырып, оны жұмыстан босатуға міндетті. Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде басқа жұмысқа ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда қызметкермен еңбек шарты Еңбек Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.      Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен расталған қайшылықтар болған кезде, оны басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.

Құрылымдық бөлімшедегі, белгілі бір жұмыс орнындағы, механизмдегі немесе агрегаттағы жұмыстың өзгеше еңбек жағдайлары болуын қоспағанда, қызметкерді басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға, не оған еңбек шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға қызметкердің келісімі талап етілмейді. Қызметкер үшін еңбек жағдайларын және (немесе) еңбек шартын өзгертуге әкеп соқпайтын қызметкер лауазымының (жұмысының), құрылымдық бөлімшенің атауын өзгертуді, басқару құрылымын өзгертуді жұмыс беруші қызметкердің келісімінсіз жүзеге асыра алады.

Өндірісті ұйымдастырудағы, соның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгерістерге және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты, қызметкер еңбек шартында келісілген тиісті біліктіліктегі лауазым, мамандық немесе кәсіп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, оның еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына және (немесе) ұжымдық шартқа тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

Егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші қызметкерге және (немесе) оның өкілдеріне еңбек жағдайларының өзгеруі туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс. Егер қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс беруші - бар болса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайына сәйкес келетін өзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайы ескеріліп, ол орындай алатын, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмысты жазбаша нысанда ұсынуға міндетті. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты Еңбек Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады. Жұмыс беруші қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін толық емес жұмыс уақыты режимін тоқтатуды қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жұмыс беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті. Жұмыста алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған; Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан тапсырмаған; Жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарын пайдаланбаған; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген; егер оның іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті. Жұмыстан шеттету кезеңінде қызметкердің жалақысы сақталмайды және еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен жәрдемақы төленбейді. Қызметкерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жалақысы сақталады.           

9-тақырып. Еңбек шартын тоқтату.

  1. Еңбек шартын тоқтатудың және бұзудың негіздерін топтастыру.

  2. Шетелдердің заңнамасы бойынша еңбек шартын тоқтатудың ерекшеліктері. Жұмысшының (немесе жұмыс берушінің) бастамашылығымен жұмыстан шығу (шығару).

Пайдаланылатын әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15 мамыр 2007 ж.

    2. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

    3. Еңбек кодексі 15 мамыр 2007

    4. А.Ахметова, Г.Ахметова «Еңбек құқығы» Алматы 2005

    5. Идрисова С.Б., Пиптюк А.В. «Трудовое право РК». Астана 2009

Мақсаты: Еңбек шартын тараптардың келісімімен бұзу. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамашылығымен бұзудың негіздері. Еңбек шартын жұмысшының бастамашылығымен бұзудың негіздері ерекшеліктерін анықтау.

Міндеті: Шетелдердің заңнамасы бойынша еңбек шартын тоқтатудың ерекшеліктері. Жұмысшының (немесе жұмыс берушінің) бастамашылығымен жұмыстан шығу (шығару) белгілеу тәртібі.

Еңбек шартын тоқтату негіздері

Мыналар: 1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу; 2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар; 6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы; 8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы; 9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.

Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші еңбек шартының бір тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісу бойынша айқындалады. Еңбек шартында қызметкермен келісім бойынша, жұмыс берушінің қызметкерге бір жылғы орташа жалақысынан кем емес мөлшерде өтемақы төлей отырып еңбек шартын бұзу құқығы көзделеді.

Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты, мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылады. Еңбек шартында келісілген мерзімге сәйкес, қызметкердің соңғы жұмыс күні белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. Жұмыстың аяқталған күні белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердің жұмысқа шыққан күні уақытша болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. Егер еңбек шартының мерзімі аяқталғанда еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасып, тараптардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың қолданылуы белгіленбеген мерзімге ұзартылды деп есептеледі.

Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша: 1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған; 2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; 3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 4) өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған; 6) қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған; 7) қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған; 8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; 9) қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған; 10) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса; 11) тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған;  12) қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен; 13) егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе тиісінше орындамаған; 14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған; 15) еңбек шартын жасасу кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған; 16) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық залал келтіруге әкеп соққан; 17) қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.       Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады; 18) қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

   Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың қосымша негіздері көзделген. Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңінде еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді.      Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші Еңбек Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін. Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен Еңбек Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу, сондай-ақ Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртіппен, осы ұйымның кәсіптік одағы органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізіледі. Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу үшін қызметкердің осы жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысымен расталған болуға тиіс. Еңбек шартын Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 6) - 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзу Кодекстің 73-бабында көзделген тәртіптік жазалар қолдану тәртібі және 74-бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі. Еңбек шарты Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келіскен жағдайда жұмыс беруші оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметкер біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегендіктен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуге тиіс, оның құрамына қызметкерлер өкілі қатысуға тиіс.       Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық шартта, ал ол жоқ болған жағдайда жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

      Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу

      Қызметкер жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жеті күн мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын бұзу туралы өтінішін жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы. Көрсетілген ескерту мерзімі өткен соң қызметкер жұмысты тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек қызметіне байланысты құжаттар мен оған тиесілі ақшалай төлемдерді беруге міндетті. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек шартын қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртібі көзделеді.

     Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша: 1) қызметкер әскери қызметке шақырылған (кірген) кезде қызметкер тиісті құжатты ұсынған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірілмей; 2) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде; 3) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған жағдайда; 4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда; 5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда тоқтатылуға тиіс. Сот үкімінің, шешімінің заңды күшіне енген күні немесе қызметкердің қайтыс болған күні негіздер бойынша еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.     

Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде қызметкермен еңбек шарты: 1) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан; 2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартқан; 3) жұмыс беруші - заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартқан; 4) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде қызметкер басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға жатады. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде ғана еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі. Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіз болуы (оның ішінде жүктілігі және босануы бойынша) және демалысы кезеңінде еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды атқаратын адамдарға ақы төленетін өзге лауазымдарда істеуге тыйым салу белгіленген болса, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе лауазымға тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады. Қызметкердің жұмыс берушіні хабардар етуі және қызметкердің жұмысқа (лауазымға) сайлану немесе тағайындалу актісі негіз болып табылады.

Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбаса: 1) медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келетін жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған; 2) адамды белгілі бір лауазымдарды немесе белгілі бір қызметті атқару құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе шешімін бұза отырып жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған; 3) белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға тиіс.

Егер қызметкерді оның келісімімен жұмыс берушіде бар басқа, орындау үшін қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаса, еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі. Қызметкер басқа жұмысқа ауысуға келісім берген кезде, онымен еңбек шарты жасалады. Еңбек шарты тоқтатылған кезде, жұмыс беруші қызметкерге үш айдағы орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.

      Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуге тиіс. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі үш күн мерзімде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі.

Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты беруге міндетті. Жұмыс беруші қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талап етуі бойынша өтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның мамандығын (біліктілігін, лауазымын), жұмыс істеген уақытын және жалақы мөлшерін көрсете отырып, анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ Кодексте көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші - жеке тұлға қызметін тоқтатқан кезде жұмыс беруші, қызметкердің алдында берешегі болса, жалақы және өзге де төлемдер бойынша жинақталған берешектің мөлшері туралы тиісті түрде ресімделген анықтама беруге міндетті.

10-тақырып. Жұмыс уақыты.

  1. Жұмыс уақытының түсінігі және түрлері.

  2. Жұмыс уақытының режимдері.

  3. Шетелдердің жұмыс уақытының ұзақтығын реттеуде ұжымдық шарттың рөлі мен маңызы. Еңбек режимін индивидуализациялау және персонализациялау.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

  2. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  3. Скобелкин В.Н. Трудовые правоотношения. М. 1999

Мақсаты: Жұмыс уақыты түрлерін бір-бірінен ажырата білу.

Міндеті: Жұмыс уақытына байланысты заң актілерімен жұмыс істей білу.

1 сұрақ. Жұмыс уақыты

 Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.

Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы Еңбек Кодекстің 181-бабына сәйкес белгіленеді. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы Кодекстің 202-бабына сәйкес белгіленеді. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы Кодекстің 224-бабына сәйкес белгіленеді. Еңбек шартында, ұжымдық шартта көрсетілгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы көзделуі мүмкін. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген кезде еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.

Еңбек Кодексінде белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту; толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту; бір мезгілде күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі.

