- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
Әлемдік нарықта Қазақстанның қазіргі уақыт жағдайында басымдық негізгі бәсекесі жоғарғы білікті, шапшаң әрекет ететін адамдық капитал болуы қажет. Атап айтқанда, елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші - халық өмірінің жоғары деңгейі мен сапасы болып табылады.
Сондықтан елді дамытудың жаңа кезеңінде халықтың әлеуметтік жағдайын ауқымды жақсартудан басталып отыр. Қоғамдағы барлық бөліктердің өмір деңгейін жақсарту арқылы одан әрі ілгерілеу жолына түсеміз.
«Нұр Отан» партиясы бәсекеге қабілетті адам капиталын дамытуға бюджеттік ресурстарды топтауды қамтамасыз етеді. Біздің мақсатымыз әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылым, басқару, инженерлік-техникалық элиталық жаңа формацияларды құру болып табылады.
Біз Қазақстан халқының тұрақты қосымша ақша қаражаттарының көздерін иемдену мүмкіндіктері – құнды қағаздарды басқарудан инвестициялық кіріс түсіру: акциялар, облигациялар ренттік кіріске ие болуына күшімізді саламыз.
Қазақстандықтардың лайықты тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, тұрақты кірісінің болуы, сапалы білім алуы, медициналық көмек алуы, демалысқа және туристік қызметтерге қаражат жұмсауы және лайықты қарттықпен қамтамасыз етілуі қажет.
Тапсырмалар:
Мәтіннен жаңа сөздерді аударыңдар.
Мәтінді оқып, аударыңдар.
Сіз Қазақстанның болашағы үшін не істейсіз? Ситуативтік тапсырма.
Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, сөйлемдер кұрастырыңдар.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
... Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бір бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс - әрекетке кірісе отырып – біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе, әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па, әлде шабандап қалып келеміз бе – ұдайы таразылап отыру қажет.
Бүгінгі күнде ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан рет қайталай отырып, мәслелердің ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын олардың жуықтай түскенін сезінеміз.
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Тапсырмалар:
Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.
Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.
Өз, Біз сөздерін тәуелдеңіз, жіктеңіз.
Болашақ, мақсат, ұрпақ, жауапкершілік, маңызды сөздерімен сөйлем құрастырыңыз.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы» бойынша өз ойыңызды жазып әңгімелеңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 17, 19, 22, 23, 26]
«Кәсіби бәсекелестік» тақырыбына әңгіме.
«Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы» тақырыбына реферат.
«Қазақстан-2030» презентация жасау.
14-тақырып Аралық тест. Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері. Жастар – Қазақстанның болашағы. Етістіктердің жіктелуі.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Етістіктердің жіктелуін мысалдар арқылы түсіндіру.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
