- •Казақ гуманитарлық-заң университеті Жоғарғы ұлттық құқық мектебі (әділ сот, адвокатура, кәсіпкерлік құқық) Азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •050302-«Халықаралық құқық»
- •Оқу әдістемелік кешеннің мазмұны:
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы
- •050302 «Халықаралық құқық»
- •Мазмұны
- •Түсiндiрме беретiн жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Лекциялар жоспары
- •Семинар сабақтарының жоспары Әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік (семинар) сабақтары тақырыптарының үлгілік
- •Аралық емтихан (аралық бақылау)
- •Сөж тапсырмалары
- •Курстық (бітіру) жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Ұсынылатын негізгі әдебиеттердің тізімі
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •050302 - «Халықаралық құқық» мамандығының студенттеріне арналған
- •050302 – «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
- •4.3 Практикалық (семинар) сабақтардық мазмұны мен тізімі
- •4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •050302 «Халықаралық құқық» мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме пән атауы «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы»
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •Оқу жұмыс бағдарламасы азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы мәжілісінде талқыланып, мақұлданған
- •Дәріс оқытушы (office-hour):
- •Қазақстан Республикасы және шетелдердің еңбек құқығы кредит саны - 3 , семестр -5
- •3. Пререквизиттері:
- •4. Постреквизиттері:
- •Пәннің сипатттамасы
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибе сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қорытынды баға қою белгілері:
- •Соөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Пәнінен кітаптармен қамтамасыз ету
- •Дәріс тезистері
- •1 Сұрақ. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
- •3 Сұрақ. Ұжымдық дауларды (дау-жанжалдарды) шешу
- •Курстық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Дипломдық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Пәнінен емтихан сұрақтары
- •«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» пәнін оқытудың әдістемелік нұсқауы
- •Тәжірбие сабақтарын жүргізудің әдістемелік нұсқауы
- •Бақылау жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.
- •Реферат жазудың әдістемелік нұсқауы.
- •Сөж(сөжо) бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Студентке сөж (сөжо) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
- •Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:
- •Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
- •Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда берілетін әдістемелік нұсқаулар
- •Іскерлік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
- •Брейн-ринг өткізу ережелері
- •Диспутты өткізу ережелері
- •Жарыссөздер өткізу әдістемесі
- •Оқытудың тәжірибелік әдістері
- •Таратылу құралдары Есептер
Пәннің мазмұны
КІРІСПЕ
Еңбек ету бостандығына конституцилық құқықты азаматтар алуантүрлі нысандарда жүзеге асыра алады, алайда әлемнің барлық еледерінде халықтың басым көпшілігі жалдамалы еңбек ететін тұлғадардың тобына жатады. Жалдамалы еңбек аясындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге алғашқы ұмтылыстар 19-ғасырда, өнеркәсіптік төңкерістер дәуірінде жасалды. Сол заманның қоғамы мен мемлекеті жұмыс күшін қалыпты қайта пайдалану және ұлт денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау мақсатында жалдамалы еңбек ететін тұлғаларды шамадан тыс қанаудан қорғау қажеттілігін түсінді.
Еңбек құқығы құқықтың дербес саласы болып табылады, оның өзіндік пәні, әдісі, қағидалары бар және ол құқықтың басқа салаларынан айтарлықтай ерекшеленеді.
Барлық елдермен танылған білім беру стандарттары құқықты салыстырмалы-құқықтық және халықаралық-құқықтық тұрғыда зерделеуді ұсынады. Бұл мәселе толықтай еңбек құқығына да қатысты. Тек өзінің ұлттық заңнамасымен ғана таныс және шетелдің еңбек құқығы, халықаралық еңбек нормалары туралы хабары жоқ, заңгер дипломын иеленіп отырған адамды – жоғарғы кәсіптік білімінің қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін толыққанды маман деп есептеуге болмайды.
Қазіргі жағдайда еңбекті салыстырмалы және халықаралық-құқықтық реттеудің маңызы артып отыр. Осының барлығы еңбек құқығының, оның ұлттық шекараларынан шығатын аспектілерін өзектендіреді және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарын қолдану тәжірибесін зерделеуге септігін тигізеді.
Экономикалық үрдістерді, аймақтық интеграцияны жаһандандыру, өзара әріптестікті белсендендіру, еңбек миграциясы мәселелерін шешу - әртүрлі елдердің еңбек заңнамасын тиісті құқықтық жүйелер шегінде бірегейлендіруге (унификациялауға) ықпалын тигізеді. Ұлттық еңбек заңнамасының дамуы нақты бір елдің мәдениеті және дәстүрлерімен ғана емес, сонымен қатар, жалыәлемдік бағыттармен (тенденциялармен) де шарттандырылады.
Соңғы уақытта тәжірибеде, еңбек құқығын көпұлттық компаниялардың қызметімен, ұлтаралық еңбектік қатынастардың қалыптасуымен айтарлықтай дәрежеде байланысты экстерриториалды қолдану кеңінен таралуда.
Осыған байланысты алыс және жақын шетелдердің ұлттық заңнамасын және еңбңк заңнамасын зерделеу қажеттілігі туындап отыр. Ұлттық еңбек құқығын жалпыәлемдік заңдылықтар мен бағыттардан үзе отырып, шетелдік тәжірибені және еңбекті халықаралық-құқықтық реттеуді ескермей қарастыру мүмкін емес. Халықаралық факторлар Қазақстан Республикасы еңбек құқығының дамуына да айтарлықтай септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады, ал бұл жайт, халықаралық құқықтың еңбекті реттеу саласындағы нормаларын зерделеуді шарттандырып отыр.
Пререквизиттер.
Құқықтың осы саласының құқықтық реттеу пәнін құрап отырған қатынастардың күрделілігін, біртекті еместігін, көпбағыттылығын ескере отырып, оқу курсын зерделеу үрдісін – мемлекет және құқық теориясы, конституциялық, халықаралық, азаматтық, әкімшілік құқық, отбасы құқығы сияқты негізгі ізашар пәндермен байланыстыра отырып жоспарлау қажет.
Аралас пәндердің тізімі: әкімшілік, қаржылық, азаматтық құқық, азаматтық құқық.
