- •Биогеография пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысына ассоциограмма құрастыру.
- •2. Биогеографияның терминдері мен негізгі ұғымдарын атап, мысал келтіру
- •3. Өсімдіктердің экологиялық топтарын талдау: гигрофит, гидрофит, мезофит, ксерофит
- •4 Әртүрлі климаттық жағдайларда таралған мезофиттердің топтарын атап көрсету.
- •5. Эдафикалық факторларға сипаттама.
- •6. Псаммофиттерге анықтама және мысал келтіру.
- •8. Биоценоздардың таралуында жер бедерінің маңызы.
- •9. Биотикалық факторлар және олардың биогеографиялық маңызы.
- •10 . Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерін талдау.
- •Каулифлория құбылысы, мысал келтір
- •Биогеографиялық жағдайлардағы Құмырсқалар мен ағаштар дың бірлігін айқындау
- •Комменцализмге анықтама және мысал келтір
- •14 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлерін талдап, мысал келтіру.
- •15 Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастарын айқындап, сипттама беру.
- •16. Паразитизм және симбиозға анықтама, мысал келтіру.
- •17.Эндотрофты және экзотрофты микоризаларға сипаттама
- •18. Эпифиттер мен лианаларға анықтама, мысал келтіру
- •19. Эндемик және олардың түрлері
- •20. Эдифткаторларға сипаттама беріп, талдау
- •21 Гомотиптік реакциялар ұғымын талдау
- •22 Бәсекелестіктің түрлерін талдау (интерференция, жанама бәселестік)
- •23 Симбиоз (селбесу) ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •24 Комменсализм, амменсализм ұғымдарына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •25 Жыртқыштық-ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •26.Паразитизм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •27.Мутуализм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •28.Зоохария ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру
- •29.Аллеопатия ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •30.В.Вольтер заңдарының тұжырымдамасын таңдау.
- •Антропогендің факторлар және олардың биогеографиялық маңызын талдау.
- •32. Организмдердің таралуына тарии жағдайлардың әсері
- •33. Тірі ағзалардың материктерде таралуының зоналылығы
- •34. Жер шарының табиғат зоналары.
- •36 Ареал конфигурациясы және құрылымын талдау
- •37 Ареал, ареал типтері. Ареалдардың қалыптасуы.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •39. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •40. Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •42. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •43 Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •46 Биоценоздардың құрылымын айқындау
- •47 Биосферадағы тірі ағзалардың планетарлық рөлі
- •48 Зат және энергия айналымының (геологиялық және биологиялық айналым) мазмұнын айқындау
- •Үлкен немесе гелогиялық айналым
- •Кіші немесе биологиялық айналым
- •49 Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі түрлерін сызба түрінде көрсетіп, соның бір түріне сипаттама.
- •Өсімдік→топырақ→өсімдік
- •50. Антропосфераға сипаттама.
- •51 Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама
- •52 Қазақстанның өсімдік ерекшелігіне сипаттама
- •53 Қазақстанның фауналық және зоогеографиялық аудандастырылуына сипаттама.
- •54. Голарктикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •55 Неотропикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •56 Палеотропикалық биогеорафиялық облысқа сипаттама.
- •57. Австралия биогеографиялық облысқа сипаттама
- •58. Полинезия биогеографиялық облысқа сипаттама.
- •59. Антарктида биогеографиялық облысқа сипаттама.
54. Голарктикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
Бұл облыс солтүстіктегі тундра және арктика шөлінен басталып, оңтүстіктегі құрғақ шөлдермен, субтропиктік ормандармен аяқталады да алуан түрлі экологиялық жағдайлармен сипатталады.
Аумағы жағынан голарктикалық биогеографиялық облыс биогеографиялық облыстардың ішіндегі ең ірісі, ол тропиктік ендіктен бастап бүкіл солтүстіктің құрлықтарын қамтиды. Солтүстік Америкадан басталып, Европа және Африка (Сахараның оңтүстік шекарасы), Арабия түбегі (оңтүстігінен басқа), Памир- Алтай, Үнді- Қытай таулары және Тынық мұхитқа дейін созылады.
Арктиканың суық шөлді зонасы континенттің ең суық зонасы негізінен Солтүстік мұзды мұхиттың аралдарын алып жатыр. Өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне өте бай. Өсімдіктер құрлықтың ойпаң, тек мұз баспаған шағын бос жерлерінде. Әсіресе, қыналар,гүлді өсімдіктерден- поляр қызғалдағы, сауыр шөптер, сарғалдақтар қияқтар мен дәнді өсімдіктердің кейбір түрлері кездеседі. Жануарлардан жартастардан мен тік құздарда колония құрып тіршілік ететін құстар көп.
