Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

24 Комменсализм, амменсализм ұғымдарына анықтама беріп, мысал келтіру.

Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal –бірге тамақтану)- бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді (арамтамақтық). Комменсализм паразитизмгеқарағандай симбиозға жақындау.Мысалы, жабысқақ балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған ұсақ қалдықтармен қоректенеді.

Жер бетінде мекендейтін қоңыз (қоңыз,өлексе қоңыз және т.б.) денесінде гамазды кенелердің қозғалғыш дернәсілдері кездеседі.

Амменсализм ( латын тілінен аударғанда mensa –тамақ, азық).Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар.Мысалы,зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы.Зең саңырауқұлақтарының бөліп шығарған антибиотиктері бактерияларды жояды.

25 Жыртқыштық-ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.

Жыртқыштық- популяциялардың біреуі екішісіне қолайсыз әсерете отырып, өзі пайда алады. «Жыртқыштық- жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр.Жыртқыштық түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Ол кейде қорек,территория, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру,қуу, жеу арқылы көрініс береді.

Жыртқыштық организмдер үшін оңайға түспейді.Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып ұстауы қажет.Ал, жемтігін өз кезегінде жауына деген қорғаныс қабілеті немесе жоғары бейімлеушілік қасиетке ие болады.Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойында морфологиялық, физиология, биохимиялық, т.б. өзгерістер болуы мүмкін. Олар өсімдіктерде тікен, қабық, жағымсыз иіс түрінде білінсе, ал жануарлар дүниесінде улы бездер,парцирлер, қорғаныс түрлер, мінез-құлқының өзгеруі,түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бқліп тастау,қашып кету, жасырыну, т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады.Тіпті құстар, түз тағылар сес көрсетіп,қарсы шабу, қаттыдыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбіржыртқыштар жемтігін таңдап жеуге,екіншілері көпқоректілерге айналған.Мәселен, қасқыр көп қоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген.Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті, баяу, кейбірде пассивті (өлекселермен қоректенетіндер) формалары келіп шыққан.

Адам баласы жыртқыш аңдар мен құстарды байқап олардың мінез-құлқына қарай ат қойып, қолға үйретіп мәдени формаларын шығаруға ұмтылып отырған.Кейбір кезеңдерде жыртқыш аң мен құстарды «зиянды», «қас жау», «құбыжық» санап, көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. ХІХ ғасырдың басқы кездерінде жыртқыштарды (қасқыр,жыртқыш құстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық апаттарға ұшырап отырған.Мәселен, қасқырларды қырып түз тағыларының арасындағы жұқпалы аурулардың тез таралып аңдардың қырылуы немесе жыртқыш құстарды қырып керісінше ауру таратқан кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т.б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар-өте пайдалы организмдер екені қазір баршамызға мәлім.Олар –«дала санитарлы» ретінде биоценоздағы түрлер арасындаңы тепе-теңдікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады.Яғни, жыртқыш-табиғи сұрыптаудағы негізгі жетекші фактор.Нәтижесінде, популяциялардың сапалық құрамы прогрессивті түрде дамып отырады. Ал,өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей әсер ете отырып, оның прогрессивті дамуына ықпал етеді.Осылайша қарама-қарсылықтың әсері эвалюцияның қозғаушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің ара салмағын дисбаланыс жағдайда реттеп отыратыны анық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]