- •Казақ гуманитарлық-заң университеті Жоғарғы ұлттық құқық мектебі (әділ сот, адвокатура, кәсіпкерлік құқық) Азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •050302-«Халықаралық құқық»
- •Оқу әдістемелік кешеннің мазмұны:
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы
- •050302 «Халықаралық құқық»
- •Мазмұны
- •Түсiндiрме беретiн жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Лекциялар жоспары
- •Семинар сабақтарының жоспары Әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік (семинар) сабақтары тақырыптарының үлгілік
- •Аралық емтихан (аралық бақылау)
- •Сөж тапсырмалары
- •Курстық (бітіру) жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Ұсынылатын негізгі әдебиеттердің тізімі
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •050302 - «Халықаралық құқық» мамандығының студенттеріне арналған
- •050302 – «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
- •4.3 Практикалық (семинар) сабақтардық мазмұны мен тізімі
- •4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •050302 «Халықаралық құқық» мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме пән атауы «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы»
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •Оқу жұмыс бағдарламасы азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы мәжілісінде талқыланып, мақұлданған
- •Дәріс оқытушы (office-hour):
- •Қазақстан Республикасы және шетелдердің еңбек құқығы кредит саны - 3 , семестр -5
- •3. Пререквизиттері:
- •4. Постреквизиттері:
- •Пәннің сипатттамасы
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибе сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қорытынды баға қою белгілері:
- •Соөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Пәнінен кітаптармен қамтамасыз ету
- •Дәріс тезистері
- •1 Сұрақ. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
- •3 Сұрақ. Ұжымдық дауларды (дау-жанжалдарды) шешу
- •Курстық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Дипломдық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Пәнінен емтихан сұрақтары
- •«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» пәнін оқытудың әдістемелік нұсқауы
- •Тәжірбие сабақтарын жүргізудің әдістемелік нұсқауы
- •Бақылау жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.
- •Реферат жазудың әдістемелік нұсқауы.
- •Сөж(сөжо) бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Студентке сөж (сөжо) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
- •Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:
- •Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
- •Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда берілетін әдістемелік нұсқаулар
- •Іскерлік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
- •Брейн-ринг өткізу ережелері
- •Диспутты өткізу ережелері
- •Жарыссөздер өткізу әдістемесі
- •Оқытудың тәжірибелік әдістері
- •Таратылу құралдары Есептер
Лекциялар жоспары
1-тақырып. Еңбек құқығының түсінігі, пәні.
Еңбек қызметі және еңбектік қатынастар. Еңбектік және өндірістік қатынастар. әлеуметтік-еңбектік қатынастар. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы еңбек мәселелері. Нарықтық экономикалы елдерде адамның еңбек саласындағы негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
Қазақстан Республикасы еңбек құқығының түсінігі және оның ұлттық құқықтың жалпы жүйесіндегі орны. Еңбек құқығының пәні: жұмысшының өз еңбек функциясын, жұмыс берушінің еңбек заңнамасымен, әлеуметтік серіктестік туралы келісімдермен, ұжымдық және жеке еңбек шарттарымен көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, орнындауы туралы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісімге негізделген қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар (туынды қатынастар).
Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары ООН, МОТ, аймақтық еңбек стандарттары). Халықаралық актілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызы. Халықаралық және ұлттық еңбек құқығы нормаларының коллизиясы. Халықаралық актілердің ұлттық еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызы.
Жақын және алыс шетелдердегі еңбекті құқықтық реттеу. Еңбек құқығын дифференцияациялау. Еңбек құқығын ұлтаралық дифференциациялау. Континенталды Еуропа елдерінің еңбек құқығы (еңбек құқығының англо-саксондық түрі; еңбек құқығының аустралиялық түрі). Еңбек құқығының түрлі елдердің мемлекеттік құрылымына байланысты дифференциациясы. (АҚШ, Канада, Аустралия, ГФР, Швейцария). Жақын шетел елдерінің еңбек заңнамасын салыстырмалы талдау (Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан және т.б.).
2-тақырып. Еңбек құқығының әдісі, функциялары, жүйесі.
Еңбекті құқықтық реттеу тетігінің (механизмінің) түсінігі және құрылымы. Еңбек құқығы әдісінің түсінігі, оның белгілері.
