Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆
  1. Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру

Флораның басты географиялық элементтері

  • Арктикалық флора – Қиыр солтүстік флорасы, бұл флораның элементтері биік тауларда да кездеседі.

  • Штрихтелінгені – қазіргі кездегі таралуы, нүктелер – қазбалар.

  • Солтүстік немесе бореальді флора – негізінен қылқанды орман өсімдіктерінен тұрады (орман зонасының солтүстік бөлімі).

  • Орталық Европа флорасы – жылу сүйгіш, жалпақ жапырақты орманға тән өсімдіктер: емен, үйеңкі, шетен, граб, шамшат, шөптесін өсімдіктерден балшытыр, тайтұяқ т.б.

  • Атлантикалық флора – Батыс Европада және Ресейдің европалық бөлімінде кездесетін өсімдіктер.

  • Понтика флорасы – оңтүстік орыс, венгер, румын далаларында кездесетін өсімдіктер (жанаргүл, дала шиесі, күлгін түсті аюқұлақ, сары сканбиоза, ракитник).

  • Жерорта теңіз флорасы – Жерорта теңізінің құрғақ субтропиктік облыстарының өсімдіктері: сүлдірген ағашы, самшит, сумах, жабайы жаскин, зәйтүн майшетен.

  • Орталық Азия флорасы – Орта Азияның ірі тау тізбектері: Тянь-Шань, Памир-алай, Тарбағатай, Алтай тауларының өсімдіктері.

  • Тұран флорасы – Тұран ойпатында шөл флорасы (мысалы жусандар).

  • Манчжурия флорасы – Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігі мен Манчжурия өсімдіктері (мысалы, манчжурия жаңғағы, аралия, барқыт ағашы, темір ағаш, орман жаңғағы).

39. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Во­ронов, 1987) сұлбасын құрастыру.

1) Арктикалық аудан. Оның оңтүстік шекарасы солтүстік америка мен еуропа арасынан: ньюфауленд аралынан шпицберген архипелагына қарай бағытталған, ал азия және солт америка арасынан- беринг теңізінің солт бөлігі. Ауданда әрқашан судың температурасы төмен(0 градус С жуық), тұздылығы мұхиттың орташа тұздылығынан төмен. Қыс және жаз бойы бұл жер мұзды тас қабығымен жамылған. Өсімдіктері- балдырлар, жасыл балдырлар, қызыл балдырлар;жануарлары-планктон, молюска, белуха,шағала, теңіз қояны, хохлач, морж. Жыл бойы мұзды ақ аю аралайды. Сайка және навага балықтары кездеседі.

2,3) бореалды –тынық мұхиттық және бореалды –атлант ауданы. Бұл аудандар ұқсас болып келеді. Оларға температураның қатты мезгілдік ауытқуы тән – 3-тен 15 градус және жоғары. Бұл жерде тіршілік ететін организмдердің көпшілігі –эвритермдер. Мұхиттың бореалды ауданы арктикалық ауданнан жарықтық режимі бойынша ерекшелінеді. Аудандардың шекарасы тіршілік ететін организмдер үшін бірдей емес.

4,5) тропиктік –атлант және тропик-үнді- тынық мұхиттық аудандар. Бұл жерде бәрінен бұрын әрдайым шамалы жылдық ауытқылармен судың беткі қабатының температурасы жоғары (20 градустан жоғары) , сонымен қатар судың беткі қабаты мен төменгі гаризонтындағы температура қарама қарсы. Бұл ауданның солтүстік шекарасы судың 15 градус жылдық изотермасымен сәйкес келедң, ал оңүстігі (оңт жарты шарда) – 17 градус. Тек осы ғана аудандарда мангр және маржан рифі таралған. Балдырладан –саргас балдыры таралған . тропикалық аудандардағы суларда планктонды фораминифер, молюска, сифонофор, шылаушындар бар. Тропикалық ауданда-үлкен акула, ұшатын балық,желкенді балық,тұтасқанат(ірі жыртқыш теңіз балығы) , теңіз тасбақасы болады.

6) нотальды-антарктикалық аудан. Өмірдің болу шарттары бореалдымен ұқсас болып келеді. Бұл да температураның қатты мезгілдік ауытқуымен , биогенді заттармен сипатталады. Бұл жерде оңтүстңк мысық, оңтүстік кит, теңіз пілі, теңіз жыртқыш аңы, құстардан –альбатрос патшайымы кездеседі.

7) антарктикалық аудан. Арктикалық сияқты бұған да әрқашан судың төмен температурасы және мұздық жамылғы тән болып келеді. Бұл аудан тек айсбергтермен шектелген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]