Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

15 Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастарын айқындап, сипттама беру.

Кез келген өсімдік қалыпты өсіп даму үшін минимальды болса да кеңістікті қажет етеді, яғни мекен тұрақтылығы болады. Бірлі-жарым ғана өсімдіктің түрлері (балдырлардың кейбір түрлері – жасыл эвглена, улотрикс, жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден ряска, сальвиния, су сүмбілі т.б.) болмаса, өсімдік түрлерінің басым көпшілігі әрқилы субстратта бекініп өседі. Кейде бір жерде бірнеше түрлі өсімдіктер кездеседі, мұндай жағдайда тіршілік үшін күрес жүреді, кейбіреулері табиғи сұрыпталып, ал кейбір бейімделушілікке көшеді. Олардың әрқайсысы өзінің тіршілігін сақтап қалу үшін көп тұқым беруге тырысады. Мысалы, бір темекі 360 000 тұқым берсе, меңдуана 10 000 тұқым береді, ал трутовик саңырақұлағы 11 млрд. спора түзеді.

Өсімдіктер бір-біріне тура да, жанама да әсер етеді. Өсімдіктердің бір-біріне тура әсеріне паразитизм және симбиоз жатады.

Паразитизм – бір өсімдік түрінің екінші түрді қорек және мекен ортасы ретінде пайдалануы. Паразиттік өсімдіктер басқа өсімдік денесінде болатын дайын органикалық заттармен ғана қоректенеді. Паразиттердің әрқайсысы өз өмірінде йесін әлденеше рет қорегіне пайдаланады. Паразитизм – тек қорекпен ғана байланысты емес, ол анағұрлым күрделі үрдіс. Оның күрделілігі мынада – йесі паразитке жем болуымен қатар, оның даму циклінің бірқалыпты өтуіне қажетті басқа да көптеген қолайлы жағдайлар туғызады. Паразиттік жолмен қоректенетін өсімдіктер хлорофиллсіз өсімдіктердің арасында көбірек кездеседі (бактериялар, саңырауқұлақтар). Паразиттер факультативті және облигатты болып бөлінеді. Факультативті түрлері йесінсіз де өмір сүре алады. Облигатты, яғни нағыз паразиттер өз кезегінде сыртқы, яғни, эктопаразит (тат саңырауқұлағы, ақұнтақ сағырауқұлағы) және ішкі – эндопаразит (капуста қара сирағы, қастауыш, қаракүйе саңырауқұлағы) болып екіге бөлінеді. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ішінде паразиттер аз кездеседі (сұңғыла, арам сояу т.б.)

Симбиоз – екі түрге жататын өсімдіктердің бір біріне пайда келтіріп бірлесіп өмір сүруі. Мысалы: қынаны алуға болады. Қына – саңырауқұлақтардың, жасыл немесе көк-жасыл балдырлардың және кейбір бактериялардың симбиозынан пайда болған ағза. Осы үш ағза өзара селбісіпөмір сүреді. Фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттармен саңырауқұлақ пен бактериялар қоректенетін болса, ал саңырауқұлақтар мен бактериялар балдырларды сумен және минералдық заттармен қамтамасыз етеді. Бактериялардың денесінен бөлініп шыққан қышқылдар тас құрамында болатын қатты минералды ерітіп, оны балдырларға береді. Балдырлар суды, оның ішіндегі минерал тұздарының ерітіндісін және СО синтездеп, органикалық заттар жасап шығарады.

Симбиоздық жолмен қоректенетін өсімдіктерге мысал ретінде бұршақ тұқымдас өсімдіктер (беде, жоңышқа т.б.) мен түйнек (азот жинағыш) бактериялары жас тамырдың сыртқы паренхимиялық жасушаларының араларына, немесе олардың ішіне еніп алып, бос жүрген азотты өзіне сіңіріп, оны азот тұзына айналдырады. Бұл тұз бұршақ тұқымдас өсімдіктерге тыңайтқыш ретінде жұмсалады да, ал бұршақ тұқымдас өсімдіктердің төменгі ағыс жолымен тамырға келген органикалық заттардың ерітіндісімен сол бактериялар қоректенеді. Бұршақ тұқымдас өсімдіксіз бактериялар, бактерияларсыз бұршақ тұқымсдас өсімдіктер өмір сүре алмайды.

