Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

99) Топырақ микрофлорасы. Топырақ микрофлорасын анықтау. Микроағзаларды бөліп алуда суспензия дайындау. Топырақ суспензиясын дайындау сызбанұсқасын түсіндір.

100) микробиологияның дамуы. Микробиологияның 20 ғасырдағы даму тарихы.1.Эмпирикалық білімдердің қалыптасу кезеңі ( микроскопты ойлап тапқанға дейінгі кезең).Бұл кезеңді Дж.Фракасторо (1546г.) ілімдерімен байланыстыруға болады. Бұдан кейінгі оптикалық техниканың дамуы XVI-XVII ғ. астрономияның дамуымен байланысты болды. Осы заманда голландиялық шыны жасаушылар алғашқы рет үлкейтіп көрсететін түтіктер жасады. Бұл түтіктер өте үсақ заттарды үлкейтіп көрсететін болған. Микроскоптың 1610 ж. Г.Галилей ойлап тапқан (G.Galilei 1564-1642). Микроскоптың пайда болуы табиғаттағы ұсақ заттарды көруге мүмкіндік берді. Ен алғашқы ойыс линзалы микроскоп отыз рет үлкейтіп көрсетін болған. Өсімдіктердің құрылысын зерттеуге арналған микроскопты ағылшын физигі Р.Гук (R.Hooke 1635-1703) ойлап тапқан. Р.Гук осы микроскоп арқылы тапқан затын клетка деп тауып оны «Микрография» 1665 ж. кітабына енгізген.2.Морфологиялық кезең. М и к р о о р г а н и з м д е р д і ң а ш ы л у ы. Бірінші микроорганизмдерді көріп тапқан голландиялық Антони ван Левенгук болған (1675), ал 1683 жылы микроағзаларды сипаттады. Микроскоппен көрген микроорганизмдерді соның ішінде бактерияларды Левенгук «анималькуля» деп атады. Олар ірі организмдерге өте ұқсас, яғни оларда ас қорыту мүшелері, аяқтары және құйрықтары болады деп тапты. 3.Физиологиялық кезең ( 1875ж. басталады)- Л.Пастера мен Р.Кох дәуірі.Медицинадағы микробиологияның әсерін табушы Л. Пастердің ісін жалғастырушы немістің микробиологы Р. Кох (R. Koch 1843-1910) болды. Ол ауыл дәрігері бола жүріп 1877 жылы сибирь язвасы жайлы өз еңбегін жариялады. Содан соң ол сол кездегі өте ауыр және тез тарайтын туберкулездің микробын тапты. Ол туберкулез таяқшасы соның құрметіне «Кох таяқшасы» деп аталды. (Туберкулез таяқшасын тапқаны үшін 1905 жылы Р. Кохқа Нобель сыйлығы берілді ). Ол және холераның қоздырғыштарын да ашты. Л.Пастер – ашу және шіру процестерінің микробиологиялық негіздерін, өндірістік микробиологияның дамуын, табиғаттағы зат айналымындағы микроорганизмдердің ролін, анаэробты микроағзалардың ашылуын, залалсыздандыру әдістерін және вакциналарды алу әдістерін зерттеді. Р.Кох – қатты қоректік орталарда микроағзалардың таза культураларын бөліп алу әдістерін, анилинді бояулар көмегімен микроағзаларды бояу әдісін, туберкулез, сүзек, сибір жарасының қоздырғыштарын, микроскопиялық зерттеу әдістерінің қарқынды дамуын зерттеді. 4.Иммунологиялық кезең.И.И.Мечников - Эмиль Рудың тұжырымдамасы бойынша «микробиологияның ақыны» деп атады. Ол микробиология дамуының «жаңа дәуірін» - фагойитоз теориясын өңдеп, иммунитет туралы ілімді және иммунитеттің жасушалық теориясын қалыптастырды. Сонымен қатар, ағзада уытты заттарға және бактерияларға қарсы тұратын антиденелер жайында мәліметтер қалыптаса бастады. Осыған байланысты П.Эрлих иммунитеттің гуморальдық теориясын тұжырымдады. Фагоцитарлы және гуморалды теорияның жақтаушыларының арасындағы көптеген айтыс-тартыстардан кейін иммунитеттің көптеген механизмдері айқындалып, иммунология ілімі қалыптасты. Соңынан, туа біткен және кейін пайда болған иммунитет 5 негізгі жүйенің, яғни макрофагтар, Т- және В-лимфциттер, интерферондар, иммундық жауаптардың түрлі формаларын қамтамасыз ететін, негізгі гистологиялық жүйелер, үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде туындайтыны анықталды. 1908ж. И.И.Мечников пен П.Эрлихке Нобель сыйлығы тағайындалды. .1892ж. 12 ақпанында Россияның ғылым академиясының мәжілісінде Д.И.Ивановский, темекі теңбіл ауруының қоздырғышы «сүзгіш вирусы» екендігін атап өтті. Осы күнді вирусология ілімінің қалыптасқан күні деп, ал Д.И.Ивановскийді вирусология ілімінің негізін қалаушы деп тұжырымдауға болады. Соңынан, вирустар тек өсімдіктер ауруларын қоздырып қана қоймай, жануар, адам және бактериялардағы ауру қоздырғыштардың бірі деп қарастыруға болатындығы анықталды. Бірақ, вирустардағы гендер және генетикалық кодтың табиғаты жайлы қалыптасқан тұжырымдардан кейін, вирустарды тірі табиғат қатарына жатқызуға болатындығы анықталды. 5. Микробиология ғылымының негізігі кезеңдерінің бірі – антибиотиктердің ашылуы болып саналады. 1929г. А.Флеминг пенициллинді ашты және осыдан бастап, медицинаның алғ қарай адымдауына негіз болған - антибиотикотерапия дәуірі басталды. Плазмидаларды зерттеу барысында, олардың құрылысы вирустарға қарағанда, өте қарапайым құрылысты екендігі анықталып, ал бактериофагтар сияқты микроағзаларға кері әсерін тигізбей, керісінше оларды қосымша биологиялық белгілермен қамтамасыз етеді. Плазмидалардың ашылуы эволюция барысында тіршліктің қалыптасуының негізгі формалары мен жолдары туралы қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді. 6. Қазіргі таңдағы микробиология, яғни микробиология ғылымы дамуының молекулалы-генетикалық кезеңі. Бұл кезең 20 ғасырдың екінші жартысында генетика және молекулалық биология ілімдерінің қарқынды дамуымен және электронды микроскоптың ашылуымен байланстыруға болады.