Еңбек шартында тараптардың келісімімен қызметкер үшін толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін. Толық емес жұмыс уақыты белгілі немесе белгісіз мерзімге белгіленеді. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу қызметкер үшін осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерден белгіленген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бір шектеуге әкеп соқтырмайды.

Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі ескеріле және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушінің актісімен айқындалады. Өндіріс сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу қисынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Жұмыс беруші еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді.

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртіптемесі ережелерімен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгіленеді. Өнер және мәдени демалыс кәсіптік ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, спортшылар, жаттықтырушылар үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі мүмкін.

2 сұрақ. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлуге:

    1. жұмыс қарқындылығы әртүрлі болатын жұмыстарда;

    2. егер бұл қызметкердің әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерімен байланысты болса, оның бастамасы бойынша ол беріледі.

 Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлген кезде жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) белгіленген ұзақтығынан аспауға тиіс. Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) бөліктерге бөлінетін жұмыс түрлері, жұмыстағы үзілістердің саны мен ұзақтығы, сондай-ақ осындай жағдайлары бар жұмыс үшін қызметкерлерге төленетін өтемақылардың түрлері мен мөлшері еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді.

Өндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелерімен белгіленеді. Жұмыс беруші ауысым кестелерін қызметкерлер назарына осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей жеткізеді. Қызметкерді қатарынан екі жұмыс ауысымында жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық және жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін.

 Икемді жұмыс уақыты режимінің кезінде: 1) тіркелген жұмыс уақыты; 2) қызметкер сол уақыт ішінде еңбек міндеттерін өз қалауы бойынша атқаруға құқылы икемді (ауыспалы) жұмыс уақыты; 3) есептік кезең белгіленеді.

Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының орташа нормасы сақталуға тиіс кезең икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі есептік кезең деп танылады. Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі есептік кезең бір айдан аспауға тиіс. Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы күнделікті және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасынан көп немесе аз болуы мүмкін. Тіркелген жұмыс уақытының, икемді (ауыспалы) жұмыс уақытының ұзақтығы, икемді жұмыс уақыты режиміндегі есептік кезең еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді.

Жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақтала алмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады. Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген күнделікті және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда сақталуға тиіс кезең жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең деп танылады. Кез келген, бірақ бір жылдан аспайтын күнтізбелік кезең немесе белгілі бір жұмысты орындау кезеңі жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең болуы мүмкін. Жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жұмыстың аяқталуы мен келесі жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) басталуы арасындағы қызметкердің демалыс ұзақтығының сақталуы міндетті болып табылады. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс істеу тәртібі, жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін қызметкерлердің санаттары, қызметкерлер өкілдерінің пікірі ескеріле отырып, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта не жұмыс берушінің актісінде айқындалады.           22 сағаттан бастап таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа тарту Кодексте белгіленген шектеулер сақтала отырып жүргізіледі.

Үстем жұмыстарға: 1) жүкті әйелдер; 2) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді. Жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

 Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде - екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс.Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.Үстеме жұмыстардың шекті санын шектеу Кодекстің 90-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайлардағы жұмыстарға қолданылмайды.

Қызметкерлердің келісімінсіз үстеме жұмыстарға тек қана мынадай жағдайларда: 1) ел қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстар жүргізу кезінде; 2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін; 3) егер үзіліс жасауға болмайтын жұмыста ауыстыратын қызметкер келмей қалғанда, басқа қызметкермен ауыстыру шарасын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін жол беріледі.

Жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиіс. Қызметкер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт қамтылатын нақты жұмыс уақыты есепке алынуға тиіс.

Жұмыс істелген уақыт құрамында нақты жұмыс істелген жұмыс уақыты және жұмыс уақытына жатқызылатын өзге де уақыт кезеңдері есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндердегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есептеледі.

Жұмыс істелмеген уақыт құрамында ақы төленетін және ақы төленбейтін уақыт, сондай-ақ қызметкердің және (немесе) жұмыс берушінің кінәсінен жоғалтылған жұмыс уақыты есепке алынуға тиіс. Жұмыс уақытын есепке алу жұмыс беруші айқындаған құжаттарда жүргізіледі. Қызметкердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде орындаған не олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақытпен тіркей алмайтын кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді.

