- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Машина жасау институты
Машина жасау факультеті 1959 жылы ұйымдыстырылды. Факультеттің алғашқы деканы т.ғ.қ. доцент А.Я. Горчаков болды. 1995 жылдан 2001 жылға дейін факультет деканы т. ғ.қ., доцент И.П. Манжурин, ал 2001-2008 жылдар аралығында т.ғ.қ., доцент Д.З. Мұхамедияров болды. Бүгінгі күнде бұл қызметті т.ғ.д., профессор О.А. Шарая атқарады..
Факультеттің кафедраларымен бірге машина жасау зауыттарында фирмалары ашылған.
ЭЕМ компьютерлік сыныптары, жан-жақты жабдықталған зертханалары жұмыс істейді.
Осы факультетте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің студенттік өмірін бастаған.
Машина жасау факультетінің құрамына төмендегі кафедралар кіреді:
Машина жасау технологиясы – 1963 жылы ұйымдастырылған. Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Г.С. Жетесова.
Металлургия, материалтану және нанотехнология – 1954 жылы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.қ , доцент В. Ю. Куликов.
Дәнекерлеу және құю өндірісі – 1953 жылы құрылған. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі т.ғ.қ., доцент И.А. Бартенев.
Барлық факультет студенттеріне арналған дене шынықтыру және спорт-академиялық сабақтарды, спорттық және сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін университетте спорттық кешен бар,оның құрамында үш ойын залы, степ-аэробика залы, ЛФК арнаулы медициналық топтарына арналған зал, күрес, ауыр атлетика, кіші теннис залы, шахмат, ашық ауада мини-футбол ойнауға арналған жазық алаңдары, үлкен тенниске арналған корты бар. Біздің факультеттің студенттері спорттың барлық түрлеріне қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Машина жасау факультеті 2010 жылдың қыркүйек айында машина жасау институтына ауыстырылды. Институт директоры т.ғ.к, PhD, профессор О.А. Шарая. Біздің институт бас корпустың үшінші қабатында орналасқан.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 17, 19, 22, 23, 26]
«Біздің университет» тақырыбына буклет.
«Сағынов – академик, ғалым» слайд жасау.
«Біздің институт» тақырыбына әңгіме.
13-тақырып Кәсіби бәсекелестік. Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы. Қазақстан-2030. Етіс категориясы.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Етістерді қайталау.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
Кәсіби бәсекелестік
ХХІ ғасырда тәуелсіз Қазақстанның болашағы білім мен ғылымда. Елбасы өзінің Жолдауында білім беру мәселесіне айрықша мән берген. Мемлекетіміздің инновациялық стратегиясын жүзеге асыруды – болашақтың бағдарламасы деп атаған. Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мақсатты міндеттері бұл әлемдік сапа стандарттарына сай бәсекеге қабілетті білімді қамтамасыз ету талаптары болып табылады.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында да, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда. Жоғары білімді дамытудың негізгі мақсаты мамандар даярлау сапасын арттыру, инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.
Ұлы Абайдың адамның үш қасиеті “нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек” деген пайымы осы замандағы басымдықтарды – ғылым және білімді /ақыл-парасаттылық аспект/, инновациялық жүйені /қызметтік аспект/, ұлттың рухани әлеуеті мен мәдениетін /құндылықты аспект/ дамытудың қажетті шарттары болып табылады.
Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – бұл әрбір қазақстандықтың, барша қоғамның және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі. Әрқайсымыз да бәсекелестікті үйренуіміз және бәсеке жағдайында жеңімпаз бола білуіміз керек.
Бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды
Тапсырмалар:
1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
2. Мына сөз тіркестерін есте сақтаңыз: халықаралық бәсекеге, ұлттық бәсекелестік, еліміз егемендік алып, нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек
3. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.
4. Осы тақырыпта сұхбаттасыңыз.
5. Ұлы Абайдың «Адамның үш қасиеті» туралы сөздерін әңгімелеп беріңіз.
6. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз: қоғамдық мәртебе, тұлғаны қалыптастыру, жан-
жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап ету.
7. Сіз кәсіби бәсекелестікке дайынсыз ба? Өз пікіріңізді айтыңыз.
8. Төмендегі етістіктерден бұйрық рай жасап, жіктеңіз: үйрену, білу, анықтау, талап ету, мүмкіндік беру.
9. Сөз тіркестерін бұйрық райға айналдырып, сөйлемдер құраңыз: қазақша үйрену, жақсы оқу, білім алу, өмірді сақтау.
10. Білім, еңбек, оқу туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
