- •Микробиология пәні. Микробиологияның зерттеу әдістері мен міндеттері.
- •Микробиологияның әртүрлі салаларының пайда болуы: зерттеу нысандары бойынша(бактериология, микология, паразитология, вирусология).
- •8. Микроағзалардың көбеюі. Микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі
- •11. Микроағзаларға әсер ететін факторлар. Микроағзаларға химиялық факторлардың әсері
- •Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама. Саңырауқұлақтардың классификациясы. Саңырауқұлақтардың көбеюі.
- •14. Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микробиологиялық зертханаларда жұмыс жасау тәртібі.
- •15. Микроағзаларды жүйелеу. Жүйелеу сипаттамасы. Номенклатура. Идентификация.Микроағзаларды жүйелеудегі културалды және цитологиялық белгілердің маңызы.
- •19.Микроағзаларға әсер ететін факторлар: микроағзаларға биологиялық факторлардың әсері.
- •20.Микроскопиялық зерттеу әдістері: қараңғы жазықтықты зерттеу әдісі.
- •27. Микроағзаларға әсер ететін факторлар: радиацияның микроағзаларға әсері
- •29.Микроағзаларды зерттеудегі микроскопиялық әдістер. Микроскоп және оның құрылысы. Микроскоп бөліктерін көрсетіп беріңіз?
- •42. Микроағзалардың көбеюі: микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі (сызба нұсқасын көрсету және түсіндіру).
- •56.Микроағзаларды жеке топтарға топтастыру. Н. Красильниковтің «Бактериялар анықтаушысы» еңбегі.
- •60. Эубактериялар (грациликуттер, фирмикуттер) олардың ерекшелігі
- •62. Бактерияларды дифференциялдану типтрі: тыныш күйіндегі формалар (эндоспоралар, цисталар, акинеталар)
- •63. Қоректік орталар. Қоректені және қоректені типтері. Табиғи және жасанды қоректік орталар. Құрамы, қолданылуы және физикалық құрамына қарай негізгі қоректік орта типтері.
- •64. Саңырауқұлақтар. Аскомицеттер класы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •65. Бактериялар морфологиясы. Такша тәрізді бактериялар, бациллалар.
- •66. Архимициттер класы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •68. Ашу. Сүт қышқылдық ашу. Сүтқышқылдық ашу процесін жүзеге асыратын микроорганизмдердің алуантүрлілігі.
- •70. Бактерия жасушасынын курылысы
- •76. Базидиомицеттер классы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •72. Май қышқылдық ашу
- •73. Фикомицеттер классы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •77. Микроорганирзмдердің өсуі. Өсуді анықтиау әдістері. Өсі қисығы. Өсу қисығының фазалары.
- •87) Прокариоттардағы генетикалық рекомбинациялар, прокариоттардағы трансдукция процесі.
- •99) Топырақ микрофлорасы. Топырақ микрофлорасын анықтау. Микроағзаларды бөліп алуда суспензия дайындау. Топырақ суспензиясын дайындау сызбанұсқасын түсіндір.
- •101) Микроағзалардың мекен ету ортасына қарай (су, топырақ, аэромикробиология).
- •104) Бактериялардың туыстық белгілерін анықтау. Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттердің маңызы. Төмендегі суреттердегі колониялардың пішініне сипаттама бер.
- •105.Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •106.Микроскопиялық зерттеу әдістері.Фазала-констратылы микроскопиялық зерттеу әдісі.
- •107.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалар рөлі.Құрамында көміртегі бар заттарды тасымалдау процесстері.
- •108. Микроағзалардың өзара қарым қатынас типтері.Микроағзалардың жоғарғы сатылы ағзаларман қарым-қатынас типтері(нейтрализм,комменсализм,мутуализм,паразитизм)
- •109.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Биологилық факторлардың әсері
- •110.СаңырауқұлақтарүСаңырауқұлақтардың құрылысы.
