Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП новый- 050712.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Менеджер және ұйым

Ұйымның сипаттамасы. Менеджментті оқып білу үшін ұйымның не екенін, неге басқару керек екенін білу қажет. Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.

Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек.

  1. Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;

  2. Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

  3. Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.

Осы сипаттарды арқылы анықтама аламыз:

Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.

Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді. Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады.

Бейресми ұйымдар – бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.

Күрделі ұйымдар – бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.

Ұйымдар формасы, мақсаттары, ұйымдық құрылымы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар ортақ сипаттары бөлініп шығады. Ұйымның бес ортақ қасиеттері табысқа, жетістікке жету үшін ұйымды не үшін басқару керек екенін түсінуге көмектеседі.

Олар:

  1. Ұйымның ресурстары.

  2. Сыртқы ортаға тәуелділігі.

  3. Көлденең еңбек бөлінісі.

  4. Бөлімдер.

  5. Тік еңбек бөлінісі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ұйымның сипаттамасы қандай?

Ұйым дегеніміз не?

Ұйымдар қалай бөлінеді?

Ұйымның бес ортақ қасиеттерін атаңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

  1. Сөз тіркесін жасаңыз.

Ұйыммен ... , ортақ мақсатқа ... , өзара ... .

5. Мәтін бойынша сұхбаттасыңыз.

Металлургия мамандығы

Әр түрлі мамандық бар. Мамандықтың барлығы керек. Әр мамандықтың өз ерекшеліктері болады. Адам жас кезінде өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды.

Металлургия мамандығын бала кезімнен таңдадым. Әкем металлург, менің де әке жолын қуып металлург болғым келеді. Мен мектепте 6-ыншы сыныпта оқып жүргенде, әкеммен бірге заводқа бардым. Әкем маған заводты аралатты. Металдың қалай жасалатыны туралы айтты. Әкемнің металлург жолдастарымен таныстым. Ол кісілер металлург мамандығы туралы көптеген мағлұматтар берді.

Бұл мамандықты бітірушілер қара және түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдарды, құймаларды өңдеу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруға болатынын түсіндірді.

Сонымен қатар бұл мамандық иелері қара және түсті металлургия заводтарында, кен байыту фабрикаларында, машина жасау заводтарының металл құю цехтарында жұмыс істеуге болатынын білдім.

Жақсы маман болу үшін көп еңбек ету керек екенін білемін.

Мен мектеп бітірген соң ҚарМТУ-дың машина жасау факультетінің металлургия мамандығына құжатымды тапсырамын.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, сөздіксіз аударыңыз.

2. Кесте бойынша әңгіме құрастырыңыз.

Сіздің маман-дығыңыз

Мамандығыңыз туралы не айтасыз?

Мамандығыңызбен мақтанасыз ба?

3. Сұхбатты толықтырыңыз, сөйлесіңіздер.

- Таныс болайық, менің атым Серік. Сіздің атыңыз кім?

- --------------------------------------------------------------------

- Сіздің мамандығыңыз қандай?

- --------------------------------------------------------------------

- Өзіңізге ұнай ма?

- ------------------------------------ . Ал сіздің ше?

- ----------------------------------

- Қоғамның дамуына қандай үлес қосасыз?

- --------------------------------------------------------------------

4. Сөз құрамына талдаңыз.

Мамандықтың, ерекшіліктері, жолдастарымен, заводтарында.

5. Өз мамандығыңыз туралы басқаларды қызықтыратындай етіп әңгіме жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.

2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

3. Жүкебаева Т.Ж., Атамбаев Ж.Н., Сүйесінова Г.И. Металлография. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]

  1. «Жеке адам, топ және ұжым» тақырыбына әңгіме.

  2. «Менеджер және ұжым» тақырыбына әңгіме.

3 «Металлургия мамандығы» тақырыбына реферат.

4-тақырып Қоғамдағы отбасының қызметі. Отбасы. Құю өндірісінің тарихы. Шылаулар. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Шылаулар. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылауларды қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.