Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

117.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың ролі.Құрамында фосфоры бар заттарды тасымалдау процестері

Фосфор да күірт сияқты ақуыздардың құрамына кіреді. Бірақ фосфор табиғатта көбінесе тау жыныстарының құрамында болады. Фосфор қосылыстарының айналымы аса күрделі емес. Ол негізінен екі процестен тұрады:

  1. Органикалық фосфордың минералдық қосылысқа айналуы.

  2. Фосфор қышқыл тұздарының ерімейтін күйден ерігіш түрге көшуі.

Органикалық фосфордың минералдануы түрлі ағзалар көмегімен жүреді. Мұнда фосфор қышқылы өзі байланысқан органикалық қосылыстан ажырайды. Бұған мына сызба нұсқа мысал болады:

Нулеопротеид  нуклеин  нуклеин қышқылы  нулеопротеидтер H3PO4

Пайда болған фосфор қышқылы топырақтағы басқа элеметтермен қосылып өсімдіктерге сіңімсіз, ерімейтін фосфор қосылыстарына, яғни тұздарына айналады. Микроағзалар фосфорлы органикалық қосылыстарды ыдыратып, одан фосфор қышқылын бөліп шығара алады. Ол бактерия жасушасында болатын фосфатаза деп аталатын ферметтің көмегімен жүреді. Бұл бактериялар қара топырақты жерлердегі фосфорлы органикалық қосылыстарды өте жақсы ыдыратады.

118.Микроағзалардың өзара қарықатынас типтері:микоризалар,фитопатогенді микроағзалар

Эволюциялық даму барысында табиғи ортада микроағзалар тобы мен түрлер арасында күрделі әрі алуан түрлі қарым-қатынастар қалыптасады. Табиғи жағдайда кооперативті қарым-қатынастарды жиі кездестіреді. Олардың бірнеше түрлері белгілі:

Метабиоз. Бір ағза өзінің тіршілік ету барысында екінші ағзаға қолайлы жағдай жасайтын қарым-қатынас. Мысалы, аммоний фикациялаушы микроағзалар, органикалық азоты бар қосылыстарды аммиакқа дейін ыдырата отырып, соған орай нитрификаторлардың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Нитрификаторлар аммиакты нитриттер мен нитраттарға дейін ыдыратып, денитрификациялаушы бактериялардың энергетикалық метаболизмі үшін қажетті электрон акцепторы болып табылады.

Симбиоз. Микроағзалардың бір-бірін күшейтетін және қолдап тұратын ассоциациялық қарым-қатынас түрлері. Симбионттар жекеленген жағдайдан гөрі әрқашанда бірігіп жақсы дамиды. Кей жағдайда симбионттар бір-бірімен өте тығыз байланысқаны сонша, олар жеке өз алдына ағза ретінде дами алмайды. Мысалы, қына-саңырауқұлақтар мен фототүзуші ағзалардың симбиозы. Симбиоздық қарым-қатынастың қарапайым мысалы, аэробты және анаэробты микроағзалар бірлестігін келтіруге болады, Azotobacter туысына жататын микроағзалар (облигатты аэробтар) мен Clostridium туысына жататын бактериялар (облигатты анаэробтар).

Комменсализм. Өзара бірігіп тіршілік ететін микроағзалардың біреуі пайда табады, бірақ екінші ағзаға зиян келтірмейді. Сульфаттотықсыздандырушы Desulfovibrio бактериялары судың оттегі жоқ терең қабаттарында тіршілік етеді. Олар энергияны сульфаттарды тотықсыздандыра отырып, анаэробты тыныс алу арқылы энергрия алады. Пайда болған көмірсутек су бетіне көтеріліп, одан соң оны фотосинтездеуші микроағзалар қолданады.

Саттелизм. Бір микроағзаның екінші микроағзаны күшейтетін ассоциациялық қарым-қатынас түрі. Мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары мен сарциналар әртүрлі аминқышқылдары мен витеминдерді түзе отырып, сүт қышқыл және сірке қышқыл бактериялардың өсуі мен дамуына өте қажет жағдай жасайды.

Синергизм. Физиологиялық үрдістері бірдей микроб бірлестіктері олардан алынатын соңғы өнімнің шығынын арттырады. Мысалы, азотобактер мен бациллус туысына жататын микроағзаны бірге өсірген жағдайда ортада гетероауксин көп мөлшерде түзіледі.