- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Менің отаным – қазақстан
Қазақстан - Еуропа мен Азияның орталығында орналасқан егеменді, ірі ел. Қазақстанның жер көлемі – 2, 7 млн шақырым. Елордасы – Астана қаласы. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6467 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км), және Қырғызстан (980 км) республикаларымен шектеседі. Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады.
Қазақ жері ұлан-байтақ. Осы ұлан-байтақ далада есепсіз байлық бар. Мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және басқа да байлықтар жеткілікті. Мұнай қоры бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі ірі мұнайлы державалармен иық теңестіріп тұр.
Қазақстан – біріккен Ұлттар ұйымына мүше ел. Оның тәуелсіздігін дүние жүзі таныды. Ол - бейбітшілікті сүйетін ел. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық, мәдени байланыстар жасап жатыр. Қазақстан – демократиялық, құқықтық мемлекет. Ол басқа мемлекеттермен өз ақшасы арқылы сауда жүргізеді. Мемлекет басшысы – Президент. Атқарушы билігі – республика үкіметі. Ақша бірлігі – теңге. Халқының саны – 15301,4 мың. (2006 ж. 1 шілде.). Қазақстан жаңа мыңжылдыққа тек дербес қана емес, сонымен қатар қуатты мемлекет ретінде аяқ басты. Мемлекеттік тәуелсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз.
2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
Қазақстан қандай ел?
Қазақстан қайда орналасқан?
Қазақстан егемендігін қашан алды?
Қандай табиғи байлықтары бар?
3. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.
4. Мәтіннен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.
5. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз.
6. Мына сөздердің жазылуына көңіл аударыңыз: қауіпсіздік, дүние жүзі, құқықтық.
7. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: орталығында, мемлекеттерімен, нәтижесінде.
8. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: мәселе, мемлекет, дауыс беру, мұнай қоры.
9. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз. Қазақстан жері ... . Оның тәуелсіздігін ... таныды.
10. Досыңызбен осы тақырыпқа сұхбат құрастырыңыз.
11. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 17, 19, 22, 23, 26]
«Мемлекет және біз» тақырыбына әңгіме жазу.
«ҚР рәміздері» жатқа айту.
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына шығарма жазу.
7-тақырып Табиғат. Табиғаты ғажап Қазақстан. Диктант «Бурабай». Сын есім.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1.Сын есімнің жасалу жолдарын түсіндіру.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу.
3. Жаңа сөздер жаздыру.
