Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

51 Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама

Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда бомыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.

Бұлар бір-бірімен сыртқы түрі, пішіні және т.б. ерекшеліктеріне қарай түрге, туысқа топтасып, үлкен бір бірлестікті құрайды. Қазақстанда сұр жыланның - 2, тырнаның - 3, Аққудың - 3, бүркіттің - 5, қаздың - 7, ал үйректің тіпті 26 түрі бар. Омыртқасыз жануарлардың әртүрлері өте көп, оларға - жәндіктер, өрмекшілер, кенелер, балқылдақденелілер, құрттар және басқа қарапайымдылар жатады.

Бұлардың көбі әлі зерттелмеген, сондықтан зоологтар жыл сайын олардың жаңа түрлерін зерттеп, сипаттап жазуда. Қазақстан ғалымдарының зерттеулері бойынша, біздің республикамыздың жерінде омыртқасыз жануарлардың 50 мыңға жуық түрі тіршілік етеді, бұлардың ішінде дене мөлшерінің кішілігіне қарамай, адам өмірі үшін маңызы зор түрлері де бар. Біреулері адамға тамақ ретінде (шаянтәрізділер, былқылдақденелілер); екіншілері - кәсіптік маңызы бар аңдарға жем ретінде (құстар мен балықтар); үшіншілері - адамдар мен жануарлар ауруын тасушылар (қарапайымдылар, биттер, бүргелер, масалар, кенелер, құрттар) болып табылады. Көптеген омыртқасыздар ауылшаруашылығының зиянкестері, кейбіреулері - (қарақұрт, сарышаян, бүйі) улы, тағы басқа түрлері адам үшін өнімдерімен пайдалы: бал аралары - бал, балауыз, прополис; жібек құрты - жібек; кейбір балқылдақденелілер - маржан және т.б. береді.

Қазақстан аумағының көп жерін жазық жерлер алып жатқандықтан, оның жануарлар дүниесінің сипаттамасын далалы аймақтан бастаймыз. Жазық жерлер ел аумағының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қазақ мәдениетінің бесігі, дала табиғаты қазақ өмірінің әдет-ғұрпын тудырған, ол халық әндерінде, аңыз, ертегілерінде айтылған.

Қазақстанның солтүстік бөлігін негізінен далалы аймақ құрайды. Ол Батыста Еділ-Жайық өзендері аралығынан Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Далалық аймақ 7 облас жерін алып жатыр, яғни Қазақстан жерінің 26%-ын (648 мың шаршы шақырым) құрайды.

Құрлық ішіндегі 48° пен 50° Солтүстік белдеу аралығында орналасуына байланысты далалық аймақ үшін ауа райы қатаң, континенталды қысы суық, ұзақ, аяз -30°С және одан жоғары (ауаның қаңтардағы орташа температурасы -18°С), қардың қалындығы 20 см. болып, ол 140-160 күн бойы жатады. Жазы керісінше, ыстық, құрғақ, ауаның температурасы +35°С-ға дейін көтеріледі (шілденің орташа температурасы 18-23°С), ал жылдық ылғалдылық 230-310 мм., яғни топырақ бетінің жылдық булануынан аз.

Кең байтақ жеріміздің жазықтығындағы дала өсімдіктерінің түрлері ерекшелігіне байланысты 4 аймақ тармағына топталған: кәдімгі қаратопырақты жерлерде бірыңғай қуаң ақ селеу және алуан түрлі шөпке бай далалар (Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы); оңтүстік қаратопырақты жерлерде ақ селу және әртүрлі шөпті қуаң далалар (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстары және Солтүстік Қазақстан облысының бір бөлігі); қоңыр-сарғылт топырақта бірыңғай құрғақ бетегелі, ақ селеулі далалар, әдетте қоңыр топырақта құрғақ жусанды-бетегелі, ақ селеулі далалар орналасқан. Соңғы екі аймақ тармағы оның оңтүстік бөлігінің 70% алып жатыр, бұларды кейде жеке құрғақ далалық аймаққа біріктірді.

