- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
Бақылау түрі |
Тапсырманың мақсаты және мазмұны |
Ұсынылатын әдебиет |
Орындалу ұзақтылығы |
Бақылау түрі |
Тапсыру мерзімі |
І семестр |
|||||
Жазба жұмысы |
Фонетика, Лексика |
[ 1], [ 2 ], [ 3 ] |
1-6 апта |
Аралық |
7 апта |
Аралық тест |
Морфология |
[ 1], [ 2 ], [ 3 ] |
7-13 апта |
Аралық |
14 апта |
Емтихан |
Пән материалының меңгерілу деңгейін тексеру |
Негізгі және қосымша әдебиеттің жалпы тізімі |
4 біріккен сағаттар |
Қорытын-ды |
Сессия кезеңін- Де |
ІІ семестр |
|||||
Аралық тест |
Синтаксис |
[ 1], [ 2 ], [ 3 ] |
1-6 апта |
Аралық |
7 апта |
Аралық тест |
Синтаксис |
[ 1], [ 6 ], [ 7] |
8-13 апта |
Аралық |
14 апта |
Емтихан |
Пән материалының меңгерілу деңгейін тексеру |
Негізгі және қо сымша әдебиет тің жалпы тізімі |
4 біріккен сағаттар |
Қорытын-ды |
Сессия кезеңінде |
4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
І семестр
1-тақырып Мемлекеттік тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң. Тіл – қатынас құралы. Сөз құрамы және қосымша. Синоним. Антоним. Омоним.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Сөз құрамы және қосымша туралы айтып өту.
2. Мемлекеттік тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң. Тіл – қатынас құралы. (осы тақырыптарды толықтыру, еске түсіру, студенттерге сұрақтар қою).
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ
Тіл дегеніміз - адамды адаммен, халықты халықпен жақындастыратын ерекше құрал. Сол себепті біздер достықтың құралы және еліміздегі бірліктің негізі ретінде тілді ерекше құрметтеуіміз керек. Ана тілінде әркімнің білім алуына жағдай жасау, олардың ұлттық мәдениетін дамыту - маңызды мемлекеттік стратегия.
Қазақ халқының ана тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі- бай тіл. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуде. Олар қазақ тілін арнайы курстарда, мектептер мен университеттерде оқиды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халыққа Жолдауында былай деп атап өтті: "… біздер қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеміз, көп ұлтты және көп мәдениетті келісімін бірегей ұлттың алға дамуын қамтамасыз етеміз."
Мемлекеттік тіл - Қазақстанның болашағы.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
2.Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар: ана тілі, мемлекеттік мәртебе, басқа халықтар, жағдай жасау, достықтың құралы, мәдениетті дамыту.
3.Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар: құрметтеуіміз, жолдауында, дәстүрін, жақындастыратын, ғасырлық, мәдениетін, достықтың, еліміздегі, халықты.
4.Мәтіннен ілгерінді, кейінді ықпалға мысалдар келтіріңіз.
5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.
6.Мына етістіктерден келер шақ формасын жасаңыздар. Үлгі: жазу-жазады-жазар-жазбақ. жақындастыру, құрметтеу, алу, үйрену, оқу, өту, дамыту, сақтау, алға даму.
7.Берілген сөз тіркестерін септеңіздер: ұлттық мәдениет, ғасырлық дәстүр, қазақ тілі, ерекше құрал.
8. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыздар.
9. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып, аударыңыздар.
Ана тілінде ... білім алуына жағдай жасау, олардың мәдениетін дамыту- ... мемлекеттік стратегия. Қазақ тіл- ... тіл. Бұның ... негізі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы ... жазылған. Қазақ .. ана тілі - қазақ тілі.
10. Мәтіннен есімдіктерді тауып, аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз.
11. Мына нақыл сөздерді оқып, аударыңыздар:
Түрлі-түрлі байлықтар бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы- бәрінен де сенімді байлық.(Ғ.Мұстафин).
Сөзді бағалар, сөзге тоқтар, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі. (Ілияс Омаров).
