Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП новый- 050712.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Құрметті металлург

«Құрметті металлург» атақ металлургия өнеркәсібі озаттарын ынталандырудың бір түрі.

Бұл атақ КСРО Министрлігі Кеңесінің 10-ыншы желтоқсанда 1947 жылғы қаулысымен тағайындалған.

Құрметті атақ домна, болат балқыту, прокат цехтарындағы ыстық жердегі агрегаттарда кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген адамдарға беріледі. Жоғары өндірістік көрсеткішке қолы жеткен, өндірістік жоспарды артығымен орындаған металлургтерге беріледі. Бұл озық еңбек үлгісін көрсеткен металлургтардың еңбегін бағалаудың ең жоғары түрі. Белгіленген үлгі бойынша кеудеге тағатын «Құрметті металлург» белгісі тапсырылады.

Құрметті металлург атағын беру тәртібі бойынша белгі кеуденің оң жағына тағылады. Алғашқылардың бірі болып бұл құрметті атақты Қарағанды металлургия комбинатында Ф.И. Вагденко, А. Жүнісов, Е.Байғазиев, М. Мүсілімов, А.Дәрібаевтар алды.

Құрметті металлургтердің бірі Жүнісов Арғын еңбек ардагері, болат балқытушы. Қазақ металлургия заводының мартен цехында 1947 жылдан бастап істеді. Болат балқытушының көмекшісі болды. Мамандықты тез игеріп, болат балқыту ісінің нағыз шебері атанады.

Бұл істі 1964 жылы іске қосылған үлкен сыйымдылықты № 1 мартен цехында жалғастырды. Елу бір жыл мартен пешінде тұрып, болат балқытушылардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеген. Оның тәжірбиесі бұрынғы одаққа кеңінен таратылған.

Достық балқымаларына қатысты. ҚазССР еңбек сіңірген металлургі және еңбек сіңірген жастар тәлімгері.

Теміртау қаласының құрметті азаматы. КСРО-ның Ленин, Октябрь революциясы, тәуелсіз Қазақстанның «Отан» орденімен марапатталған.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер:

- « Құрметті металлург» атағы қай уақыттан беріле бастады?

- Құрметті атақты кімдерге берді?

- Қандай белгі тапсырылды?

- Белгі қай жерге тағылады?

- Бұл атақты алғашқы алғандар кімдер?

- Арғын Жүнісов қай жылдан бастап болат балқытушы болып істейді?

- 1964 жылы қай цехта жұмыс істеді?

- Қандай жарыстарға қатысты?

- Қандай марапаттаулары бар?

2. Мәтінді үлгіге алып, өзіңіз білетін құрметті металлургтер туралы мәтін құрастырыңыз.

3. Мақал-мәтелді оқып, түсініңіз.

Адам үшін ең асыл қазына – еңбек ете білу.

Ер дәулеті –еңбек.

Ердің атын еңбек шығарар.

Еңбегіне қарай -өңбегі

4. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

5. Қарағандылық металлургтер жайында деректер жинаңыз.

6. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына мәтіндегі тиісті сөзді жазыңыз.

1) Мамандықты ... игеріп, болат балқыту ісінің нағыз ... атанады.

2) Оның ... бұрынғы ... кеңінен таратылды.

3) Теміртау ... құрметті азаматы.

4) КСРО-ның Ленин, Октябрь революциясы, ... ... ... орденімен марапатталған.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.

2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]

1. «Өсімдіктердің тіршілік формалары» тақырыбына шығарма жазу.

2. «Қазақстанның «Қызыл кітабы» реферат.

3. «Құрметті мателлург» тақырыбына мәліметтер жинау.

14-тақырып Аралық тест. Өсімдік және медицина. Металлург және Президент. Төл сөз. Төлеу сөз.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. №325 компьютерлік, №327 мультимедиалық кабинеттерде тест тапсыру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.