Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

30.В.Вольтер заңдарының тұжырымдамасын таңдау.

Мұнда динамикалық түрде өзін-өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразит санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп отырады. Паразит- қожа йын жүйесіндегі популяциялардың өзара әсерлесу үлгісі жыртқыш пен оның жемтігінің өзара әсеріне сәйкес келеді. Өзінің зерттеулері негізінде В.Вольтер үш заңды тұжырымдайды:

периодтық цикл заңы- екі түрдің санының ауытқулары периодты болып табылады;

орташа шамалардың сақталу заңы- екі түрдің популяцияларының орташа саны бастапқы санына тәуелсіз, популяцияның үлкеюі мен кішіреюі, жыртқыштардың көбею қарқындылығы тұрақты болғанда, тұрақты болып қалады;

орташа шамалардың бұзылу заңы- егер екі түрдің даралары, олардың популяцияларының тығыздығына пропорционалды түрде жойылса, жемтігінің популяциясының орташа саны артады, ал жыртқыш популяциясы кемиді.

  1. Антропогендің факторлар және олардың биогеографиялық маңызын талдау.

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жер бетінде қалыпты дамуына басқа факторларға қарағанда адам баласының әсері әрқашан да айқын байқалатынын, өте әсерлі фактор екенін жасыра алмаймыз.Өйткені, адам баласы табиғаттың заңдылықтарын меңгерген, оған үстемдік етіп, өзіне қызмет етуге мәжбүр ететін бірден бір организм болып саналады. Сондықтан адам өзінің іс-әрекеті барысында табиғатқа, оның элементтеріне әр түрлі жолмен әсер етеді.

Біріншіден- адамның өзін қоршаған ортаға мақсатты және мақсатсыз әсері. Мақсатты әсері кезінде алдына белгілі бір мақсат қойып, табиғаттың кез- келген элементтерін тіршілік әрекетіне жаратуға ұмтылады.Мысалы, ағаш дайындау, балық және бағалы терілі аңдарды аулау т.б. Бұл жағдайда адам баласының әсері табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлердің жойылып кетуіне себепші болады.Мақсатты әсер әрқашан да табиғатқа қолайсыздық туғыза беруі мүмкін емес.Өйткені адам баласы ағаш отырғызу, балық және бағалы терілі жануарлар шаруашылығын ұйымдастыру арқылы, олардың табиғаттағы мөлшерін қалпына келтіруге, көбейтуге мүмкіндік жасайды.

Сол сияқты адам баласы табиғаттағы кейбір дүниелердің –өсімдіктер мен жануарлардың дамуы мен таралуына ықпал етеді.Егер адам баласы өзінің шаруашылыққа қажетті мәдени өсімдіктердің таралу ауданын жыл сайын кеңейтіп отыратын болса керісінше табиғи өсімдіктердің өсетін ауданы тарылып отырады (тың, тыңайған жерді пайдалану өсімдіктер мен жануарлардың қаншама табиғи биоценозын азайтқанын, орманды кесу Сахараның көлемін арттырғанын, т.б. айтуға болады).

Екіншіден –адам баласы тіпті жаңа биоценоздар мен ландшафттардың жасалуына, өсімдіктердің жаңа сорттары мен жануардың жаңа тұқымдарының шығуына әсерін тигізеді.Сөйтіп, бұрын сол биоценозда ландшафтта болмаған өсімдіктер мен жануардың, яғни синантроптардың қалыптасуына себепші болады.Мысалы, ағашты кесіп, орманды сирету арқылы адам баласы бұрынғы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін өзгертеді. Өйткені самырсын ағашын кесіп, жойып жіберсе, онда оның жаңғағымен қоректенетін бұлғын мен самырсын құсының осы орманда тіршілік ету мүмкіндігі жойылады.

Үшіншіден- адам баласы жер шарының көптеген жеріндегі өсімдіктер мен жануарларды өзінің қажетін өтеуге пайдалану арқылы олардың түрлік құрамына әсерін тигізеді.Соның әсерінен жануарлардың көптеген түрлері жер бетінен мүлдежойылып кетті.Мәселен Солтүстік Америкадағы кезеген көгершіндер, Жаңа Зеландиядағы түйеқұс, Мадагаскардағы эпиронис, Европалық бөліктегі жабайы сиырлар-турлар, Командар аралындағы Степлер сиыры, қанатсыз гагарлар,дронт, т.б. жануарлар жер бетінен мүлдем жоқ болды. Ал біраз түрлері зубрлар, киіктер, бизондар, ақбөкендер, жойылып, үй жануарларына айналды.

Сонымен қатар, көптеген мәдени өсімдіктердің-апельсиннің, шабдалының, кокос және құрма ағаштарының , жүгерінің, маниока, арахис сияқты өсімдіктердің жабайы тектері әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. Жень-шень, шай шөп, эдельвейс, т.б. өсімдіктер жойылып кету қаупінде тұр.

Міне, осы мысалдарға қарағанда адам табиғатты көп дүниені азайтып, аз дүниені жойып, немесе қу тақырға орман өсіріп, жойылып бара жатқан заттарды қалпына келтіретін өте әсерлі фактор екенін аңғартады /4-8/.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]