Еңбек құқығының пәні мен құқықтық реттеу әдісінің арақатынасы, олардың еңбек құқығын құқық саласы ретінде анықтаудағы мәні.
Еңбектік қатынастарды реттеудің мемлекеттік-құқықтық, ұжымдық-шарттық, жеке-шарттық тәсілдері. Еңбек құқығының функциялары.
Шетелдердегі еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің ерекшеліктері. Авторитарлы әдіс. Автономиялық әдіс.
Құқық саласы ретіндегі еңбек құқығының жүйесі. Еңбек құқығының жүйесі және еңбек заңнамасының жүйесі. Еңбек құқығы ғылымының пәні және жүйесі. Еңбек құқығы ғылымының қазіргі кезеңдегі міндеттері.
3-тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қағидалары.
Еңбек құқығы қағидаларының түсінігі, олардың мәні. Еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу аясындағы қағидалардың топтастырылуы, (классификациясы), мазмұны. Еңбек құқығының қағидалары мен нормалары, олардың арақатынасы.
Еңбек құқығының конституциялық қағидалары. Еңбек құқығының салааралық, салалық қағидалары. Еңбектік қатынастарды реттеудің құқықтық қағидаларының еңбек құқығы субъектілерінің субъективті құқықтары және міндеттерімен арақатынасы. Азаматтардың еңбектік құқықтарының шынайы қамтамасыз етілуінің және міндеттерінің орындалуының кепілдіктері.
Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қағидалары. Еңбек ету құқығы. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу. Еңбектегі теңдік. Дискриминацияға тыйым салу. Ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы. Еңбекті, еңбек жағдайларын және т.с.с. қорғау құқығы.
4-тақырып. Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары).
Еңбек құқығының қайнар көздерінің (нысандарының) түсінігі, олардың топтастырылуы. Негізгі және туынды нормативтік құқықтық актілер. Заң актілері және заңға негізделген норматитвтік құқықтық актілер.
Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің нормалары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі ретінде. Еңбек құқығының қайнар көздерінің кеңістікте, уақытта, тұлғалар шеңбері бойынша әрекет етуі.
Құқық нысандарының (қайнарларының) жүйесіндегі құқықтық әдет, сот (әкімшілік) прецеденті, олардың еңбек құқығындағы маңызы. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру туралы құқықтық саясатының Тұжырымдамасы.
Жергілікті (локалды) актінің түсінігі. Локалды нормативтік актілердің түрлері. Локалды нормалардың кеңістікте, уақытта, тұлғалар шеңбері бойынша әрекет етуі. Нормативтік құқықтық актінің және құқықтық аткінің арақатынасы. Жұмыс берушінің актілері (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері және т.б.).
Ұжымдық шарт – құқықтық акт. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбектік және олармен байланысты экономикалық қатынастарды трипартизм деңгейінде реттеу туралы келісім – құқықтық акт. Бас, салалық (тарифтік), аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдердің еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесіндегі рөлі мен орны.
Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері және олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҰ, Еуропа Кеңесінің, Еуропалық Одақтың, ТМД актілері). ХЕҰ конвенцияларының және ұсыныстарының құқықтық табиғаты. Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары, аймақтық еңбек стандарттары).
Халықаралық актілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызы. Халықаралық және ұлттық еңбек құқығы нормаларының коллизиясы. Халықаралық актілердің ұлттық еңбек заңнамасын жетілдіруге тигізетін маңызы.
Халықаралық еңбек стандарттарының түсінігі. Халықаралық ұйымдардың ұсыныстарының, резолюцияларының, декларацияларының құқықтық табиғаты. Шетелдердің еңбегі туралы заңнама.
5-тақырып. Еңбек құқығының субъектілері.
Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері. Еңбек құқығы субъектілерінің еңбектік құқықсубъектілігі, оның ажырамас құрамдас бөліктері (құқыққа қабілеттілік, әрекетке қабілеттілік). Еңбек құқығындағы арнайы құқықсубъектілік.
Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқықсубъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі. Еңбектік қатынастары еңбек туралы заң актілерімен реттелетін жұмысшылардың өзге санаттары.
Жұмыс беруші еңбек құқығының субъектісі ретінде. Жұмыс берушінің құқықсубъектілігі. Еңбектік құқықтық қатынастарға қатысушы заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдарының жұмысшылардың еңбегін қолдану аясындағы құқықтық мәртебесі. Жеке тұлғалар жұмыс беруші ретінде, олардың құқықсубъектілігі.