11-тақырып. Демалыс уақыты.

  1. Демалыс уақытының түсінігі және түрлері.

  2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілін есептеу және жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру тәртібі.

  3. Жүктілік және босану бойынша демалыс.

  4. Жақын және алыс шетелдердің демалыс уақытын құқықтық реттеу. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысның ұзақтығы (ТМД; ГФР, АҚШ, Франция, Канада, Швейцария мемлекеттері). Демалыс түрлері («сэбетикл»).

Пайдаланылатын әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.

    2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15 мамыр 2007 ж.

    3. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

    4. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

Мақсаты: азаматтарға санаттары бойынша тынығуға құқық беру тәртібі.

Міндеті: азаматтарға тынығуға жеңілдіктерге мемлекеттің беретін кепілдігін анықтау.

Жүктілік және босану бойынша демалыс. Балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) демалыс беру. Үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға, балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақыны сақтаусыз берілетін қосымша демалыс. Оқу демалыстары.

Тынығу уақытының түрлері: 1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер; 2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу); 4) мереке күндері; 5) демалыстар болып табылады.

     Қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан кешіктірілмей белгіленуге тиіс. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі мүмкін. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тәртіптемесі ережелерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерді жұмыс уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың және тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып шығарылған актілерінде белгіленеді.

Жұмыстың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге технологияға және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі. Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістер берудің ұзақтығы мен тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде белгіленеді. Жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жылытылмайтын жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге жылыну және тынығу үшін жұмыс уақытына қосылатын арнаулы үзілістер беріледі. Жұмыс беруші қызметкерлердің жылынуы мен тынығуына арналған үй-жайлардың жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бір жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге тынығуға және тамақтануға арналған үзілістен бөлек, Кодекстің 188-бабына сәйкес баланы тамақтандыруға арналған қосымша үзілістер беріледі. Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.

Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет ету қажеттігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін қызметкерлерге демалыс күндері жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде бекітілген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның әр күндері кезекпен беріледі. Іссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тәртіптемесіне сәйкес пайдаланады.

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі. Демалыс және мереке күндерінде қызметкердің бастамасы бойынша жұмысқа жұмыс берушінің рұқсаты негізінде жол беріледі. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе Кодекстің 128-бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді.

Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда: 1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын немесе бүлінуін болдырмау және оларға тексеру жүргізу үшін; 3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын шұғыл, бұрын көзделмеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.

Қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері: 1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары; 2) әлеуметтік демалыстар беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.

Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері: 1) жалақы сақталмайтын демалыс; 2) оқу демалысы; 3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беріледі.

Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

Мыналарға: 1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі; 2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі.       Қызметкерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ең төменгі ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына:

1) нақты жұмыс істелген уақыт; 2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт; 3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт; 4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт қосылады.

Қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру ерекшеліктері Кодекстің 213-бабында белгіленеді. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстің 108-бабының 3-тармағындағы талаптар сақтала отырып, Кодекстің 108 және 109-баптарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ауыстырылады, ұзартылады, үзіледі. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан үш күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезектілігі еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс беруші қызметкерлердің пікірін ескере отырып бекітетін демалыс кестесінде белгіленеді. Демалыс кестелері өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда жұмыс беруші бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабарлауға міндетті. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы: қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған; егер бұл үшін заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) қызметкердің жазбаша келісімімен немесе оның өтінуі бойынша ғана ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта бөлек берілуі мүмкін.

Еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.

Жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады. Қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді.

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.  Жұмыс беруші: 1) неке тіркелген; 2) бала туылған; 3) жақын туыстары қайтыс болған; 4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде қызметкердің жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшін оқу демалыстары беріледі. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.

Жүкті әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар: 1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс; 2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс; 3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беру Кодекстің 192-195-баптарында көзделген шарттармен жүзеге асырылады. Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

12-тақырып. Жалақы. Жұмысшыларға арналған кепілдіктер және өтемақылық төлемдер.

  1. Жалақының түсінігі және оның еңбек үшін сыйақының (табыстың) басқа түрлерінен айырмашылығы.

  2. Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері.