Олар- шағалалар, гага. Лорик, тупиктер. Сүтқоректілерден өте аз мөлшерде болса да леммингті кездестіруге болады.
Тундра зонасы. Тундра солтүстік мұзды мұхиттың жағалауымен ұштасып жатқан материктің ұлан- байтақ жерін қамтиды. Климаты өте қатал, қысы ұзақ әрі (8 айға дейін), жауын- шашынның жылдық мөлшері Сібірде 200-2500 мм, ал европалық тундрада 400 мм болады. Жазы өте қысқа, салқын (2-3 ай ) ең жылы айының орташа температурасы +10 +12 С. Үсік жаз айларының барлығында да бола береді. Қар жамылғысы әр түрлі болады да, солтүстіктен соққан желдер (10-40 м сек) қарды ұшырып, топырақтың тоң қалаңдығы 150-200 см-ге дейін жетіп, көп жылдың мәңгі тоңға айналады. Тундрада күн батпайтын және түн болмайтын жазғы ұзақ күндер болады.
Тіршілік жағдайының осындай қатаңдығының нәтижесінде тундра биоценозының өзіндік ерекшеліктері қалыптасқан.
Тундра флорасы аса бай емес, 300-400 түрі ғана кездеседі.
Өсімдіктердің вегетациясы интенсивті және тез жүреді.
Өсімдіктердің жапырақ бүршіктері күзде қалыптасады да, көктемде 2-3 күннің ішінде жапырақ ашады. Вегетациялық дәрірі 2-2,5 айға созылады.
Бір жылдық өсімдіктер кездеспейді, барлығы дерлік көп жылдық өсімдіктер. Басым көпшілігі бұталар мен шөптесін өсімдіктер, ал ағаш тектес өсімдіктер мүлдем болмайды.
Өсімдіктердің бойлары аласа, жатаған болып өседі. Бұл судың аз булануына, әрі топырақта жылудың көбірек сақталуына әсер етеді.
Гүлдері насекомдар арқылы тез әрі дұрыс тозаңданатындай ірі және ашық түсті болып келеді.
Пиязшықты және түйнекті өсімдіктердің түрлері кездеспейді.
Тірі туатын (вивипария) формалары өте көп, яғни тұқым тыныштық дәуірін өтпей-ақ бірден аналық өсімдіктің өзінде өніп, негізгі вегетативтік органдар (тамыр, сабақ, жапырақ) пайда болып, одан кейін түсіп, өз бетінше тіршілік етуге көшеді.
Өсімдіктер бірлестігі аз ярусты болып келеді.
Солтүстіктен Оңтүстікке қарай алмасатын Европа мен Азияның аралығындағы тундра зонасы негізгі 4 зона тармағына бөлінеді.
Арктикалық немесе полигональды тундра. Бұл Солтүстік мұзды мұхит жағалауын, Вайгач аралынан бастап Чукотка түбегіне дейін қамтиды. Сыртқы құрылысына қарағанда шөлді жердегі тақырға ұқсайды. Бұталы өсімдіктер мүлдем болмайды. Өсімдіктер барлық жерде бірдей таралмаған, бір жері жалаңаш тақыр болса, екінші жерінде анда-санда өсімдіктер кездеседі. Қысы қатал, қары аз, сол себепті кей жерлерде жер жарылып кетеді де, (трещины) сол жарықтарда өсідіктер өседі. Өсімдіктерден бұлдырық оты, қияқтар, поляр қызғалдағы, ботакөз, бұталы, қыналар жиі кездеседі.
Теңбіл тундра. Қар суы мен жерлердегі топырақты шайып кетеді де жалаңаштанып, ондай жерлерге шөп шықпай теңбіл-теңбіл болып жатады. Негізгі өсімдіктері мүктер мен қыналар. Анда- санда қияқтар, бұлдырақ оты, арктикалық қоңырбас, өзен аңғарларында бұта, поляр қайыңдары кездеседі. Қияқ, мүк, қоға және қалтагүлдер өскен батпақты жерлері көп болады.
Бұталы тундра. Бұл зона тармағында жауын-шашын көбірек түсіп, қар жамылғысы жақсы сақталып, қыста соғатын суық желдер өсімдіктерге аса зиян келтіре қоймайды. Мұнда әсіресе, бұталар, тырбақ қайың, темірлі қайың (Енисейден шығысқа қарай), талдар (шөптесін, мұзды) жиірек кездеседі. Өзен аңғарларында бұталы қанды ағаш, Чукотка мен Анадырада биіктіктері 0,5-1 м, кейде 2-3 м-ге жететін самырсынды стланец (кедровый стланец) өседі. Су ағғарларында көкжелек, ит бүлдірген, су бүлдірген, мүк жидек, морошка сияқты бұталы жидектер, бұталы қазанақ (багульник) кездеседі. Құмдауыт жерлерінде қыналар өседі.