Жұмыс берушілердің өкілдері. Еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік орган. Жұмыс берушілердің өкілдері, олардың жалпы сипаттамасы.
Кәсіподақтар еңбек құқығының субъектілері ретінде, олардың құқықтық мәртебесі.
Мемлекет еңбек құқығының субъектісі ретінде. Оның әлеуметтік-еңбектік қатынастарға қатысуының нысандары.
Жұмыс берушілердің халықаралық ұйымдарының құқықтық мәртебесі. Халықаралық ұйымдардың функциялары. Жұмыс берушілердің ұйымдарының құрылымы. Жұмыс берушілердің ұлттық деңгейдегі ұйымдары. Жұмыс берушілердің аймақтық ұйымдары.
Шетелдердегі кәсіподақтардың құқықтық мәртебесі. Ерікті Кәсіби Одақтардың Интернационалды Конфедерациясының (ЕКОИК) мәртебесі және оның қызметі. Кәсіби Одақтардың Халықаралық Федерациясы (КОХФ): құқықтық мәртебесі мен құзыреттілігі.
№ 2 кредит
6-тақырып. Әлеуметтік серіктестік.
Әлеуметтік серіктестіктің түсінігі. Әлеуметтік серіктестіктің міндеттері, қағидалары, жүйесі, нысандары. Әлеуметтік серіктестіктің тараптары. Әлеуметтік серіктестіктің мазмұны.
Әлеуметтік серіктестікті үшжақты деңгейде (трипартизм) ұйымдастыру. Әлеуметтік серіктестіктің органдары, оларды қалыптастырудың қағидалары, тәртібі. Әлеуметтік серіктестік органдарының негізгі мақсаттары, міндеттері, олардың құзыреттілігі. Әлеуметтік серіктестік органдарының үйлестірушілері (координаторлары). Әлеуметтік серіктестік тараптарының арасында келісімдерді бекіту тәртібі. Келісімдердің орындалуын бақылау.
Әлеуметтік серіктестіктің құқықтық тетігі (механизмі): шетелдердің екіжақты және үшжақты әріптестігінің органдары. Францияның, Италияның, Канаданың, Бельгияның әлеуметтік әріптестік органдары (Экономикалық және әлеуметтік кеңес; Экономика және еңбек мәселелері жөніндегі Ұлттық кеңес; Еңбектік қатынастар жөніндегі кеңес; Еңбек жөніндегі Ұлттық кеңес). Жақын шетелдердің әлеуметтік серіктестігі (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б.).
7-тақырып. Ұжымдық шарт.
Ұжымдық шарттың түсінігі. Ұжымдық шарттың еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесінде алатын орны мен маңызы. Ұжымдық шарттың тараптары, мазмұны және құрылымы. Ұжымдық шарттың нормативтік және міндеттемелік жағдайлары (шарттары) және олардың мазмұны. Ұжымдық шартты дайындаудың және бекітудің тәртібі.
Ұжымдық шарттың әрекет ету мерзімдері мен аясы. Жеке еңбектік және ұжымдық шарттардың; ұжымдық шарттардың және келісімдердің (басты, салалық (тарифтік), аймақтық) арақатынасы.
Шетелдердің еңбегін орталықтандырылған және орталықсыздандырылған ұжымдық-шврттық реттеу. Халықаралық тәжірибедегі ұжымдық шарттарды бекітудің қағидалары. Ұжымдық шарттардың әрекет ету мерзімі, тараптарының құқықтық мәртебесі, оларды орындамағаны үшін тараптардың жауаптылығы. Ұжымдық шарттарды бекітудің алуантүрлі үлгілерінің (американдық және еуропалық) ерекшеліктері. Ұжымдық щарттар және коллизиялық құқық.
8-тақырып. Жеке еңбек шарты.
Шарт туралы ілімнің жалпы сипаттамасы. Жеке еңбек шартының түсінігі және оның түрлері. Жеке еңбек шартының тараптары. Жеке еңбек шарты бойынша еңбек функциясының және жұмыс орнының түсінігі. Жеке еңбек шартын бекіту тәртібі. Жеке еңбек шартының мазмұны мен мерзімдері. Жеке еңбек шартының нысандары.