- •111.Микроскопиялық зерттеу әдістері.Қараңғы жазықтықты зерттеу әдісі
- •112.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың ролі.Құрамында азоты бар заттарды тасымалдау процестері.
- •113.Микроағзалардың өзара қарым-қатынас типтері.Ризосфералы және эпифитті микрофлора.Симбиоздық азотфиксция
- •115. СаңырауқұлақтарүСаңырауқұлақтардың құрылысы.
- •116.Микроскопиялық зерттеу әдісі.Люминисценттік зерттеу әдісі.
- •117.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың ролі.Құрамында фосфоры бар заттарды тасымалдау процестері
- •118.Микроағзалардың өзара қарықатынас типтері:микоризалар,фитопатогенді микроағзалар
- •119.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Радияцияның микроағзаларға әсері
- •120. Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •121.Микроағзалар әлемі,жалпы тән белгілері мен алуан түрлілігі.Прокариот және эукариот микроағзалар , олардың айырмашылығы.
- •123.Микроағзалардың көбеюі.Баактерия жасушасындағы споралардың орналасуы.Споралар арқылы көбеюі
- •124.Микроағзалар экологиясы:топырақтардағы микроағзалардың қызметі мен таралуы
- •125. Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •126.Микробиологияның бөлімдері.Қолдану сфералары бойынша мик.Бөл.Мед.Қ ауылшар.Қ ветер.Қ....
- •127.Тбиғаттағы заттар айналымындағы мик.Ағ.Ң ролі: құрамында күкірті бар заттарды тасымалдау процестері.
- •128.Микроағзалардың көбеюі,бөліну арқылы көбеюі
- •129.Микроағзалар генетикасы.Мутация жиілігі,олардың алуан түрлілігі.Мутация типтері.Спонтанды,индукциялық, радияциялық, химиялық мутагенез
- •129.Микроскоп.Микроскоп құрылысы.
- •130.Бактерия жасушаларының пішіндерінің алуан түрлілігі. Шар тәрізді немесе коккалардың алуан түрлілігі.
- •131.Микроағзалардың көбеюі:бүршіктену процесі
- •132.Ашу.Ашу процесі туралы жалпы түсінік.Спирттік ашу.Спирттік ашу процесін жүзеге асыратын микроағзалардың алуан түрлілігі
- •134.Топырақ микрофлорасы.Топырақ мирофлорасын анықтау.Микроағзаларды бөліп алуда суспензиясын дайындау
- •135.Бактерия жасушаларының пішіндерінің алуан түрлілігі таяқша тәрізді бакт.Бацииллалар
- •136.Микроағзалардың көбеюі:бүршіктену процестері
- •137. Ашу.Ашу процесі туралы жалпы түсінік.Сүтқышқылдық ашу.Сүтқышқылдық ашу процесін жүзеге асыратын микроағзалардың алуантүрлігі.
- •138.Микроорганизмдер генетикасы:плазмидалардың биологиялық қызметі,хромосомалардағы интеграция
- •139.Саңырауқұлақтар.Аскомециттер класы саң.На жалпы сип.
11. Микроағзаларға әсер ететін факторлар. Микроағзаларға химиялық факторлардың әсері
Микроорганизмдердің қарқындап кебеюі өзі тіршілік ететін ортасына тығыз байланысты. Микроорганизмдердің осы қасиеттері негізінде оларға әсер етіп белгілі бір пайдалы жағын дамытуға, зиянды жағын жоюға мүмкіндік болады. Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайлар (факторлар) үш топқа жіктеледі, олар: физикалық, химиялық және биологиялык факторлар
2. Микроорганизмдерге химиялық факторлардың әсері. Түрлі химиялық заттар әр түрлі микроорганизмдерге түрліше әсер етеді. Мәселен, ішінде шіріту бактериялары бар суға алдын ала пептон заты бар шыны каппилляр түтікті малса, бірнеше секундтан кейін осы араға бактериялар жиналады. Мұндай құбылысты оң хемотаксис деп атайды. Теріс хемотаксисте болуы мүмкін. Мұнда керісінше, бактериялар жаңағы зат толтырылған каппилляр түтігі малынған жерден қашықтайды. Пептон, минерал тұздар және фосфор қышқылы тұздары ортада өте аз мөлшерде болса, әдетте он хемотаксис реакциясын көрсетеді. Ал сілтілер мен спирттердің әсерінен көп бактериялар теріс хемотаксис реакциясын керсетеді. .
