- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Ұлттық теңгеміз туралы
Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.
Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.
Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.
Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдғы үлкен жетістік.
Тапсырмалар.
Мәтінді оқып аударыңыз.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Ұлттық теңге қай жылы қай айда дүниеге келді?
Теңгенің авторлары кімдер?
Теңге ненің белгісі?
Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.
Болат өндірудің мартен әдісі
Болат өндірудің мартен әдісі кеңінен таралған. Осы әдіспен ТМД елдерінде болаттың 80 пайызы өндіріледі. 1864 жылы француз инженерлері әкелі-балалы Пьер және Эмиль Мартендер өндірістің механикалық қалдықтары мен шойынды қосып балқытып болат алу жолын ұсынады. Солардың құрметіне «Болат өндірудің мартен әдісі», «Мартен процесі», «Мартен пеші», «Мартен болаты» деген атаулар бар.
Жалынды пештерде шойын мен болат сынықтарынан құйма болат өндіруді 1722 жылы Реомюр ұсынды.
Ресейде алғаш мартен пешін 1869-1870 жылдары Сормово зауытында әйгілі металлургтер Износков пен Кузнецовтар басшылық етуімен салынды. Тұңғыш салынған пештің сыйымдылығы 2,5 тонна болып, өндірістік пештердің сыйымдылығы 20 тоннадан аспайтын. Қазіргі кезде сыйымдылығы 900-950 тонна, жылына 1 млн. тоннаға жуық болат өндіретін мартен пештері бар.
1894 жылы орыс металлургтері ағайынды А.М. және Ю.М. Горяиновтар алғаш рет мартен технологиясына балқыған шойын қосып балқытып сапалы болат өндіруді жетілдіреді.
Бұл пештің шихта материалы ретінде шойын, болат сынықтары, темір рудасы, балқыған шойын пайдаланылады. Отын ретінде табиғи газ, мазут, кокс және домна газы қолданылады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді тыңдаңыз, оқыңыз, аударыңыз.
2. Мәтінге жоспар құрыңыз.
3. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына мәтіндегі тиісті сөзді жазыңыз.
1) Болат өндірудің ... әдісі кеңінен таралған, осы әдіспен ТМД елдерінде болаттың .... өндіріледі.
2) Жалынды пештерде ... мен ... сынықтарынан құйма болат өндіруді ... жылы Реомюр ұсынды.
3) Бұл пештің ... материалы ретінде шойын, болат сынықтары, темір рудасы, .... шойын пайдалынылады.
4. Мына сөздерге синоним жазыңыз.
Әдіс, құрметтеу, әйгілі, тұңғыш,, үлкен.
5. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- Болат өндірудің қандай әдісін білесің?
- Болат өндірудің кеңінен таралған Мартен әдісін білемін.
- Ресейде алғаш мартен пешін қай жылдары және кімдердің басшылығымен салынды?
- Әйгілі металлургтер Износков пен Кузнецовтардың басшылығымен 1869-1870 жылдары салынды.
- Тұңғыш салынған пештің сыйымдылығы қанша тонна?
- Тұңғыш салынған пештің сыйымдылығы 2,5 тонна.
- Қазіргі пештің сыйымдылықтары қанша?
- Қазіргі пештердің сыйымдылықтары 900-950 тонна.
- Мартен пештері жылына қанша тонна болат береді?
- Жылына 1млн. тоннаға жуық болат өндіреді.
6. Жұптастырыңыз және тексеріңіз.
мартен өндіру
француз салынған
болат инженерлері
жалынды табиғи газ
тұңғыш әдісі
отын пештерде
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
3.Нұрпейісова С.К., Күлейменова Л.М. Техникалық мәтіндер жинағы (машина жасау факультетінің студенттеріне арналған көмекші құрал) Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]
«Ақша қызметі» тақырыбына әңгіме жазу.
«Теңге – ұлттық валюта» реферат.
«Болат өндірудің мартен әдісі» сұқбат.
10-тақырып Қазақстанның географиялық орны. Қазақстан климаты. Жезқазған. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.
