Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

57. Австралия биогеографиялық облысқа сипаттама

Бұл облыс өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары бар ерекше материктер. Мысалы, Австралия территориясында өсетін өсімдіктің 12000 түрінің 9000 түрі, яғни 75%-ы эндемик, ал жануарлары негізінен қалталылардан тұрады. Австралияның негізгі эндемикалық өсімдіктеріне эвкалиптер, акациялар, казуариндер және т.б. өсімдіктер жатады. Эвкалиптің 342 түрі, акацияның 486 түрі кездеседі. Австралия акациясының ерекшелігі жапырағының алақыны сағақта болады да, эвкалиптің биіктігі 150 метрге, диаметрі 10 метрге жетеді. Жапырақтары күн сәулесіне қырынан орналасып, биік өсетін бұл ағаш көлеңкені өте аз түсіреді. Казуариндер сақиналы жасыл бұтақты жапырақсыз ағаштар.

Австралия биогеографиялық облысы 2 облыс тармағына бөлінген:

1) Нағыз Австралия (Жаңа Гвинеямен қоса);

2) Жаңа Зелландия.

Австралияның солтүстік –шығыс және шығыс бөлігінде орман басым, өсімдіктер құрамы Малайзия флорасы элементтеріне бай. Солтүстігіндегі ормандарда пальманың (ротаң, кентия) көптеген түрлері, фикустар, лавр және нәзік акациялар көптеп кездеседі. Шығысындағы ормандар эвкалиптен, ағаш тәрізді папортниктерден тұрады, мұнда пальманың түрлері кездеспейді. Лиандардан ломонос, жасмин көп тараған. Австралияның саванналы ормандарында эвкалиптер өседі. Бұл облыстың орталық және батыс бөлімдері ну тікенді бұталардан (акация) және аласа ағаштардан (эвкалиптер) тұрады да оларды скраб деп атайды.

Австралия оңтүстік-батысының басым көпшілігін мәнгі жасыл, қатты жапырақты ормандар алып жатыр, олар эвкалиптерден, ағаш тәрізді попорниктерден, акациядан, казуарин, протеиндерден тұрады. Саванналық бөлігінде ағаш тәрізді лалагүлділер (шөптесін ағаш немесе ағаш шөп) бөтелке ағашы, кенгуру шөбі кездеседі. Австралияның оңтүстігін изеннен, алаботадан және тікенді дақылдардан тұратын жартылай шөл алып жатыр, Австралияның шөлдерінде дақылдардың түрі көп кездеседі, оларды “спифинекс” деп атайды.

Австралия флорасының ерекшелігі, мұнда кең тараған өсімдіктер тұқымдастары кездеспейді. Табиғи флорасынан тағамдық дақылдар табылмағандықтан негізгі тұрғындары жер шаруашылығымен айналысуды білмеген. Сол сияқты Австралияда шырынды жемісті өсімдіктер кездеспейді. Бұл материктен дүние жүзінің басқа бөліктеріне эвкалиптер мен акация шығарылады.

Тасмания аралында Австралия мен Антарктида флоралары араласып кездеседі. Мұнда мәнгі жасыл эвкалиптер (патшалық, миндальді), оңтүстік шамшаттары, бүрлілер (подакарпус) және папоротниктер кеңінен таралған. Лиандар мен эпифиттер өте аз.

Жаңа Гвинеяда тропик ормандар басым. Жаңа Зелландияның мәнгі қар және мұз басқан тауларының етегінде субтропиктік орман өседі. Мәнгі жасыл орманның негізгі өсімдіктері шөптесін попоротниктер және ағаш тәрізді попоротниктерден циатза, диксония биіктігі 12 м-ге жететін диксоналдан тұрады. Пальмалардан тек арека туысы ғана, лалагүлділерден кордилине ағашы кездеседі, бұлардан басқа магнолия, фуксия тұқымдастары көп. Тау беткейлерінде мәнгі жасыл шамшатты орманның белдеулері жоғарылаған сайын қылқан жапырақты тистан тұратын ормандармен алмасады.

Ормандарында эвкалиптердің кездеспеуі ботаниктер үшін шешілмеген жұмбақ. Тауларында қарағайдың қызыл, сары, ақ түрлері, оңтүстік шамшаттары, магнолиялықтар кездеседі. Ал далалы аймақтарында атақты Жаңа Зеландия зығыры өседі.

Жаңа Зеландия флорасында өсімдіктердің 1843-тей түрі кездеседі, соның 78-і эндемиктерден тұрады.

Жаңа Зеландия Австралиядан 1650 км жерде орналасқан, сондықтан Австралияда өсетін эвкалипт, казуарин, акация сияқты өсімдіктер мұнда кездеспейді. Бұл өсімдіктер үштік дәуірдің шөгінділерінде, қазбаларында ғана табылған.

Жаңа Зеландия Америка Субарктикасында мүктердің 46 түрі, қыналардың 30 түрі, кейбір фукция сияқты гүлді өсімдіктер, ағаш тәрізді бөдене шөп, оңтүстік шамшаты өседі. Австралия мен Африканың оңтүстік бөліктері, Австралия мен Жаңа Зеландия, біртұтас Антарктида континентін құрағанын дәлелдейді.

Жаңа Зеландияның табиғи флорасында адамдар тек кей бір өсімдіктерді пайдаланады, мысалы, каури ағашы сияқты өсімдіктен пайдалы бағалы смола алса, қыран от папоротнигінің жер асты өркенін тағам ретінде пайдаланады. Жаңа Зеландиядағы зығыр мықты техникалық талшық береді.

Австралияның эндемикалық жануарларынан: үйрек тұмсық, эхидна, проэхидна, кенгуру, орман кенгуруы, қалталы тиындар, қалталы көртышқан, қалталы қасқыр, қалталы аю; плаценттілер: жарқанаттар, жабайы ит динго; құстардан: көгершіндер, тотылар, жұмақ құстары, түйеқұстар (эму, казуарлар); бауырымен жорғалаушылардан: улы сұржылан, питондар, кесірткелер, крокадилдер кездеседі.

Жаңа Гвинеяның биоценоздары онша жақсы зерттелмеген, мұнда да эхидна және проэхидна, қалталылардан: орман кенгуруы, газельи кенгуруы, қалталы борсықтар кездеседі. Құстардан: жұмақ құстары, көгершіндер, ақ және қара кокаду, түйеқұстардан казуарлар тараған.

Жаңа Зеландияның фаунасы ерекше, нағыз оқшауланған ерекше аралық фауна. Бұл арада жергілікті сүтқоректілер болмағанымен, басқа материктерден ауысқан жарқанаттың екі түрі, егеуқұйрықтың бір түрі кездеседі. Сүтқоректілердің болмауына байланысты бұл аймақта ұшпайтын құстар көп тараған. Әсіресе сұлтан тауығы, жапалақ тоты, несқор тоты, көптеген шыбын қаққыштар, қара торғайлар кездеседі, ал бауырымен жорғалаушылардың жылан, тасбақа, крокадил сияқты өкілдері мүлде кездеспейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]