Орта реакциясы. Химиялық факторлардың ішінде орта реакциясының айта қаларлықтай маңызы бар. Шынында ортаның қышқылдығы немесе сілтілігі ертіндідегі бос күйіндегі кездесетін сутегінің және гидроксил иондарының концентрациясына байланысты. Соларға байланысты клеткадағы ферменттердің әсері де өзгереді, зат алмасу процесі де тұрақты болмайды. Микроорганизмдер белгілі бір дәрежедегі қышқыл немесе сілтілі ортада көбейіп, дами алады. Көптеген бактериялар үшін ең қолайлы орта — нейтралды немесе шамалы сілтілі, ал зең саңырауқұлақтары мен ашытқы саңырауқұлақтар үшін шамалы қышқылды орта қолайлы. Орта реакциясы рН таңбасымен белгіленеді. рН жетіге жетпегенде қышқылды, ал одан артқанда сілтілі болады. Микроорганизмдердің әр түрлерінің қандай ортада жақсы дами алатынын мына 5— кестеден байқауға болады.
Егер орта реакциясы оптималь болмаса, бактериялардың тіршілігі тежеледі. Мәселен, сүрлемдегі сүт қышқылы бактериялары ашу барысында ортаны қышқылдандырады. Бұл кезде шіріту бактериялары тіршілік ете алмай, қырылып қалады. Бұдан кейін ортадағы рН керсеткіші одан әрі төмендегенде алдымен сүт қышқылы стрептококтар, кейіннен таяқша тәрізді бактериялар қырылады. Кейде ортаның реакциясын өзгерту арқылы ашу процесінің бағытын да өзгертуге болады.
Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама. Саңырауқұлақтардың классификациясы. Саңырауқұлақтардың көбеюі.
Саңырауқұлақтар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны. 100000-дай түрі аяндалған болса, 200000-дей түрі баяндалу керек деп болжайды. Бұларда хитин қабығы болады, азотты және көміртегі айналымы бар. Бұларда хитин қабығы болады, азотты және кқміртегі айналымы бар. Қор зат ретінде гликоген жиналады. Қозғалыс жағдайы болмайды, қоректік заттарды сорып алады, үздіксіз өседі. Басқа өсімдіктерден басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Дайын органикалык заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Табиғатта аса көп тараған. Ферменттерге бай.
Вегетативтік денесі тарамдалып, матасқан гифалардан - жіңішке жіпшелерден тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып, грибница немесе мицелий деп аталатын дене кұрайды (30-сурет).
Саңыраукұлақтардың құрылысы, мөлшері де әр түрлі. Мысалы, ашыткы саңырауқұлағы бір клеткадан тұрса, трутовик саңырауқұлағының құрылысы күрделі, жемісті денесі көп жылдык ағаш сияқты қатты болады. Жауыншы деп аталатын саңырауқұлақтардың үлкендігі доптың көлеміндей.
Вегетативті, жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Мицелийлердің жеке бөліктерге және клеткаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен, әр түрлі спора тасушы органдарының құрылуы арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты көбеюлері қарапайым саңырауқұлактарда гологамия, изогамия, гетерогамия жолдарымен, күрделі құрылымдылары оогамия және зигогамия жолымен жүреді.
