Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

58. Полинезия биогеографиялық облысқа сипаттама.

Бұл облысқа Тынық мұхиттың көптеген аралдары мен Гавай аралдары жатады. Гавай аралдары биіктігі 1500 метрге жететін тау жоталардан тұрады. Мұндағы жеке вулкандық тау жоталарының биіктігі 1000 метрге дейін жетеді. Бұл тау жоталардың тау жыныстарының вулкандық-лаваларының беткейлері поралы болады. Сондықтан ылғалды пассат желдерінің үнемі соғып тұруына қарамастан тау беткейлерінде құрғақшылық болып тұрады. Бұл аралдардың ерекшеліктері құрлықтан қашық болғандықтан өсімдіктер жамылғысы эндемиктерге бай. Сандвичев аралында гүлді өсімдіктердің 705 түрі өседі, оның 659 түрі, яғни 93% эндемиктер. Мұндағы эндемиктердің көпшілігі қоңыраубас тұқымдастары мен папоротниктер. Өсімдіктердің көпшілігі ағаштар.

Гавай аралындағы тропик ормандар панданустардан немесе саяхатшылар ағашынан, акациядан, какос пальмасы және ағаш тәрізді папоротниктерден тұрады.

Полинезой биогеографиялық облысына жататын аралдар көп жерді қамтығанымен, әрі бірінен-бірі алыс жатқанымен фауналары ұқсас әрі кедей болады да, Гавай аралдарында өзіне тән фауналар кездеседі. Сүтқоректілерден: жарқанаттылар көп, әсіресе ұшатын иттердің 100-ге жуық түрі кездеседі; құстардан: көгершіндер, тотылар, көкектер т.б. бауырымен жорғалаушылырдан: геккондар, агама, игуандар, ұсақ аждаоа жыландарды кездестіруге болады.

Гавай аралдарында – Гавай егеуқұйрығы, жарқанаттардың Америкалық туысы (lasiurus) тіршілік етеді. Құстардың эндемик (Drepanididae) тұқымдасы эндемик болып саналады.

59. Антарктида биогеографиялық облысқа сипаттама.

Бұл облыс Оңтүстік Американың оңтүстік батыстан 400С оңтүстік ендіктен Магелан бұғазына дейін алып жатыр. Сонымен қатар Отты жер, Фолкланд т.б. аралдар енеді. Флорасының 75%-ы эндемиктер. Негізгі эндемиктері мизодендрондар, ағаш тәрізді папоротник-блехнум, антарктикалық шамшат. Антарктикалық биогеографиялық облыстың ерекшелігі солтүстік субтропиктік облыстарда кездесетін өсімдіктер түрлерінің кездесуінде таралуы. Оларға су бүлдіргені, селдерей, наурыз шешек, шерменгүл, альпа қарабас шалғыны жатады.

Антарктикалық биогеографиялық облысты 3 облыс тармағына бөледі:

Орманды субантарктикалық

Ормансыз субантарктикалық

Антарктикалық поляр шөлдері.

Орманды субантарктикалық облыс тармағы оңтүстік ендіктің 400С тан 480С дейін созылып жатыр. Климаты ылғалды және қоңыржай, жылдық жауын-шашын 244 мм, жаздың орташа температурасы +140C , қыстың орташа температурасы +80C шамасында болады. Анд тауының беткейлеріндегі кең алқапты ылғалды мәнгі жасыл орман жауып тұрады. Бірінші ярусы қылқан жапырақты фитсроядан, антарктикалық шамшаттан, екінші ярусы магнолия тұқымдастарынан (дриллис), ағаш тәрізді папоротниктерден, бамбуктен тұрады. Ағаштарды леандармен эпифиттермен шырмап алады. Тау беткейлерінде таза қылқан жапырақты арал кари тұқымдастарынан тұратын ормандар кездеседі.

Ормансыз субарктиктік облыс тармағының климаты қатаң. Бірақ ылғалды жел үнемі болып тұрады. Климаты өте ылғалды, тұманды болғандықтан орманның таралуына қолайсыз. Сондықтан батпақ, биіктігі 2метрге жететін жастық формалы азорелла өседі. Отты жер аралында мәнгі жасыл жапырақты қатаң мирта бұталары болады да оңтүстіктегі антарктика жағалауында таза тұндралық формация кездеседі.

Антарктикалық поляр шөлдерінің облыс тармағының өсімдіктері қыналар мен мүктерден тұрады. Жер бетінің көпшілігі мәнгі ммуа басып жатады. Эндемикалық сүтқоректілерден мұнда оңтүстік және ұсақ киттер, төлендердің бірнеше түрлері, құстардан пингвиндер кездеседі.

60. Мәдени өсімдіктердің  А.И.Купцов бойынша жіктелуін талдау

А.И.Кубцов (1975) атап өткендей мәдени өсімдіктер жерде өсетін жабайы флораны анағұрлым ысырып тастаған жас топ болып табылады. Ол мәдени өсімдіктердің классификациясын ұсынды.

1. Дәнді өсімдіктер. Бұл ұн тартатын өсімдіктің негізгі үш түрі: бидай, күріш, жүгері және қоысмша ұн түрлері: арпа, сұлы, рожь, просо, сорго.

2. Крахмалды өсімдіктер: қоңыржай белдеуіндегі елдерде: картоп, батат, ямыс, оңтүстік аймақтарда-таро өсіріледі.

3. Дәнді-дақылдар: Лобиа, горох, чечевица.

4. Қантты өсімдіктер: қант қызылшасы, қант құрағы.

5. иірмелі (волокнистые)өсімдіктер: лён,джут,канафля,кенаф адам киім-кешекпен ижәне техникалық маталармен қамтамасыз етеді.

6.Жеміс-жимдектер:алма,алмұрт, қара өрік және т.б.

7.Сергіткіш және хошщ иісті өсімдіктер.

8.Техникалық және өндірістік өсімдіктер:каучик, дәрілік өсімдіктер

9.Мал-азықтық дақылдар

Мәдени өсімдіктер адамның бақылауымен,өсіруімен дамиды.Селекциялық жолмен жаңа сорттарды қалыпртастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]