Далалық аймақта ағаштар тек өзен алқаптары мен көл шұңқырларында және тау шоқыларында өссе, бұталар даланың ойпаңдау жерлерінде өседі. Тіпті ландшафттың қараған мен тобылғының ну болып өскен жерлері - "бұталы дала" - деген түрі бар, ол оңтүстік-шығыс аймақта кездеседі

Орманды дала ландашафтысын көптеген географ мамандар жеке зона деп есептемей оны тек жалпақ жапырақты ормандардың бір тармағы ретінде қарастырады. Ол Қазақстан жерінен жіңішке жолақ болып, республиканың солтүстік шекарасында шеткері созылып жатыр. Орманды дала аумақтың бар болғаны 6%-н ғана алып жатса да, дала зонасында кездеспейтін жануарлар мен орманда тіршілік етушілерге пана болып отыр. Бұл зонада орманды шағын аралдар түрінде көрінеді, олар "шоқ орманды дала" деп аталады. Осы шоқормандарда аққайың, көк теректер басқа да ағаштар және бұталар араласып өседі, "қайыңды орманды" деген сөз осыдан шыққан. Осындай қайыңды - теркті, шоқ ормандар онша сулы емес ойпаттарда өседі. Олардың арасынан шөптесін өсімдіктер жалбыз, қымыздық және т.б. кездестіруге болады. Қарағайлы орманның кейпі тіпті басқша. Мұндай дала ормандары Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жиі кездеседі. Олардың ең оңтүстігі Қазақстандағы, ескі қорықтардың бірі аталған, Наурызым орманы. Құмдауыт бөлігінде өсетін қарағайлар қалың орманды құрамайды, олар орманды дала ландшафтысын құрайды. Орманды дала ландшафтысына мыңдаған көлдер кіреді. Олар су маңы өсімдіктерімен қоршалған, сөйтіп көптеген жануарларға пана болып отыр, әсіресе құстардың қайту кезеңі мен суда жүзетін құстардың түлеуі кезінде пайдасы зор.

Қазақстан жерінің жартысынан көбін, яғни 58%-ын алып жатқан, үлкен құрғақшылық аймақ әртүрлі ландшафты шөл мен шөлейттер. ШӨл аймағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 500-700 км-ге, ал батысында Каспий теңізі жағалауынан шығыстағы Тарбағатай таулары мен Зайсан шұңқырына дейін 2800 км созылып жатыр. Оның көлемі 1,1 миллион шаршы шақырымды құрайды. Шөл аймағының солтүстік шекарасы 470 және 480 белдеулер аралғында. Ауа райы шұғыл континенталды әрі құрғақ. Қаңтардағы орташа температура батыстан шығысқа қарай -5°С-ден -15°С-ге дейін төмендейді, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай -16°С-ден -4°С-ге дейін жоғарлайды. Жұқа қар қабаты (10-20см) шөл зонасында 2-4 ай жатады. Жазы ыстық (шілденің орташа температурасы солтүстікте 24°С - 26°С, ал оңтүстікте 30°С - 43°С) әрі өте құрғақ: жылынанебары 80-200мм ылғал түседі, бұл ос уақыт аралығындағы буланудан 10-12 есе аз. Шөлде жер үсті сулары да тапшы, бұл жерден Шу, Талас, Сарысу өзендері ағып өтіп, осы жерден біразы бітеді. Қазақстандағы шөл ландшафтысы алуан түрлі. Мұнда құмды шөлдер (Қызылқұм, Мойынқұм, Арал маңы Қарақұмы, Тауқұм), балшықты кең жазықтықтар соржусанды шөл өсімдіктерімен жабылған (үстірт, Бетпеқдала ), сортаңды шөлдер (Каспий маңы, Арал маңы ), тастақты шөлдер (Іле өзенінің оң жағалауы) және басқа да көп түрлері кездеседі. Бұлардың әрқайсысының өз өсімдіктері, мекендейтін жануарлары бар, олардың арасында осы жердің қиын жағдайларына үйренген, тек шөлге тән түрлері кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]