Жеке еңбек шартының жағдайларын өзгертудің шарттық (келісімді) тәсілі. Жұмысшы еңбегінің жағдайларын жұмыс берушінің бастамашылығымен өзгертудің негіздері.
Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі және түрлері. Басқа жұмысқа ауыстырудың шарттары және тәртібі. Басқа жерге ауыстырудың іссапардан айырмашылығы. Басқа жұмыс орнына ауыстыру.
Алыс және жақын шетелдердегі еңбек шарты: түсінігі, мәні, субъектілері, мазмұны, нысаны.
Шетел жұмысшысымен (мигрант-жұмысшымен) жасалтын еңбек шарты. Еңбек контрактісінің қолданылатын құқығы. Жұмысқа алу кезінде үміткерді ұсыну. Анкеталар толтыру. Әңгіме (интервью) өткізу. Кәсіби (тест) сынақтары. Сынақ мерзімі. Еңбек шартын өзгерті тәртібі.
9-тақырып. Жеке еңбек шартын тоқтату.
Жеке еңбек шартын тоқтатудың және бұзудың негіздерін топтастыру.
Жеке еңбек шартын тараптардың келісімімен бұзу. Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамашылығымен бұзудың негіздері. Жеке еңбек шартын жұмысшының бастамашылығымен бұзудың негіздері.
Жеке еңбек шартын тараптардың еркінен тыс жағдайлар бойынша тоқтату. Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі.
Шетелдердің заңнамасы бойынша еңбек шартын тоқтатудың ерекшеліктері. Жұмысшының (немесе жұмыс берушінің) бастамашылығымен жұмыстан шығу (шығару).
Жұмыстан ұжыммен шығуды реттеу тәртібі.
Еңбек шартын жекелеген елдердің (Францияның, Ұлыбританияның, АҚШ, Бельгияның, Ресейдің, Беларусьтің, Қырғызстанның және т.б.) заңнамасы бойынша тоқтату.
Еңбек шартының күшін жою. Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердің (Ресейдің, Беларусьтің, Қырғызстанның және т.б.) заңнамасы бойынша шеттетудің негіздері.
10-тақырып. Жұмыс уақыты.
Жұмыс уақытының түсінігі және түрлері. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы. Толық емес (толымсыз) жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеу шарттары және тәртібі. Өндірістік объектілердің аттестациясы қықартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің шарты ретінде.
Жұмыс уақытының режимдері. Жұмыс аптасының, басқа жұмысқа ауыстырудың, жұмыс күнінің түсінігі және түрлері. Ауыстырылым графиктері. Жұмыс уақытының режимін белгілеу тәртібі. Жұмыс уақытын есептеу түрлері. Жұмыс уақытын қосынды есептеу. Вахталық әдіспен жұмыс істеу кезіндегі жұмыс уақытын есептеу.
Мерзімнен тыс жұмыстар. Жұмысшыны мерзімнен тыс жұмыстарға тартудың шарттары. Жұмысшыны түнгі уақытта жұмыс істеуге тарту. Жұмыстарды ұйымдастырудың вахталық әдісінің ерекшеліктері.
Шетелдердің жұмыс уақытының ұзақтығын реттеуде ұжымдық шарттың рөлі мен маңызы. Еңбек режимін индивидуализациялау және персонализациялау.
Жекелеген мемлекеттердің (АҚШ, Испанияның, ГФР, Ресейдің, Украинаның, Қырғызстанның және т.б.) заңнамасы бойынша жұмыс уақытының режимдерін белгілеу, жұмыс уақытының ұзақтығы мерзімнен тыс жұмысқа тарту.
11-тақырып. Демалыс уақыты.
Демалыс уақытының түсінігі және түрлері. Демалу және тамақтану үшін үзіліс. Арнайы үзілістер. Демалыс және мереке күндері.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық.
Қосымша еңбек демалысы және оны беру тәртібі. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілін есептеу және жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру тәртібі. Жұмысшыларға жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру кезектілігі. Еңбек демалысынан шақыртып алу. Жеке еңбек шартын бұзу кезінде пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу.
Жүктілік және босану бойынша демалыс. Балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) демалыс беру. Үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға, балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақыны сақтаусыз берілетін қосымша демалыс. Оқу демалыстары.
