- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Қоғамдағы отбасының қызметі
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.) бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын белгісі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары) қайта жаңғыруда.
Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Отбасынан жақсы, дұрыс тәрбие алған бала қоғамға да өз үлесін тигізеді. Сол себепті де қоғамдағы отбасының қызметіне аса назар аударған жөн.
Тапсырмалар:
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
Туыстық атауларды жаттап алыңыздар.
Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
Өз отбасыңыздың қоғамдағы қызметі туралы шағын шығарма жазыңыздар.
Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Осы берілген сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдаулар жасаңыздар.
ОТБАСЫ
Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем-зейнеткер. Әкем қырық жеті жаста, ол ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді. Шешемнің жасы қырық бесте, ол - жеке кәсіпкер. Ағам Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Қазір құрылыс фирмасында қызмет етеді. Оның жасы жиырма бесте. Қарындасым дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ал мен өзім Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жол-көлік факультетінде оқимын.
Біздің отбасымыз Қарағанды қаласының орталығында, төрт бөлмелі пәтерде тұрады. Туыстарымыздың бәрі осы қалада тұрады. Біз жиі қатынасып тұрамыз. Біз өте тату тұрамыз. Біздің отбасымыздың достары көп. Мерекелерде кездесіп тұрамыз.
Тапсырмалар:
Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз
Жаңа сөздерді бірнеше рет оқып, дұрыс айтуға жаттығыңыз.
Мәтінді аударыңыз.
Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: менің, әжем, дарынды, төрт.
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз: қ…рылыс, қаз…р, п…тер, …лме
Досыңыздан оның отбасы туралы сұраңыз.
Берілген мәтін бойынша өз отбасыңыз туралы әңгіме жазыңыз.
Екінші студентпен "Отбасы" тақырыбы бойынша сұрақ-жауап арқылы сауалнама құрастырыңыз.
Отбасы, туған-туыстар туралы мақал-мәтелдер жазып келіңіз.
Құю өндірісінің тарихы
Құю өндірісі адамзатқа ерте заманнан бepi белгілі. Металдар б.з.д. IV ғасырда Египетте, Азияда, Үнді елдерінде әр түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар мен құрал-саймандар жасау үшін қажет болды. Олар алдымен қоладан, кейінірек шойыннан жасала бастайды.
Қазақстан территориясын мекендеген халықтар құю кәсібін жақсы меңгерген. Мысалы, 12 ғасырда осы күнгі Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи сәулет ғимаратындағы «Тай қазанды» шебер Әбділ-Әзіз ибн Шарафуддин құйып жасаған.
Қазан ерекше өрнектермен безендірілген. Қазанның сыртқы беттерінде құю арқылы құранның аяттары жазылған. Қазанның салмағы 2 тонна, ернеуінің диаметрі 2,45 м, көлемі 60 шелек су сиятын етіп жасалған. Қазан құрамы асыл металдар бар күрделі қорытпадан тұрады.
1886 жылы қазіргі кезде аты әлемге әйгілі Мәскеу Кремліндегі салмағы 40 тоннаға жуық «Патша зеңбірегін» орыс өнертапқышы Андрей Чохов құйды.
1735 жылы әкелі-балалы Моториндер салмағы 205 тоннаға жуық «Патша қоңыpayын» құйды.
Орыс ғалымдары П.П. Аносов, Д.К. Черновтың, А.С. Савровтың, Н.Н. Рубцовтың терең еңбектері құю өндірісінің өзіндік ғылыми саласы болып қалыптасуына үлкен ықпал жасады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастырыңыз.
3. Мәтіндегі етістіктерді тауып болымсыз етістік жасаңыз.
4. Жалқы есімдерді атап шығыңыз.
5. Мәтіндегі сан есімдерді топқа бөліп, сөзбен жазыңыз.
-
Есептік сан есімдер
Реттік сан есімдер
6. Жағдаяттық тапсырма.
Шетелден келген досыңызға «Тай қазан» туралы әңгімелеп беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
3.Нұрпейісова С.К., Күлейменова Л.М. Техникалық мәтіндер жинағы (машина жасау факультетінің студенттеріне арналған көмекші құрал) Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 12, 16, 19, 20, 21 ]
«Қоғамдағы отбасының қызметі» тақырыбына әңгіме.
«Отбасы» тақырыбына сұқбат.
«Құю өндірісінің тарихы» әңгіме.
5-тақырып Қазақстанның білім беру жүйесі. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Құю өндірісінің мәні. Одағай. Еліктеу сөздер.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Одағай. Еліктеу сөздерді қайталау.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.
