Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆
  1. Комменцализмге анықтама және мысал келтір

Өсімдіктер мен жануарлар өте күрделі, өзара тиімді қауым құрайды, оны комменсализм деп атайды. Мысалы, крабтар (таңқы шаян) бірсыпыра өсімдіктерді арқалап жүреді. Ондай өсімдіктер краб үшін қорғаныштық қызмет атқарса, краб өсімдіктердің минералдық заттар, жарық мол жерлерге жылжып жүруіне, жетуіне мүмкіндік туғызады. Тіпті кейбір өрмекші-краб сияқты ағзалар балдырдың немесе полиптің кесінділерін арқасына арқалап жүреді. Комменсализмнің барынша күрделі мысалына көптеген губкалардың, маржан полиптерінің, теңіздік жалпақ құрттардың ұлпаларында сақталатын сары немесе жасыл өсімдіктердің болу құбылысын жатқызуға болады. Жануарлар осы өсімдіктерде жүретін фотосинтез құбылысының өнімдерін, ал өсімдіктер жануарлардың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын өнімдерді (қалдықтарды) пайдаланады. Маржан полиптері мен полиптердің барлығы дерлік бір жасушалы жасыл балдырлармен селбесіп тіршілік етеді. Ондай балдырлар олардың ұлпаларында, әсіресе ауыз тесігінің айналасында және қармалағыштарында орналасады (сондықтан полип кейде жасыл түсті болып тұрады). Егер қорек жеткіліксіз болса, онда полиптер балдырлардың жасушаларын аузына түсіріп, сонымен қоректенеді.

14 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлерін талдап, мысал келтіру.

  • Жануарлар өсімдіктерді қорек етеді;

  • Жайылған кезде өсімдіктерді таптайды;

  • Көптеген өсімдіктерді жануарлар пайдаланбайды, бірақ ұзақ уақыт жайылу нәтижесінде шабындық шөптері арам шөптермен алмасады;

  • Жануарлар жиі жайылған жерлердің топырағы тапталып, ондай топырақтың физикалық қасиеті нашарлап, өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайлар жойылып, нашар өсетін болады.

Өсімдіктердің ішінде жануарлармен қоректенетін түрлері де болады. Олар жәндіктермен қоректенетін өсімдіктер. Солтүстік жарты шардың шымтезекті саздарында шағын шықшылдық деген өсімдік өседі. Оның биіктігі 10-15 см болады, дөңгелек немесе сүйірлеу жапырақтарының жиегінде көптеген түктері бар, әр түктің ұшы қызыл түсті және үстінде мөлдір тамшылар шығып тұрады. Ол ертеңгі шық сияқты мөлдірлеп тұрғасын бұл өсімдікті шықшылдық деп те атап кеткен. Жәндіктерге шақыртқы болатын (еліктіретін) – осы мөлдір тамшылар. Жәндік жапыраққа қонысымен, осы түктер иіліп, жәндікті жапырақ тақтасына қысып, жапырақ тақтасы жабылып қалады. Сөйтіп, жәндік көп түктермен қоршалады. Содан кейін бұл өсімдік құрамында адам мен жануарлардың қарын сөлінде болатын пепсин ферментіне ұқсас ферменті бар сөл бөліп шығара бастайды. Осы фермент жәндік денесінің қорытылуына себепші болады да, қорытылған органикалық затты жапырақ бойына сіңіреді, одан соң жапырақ тақтасы бұрынғы қалпына қайтадан келеді. Қорытылмай қалған хитинді қабық, қанат, аяқ сияқты қалдық заттарды жапырақ ашылғанда жел ұшырып алып кетеді. Шықшылдықтың бездері жануарлардың қармалағыштары тәрізді болады да, тітіркендіргіштерге әрқашан да жауап қайтарады. Сөлдің құрамында ферментпен қатар жәндіктің өлексесін шірітіп, бактериялардан сақтайтын қышқыл да болады.