Орманды тундра зона тармағы (оңтүстік тундра). Өзен алқасында қисық қайыңдар (Қола түбегі), сібір шыршасы (Ақ теңіз), сібір және даур балқарағайы (Сібірде), Корея талы және қайың, аршалар және жидектерден көкжелек, ит бүлдірген, су бүлдірген, морошкалар бар. Тундра орманының өзіне тән ерекшелігі болады, өйткені қыста күрт қардан шығып тұрған бұтақтарының бәрі үсіп кетеді сөйтіп негізгі өскен өркені үсіп кеткен ағаштар жайылма бұтақты, аласа болып өседі.
Солтүстік Америка тундрасы тіршілік иелерінің кедейлігімен сипатталады. Өсімдіктер – қияқ, қына (кладония) және бұғы мүгі сияқты аласа өсімдіктер. Ылғалды жерлерінде қоға, ал қар көп жиналған жерлерінде желайдар, қоңыраубас, наурыз шешек, қызғалдақ өсімдіктер кездеседі.
55. Неотропикалық биогеографиялық облысты үш облыс тармағына бөледі:
Нағыз тропиктік Америка
Мексика
Чили-Патогония
Бұл Антил Тропиктік америка, багам аралдары, оңтүстік Флорида, Мексикадан оңтүстікке қарай Орталық Американы және андтан басқа 40°-қа дейінгі Оңтүстік Америка материгін алып жатыр. Бұл аймақты негізінен ылғалды тропиктік ормандар, саванналар, құрғақшылық аймақтарын сирек өсетін ормандар алып жатыр. Қазіргі тропиктік Американың Вест-Инд аралдарында тропиктік мәдени өсімдіктерден қант құрағы, ананастар, мақта, т.б. өсіріледі. Бұрын бұл аймақта қалың орман болған.
Дүние жүзіндегі үлкен ойпаттың бірі – Амазонка өзенінің бассейні алып жатқан Оңтүстік Америкадағы ойпат. Ауданы 5 млн км 2.Бұл жердегі жыл бойы жауатын жауын шашынның мөлшері 2600 мм, жер асты суы жоғары орналасады. Өзен тасығанда су 15 метрге дейін көтеріліп, бұл 3-4 айға созылады. Орташа температурасы 18° тан 26 °. Ең жоғарғы температура көлеңкеде 43° болады. Бұл ойпатты тропикалық орман алып жатыр. Мұнда пальманың 200 түрі кездеседі, соның 60 түрі эндемиктер. Амазонка бассейнінде атақты Виктория редия өседі, оны су жаңғағы деп те атайды. Жапырағының ұзындығы 2 метр, салмағы 5 кг болатын бұл өсімдік гүлдеген кезде судың температурасы ауаның температурасынан 11° жоғары болады. Жемісін тамаққа қолданады. Сол сияқты бұл жерде насекомдармен қоретенетін непентес туысына жататын өсімдіктер де өте көп кездеседі.
Бразилия тауларындағы ормандарда қылқан жапырақтылардан: саговниктер, араукарин, гнетумдар кездеседі. Бразилияда кактус тұқымдастарынан биіктігі 18-20 см-ге жететін әсем гүл. Ал опунуиялардың кейбір түрлерінің жемісін тамаққа пайдаланып, дәрі-дәрмек жасауға жұмсайды. Сферакактустардың пішіні шар тәрізді болады да, шамасы 2-3 см-ден 1-2 метрге дейін жететін, салмағы 0,5 тонна болатындары кездеседі.
Оңтүстік Американың саванналарында суды ұзақ уақыт сақтап тұра алатын, жер астындағы бөлімдері – тамыр жақсы жетілген, бойы аласа, шатыр тәрізді ағаштар өседі.
Венесуэла мен Гвианада саванналарды льяностар деп, ал Орталық Бразилияда пампастар деп атайды. Мұндай саванналардың жамылғылары негізінен биіктіктері 1 м-ге жететін астық тұқымдастардан – бородач, аристида тары сияқты өсімдіктерден тұрады. Бұршақ тұқымдастар, қалампыр тұқымдастар, күрделі гүлділер өте көп кездеседі [4, 11-13].
Оңтүстік Американың шөлдерінде құмдар мен сорлар өте көп. Олардағы өсімдік жамылғысы негізінен: кактустардан, сораң шөптерден, алабота, жусандардан тұрады.
