- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Қазақстанның географиялық орны
Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.
Қазақстан Евразия материгінің ортасында орналасқан.
Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі.
Жерінің көлемі 2724,9 мың шаршы км. Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау түбегі орналасқан. Қазақстанның оңтүстік –шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.
Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Сарыарқада Қарқаралы, Ұлытау тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетпақдалаға ұласады.Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу деп аталады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
3. Мәтін бойынша сөздік жасаңыз.
4. Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз: тау массиві, үлкен аймақ, Сарыарқа даласы,әдемі табиғат, ұлан-байтақ дала, биік тау
Қазақстан климаты
Қазақстан климаты шұғыл континентті құрғақ келеді, сондықтан өзен торы, әсіресе орталық бөлігінде аз.
Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл бүкіл жыл бойына мол су деңгейлерін сақтайды. Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі – деңгейлерінің маусымдық және жылдық ауытқу мөлшерінің өте жоғары болуы. Шағын көлдер қуан жылдары түгелдей тартылып, құрғап қалады. Басты көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті. Орта ендіктерде орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары таралған. Қиыр солтүстігінде орманды – дала зонасы қалыптасқан; бұл оңтүстікке қарай далаға, шөлейтке және шөлге ауысады. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде биік таулы аймақтар алып жатыр. Бұл өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты конденсаторы болып есептелінеді. Қазақстан жер аумағының 3,3-інде орман. Ормандарда негізінен жапырақты және қылқан жапырақты ағаш алқабы бсым өседі.
Тапсырмалар.
Мәтінді оқып аударыңыз.
Мәтін бойынша 20 сөздік құрастырыңыз.
Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.
ЖЕЗҚАЗҒАН
Жезқазған аймағы 312,4 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ірі аймақтық орталықтарының бірі мыс өндірудің әлемдегі ең қуатты орны Жезқазған қаласы болып есептеледі.
Оның қалыптасуы ұлы қазақ кен зерттеушісі және ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты.
1995 жылға дейін «Жезқазғантүстімет» комбинаты жұмыс істеп келді. Кейін бұл комбинат «Қазақмыс» корпорациясы болып құрылды. Бұл корпарация қаланың дамуына көп күш жұмсады.
Қазірде тек Жезқазған аймағы корпорация кәсіпорындарының өздері ғана жылына 240 мың тонна катод мысын береді. 100 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдерін шығарды. Экономикаға инвестициялар тарту деңгейі де өсіп келеді. Қаржы-қаражат негізінен металлургиялық және байыту өндірісін қайта дамытуға, мыс кеніштері мен шахталарын салуға және сондай-ақ қалалар мен кенттердің әлеуметтік салаларын дамытуға жұмсалады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді бөлімге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
2. Сұхбатты оқыңыз, өзара жалғастырып сөйлесіңіздер.
- Мыс өндіруден әлемдегі ең қуатты қай қала?
- Жезқазған қаласы мыс өндірудің ең ірі орталығы.
- Оның қалыптасуы кімнің есімімен тығыз байланысты?
- Жезқазған қаласының қалыптасуы ұлы ғалым Қ.И. Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты.
- -------------------------------------------------------------------------------------------------
-
-------------------------------------------------------------------------------------------------
4. Кластерді толтырыңыз.
5. Синтаксистік талдау жасаңыз.
Ірі аймақтық орталықтарының бірі мыс өндірудің әлемдегі ең қуатты орны Жезқазған қаласы болып есептеледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
3. Жүкебаева Т.Ж., Атамбаев Ж.Н., Сүйесінова Г.И. Металлография. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]
«Қазақстанның географиялық орны» тақырыбына буклет жасау.
«Қазақстан климаты» тақырыбына слайд жасау.
3. «Жезқазған» тақырыбына слайд, реферат жазу.
.
11-тақырып Қазақстан экологиясы. Қазақстанның табиғатын қорғау. Металлургия астанасы - Теміртау. Салалас құрмалас сөйлем. Талғаулықты салалас сөйлем. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Салалас құрмалас сөйлем. Талғаулықты салалас сөйлем. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.
