Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

124.Микроағзалар экологиясы:топырақтардағы микроағзалардың қызметі мен таралуы

Топырақ – жер бетіндегі тіршіліктің тірегі, ұясы, асыраушы анамыз, халық қазынасы. Қазіргі күнде адамзатқа белгілі планеталардың ішінде тек Жерде ғана тіршіліктің дамуына мүмкіншілік бар. Сондықтан адамзаттың жерді бағалаудағы көзқарасы тіпті өзгеше болуы заңды. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегендей, жерде жүргенде оның қадірін бірі біле бермейді. Топырақ құнарлы қабаттары бұзылып, астындағы құнарсыз қабаттары – минералдар, тау жыныстары бір орыннан екінші орынға қозғалып, жер бетіне көптеген «жарақаттар» әкеледі. Ғылыми техникалық прогрестің жылдам дамуымен кен, қазба – байлық өндіру тез дамуда. Осыған орай «жарақаттанған» жер көлемі де көбеюде, соның бірі қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мәселесі қарыштап тұр. Сондықтан өз қолымызбен жарақаттап, бұзылған жерлер, өз қолымызбен «емделіп», қайта қалпына келуі тиіс.

Топырақ жоғарғы буферлік қабілеттілікке ие, яғни ұзақ уақыт бойы құрамын ластаушылар ықпалымен өзгертпейді. Соған қарамастан, қалада бұл ең ластаулы орта. Қала топырағының экожүйесі әралуан улы заттармен ластануда. Қала топырағында микрофлора сапалық құрамының ерекшілігі осы кезге дейін санитарлық көрсеткішті микробтар болуы тұрғысынан зерттелді. Топырақта кездесетін микроағзалар кез-келген биогеожүйенің және экологиялық жүйенің, өлі және тірі заттардың елеулі бөлігін құрайды. Топырақ микроағзалары антропогенді факторларға сезімтал және қала жағдайларында олардың құрамы өзгереді. Сондықтан олар қоршаған ортаның ластануының жақсы индикаторы.

125. Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер

Н. А. Красильниковтың «Бактериялар мен актиномицеттер анықтаушысы» (1949ж.) еңбегінде эубактериялар мен оларға туыс ағзаларды 4 класқа топтастырды:

  • Eubacteriae (нағыз бактериялар).

  • Actinomycetes (актиномицеттер).

  • Myxobacteriae (миксобактериялар).

  • Spirochaetae (спирохеттер).

Eubacteriae (нағыз бактериялар) класына жасушалары бұтақтанбайтын, жасуша қабықшасы қатты, жасуша пішіндері ұсақ жіңішке таяқша, сирек жағдайда коккалар, сонымен қатар жасуша пішіндері жіп тәрізді және спираль тәрізді болып келетін бактериялар жатады. Нағыз бактериялардың бірқатары қозғалғыш, ал бірқатары қозғалмайтын болып келеді. Қозғалу талшықтары арқылы жүзеге асады. Бұл класқа жататын бактериялар жоғары температураға төзімді эндоспоралар түзуге қабілетті, бірақ басым көпшілігі гр (-) спора түзбейтін формалар сипатталады. Көбеюі бөліну арқылы жүзеге асады, ал жіп тәрізді бактерияларда арнаулы жыныс клеткалары – гонидиялар түзіледі. Eubacteriae класы бірнеше қатардан тұрады: Eubacteriales (эубактериялар), Chlamydobacteriales (хламидобактериялар), Ferribacteriales (темірбактериялар), Thiobacteriales (күкірттібактериялар). Осы клас төңірегінде қатар деңгейінде бүршіктенетін бактерияларды Hyphomicrobiales қарастыруға болады.

Actinomycetes (актиномицеттер) класы жасушалары гр (+) болып келетін кокка тәрізді, таяқша тәрізді, жіп тәрізді және мицелиалды болып келеді. Басқа класқа жататын бактериялардан айырмашылығы, актиномицеттер өкілдерінде (жоғары формалары) бөліктерге (септаларға) бөлінген және бөлінбеген бұтақтанатын мицелийден тұрады. Сонымен қатар, ауыспалы формалары да, яғни төменгі формалары - микобактериялар, микококкалар және микрококкалар кездеседі, оларда дамуының алғашқы сатысында бүйірлік өсінділер – бұтақтардың рудименттері қалыптасады. Актиномицеттер класы: Actinomycetales (қозғалғыш жасушаларды түзбейтін актиномицеттер), Actinoplanales (қозғалғыш жасушалары бар актиномицеттер), Мусоbacteriales (микобактериялар) және Coccales (коккалар).

Myxobacteriae (миксобактериялар) класы. Бұл класқа жататын микроағзалардың жасуша қабықшасы жұқа эластинді болып келетін таяқша және шар тәрізді ағзалардан тұрады. Соның салдарынан бактериялардың қозғалысы кезінде олар клетка пішінін өзгерте алады. Талшықтары болмайды. Қозғалуы сырғанай түрінде жүзеге асады. Миксобактериялар микроцисталар және әртүрлі пішінді болып келетін ерекше жемісті денелер түзуге қабілетті. Миксобактериялар класына бір ғана қатар Myxobacteriales жатады.

Spirochaetae (спирохеталылар) класы. Спирохеталылардың жасуша пішіндері ерекше келеді. Клеткалары өте жіңішке (0,1—0,6 мкм), бірақ ұзындығы 500 мкм. Спирохеталылардың жасуша пішіні негізгі 3 құрылымнан тұрады: протоплазматикалық цилиндр (жасушаның негізгі денесі), аксиальды жіп (тірек) және үш қабаттан құралған сыртқы қабықшадан тұрады. Жасушалары ширатылған, иілгіш келеді. Басым көпшілігі паразитті тіршілік етеді. Spirochaetae (спирохеталылар) класы 4 қатардан тұрады: Spirochaetales (спирохеталылар), Mycoplasmatales (микоплазмалар), Rickettsiales (рикетсиялар), Chlamydiales (хламидиялар).