Жақын және алыс шетелдердің демалыс уақытын құқықтық реттеу. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысның ұзақтығы (ТМД; ГФР, АҚШ, Франция, Канада, Швейцария мемлекеттері). Демалыс түрлері («сэбетикл»).
Жақын және алыс шетелдерде әлеуметтік демалыстарды беру процедурасы.
№ 3 кредит.
12-тақырып. Жалақы. Жұмысшыларға арналған кепілдіктер және өтемақылық төлемдер.
Жалақының түсінігі және оның еңбек үшін сыйақының (табыстың) басқа түрлерінен айырмашылығы. Нарықтық қатынастардың орнығуы және дамуы жағдайындағы жалақының функциялары. Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері. Жалақының ең төменгі мөлшері. Ең төменгі жалақының, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің арақатынасы.
Еңбекке ақы төлеудің нормаларын локалды және индивидуалды белгілеудің рөлі. Нормалаудың және еңбек нормасының түсінігі. Жұмыс нормасы (выработка), уақыт нормасы, сан нормасы, қызмет көрсету нормасы. Еңбек нормаларын енгізу, тексеру, ауыстыру және қайта қарау тәртібі.
Еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелері, оларды белгілеу тәтібі. Сыйақы беру (премиялау) жүйесі жұмысшыларды материалдық ынталандырудың нысаны ретінде. Қосымша және үстеме төлемнің мөлшерін белгілеудің тәртібі және шарттары.
Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқу кезінде (мерзімнен тыс, демалыс және мереке күндері, түнде жұмыс істегені үшін) ақы төлеу. Жұмыстың тоқтап қалу уақытына ақы төлеудің тәртібі мен шарттары.
Жалақыны құқыққа қайшы ұстап қалулардан қорғау. Жалақыны төлеу мәселелері және жалақыны кешіктірумен байланысты жағымсыз құбылыстарды болдырмаудың құқықтық құралдары.
Орташа айлық жалақы. Жұмысшының орташа жалақысын есептеу тәртібі. Орташа күндік (сағаттық) ақыны анықтау.
Кепілдіктер мен өтемақылық төлемдердің түсінігі және түрлері. Кепілді қосымша төлемдер және олардың түрлері. Іссапарда болу уақытына және жұмысшының басқа жерге ұйыммен бірге ауысуы кезінде төленетін өтемақылық төлемдер. Уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі және балаларды ұл қылып немесе қыз қылып асырап алған әйелдерге (еркектерге) арналған әлеуметтік жәрдемақылар.
Алыс шетелдерде жалақыны орталықтандырылған реттеу (жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу; оның құрылымын анықтау; жұмыс күшіне ақы төлеудің белгілі бір нысандарын енгізу; жалақыны индексациялау және оның шамадан тыс өсімін болдырмау мақсатын көздейтін шараларды жүзеге асыру).
Жалақыны, үстемелерді және өзге де төлемдерді белгілеудегі ұжым және еңбек шарттарының рөлі және маңызы. Жақын шетелдердегі (Ресейдегі, Беларусьтегі, Қырғызстандағы, Өзбекстандағы және т.б.) нарықтық экономика жағдайында жалақыны локалды реттеу.
13-тақырып. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.
Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары. Азаматтардың қауіпсіздікке және гигиенаға жауап беретін еңбек жағдайларына деген конституциялық құқығы. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнама. Еңбекті және өндірістік тазалықты (санитарияны) қорғау жөніндегі жалпы және арнайы нормалар. Жұмысшының еңбекті қорғау құқығына кепілдіктер.
Еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-өндірістік нысандары: еңбекті және өндірістік тазалықты (санитария) қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау және қаржыландыру; жұмысшыларды медициналық күәландыру, кезеңдік тексеру; жұмысшыларға еңбекті және өндірістік саниятарияны қорғау жөніндегі ережелер бойынша нұсқау және оқыту; жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету; орындалып жатқан жұмыстың (өндіріс объектісінің) ауырлығын, зияндылығын және қауіптілігін анықтаудың шарттары және тәртібі.
Өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және тіркеу (есепке алу) Ережелері. Жұмысшының медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясымен күәландырылу тәртібі. Сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру өтемақысын есептеу тәртібі.
Жұмысшылардың жекелеген санаттарының: әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеттілігі төмен тұлғалардың еңбегін қорғаудың ерекшеліктері.