Осындай жыртқыш өсімдіктердің қатарына тұщы суларда кездесетін етті шөптердің бір туысы дүңгіршекті жатқызуға болады. Оның суда өсуіне және жәндіктермен қоректенуіне байланысты құрылысында біраз ерекшеліктері бар. Тамырлары болмайды, жапырақтары тілімденіп кеткен және оның әрбір тілімдерінің ұшында көпіршіктеніп біткен дүңгіршектері болады. Дүңгіршектің ішкі керегесі өзінен шырыш бөлетін безді кірпікшеклерменастарланған. Жәндіктерге шақыртқы болатын – осы шырыш пен жылтырап тұратын дүңгіршек. Жәндіктің болар-болмас салмағы түссе болғаны, дүңгіршектің аузы ашылады да, жәндік ішіне қарай түсіп кетеді. Содан кейін дүңгіршектің ішкі қабырғасынан шығатын ферменттердің әсерінен жәндік қорытылады да өсімдікке сіңіп кетеді. Ал оның қорытылмаған қалдығы дүңгіршектің ішінде қалады.

Үшінші жыртқыш – Шолпан шыбын ұстағышы. Оның жапырағының жиегінде безді қылқаны болады да, жапырақтың өзі екі жартыдан тұрады. Олар өте сезімтал келеді де, жәндік қонған кезде осы қылқандарға тиіп кетсе болғаны, жапырақтың жиегі жиырылып келіп, қақпан сияқты тез жабылып қалады. Бұдан кейін жапырақтан шырыш бөлініп, ол жәндікті қоршап алып, қорыта бастайды. Жапырақтың жабылуын механикалық тітіркендіргіш арқылы да туғызуға болады. Бірақ, бұл жағдайда жапырақтың ішінде жәндік болмағандықтан, оның ас қорыту безі сөл бөліп шығармайды.

Тропиктік аймақтардағы (Оңтүстік Америка, Мадагаскар, Оңтүстік Шығыс Азия, Аустралия) жәндіктермен қоректенетін өсімдіктедің бейімделушілігі күшті жетілген. Олардың жапырағының түрі мүлдем өзгерген: Жапырақ сағағының төменгі, сабаққа жалғасар жері – жалпақ, ортаңғы шеңі – жұмыр және жіңішке, ал сол жапырақтың ұшы – құмыра тәрізденіп кеткен де, жапырақ тақтасы құмыраның аузын жабатын қақпақ тәрізденіп тұрады. Қақпағы өткінші жауын кезінде құйылатын судан қорғайды. Мұндай құрылысты жапырағы бар өсімдіктерді непентес тұқымдасына жататын, непентес туысынан көруге болады. Непентес өрмелегіш өсімдік, оның құмырасының айнала жиегінде қантты сұйық зат – шірнесі болады да, құмыраның түбінде ас қорыту бездері (1 cv-де 3000 данадай) орналасқан. Оның ішкі беті тегіс болғандықтан, шетіне қонған жәндіктер тайғанап, непентестің құмырасының түбіне құлап түсіп, қорытылып кетеді.

Жәндіктермен қоректенетін кейбір тропиктік өсімдіктердің «қақпаны» мүйіз, немесе жыланның басы тәрізденіп келеді. Бір жапырақтың екі-үш жәндік қорытуға шамасы келеді, егер түскен жәндіктер ірі болса, әбден қорытылғанша жапырақ жабулы күйінде апта бойы тұрады.

Португалияда кездесетін дрозофиллум өсімдігі шыбынды тез ұстайтындықтан, шыбын ұстау үшін жергілікті халық бұл өсімдікті тіпті үйлерінде өсіреді.

Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктер жәндіксіз де өсе алады, бірақ жәндіктермен қосымша қоректенетін болса, одан да жақсы өседі. Әдетте жәндіктермен қоректенетін өсімдіктер сулы орта мен батпақты жерлерде кездеседі. Әдетте ондай жерлерде азотты қосылыстар аз болады да сондықтан ондай өсімдіктер азот қосылыстарын жәндіктермен қоректену арқылы алады. Бұл құбылыс өсімдіктер мен жануарлар арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі екенін аңғартатын болады (4-8).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]