Саңырауқұлақтар хлорофилі болмагандықтан сапрофитті немесе паразитті жолмен тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін ылғалды субстрат қолайлы.
Саңырауқұлактар бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық болады. Топырақта, ағаш түбірлерінде, ағаштан жасалған құрылыстарда және органикалық шірінділерде көп кездеседі. Саңырауқұлақтар бөлімі 7 класқа бөлінеді:
Хитридиомицеттер - Chytridiomycetes класы.
Гифохитридиялылар - Hyphochytridiomycetes класы-
Оомицеттер - Oomycetes класы.
Зигомицеттер - Zygomycetes класы.
Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар- Ascomycctes класы.
6. Базидиомицеттер - Basidiomycetes класы.
7. Жетілмеген саңырауқұлақтар - Deuteromycetes
немесе Fungi impеrfecti класы.
Алғашқы 1-4 кластар төменгі, 5-7 кластар жоғарғы сатыдағы
саңырауқұлақтарға жатады.
13.Микроскопия. Микроскопиялық зерттеу әдістері: фазалы контрастылы қараңғы жазықтықты, люминисценттік зерттеу әдістері. Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардыңпішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдікұлпаларыныңклеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдеміменмикроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.
Жасушаның жалпы морфологиясын оқып үйрену - зерттеу әдістерінің дамуына байланысты. Жасушалық биологияның негізгі зерттеу әдісі - микроскопиялық әдіс. Казіргі кездің өзінде де жарық микроскопы зерттеу құралы ретінде өзінің маңызын жойған жок.
Оптикалық микроскопия. Биологиялық микроскоптың бірнеше модельдері бар (МБИ-1, МБИ-2, МБИ-3, т.т.) (сурет 1). Бұл микроскоптар жасушалық кұрылымдарды және олардьң функциясын жан-жақты зерттеуге мүмкіншілік береді. Ең жақсы деген оптикалық микроскоптың шешуші кабілеті айтарлықтай жоғары емес. Микроскоптың шешуші кабілеті дегеніміз жеке көрінетін екі нүктенің ең кіші ара кашықтықтары. Жарық микроскопы екі нүктенің ара қашықтықтарын өсіріп көрсетеді. Бұл әйнек линзаларының немесе линзалар жүйесі көмегімен іске асады. Әйнек жүйелерінің бірі объектив, карайтын нәрсенің (обьектінің) көрінісін кұрайды, ал окуляр деп аталатын екінші жүйе оны қайтадан үлкейтеді (сурет 2,а). Окуляры көзге жақын орналасқан линза дейді. Микроскопта жарықты жинаушы конденсор болады (сурет 2,ә). Оптикалық микроскоптың шешуші кабілеті 0,2 мкм немесе 200 нм (нанометрге) тең, ал адам көзінің шешуші кабілеті 0,1 мм. Жарық көзі ретінде ультракүлгін сәулелерді қолданған кезде оптикалық микроскоптың шешуші қабілетінің шегі 0,1 мкм жетеді, яғни екі есе артады. Ультракүлгін сәулелерді адамның көзі кабылдай алмайтын болғандықтан, клетка кұрылысының көрінісі фотоға немесе эқранға түсіріледі. Микроскоптың үлкейту дәрежесі объектив пен окулярдың үлкейтуіне тәуелді, сан жағынан олардың үлкейту шамаларының көбейтіндісіне тең. Казіргі оптикалық микроскоптың үлкейту шегі 1500 еседен артпайды.
Интерференциялық микроскопия. Интерференциялық микрокопиялық әдіс фазалық-контрасты микроскопия өдісіне ұксас. Боялмаған мөлдір Іірі клеткалардың анық көрінісін алуға мүмкіншілік береді. Жарық көзінен шығатын параллель жарық сәулелерінің шоғы екі бұтаққа бөлінеді - үстіңгі және астыңғы. Төменгі бұтақ препарат аркылы өтеді және оның жарық тербелісінің фазасы өзгереді, ал жоғарғы толқьн өзгермейді. Объективтің призмасьнда екі бұтақ кайтадан қосылады да өзара ингерференцияланады. Осының нэтижесінде препараттың калындығы әр түрлі бөліктерін әралуан түске бояғьш жақсы көрінетін болады.
