Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП новый- 050712.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

«Арселор миттал» компаниясы

1995 жылы 17 қарашада Қарағанды металлургиялық комбинатының жекешелену барысында «Испат Кармет» ААҚ құрылды.

2004 жылы «Миттал Стил Теміртау» АҚ аты өзгертілген болатын.

2007 жылы қыркүйекте болат өндіру ісінің көшбасшысы «Арселор Миттал» компаниясы деп атын өзгертті. Бұл кәсіпорын Теміртау қаласында орналасқан.

Бұл кәсіпорын жылына 12 млн тоннаға дейін сұйық металл өндіре алатын әлемдегі ең ірі жеке меншік компаниялардың бірі. Карметкомбинатты сатып алғаннан кейін әлемдік болат өндірудегі 32-орыннан 14-15 орынға шықты. Бүгінде компанияның заттары 4 құрлықтың 14 елінде ( Франция, Германия, Польша, Чехия, Румыния, Босния, Македония, АҚШ, Канада, Мексика, Оңтүстік Африка республикасы мен Алжир) бар.

Оларда 164 мың адам жұмыс істейді. Жылына 70 млн тонна болат өндіреді.

10 жыл ішінде комбинатты әлемдік деңгейге көтеру үшін 1,5 млрд доллар инвестиция салды. Осы заманға сай технологиялар енгізіліп, жаңа өндірістер салына бастады.

1998 жылы тамыз айында жылына 320 мың тонна өнім бере алатын ыстықтай қалайылау және мырыштау цехы салынды.

2003-2005 жылдар аралығында №3 және №4 домна пештері, 7 кокс батереясы күрделі жөндеуден өткізілді. 2005 жылы болатты үздіксіз құю машинасы іске қосылды. Бүгінде КМК өнімдері Европа мен Америкаға, Қытайға жөнелтілді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыз.

3. Төмендегі сөйлемді аударыңыз, сөйлем мүшесіне талдаңыз.

В связи с объединением двух крупнейших мировых производителей стали Arcelor и Mittal Steel Company в сентябре 2007 года АО «Миттал Стил Темиртау» переименован в АО «Арселор Миттал Темиртау».

4. Дұрыс-бұрысын тексеріңіз.

1) 2004 жылға дейін «Миттал Стил Теміртау» АҚ деп аталды.

2) «Миттал Стил Теміртау» Қарағанды қаласында орналасқан.

3) 1995 жылы 17 қарашада Қарметкомбинат әлемдік болат өндіруден 1 орынға шықты.

4) 1998 жылы тамыз айында жылына 320 тонна өнім бере алатын ыстық және мырыш цехын салды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.

2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

3.Нұрпейісова С.К., Күлейменова Л.М. Техникалық мәтіндер жинағы (машина жасау факультетінің студенттеріне арналған көмекші құрал) Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]

  1. «Жер құнары - өмір нәрі» тақырыбына әңгіме жазу.

2. «Арселор-Миттал» компаниясы» тақырыбына мақала жазу.

13-тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары. Қазақстанның «Қызыл кітабы». Құрметті металлург. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты сөйлемдерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.