- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Қазақстаның пайдалы қазбалары
Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен және адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.
Қазақстанның жер қойнауында єлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б қазба байлықтары мен түсті металдарынан күнделікті тұрмыста қолдануға түрлі тұрмыстық заттармен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.
Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста Ақтау мен Маңғыстауда мұнай, газ өндірсе, Шығыста Өскеменде фосфор, Орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді. Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалар екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі. "Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығарылады. Еліміз тәуелсіздік алғананнан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялалардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.
Тапсырмалар:
1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.
2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.
3. «Жер туралы», «Байлық туралы» мақал-мәтелдерді жазып, аударып, жаттап алыңыз.
4. Сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір сөздерін аударып, асты сызылған сөздерді септеңіз.
5. Пайдалы қазбалар, жер қойнауы, түсті металдар, әшекей бұйымдар. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.
Қазақ металлургия заводы
Қазақ металлургия заводы Қазақстандағы металлургия өнеркәсібінің тұңғышы. Самарқан поселкісінде (қазіргі Теміртау қаласы) салынған. Қазақ металлургия заводы қайыра өңдеу заводы болды. Басты шикізат ретінде болат сынықтары мен қалдықтар пайдаланылды. Шойын Орал заводтарынан, Қарағанды тас көмір бассейндерінен алынды. Орта Азия республикаларының, Орал мен Сібірдің кейбір аудандарының кәсіпорындарына арнап болат, прокаттың орташа және майда сорттарын, жұқа табақ және қаңылтыр шығарып тұрды.
Құрамында 35 тонналық үш пеші бар мартен цехы, 3 станды прокат цехы, механика, құю және ұста цехтары бар. 1944 жылғы 31 желтоқсанда тұңғыш болат алынды. Мартен пеші қайта құрылып, қорыту мөлшерін 60 тоннаға дейін ұлғайтылды. 90 тонналық төртінші мартен пеші іске қосылды. Мартен цехының өнімділігі барынша артырылып, жылына 41,6 мың тонна болат берді. 1946 жылы 26 мамырда тұңғыш прокат алынды.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді аударыңыз.
2. Мәтінді мына жоспар бойынша әңгімелеңіз.
1) Тұңғыш қазақ металлургия заводы.
2) Басты шикізатты өнеркәсіптерден алды.
3) Тұңғыш болат, прокат алынды.
3. Мәтін бойынша пікірлесіңіз.
4. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, мағынасына қарай анықтаңыз.
5. Мына сөйлемдерді аяқтап жазыңыз:
1) Қазақ металлургия заводы Қазақстандағы металлургия...
2) Қазақ металлургия заводы қайыра... .
3) Шойын Орал заводтарынан , Қарағанды.....
4) 1944 жылғы 31 желтоқсанда...
6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыз.
Басты шикізат, тұңғыш, мартен пеші, прокат, қаңылтыр.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
3.Нұрпейісова С.К., Күлейменова Л.М. Техникалық мәтіндер жинағы (машина жасау факультетінің студенттеріне арналған көмекші құрал) Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]
«Ұлттық байлық» тақырыбына шығарма жазу.
«Қазақстанның пайдалы қазбалары» тақырыбына реферат жасау.
3. «Қазақ металлургия заводы» тақырыбына баяндама жасау.
7-тақырып Аралық тест. Экономикалық тәуелсіздік.Металлургия.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. №325, №327 кабинеттерде тест тапсыру.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.