  3. Алыс шетелдерде жалақыны орталықтандырылған реттеу

  4. Жалақыны, үстемелерді және өзге де төлемдерді белгілеудегі ұжым және еңбек шарттарының рөлі және маңызы. Жақын шетелдердегі (Ресейдегі, Беларусьтегі, Қырғызстандағы, Өзбекстандағы және т.б.) нарықтық экономика жағдайында жалақыны локалды реттеу.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15 мамыр 2007 ж.

  2. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

  3. Скобелкин В.Н. Трудовые правоотношения. М. 1999

  4. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

  5. Передерии С.В. Процедурно – процессуальный правовой механизм обеспечения трудовых прав наемных работников. Воронеж, 2000

Мақсаты: Жалақының ең төменгі мөлшері. Ең төменгі жалақының, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің арақатынасын анықтау

Міндеті: Еңбек нормаларын енгізу, тексеру, ауыстыру және қайта қарау тәртібі.

Кепілдіктер мен өтемақылық төлемдердің түсінігі және түрлері. Кепілді қосымша төлемдер және олардың түрлері. Іссапарда болу уақытына және жұмысшының басқа жерге ұйыммен бірге ауысуы кезінде төленетін өтемақылық төлемдер. Уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі және балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) арналған әлеуметтік жәрдемақылар.

Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер: айлық жалақының ең төменгі мөлшерін; Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі мөлшерін; еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын; үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді; мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы төлеуді; түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді; жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді; жалақының толық және уақтылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды; жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.

Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Жалақының мөлшері. Еңбекақыны реттеу әдістері.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдері мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді.Еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерін және салалық келісімдерде анықталып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін салалық арттырушы коэффиценттерді есептеуден айқындалады. Өз еңбек міндеттерін (еңбек нормаларын) орындаған қызметкердің сағаттық жалақысының ең төменгі мөлшері тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс сағатының санына бөлінген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.Бірінші разрядты қызметкердің еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төменгі мөлшері немесе айлық тарифтік ставкасының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартынан кем болмауға тиіс.

Жұмыс күні толық болмаған немесе ол толық жүктелмеген кезде нақты орындалған жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен еңбекке сағаттық ақы төлеуді белгілеуге болады.

Жалақыны көбейту жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін негізге ала отырып, келісімдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен жүргізетін жалақыны индекстеуін қамтиды.

Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру.

  1. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.

  2. Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және қызметкерлерге біліктілік разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

  3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеуді, қайта қарауды, байқап көруді, бекітуді және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. Әр түрлі экономикалық қызмет ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып әзірлейді және бекітеді.

Еңбекке ақы төлеу жүйелері.

Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін. Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде қалыптастырылуы мүмкін. Еңбекке ақы төлеудің тарифтік жүйесі: тарифтік ставкаларды (айлықақыларды), тарифтік торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды. Еңбекке ақы төлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне және олардың түпкі нәтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді. Еңбекке ақы төлеудің аралас жүйесінде еңбекке ақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін.

Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйлықақы беру жүйесін және еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.

Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелері ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады. Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 проценті болатын негізгі жалақы үлесін (жалақының негізгі бөлігіне қатысты) қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар басшыларының еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік ереженің негізінде айқындалады. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қараудың және келісудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.

Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа кемінде біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемінде елу проценті мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.

Қызметкер әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегіне неғұрлым жоғары біліктілік жұмысы бойынша ақы төленеді. Жоғары біліктілік қызметкеріне өндіріс сипатын ескере отырып оған тағайындалған разрядтан төмен тарифтелетін жұмысты орындау тапсырылған жағдайда, еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған біліктілік (разряд) бойынша жүргізіледі.

Бір ұйымда, өзінің еңбек шартында қарастырылған негізгі жұмысымен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді. Жұмыс беруші лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін берілетін қосымша ақылар мөлшерлерін қызметкермен келісе отырып белгілейді.

Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезеңінде қызметкердің бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуі мүмкін.

Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердің орташа жалақысының елу процентінен кем емес мөлшерде белгіленеді. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.

Жалақы төлеу мерзімдері.

Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі және төлем жасалған күнмен аяқталады. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге тиіс.

Қызметкердің орташа айлық жалақысын есептеу

Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі. Кодекске сәйкес тиісті ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы он екі күнтізбелік ай орташа жалақыны есептеу үшін есептік кезең болып табылады. Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген қызметкерлер үшін орташа айлық жалақы нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады. Орташа айлық жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеудің өзге кезеңдері көзделуі мүмкін.

Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

Қызметкердің өзі жұмыс істейтін ұйымға берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу қызметкердің жазбаша келісімі бар болған кезде жұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының елу процентінен аспауға тиіс. Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.

13-тақырып. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

  1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.

  2. Жұмысшының еңбекті қорғау құқығына кепілдіктер.

  3. Өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және тіркеу (есепке алу) Ережелері. Жұмысшының медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясымен күәландырылу тәртібі. Сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру өтемақысын есептеу тәртібі.

  4. Еңбектің қорғалуын қадағалайтын және бақылайтын органдар. Еңбекті және өндірістік тазалықты (санитарияны) қорғау туралы заңнаманың нормаларын бұзғандық үшін жауаптылық.

  5. Шетелдердің заңнамасы бойынша еңбектің қауіпсіз жағдайларына деген құқықтқы қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы. Мамандандырылған мемлекеттік органдардың рөлі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15 мамыр 2007 ж.

  2. Скобелкин В.Н. Трудовые правоотношения. М. 1999

  3. Толкунова В.Н. Трудовые споры и порядок их разрешения. Учеб. пособие. – М. Юрист, 1999

  4. Тихомиров М.Ю.Трудовые споры. М. 2000

  5. Чуча С.Ю. Коллективные трудовые споры в Российской Федерации. Комментарий нового законодательства. - Омск, 1996

Мақсаты: Еңбекті қорғау жөніндегі заңнама. Еңбекті және өндірістік тазалықты (санитарияны) қорғау жөніндегі жалпы және арнайы нормалар. Жұмысшының еңбекті қорғау құқығына кепілдіктер жүйесін оқыту.

Міндеті: Еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-өндірістік нысандары: еңбекті және өндірістік тазалықты (санитария) қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау және қаржыландыру; жұмысшыларды медициналық күәландыру, кезеңдік тексеру; жұмысшыларға еңбекті және өндірістік саниятарияны қорғау жөніндегі ережелер бойынша нұсқау және оқыту; жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету; қамсыздандыру туралы шетелдердің заңнамасын тереңдетіп оқу.

Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында істейтін қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендігі айқындалғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс.

Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.

Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.

Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.

2,3 сұрақ. Кәмелетке толмағандардың, әйелдердің, еңбек қабілеті төмен адамдардың еңбегін қорғау. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу.    

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында осы Кодексте белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өздеріне белгіленген шекті нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің жүктерді тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша белгілейді.      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала міндетті медициналық тексеруден кейін ғана жасалады. Одан әрі қызметкерлер он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа тартуға, оларды іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға тыйым салынады.

Әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. Әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады.Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің жүктерді қолмен көтеруінің және қозғалтуының шекті нормаларын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.

Жұмыс берушінің жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды іссапарға жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға құқығы жоқ. Жұмыс берушінің: 1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;  2) егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру мүшесі медициналық қорытынды негізінде тұрақты күтім жасауға мұқтаж болса, отбасының ауру мүшелеріне күтім жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, сондай-ақ іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге құқығы жоқ.

Мүгедектер әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.

Еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режимі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды. Мүгедектер еңбегін ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.

Жұмыс істеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленген қосымша кепілдіктер берілуі мүмкін. Жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген мүгедектердің толық емес жұмыс уақыты режимі, жүктемені азайту және басқа еңбек жағдайлары туралы медициналық қорытындыларды орындауға міндетті.     

Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс.Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді. Егер үшінші топтағы мүгедек қызметкерлерге медициналықкөрсетулер бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді.

14-тақырып. Еңбек тәртібі.

  1. Еңбек тәртібінің түсінігі.

  2. Еңбек тәртібін қамтамасыз етудің әдістері.

  3. Тәртіптік жазалаудың түрлері.

  4. Шетелдердегі еңбек тәртібін құқықтық реттеу.

Мақсаты: ҚР әрекет етуші құқыққа халықаралық құқық нормаларың жүйесін анықтау.

Міндеті: БҰҰ, ЕҚМ әлеуметтік қорғауды реттеуші негізгі актілері мен СНГ халықтарының келісімдеріне анықтама беру.