- •Микробиология пәні. Микробиологияның зерттеу әдістері мен міндеттері.
- •Микробиологияның әртүрлі салаларының пайда болуы: зерттеу нысандары бойынша(бактериология, микология, паразитология, вирусология).
- •8. Микроағзалардың көбеюі. Микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі
- •11. Микроағзаларға әсер ететін факторлар. Микроағзаларға химиялық факторлардың әсері
- •Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама. Саңырауқұлақтардың классификациясы. Саңырауқұлақтардың көбеюі.
- •14. Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микробиологиялық зертханаларда жұмыс жасау тәртібі.
- •15. Микроағзаларды жүйелеу. Жүйелеу сипаттамасы. Номенклатура. Идентификация.Микроағзаларды жүйелеудегі културалды және цитологиялық белгілердің маңызы.
- •19.Микроағзаларға әсер ететін факторлар: микроағзаларға биологиялық факторлардың әсері.
- •20.Микроскопиялық зерттеу әдістері: қараңғы жазықтықты зерттеу әдісі.
- •27. Микроағзаларға әсер ететін факторлар: радиацияның микроағзаларға әсері
- •29.Микроағзаларды зерттеудегі микроскопиялық әдістер. Микроскоп және оның құрылысы. Микроскоп бөліктерін көрсетіп беріңіз?
- •42. Микроағзалардың көбеюі: микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі (сызба нұсқасын көрсету және түсіндіру).
- •56.Микроағзаларды жеке топтарға топтастыру. Н. Красильниковтің «Бактериялар анықтаушысы» еңбегі.
- •60. Эубактериялар (грациликуттер, фирмикуттер) олардың ерекшелігі
- •62. Бактерияларды дифференциялдану типтрі: тыныш күйіндегі формалар (эндоспоралар, цисталар, акинеталар)
- •63. Қоректік орталар. Қоректені және қоректені типтері. Табиғи және жасанды қоректік орталар. Құрамы, қолданылуы және физикалық құрамына қарай негізгі қоректік орта типтері.
- •64. Саңырауқұлақтар. Аскомицеттер класы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •65. Бактериялар морфологиясы. Такша тәрізді бактериялар, бациллалар.
- •66. Архимициттер класы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •68. Ашу. Сүт қышқылдық ашу. Сүтқышқылдық ашу процесін жүзеге асыратын микроорганизмдердің алуантүрлілігі.
- •70. Бактерия жасушасынын курылысы
- •76. Базидиомицеттер классы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •72. Май қышқылдық ашу
- •73. Фикомицеттер классы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •77. Микроорганирзмдердің өсуі. Өсуді анықтиау әдістері. Өсі қисығы. Өсу қисығының фазалары.
- •87) Прокариоттардағы генетикалық рекомбинациялар, прокариоттардағы трансдукция процесі.
- •99) Топырақ микрофлорасы. Топырақ микрофлорасын анықтау. Микроағзаларды бөліп алуда суспензия дайындау. Топырақ суспензиясын дайындау сызбанұсқасын түсіндір.
- •101) Микроағзалардың мекен ету ортасына қарай (су, топырақ, аэромикробиология).
- •104) Бактериялардың туыстық белгілерін анықтау. Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттердің маңызы. Төмендегі суреттердегі колониялардың пішініне сипаттама бер.
- •105.Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •106.Микроскопиялық зерттеу әдістері.Фазала-констратылы микроскопиялық зерттеу әдісі.
- •107.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалар рөлі.Құрамында көміртегі бар заттарды тасымалдау процесстері.
- •108. Микроағзалардың өзара қарым қатынас типтері.Микроағзалардың жоғарғы сатылы ағзаларман қарым-қатынас типтері(нейтрализм,комменсализм,мутуализм,паразитизм)
- •109.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Биологилық факторлардың әсері
- •110.СаңырауқұлақтарүСаңырауқұлақтардың құрылысы.
- •111.Микроскопиялық зерттеу әдістері.Қараңғы жазықтықты зерттеу әдісі
- •112.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың ролі.Құрамында азоты бар заттарды тасымалдау процестері.
- •113.Микроағзалардың өзара қарым-қатынас типтері.Ризосфералы және эпифитті микрофлора.Симбиоздық азотфиксция
- •115. СаңырауқұлақтарүСаңырауқұлақтардың құрылысы.
- •116.Микроскопиялық зерттеу әдісі.Люминисценттік зерттеу әдісі.
- •117.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың ролі.Құрамында фосфоры бар заттарды тасымалдау процестері
- •118.Микроағзалардың өзара қарықатынас типтері:микоризалар,фитопатогенді микроағзалар
- •119.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Радияцияның микроағзаларға әсері
- •120. Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •121.Микроағзалар әлемі,жалпы тән белгілері мен алуан түрлілігі.Прокариот және эукариот микроағзалар , олардың айырмашылығы.
