Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

55 Неотропикалық биогеографиялық облысқа сипаттама

Неотропикалық биогеографиялық облысты үш облыс тармағына бөледі:

Нағыз тропиктік Америка

Мексика

Чили-Патогония

Бұл Антил Тропиктік америка, багам аралдары, оңтүстік Флорида, Мексикадан оңтүстікке қарай Орталық Американы және андтан басқа 40°-қа дейінгі Оңтүстік Америка материгін алып жатыр. Бұл аймақты негізінен ылғалды тропиктік ормандар, саванналар, құрғақшылық аймақтарын сирек өсетін ормандар алып жатыр. Қазіргі тропиктік Американың Вест-Инд аралдарында тропиктік мәдени өсімдіктерден қант құрағы, ананастар, мақта, т.б. өсіріледі. Бұрын бұл аймақта қалың орман болған.

Дүние жүзіндегі үлкен ойпаттың бірі – Амазонка өзенінің бассейні алып жатқан Оңтүстік Америкадағы ойпат. Ауданы 5 млн км 2.Бұл жердегі жыл бойы жауатын жауын шашынның мөлшері 2600 мм, жер асты суы жоғары орналасады. Өзен тасығанда су 15 метрге дейін көтеріліп, бұл 3-4 айға созылады. Орташа температурасы 18° тан 26 °. Ең жоғарғы температура көлеңкеде 43° болады. Бұл ойпатты тропикалық орман алып жатыр. Мұнда пальманың 200 түрі кездеседі, соның 60 түрі эндемиктер. Амазонка бассейнінде атақты Виктория редия өседі, оны су жаңғағы деп те атайды. Жапырағының ұзындығы 2 метр, салмағы 5 кг болатын бұл өсімдік гүлдеген кезде судың температурасы ауаның температурасынан 11° жоғары болады. Жемісін тамаққа қолданады. Сол сияқты бұл жерде насекомдармен қоретенетін непентес туысына жататын өсімдіктер де өте көп кездеседі.

Бразилия тауларындағы ормандарда қылқан жапырақтылардан: саговниктер, араукарин, гнетумдар кездеседі. Бразилияда кактус тұқымдастарынан биіктігі 18-20 см-ге жететін әсем гүл. Ал опунуиялардың кейбір түрлерінің жемісін тамаққа пайдаланып, дәрі-дәрмек жасауға жұмсайды. Сферакактустардың пішіні шар тәрізді болады да, шамасы 2-3 см-ден 1-2 метрге дейін жететін, салмағы 0,5 тонна болатындары кездеседі.

Оңтүстік Американың саванналарында суды ұзақ уақыт сақтап тұра алатын, жер астындағы бөлімдері – тамыр жақсы жетілген, бойы аласа, шатыр тәрізді ағаштар өседі.

Венесуэла мен Гвианада саванналарды льяностар деп, ал Орталық Бразилияда пампастар деп атайды. Мұндай саванналардың жамылғылары негізінен биіктіктері 1 м-ге жететін астық тұқымдастардан – бородач, аристида тары сияқты өсімдіктерден тұрады. Бұршақ тұқымдастар, қалампыр тұқымдастар, күрделі гүлділер өте көп кездеседі [4, 11-13].

Оңтүстік Американың шөлдерінде құмдар мен сорлар өте көп. Олардағы өсімдік жамылғысы негізінен: кактустардан, сораң шөптерден, алабота, жусандардан тұрады.

56 Палеотропикалық биогеорафиялық облысқа сипаттама.

Палеотропик – алып жатқан ауданы және өсімдіктер мең жануарлардың байлығы жағынан биогеографиялық облыстардың ішінде екінші орын алады. Бұл облыс Африканы, Ливия шөлін, Оңтүстік Азияны голарктика шекарасына дейін, Оңтүстік Атлантиканың, Индияның, Тынық мұхиттың тропиктік және субтропиктік аралдарын (галапагосс аралдарынан басқа), Гавай, жаңа зеландия және Полинезия аралдарын қамтиды.

Палеотропиктік биогеографиялық облыстың өсімдіктерінің климаттық зоналары төмендегіше орналасқан:Кесте 4

Палеотропиктік биогеографиялық облыс өсімдіктерінің климаттық зоналары

Құрғақ айлардың саны

Құрғақ кездердің ұзақтығы бойынша климаттық зоналар

Кең тараған маңызды формациялар

0

1-2

Тропиктік ылғалды орманды зонасы

Тропиктік ылғалды орманы. Маусымдық ылғалды орман.

3

Муссонды ормандар

4-5

Ылғалды саванналар зонасы

Жапырағын түсіретін ормандар

5-7

Құрғақ саванна зонасы

9-10

Тікенді саванналар зонасы

10-11

Шөлейт зонасы

12

Шөл зонасы

Ылғалды тропиктік орман Конго өзенінің бассейнін, экваториальды Африканың оңтүстігін, одан жоғары гвинеяны қамтып жатыр.

Тропиктік шығыс Африка жағалауында және пассат, муссондар соғып тұратын таулы- қыратты жерлерде мәңгі жасыл ылғалды ормандар кездеседі. Сол сияқты ылғалды ормандар Үндіқытайды, бирманың батыс жағалауын, Малакка түбегінің солтүстігін қамтып жатыр. Экватордың оңтүстігіне таман муссонды ормандар саванналармен араласып, Ява аралына, Кіші Зонд және Целебес аралдарының оңтүстігінде тараған.

Саванналар мен саванналық ормандардың кең алқаптары Африка ормандарының солтүстігі мен оңтүстігіне дейін созылып, шығыста шығыс Африка көлдерінің батысына дейін жетіп, Мадагаскардың батысын қамтыды. Оңтүстік шығыс Азияда саванналар және саванналық ормандардың муссондармен араласып кетеді. Бұл облыста шөлдер аса көп емес, Африканың батыс жағалауында 18° және 28°, оңтүстік ендіктің арасында Намиб және Карру шөлдері, оңтүстігінің орталығында Калахари шөлдері кездеседі. Палеотропиктік облыстың қалған жерлерінде шөл онша көп емес, тек қана индияның солтүстік батысындағы ішкі аудандарындағы аз ғана жерінде шағын шөлдер кездеседі.

Палеотропиктік биогеографиялық облыс флорасы мен фаунасының сипатына қарай үш облыс тармағына бөлінеді:

Африкалық немесе Эфиопия;

Малайзия (индонезия мен Шығыс Азияның тропиктік аудандары);

Мадагаскар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]