Жоғары сатылы өсімдіктермен саңырауқұлақтардың араларында симбиоздық қарым-қатынастың көп тараған түрі – микориза. Микоризалар эндотрофты және экзотрофты болып бөлінеді.

Эндотрофты микоризаларда саңырауқұлақтың гифтері тамыр жасушыларының ішінде болады, олар жасыл өсімдіктің фотосинтез өнімдерімен қоректенеді, ал екіншісі симбионт саңырауқұлақтың бірсыпыра ақуыздарын қорытып сіңіреді. Мұндағы симбионттар бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірінсіз жеке тіршілік ете алмайды. Симбиоздың осы түрі орхидеяларда, верескілерде және бірсыпыра астық тұқымдарында кең орын алады. Бұлар эндотрофты микоризаның арқасында азот тұздары аз топырақтарда өсе алады.

Экзотрофты микрозаларда саңырауқұлақ гифтері тамырдың сыртында орналасады да, тамырдан бөлінген заттардан пайдаланады. Сонымен қатар саңырауқұлақ жоғарғы сатылы өсімдіктің тамыр түктерінің қызметін атқарады. Бұлардың тамыр түктері аз болады, не тіпті жойылып кетеді. Микоризаның осы түрі ағаш және бұта өсімдіктерінің көбінің тамырында болады, онда саңырауқұлақ болмаса, олардың тіршілік қабілеті күрт төмендеп кетеді.

Өсімдіктердің физиологиялық байланыссыз бір-біріне қатынасын байқауға болады. Мұнда әдетте бір өсімдікке екінші өсімдік жапсырылып, өрмелеп, шырмалып өседі. Мысалы, эпифиттер және лианалар.

Эпифиттер басқа бір өсімдіктің сабағына, ағаштардың діндеріне бекіп тіршілік ететін өсімдіктер, бұл өсімдіктер паразитке жатпайды, өйткені өз бетімен қоректенеді. Эпифиттер, әсіресе тропиктік ормандарда жақсы дамыған. Эпифиттерге орхидея, лала тұқымдастары өте бай, ағаш тектес өсімдіктерден фикус туысында жиі кездеседі. Жапырақ үстінде тіршілік ететін эпифиттерді эпифиллдер деп атайды.

Линалар – сабақтары әрі жіңішке, әрі жеңіл, әрі ұзын болып өрмелеп, шырмалып өсетін өсімдіктер. Бұлардың арасында сүректі өсімдіктер де (жүзім, ротанга пальмасы т.б.), шөптесін өсімдіктер де (құлмақ, шырмауықтар т.б.) бар. Лианалардың түрлері:

А) шырмалағыш линалар (кәдімгі шырмауық, у шырмауық, мың бас шырмауық, глициния, кейбір ұшқаттар т.б.);

ә) өрмелегіш линалар (жүзім, ротанга пальмасы, пүліш, қара бұрыш, Тынық мұхит аралдарында кездесетін өрмелегіш понданус т.б.) деп екіге бөледі.

Биотикалық факторлар ағзалардың өзара әсерлесуінен ғана тұрмайды. Олардың мекендеу ортасын трансформациялау арқылы жанама әсер етуі жиі кездеседі. Өзінің мекендеу ортасын айтарлықтай өзгертетін және осыдан барып бірлестіктің басқа да мүшелеріне әсер ететін ағзаларды эдификаторлар деп атайды. Табиғатта эдификаторлар жиынтық биомассасы және саны бойынша негізінен доминанттар болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]