Еңбектің қорғалуын қадағалайтын және бақылайтын органдар. Еңбекті және өндірістік тазалықты (санитарияны) қорғау туралы заңнаманың нормаларын бұзғандық үшін жауаптылық.
Шетелдердің заңнамасы бойынша еңбектің қауіпсіз жағдайларына деген құқықтқы қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы. Мамандандырылған мемлекеттік органдардың рөлі.
Еңбек инспекциялары. Батыс елдеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың жүзеге асырылуын және сақталуын бақылау (өндірістік тазалық жөніндегі қызметтер, қауіпсіздік техникасы және өндірістік тазалық жөніндегі комитеттер).
Әйелдердің және Ана-әйелдердің еңбегін құқықтық қорғау. Мүгежектердің еңбегін қорғау жөніндегі арнайы нормалар. Ересек жұмысшылардың еңбегін қорғау.
14-тақырып. Еңбек тәртібі.
Еңбек тәртібінің түсінігі. Еңбек тәртібі еңбек құқығы қағидаларының бірі және еңбектік құқықтық қатынастың элементі ретінде. Еңбек тәртібі еңбек құқығының институты ретінде.
Еңбек тәртібін қамтамасыз етудің әдістері. Еңбек тәртібі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер. Еңбектік құқықтық қатынас тараптарының еңбек тәртібін сақтау жөніндегі міндеттері.
Еңбек үшін ынталандыру шаралары және оларды қолдану тәртібі.
Тәртіптік терісқылықтың түсінігі. Тәртіптік жазалаудың түрлері. Тәртіптік жазалауды қолдану және оған шағым келтірудің тәртібі. Тәртіптік жазаның әрекет ету мерзімі. Тәртіптік жазаның күшін мерзімнен бұрын жоюдың негіздері.
Шетелдердегі еңбек тәртібін құқықтық реттеу. Еңбек тәртібінің ережелері, ұжымдық шарттар. Тәртіптік құқықбұзушылықтар. Қолайлы психологиялық климатты (жағдайды) қамтамасыз ету. Әдепті қатынастарды («прайвэси», моббинг) орнату. Жұмыс орнында сексуалды қатынасқа тартуға ұмтылыс үшін жауаптылық.
15-тақырып. Еңбек даулары.
Еңбек дауларының түсінігі және топтастырылуы: жеке және ұжымдық еңбек даулары. Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері. Азаматтардың ереуілге құқығын қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларына деген конституциялық құқығы. Еңбек дауларын қарайтын органдар.
Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау тәртібі. Келісім комиссиясының құқықтық мәртебесі. Жеке еңбек дауларын сот тәртібімен қарау. Еңбек істері бойынша сот шешімдерін орындау.
Ұжымдық еңбек дауларын қарап-шешудің негізгі қағидалары. Ұжымдық еңбек дауларын қарайтын органдар (бітістіру комиссиясы, еңбек арбитражы). Ұжымдық еңбек дауларын қарап-шешу тәртібі. Бітістіру комиссиясының және еңбек арбитражының ұжымдық еңбек дауын қарап-шешу жөніндегі құзыреттілігі. Ұжымдық еңбек дауындағы делдалдың құқықтық мәртебесі. Ереуілдің түсінігі. Ереуілді – ұжымдық еңбек дауын шешудің шарасы ретінде өткізу процедурасы. Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы заңнаманы бұзғандық үшін жауаптылық.
Шетелдердің еңбектік іс жүргізу құқығы. Еңбек дауларының топтастырылуы. Мүдделер қарама-қайшылығы. Еңбек дауларын қарап-шешудің әдістері.
Еңбек дауларын қарап-шешудің соттық процедуралары. Мамандандырылған еңбек юстициясы.
Жақын және алыс шетелдердің кейбір елдерінде жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарап-шешу тәртібі. Ереуілдер мен локауттардың ережелерін белгілеу (регламентациялау). Американдық арбитраж ассоциациясы. Мәжбүрлеуші арбитраж. Әріптестік мәселелері жөніндегі Ұлттық басқарма (ӘҰБ). Еңбек дауларын шешудің соттық және әкімшілік процедуралары. Мамандандырылған еңбек юстициясы. Еңбек соттары (Франция, Ұлыбритания, ГФР, Испания, Швеция және т.б.).