Поляризациялық микроскопия. Поляризациялық микроскопия әдісі ұлпалар мен жасушалардың түрлі компоненттерінің поляризацияланған жарықтың сынатьн қабілетіне негізделген. Кейбір жасушалық кұрылымдар (бөліну ұршығының жіптерінің, миофибриллалардың, жыбырлауық эпителийдің кірпікшелерінің жөне т.б.) молекулаларының катаң дұрыс орналасуымен сипатталады және осыған қоса сәуленің сынуы да осы касиетіне төн. Мүндай құрылымдарды анизотропты кұрылымдар деп атайды. Анизотропты кұрылымдарды поляризациялық микроскоптың көмегімен зерттейді. Оның биологиялық микроскоптан айырмасы коңденсордың алдында поляризатор орналаскан, конденсатор мен анализатор препарат пен обьективтен кейін орнатылған. Поляризатор мен анализатор Исландия апатитінен жасалған призмалар. Поляризациялық микроскопта анизатропты объекгілер караңғы өрісте жарық шығарады.
Флуоресцентік (люминсцентгік) микроскопия әдісі (сурет 3) де тірі жасушаларды зерттеу үшін колданылады. Бұл әдіс кейбір заттардың жарық сәулелерінің әсерімен жарық шығаратън касиетіне негізделген. Қозған жарық толқындарының ұзындығы жарық көзі толқындарының ұзындығынан артық келеді. Жарық көзі ретінде көк немесе ультракүлгін сәулелерді пайдаланады. Жасушадағы көптеген құрылымдар мен заттардың флуоресценцияланатън (жарық бөлетін) қабілеті болады, мысалы өсімдіктер жасушаларының хлоропластылардағы жасыл пигмент хлорофилдің ашық-қызыл жарық бөлетін касиеті бар. А және В витаминдер де, бактерия жасушаларының кейбір пигменттері де жарық шығарады. Бірақ та жасушалардағы затардың көпшілігінің мұңдай касиеті болмайды. Ондай заттар жарық бөлу ұшін оларды флуорохромдармен, люминесцентік бояғыштармен өңдеу керек. Бұған жататъндар қызыл-сары акридин, берберин, сульфат, флоксин, т.б. флусрохроматгардың көпшілігі жеке жасушалық құрылымдарды жаппай бояй бермейді, белгілі туске тандап бояйды. Мысалы, қызғылт-сары акридин дезоксирибонуклеин қышқылын (ДНК) жасыл, ал рибонуклеин қышқылын (РНК) қызғылт-сары түске бояйды. Поляризациялық микроскоптың көмегімен зерттелетін анизатропты құрылымдардағы молекулаланың орналасуын анықтауға болады.
Қараңғы өрістегі микроскопия. Қараңгы өрісте препараттарды ерекше конденсатордьң көмегімен зерттейді. Жарық өрісінің конденсаторынан караңғы өрістік конденсатордың айырмасы жарық көзінен жанама шеткі сәулелерін ғана өткізеді. Жарықтың шеткі сөулелері обьективке түскендіктен микроскоптың көру өрісі қараңғы күйіңде калады да, ал шашыраңкы жарық түскен объекті байқалатьн болады. Қараңғы өрісте түрлі тірі клеткаларды байкауға болады.