- •123.Микроағзалардың көбеюі.Баактерия жасушасындағы споралардың орналасуы.Споралар арқылы көбеюі
- •124.Микроағзалар экологиясы:топырақтардағы микроағзалардың қызметі мен таралуы
- •125. Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •126.Микробиологияның бөлімдері.Қолдану сфералары бойынша мик.Бөл.Мед.Қ ауылшар.Қ ветер.Қ....
- •127.Тбиғаттағы заттар айналымындағы мик.Ағ.Ң ролі: құрамында күкірті бар заттарды тасымалдау процестері.
- •128.Микроағзалардың көбеюі,бөліну арқылы көбеюі
- •129.Микроағзалар генетикасы.Мутация жиілігі,олардың алуан түрлілігі.Мутация типтері.Спонтанды,индукциялық, радияциялық, химиялық мутагенез
- •129.Микроскоп.Микроскоп құрылысы.
- •130.Бактерия жасушаларының пішіндерінің алуан түрлілігі. Шар тәрізді немесе коккалардың алуан түрлілігі.
- •131.Микроағзалардың көбеюі:бүршіктену процесі
- •132.Ашу.Ашу процесі туралы жалпы түсінік.Спирттік ашу.Спирттік ашу процесін жүзеге асыратын микроағзалардың алуан түрлілігі
- •134.Топырақ микрофлорасы.Топырақ мирофлорасын анықтау.Микроағзаларды бөліп алуда суспензиясын дайындау
- •135.Бактерия жасушаларының пішіндерінің алуан түрлілігі таяқша тәрізді бакт.Бацииллалар
- •136.Микроағзалардың көбеюі:бүршіктену процестері
- •137. Ашу.Ашу процесі туралы жалпы түсінік.Сүтқышқылдық ашу.Сүтқышқылдық ашу процесін жүзеге асыратын микроағзалардың алуантүрлігі.
- •138.Микроорганизмдер генетикасы:плазмидалардың биологиялық қызметі,хромосомалардағы интеграция
- •139.Саңырауқұлақтар.Аскомециттер класы саң.На жалпы сип.
129.Микроскоп.Микроскоп құрылысы.
130.Бактерия жасушаларының пішіндерінің алуан түрлілігі. Шар тәрізді немесе коккалардың алуан түрлілігі.
Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер – коккалар, таяқша тәрізділер – бактериялар, бацилдар және спираль тәрізділер – вибриондар, спириллалар (сурет 10). Шар тәрізді бактериялардың жеке – жеке түрлері коккалар делінсе, екі – екіден қосақталған түрлері – диплококкалар (сурет 10,а), өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері – стрептококкалар (сурет 10,б), төрт – төрттен тіркескендері – тетракоккалар, сегіз – сегізден текшеленгендері – сарциналар (сурет 10,г) делінеді. Ал олардың стафилакоккалар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне (сурет 10,в) ұқсайды.
Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді (сурет 10,д-е). Спора түзуші топтарын – бациллалар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды жасушаларының орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар – екі – екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Стрептобактериялар – моншақ тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұқсас таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін жасушалары тізбектеле орналасқандарын стрептобациллалар деп атайды.
а б в г
д е
З и
Сурет 10 - Бактерия жасушаларының пішіні
(а– диплококкалар, б – стрепткоккалар, в – стафилококкалар, г – сарциналар, д-е - таяқша тәрізді бактериялар, ж – спириллалар, з – вибриондар, и – спирохеталар)
Бактериялардың мөлшері. Көптеген шар тәрізді бактериялар жасушаларының диаметрі – 1 – 2 микронға тең (микрон – миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Жұмыр жасушалы бактериялардың ұзындығы – 1 – 4 микронға ені 0,5 – 1 микронға дейін барады. Сондықтан да судың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездеседі. Кейбір бактериялар мөлшері едәуір болады дедік. Мәселен, күкірт бактериясы жасушасының көлденең кесіндісінің диаметрі 50 микронға тең. Бактериялардың үш тобының ішінен мөлшері тұрақтысы коккалар, ал таяқша тәрізді бактериялар өзгергіш келеді. Кейбір бактериялардың мөлшерін төмендегі кестеден байқауға болады (4 – кесте).
Кесте 4 - Бактериялар жасушаларының шамасы (микрон)
Бактериялардың аттары |
Ұзындығы |
Ені |
Пішен таяқшасы Картоп таяқшасы Сүт қышқылы бактериялары Ациндофиль таяқшасы Туберкулез таяқшасы |
3,0 5,0 0,8 – 1,2 1,6 – 6,0 1,5 – 3,5 |
1,2 1,5 0,5 – 0,8 0,6 – 0,9 0,3 – 0,5 |
