Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

101) Микроағзалардың мекен ету ортасына қарай (су, топырақ, аэромикробиология).

102) микроағзаларға әсер ететін факторлар. Микроағзаларға физикалық факторлардың әсері.Микроағзалардың қарқындап кебеюі өзі тіршілік ететін ортасына тығыз байланысты. Микроағзалардың осы қасиеттері негізінде оларға әсер етіп белгілі бір пайдалы жағын дамытуға, зиянды жағын жоюға мүмкіндік болады. Микроағзаларға әсер ететін жағдайлар (факторлар) үш топқа жіктеледі, олар: физикалық, химиялық және биологиялык факторлар.Микроағзаларға физикалық факторлардың әсері. Микроағзаларға ылғалдың әсері. Микроағзалар жасушаларының 85%-тейі су. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті ылғалды жерде ғана жүреді. Көптеген қоректік заттарды микробтар жасушасы тек ертінді күйінде ғана сіңіре алады. Ылғал әсіресе, микроағзалар жасушасы бөлінгенде және көбейгенде қажет. Кейбір микроағзалар ылғалдың тапшылығына қарамастан тіршілік ете береді. Ал микроағзалардың қайсыбір топтары құрғақ жерде бірнеше жылдар бойы тіршілік қабілетін жоймайды..Микроағзаларға температураның әсері. Орта температурасы — микроағзаларға әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардан микроағзалардың айырмашылығы — микроағзалар температураның өзгеруіне төзімді келедіМикроағзаларға құрғатудың әсері. Микроағзалар спорасы денесінде ылғал кем болғандықтан, ұзақ жылдар бойына тіршілігін жоймай сақталады. Құрғату, әсіресе микроағзалардың вегетативтік жасушасына күшті әсер етеді. Әр түрлі микроорганизмдердің құрғақшылыққа қатысы да түрліше. Оттегінің әсері. Тірі ағзалардың тыныс-тіршілігіне оттегі қажет. Облигатты аэробты микроағзалар тек оттегінің қатысуымен өніп өседі. Бұларға — кейбір бакте­риялар мен саңырауқұлақтар жатады. Оттегін пайдаланбайтын микроағзаларды анаэробтар деп атайды. Олар екі үлкен топқа бөлінеді: облигатты анаэробтарға оттегі улы болады, ал оттегінің қатысуымен тіршілік ететін бактерияларды аэротолерантты анаэробтар дейді. Облигатты анаэорбтардың құрамында тотықтырушы ферменттердің болмауынан оттегі у ретінде әсер етеді. Бұл ферменттер каталаза және дегидрогеназа. Облигатты анаэробтарға жататын бактериялар: Clostridium және актиномицеттер, Streptomyces туыстары. Сонымен қатар факультативтік анаэробтар да кездеседі. Факультативті анаэробты микро­ағзалар сыртқы орта жағдайына қарай оттекті және оттексіз ортада тіршілік ете алады. Микроорганизмдерге жарықтың әсері. Жарық, негізінен зат алмасу процесінде жарық энергиясын пайдаланатын микроағзалар үшін ғана қажет, ал басқа микроағзаларға тікелей әсер ететін сәуле аса зиянды. Паразит бактериялардан гөрі сапрофит микроағзалар күн сәулесіне төзімді келеді. Туберкулез таяқшалары, сүзек және топалаң микробтары күн сәулесінен тез қырылады. Шашырап түскен күн сәулесінің күші, тікелей түскен сәулеге қарағанда, әлсіздеу болатыны белгілі.Микроағзаларға радиоактивті сәулелердің де әсері зор. Оларға атомдар мен молекулалардың иондануы тән. Сонда жасушаның молекулалық құрылымы бүлініп, ол тіршілігін жояды. Бұл сәулелердің азғана мелшері әсер етсе, микроағзалар жасушасындағы тұқым қуалаушылық қасиеті атқаратын ДНҚ молекулаларын кейбір өзгеріске ұшыратады. Ал сәулелердің мөлшері арта бастаса, жасушадағы зат алмасуы бұзылып, яғни жасуша ауруға шалдығады да, ақыр аяғында тіршілігі жойылады. Радиоактивті сәулелердің белгілі бір мөлшерімен әсер ете отырып, микроағзалар жасушасындағы майдың, нуклеин кышқылдарының немесе олар түзетін антибиотиктер мен дәрумендердің мөлшерін арттыруға болады. Бұл қазіргі кезде микробиологиялық өнеркәсіпте кеңінен қолданылып келеді.

103) микроағзалардың көбеюі. Микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі.Бактериялардың өсуі – жасуша ішіндегі химиялық компоненттердің ұлғаюымен байланысты болады. Өсу кезінде жасушаның барлық биосинтетикалық процестері қатаң бақыланып, жасуша салмағының және көлемінің ұлғаюына алып келеді. Өсу шексіз жүрмейді, өсу барысында жасуша белгілі бір пішінге және көлемге жеткенде жасуша бөліне бастайды. Прокариот ағзалардың басым көпшілігі үшін қосжақты тура бинарлы бөліну тән. Бөлінудің келесі түрі – бүршіктену, оны бөлінудің біркелкі емес немесе бұрыс бөлінуіне жатқызуға болады. Бүршіктену кезінде жасушаның бір полюсінде кішкентай өскін, бүршік пайда болады. Бүршік өсу процесі кезінде ұлғая бастайды және аналық жасуша көлеміне жеткеннен кейін, жасушадан бөлінеді. Аэробты және анаэробты микроағзалардың бірқатары спора түзуге қабілетті. Спора түзуге қабілетті таяқша тәрізді бактерияларды бациллалар деп атайды. Егер спора ірі және жасушаның орталығында орналасса, онда жасуша ұршық тәрізді пішінге ие болады, споралардың жасушаның ұшында орналасып, түйреуіш немесе барабан таяқшасы түрінде кездеседі. Көптеген спора түзуге қабілетті бактериялардың споралары үлкен болмайды, сондықтан да, спора түзу барысында жасуша таяқша пішінін сақтап қалады Спора пісіп жетілгеннен кейін вегетативті жасуша өзінің тіршілігін жояды, ал спора бос күйінде қалады. Әр жасушадан тек бір ғана спора түзіледі, сол себепті спора түзу процесін көбеюдің бір түрі ретінде қарастыруға болмайды. Бактериялар споралары жоғары температураға және уытты заттарға төзімді келеді. Споралар қолайлы ортада өсіп, жаңа вегетативті жасушаның қалыптасуына мүмкіндік туады.