Фазасы қарама-қарсы микроскопия. Тірі жасушаны зерттеуге фазасы қарама-қарсы микроскопты қолданады. Боялмаған тірі биологиялық обьектілер жарықты сіңірмейді, түссіз мөлдір болады, яғни жарық толқынының амплитудасьн өзгертпейді, алайда оның фазасьн өзгертеді. Адамньң көзі фазалық өзгерістерді байқай алмайды. Фазасы қарама-қарсы әдісі осы препараттар бейнесінің айқын көрінуін камтамасыз етеді. Микроскоптың бұп түрінде конденсорге арнаулы сақина тәрізді диафрагма, объективке фазалық пластинка орнатылады. Микроскоп оптикасының мұндай конструкциясы боялмаған препарат арқылы өткен, көздің қабылдай алмайтын жарық фазасының өзгерістерін, амплигудасы әр түрлі жарық тербелісіне айналдырады. Осының нәтижесінде препараттың бейнесі көзге анық көрінеді.
Электроңдық микроскопия. Электронды микроскопты 1951 жылы неміс ғалымдары Девиссон мен Калбин құрастырған. Электрондық микроскоптың көру, анықтау кабілеті өте жоғары. Электрондық микроскоп жарық микроскопына карағанда 100 000 есе үлкейтед
Қазіргі электронды микроскоптың көрсеткіштік кабілеттілігі 0,1-0,3 нм-ге дейін жетеді. Объектіні 150 000 есеге дейін үлкейтеді. Жасушаның барлық ультрақұрылысын молекулалық деңгейде зерттеуге мүмкіншілік береді. Электрондық микроскоптың кұрылысы жарық микроскопына ұқсас, сәулелерінің ролін электр тогымен қыздырылған вакуумда орналасқан вольфрам жібінен тарайтын электрондар тасқыны аткарады, әйнек лин-заларының орныңда электромагниттер болады. Жарық микроскопының обьективі мен окулярына электрондық микроскопта магниттік катушкалар сәйкес келеді.
Электрондық микроскопта міндетті түрде вакуум болуы кажет, себебі ауада элекгрондар алысқа кете алмайды, оттегі, азот немесе көмір қышқыл газы молекулалармен кездессе, олар бөгеліп өз жолын өзгертіп шашырап кетеді. Электрондар тасқынының бағытын қажетіне карай қуатты электр немесе магнит өрісімен өзгертуге болады.
Электрондардың жылдамдығын үдетсе электроңдық микроскоптың шешуші кабілеті артады. Техникалық тұрғыдан казіргі кезде бұл қиын мәселе емес. Токтың кернеуі 40000-100 000 вольт болса, электрондар жылдамдығы секундына 200 000 км-ге дейін жетеді.
Препарат тығыз болса көрінбейді. Ең кішкене жасушаның, мысалы бактериялық жасушаның көлденең кесіндісі 1 мкм. Мұңдай калыңдықтан еш-бір электрон өте алмайды. Сондықтан экранда кара дақ кана пайда болады. Зерттелетін клетканы өте кішкене бөліктерге бөлу кажет. Мұндай кесінділердің калыңдығы 100 нм-ден аспауы керек. Өте жұқа кесінділерді ультрамикротомдармен дайындайды Электрондық микроскоппен зерттеу үшін ұлпалар бөліктерін жарық микроскопымен зерттегендей өндеуден өткізеді. Бекітуді ерекше ұқыптылықпен жүргізу керек, себебі микромолекулалық деңгейге дейінгі жасушаның құрылысын сақтау қажет. Көбінесе екі рет бекітуден өткізеді, алдымен глутаральдегидте немесе формальдегидте, кейін осмий ангидртгінің ерітіндісінде бекітеді. Сіңіру ортасы ретінде жасаңды смола аралдит немесе эпон қолданылыады. Калыңдығы 50-100 нм кесіңдіні әйнек немесе алмаз пышақтармен дайындайды. Зерттелетін обьектінің көрінісі элекгроңдарга сезімтал фотопластинкаға немесе флуоросценциялаушы экранга түседі. Элекгроңдық микроскоптың бірнеше түрі бар: трансмиссиялық, растрлық, жоғарғы вольттік.
