- •Казақ гуманитарлық-заң университеті Жоғарғы ұлттық құқық мектебі (әділ сот, адвокатура, кәсіпкерлік құқық) Азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •050302-«Халықаралық құқық»
- •Оқу әдістемелік кешеннің мазмұны:
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы
- •050302 «Халықаралық құқық»
- •Мазмұны
- •Түсiндiрме беретiн жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Лекциялар жоспары
- •Семинар сабақтарының жоспары Әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік (семинар) сабақтары тақырыптарының үлгілік
- •Аралық емтихан (аралық бақылау)
- •Сөж тапсырмалары
- •Курстық (бітіру) жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Ұсынылатын негізгі әдебиеттердің тізімі
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •050302 - «Халықаралық құқық» мамандығының студенттеріне арналған
- •050302 – «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
- •4.3 Практикалық (семинар) сабақтардық мазмұны мен тізімі
- •4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •050302 «Халықаралық құқық» мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме пән атауы «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы»
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •Оқу жұмыс бағдарламасы азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы мәжілісінде талқыланып, мақұлданған
- •Дәріс оқытушы (office-hour):
- •Қазақстан Республикасы және шетелдердің еңбек құқығы кредит саны - 3 , семестр -5
- •3. Пререквизиттері:
- •4. Постреквизиттері:
- •Пәннің сипатттамасы
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибе сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қорытынды баға қою белгілері:
- •Соөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Пәнінен кітаптармен қамтамасыз ету
- •Дәріс тезистері
- •1 Сұрақ. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
- •3 Сұрақ. Ұжымдық дауларды (дау-жанжалдарды) шешу
- •Курстық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Дипломдық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Пәнінен емтихан сұрақтары
- •«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» пәнін оқытудың әдістемелік нұсқауы
- •Тәжірбие сабақтарын жүргізудің әдістемелік нұсқауы
- •Бақылау жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.
- •Реферат жазудың әдістемелік нұсқауы.
- •Сөж(сөжо) бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Студентке сөж (сөжо) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
- •Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:
- •Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
- •Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда берілетін әдістемелік нұсқаулар
- •Іскерлік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
- •Брейн-ринг өткізу ережелері
- •Диспутты өткізу ережелері
- •Жарыссөздер өткізу әдістемесі
- •Оқытудың тәжірибелік әдістері
- •Таратылу құралдары Есептер
Реферат жазудың әдістемелік нұсқауы.
Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.
Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.
Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.
Реферат жоспары ашылатын тақырыптың ішкі тұтастығын көрсетуге тиісті. Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнің 2-3 парақтарынан, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.
Кіріспеде (1-1,5 бет) тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.
Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.
Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.
Сөж(сөжо) бойынша әдістемелік ұсыныстар
CӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.
СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.
Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді ОСӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан СӨЖО –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.
СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.
«Қазақстан Республикасының және шерелдердің еңбек құқығы» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:
оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;
негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;
нақты тақырып бойынша баяндама жасау;
эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;
есептер шығару;
статистикалық мәліметтерді талдау;
курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;
топтық жобаларға қатысу;
таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;
тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.
