- •Микробиология пәні. Микробиологияның зерттеу әдістері мен міндеттері.
- •Микробиологияның әртүрлі салаларының пайда болуы: зерттеу нысандары бойынша(бактериология, микология, паразитология, вирусология).
- •8. Микроағзалардың көбеюі. Микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі
- •11. Микроағзаларға әсер ететін факторлар. Микроағзаларға химиялық факторлардың әсері
- •Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама. Саңырауқұлақтардың классификациясы. Саңырауқұлақтардың көбеюі.
- •14. Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микробиологиялық зертханаларда жұмыс жасау тәртібі.
- •15. Микроағзаларды жүйелеу. Жүйелеу сипаттамасы. Номенклатура. Идентификация.Микроағзаларды жүйелеудегі културалды және цитологиялық белгілердің маңызы.
- •19.Микроағзаларға әсер ететін факторлар: микроағзаларға биологиялық факторлардың әсері.
- •20.Микроскопиялық зерттеу әдістері: қараңғы жазықтықты зерттеу әдісі.
- •27. Микроағзаларға әсер ететін факторлар: радиацияның микроағзаларға әсері
- •29.Микроағзаларды зерттеудегі микроскопиялық әдістер. Микроскоп және оның құрылысы. Микроскоп бөліктерін көрсетіп беріңіз?
- •42. Микроағзалардың көбеюі: микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі (сызба нұсқасын көрсету және түсіндіру).
- •56.Микроағзаларды жеке топтарға топтастыру. Н. Красильниковтің «Бактериялар анықтаушысы» еңбегі.
- •60. Эубактериялар (грациликуттер, фирмикуттер) олардың ерекшелігі
- •62. Бактерияларды дифференциялдану типтрі: тыныш күйіндегі формалар (эндоспоралар, цисталар, акинеталар)
- •63. Қоректік орталар. Қоректені және қоректені типтері. Табиғи және жасанды қоректік орталар. Құрамы, қолданылуы және физикалық құрамына қарай негізгі қоректік орта типтері.
- •64. Саңырауқұлақтар. Аскомицеттер класы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •65. Бактериялар морфологиясы. Такша тәрізді бактериялар, бациллалар.
- •66. Архимициттер класы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •68. Ашу. Сүт қышқылдық ашу. Сүтқышқылдық ашу процесін жүзеге асыратын микроорганизмдердің алуантүрлілігі.
- •70. Бактерия жасушасынын курылысы
- •76. Базидиомицеттер классы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •72. Май қышқылдық ашу
- •73. Фикомицеттер классы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •77. Микроорганирзмдердің өсуі. Өсуді анықтиау әдістері. Өсі қисығы. Өсу қисығының фазалары.
- •87) Прокариоттардағы генетикалық рекомбинациялар, прокариоттардағы трансдукция процесі.
- •99) Топырақ микрофлорасы. Топырақ микрофлорасын анықтау. Микроағзаларды бөліп алуда суспензия дайындау. Топырақ суспензиясын дайындау сызбанұсқасын түсіндір.
- •101) Микроағзалардың мекен ету ортасына қарай (су, топырақ, аэромикробиология).
- •104) Бактериялардың туыстық белгілерін анықтау. Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттердің маңызы. Төмендегі суреттердегі колониялардың пішініне сипаттама бер.
- •105.Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •106.Микроскопиялық зерттеу әдістері.Фазала-констратылы микроскопиялық зерттеу әдісі.
- •107.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалар рөлі.Құрамында көміртегі бар заттарды тасымалдау процесстері.
- •108. Микроағзалардың өзара қарым қатынас типтері.Микроағзалардың жоғарғы сатылы ағзаларман қарым-қатынас типтері(нейтрализм,комменсализм,мутуализм,паразитизм)
- •109.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Биологилық факторлардың әсері
- •110.СаңырауқұлақтарүСаңырауқұлақтардың құрылысы.
- •111.Микроскопиялық зерттеу әдістері.Қараңғы жазықтықты зерттеу әдісі
- •112.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың ролі.Құрамында азоты бар заттарды тасымалдау процестері.
- •113.Микроағзалардың өзара қарым-қатынас типтері.Ризосфералы және эпифитті микрофлора.Симбиоздық азотфиксция
- •115. СаңырауқұлақтарүСаңырауқұлақтардың құрылысы.
- •116.Микроскопиялық зерттеу әдісі.Люминисценттік зерттеу әдісі.
- •117.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың ролі.Құрамында фосфоры бар заттарды тасымалдау процестері
- •118.Микроағзалардың өзара қарықатынас типтері:микоризалар,фитопатогенді микроағзалар
- •119.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Радияцияның микроағзаларға әсері
- •120. Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •121.Микроағзалар әлемі,жалпы тән белгілері мен алуан түрлілігі.Прокариот және эукариот микроағзалар , олардың айырмашылығы.
- •123.Микроағзалардың көбеюі.Баактерия жасушасындағы споралардың орналасуы.Споралар арқылы көбеюі
- •124.Микроағзалар экологиясы:топырақтардағы микроағзалардың қызметі мен таралуы
- •125. Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •126.Микробиологияның бөлімдері.Қолдану сфералары бойынша мик.Бөл.Мед.Қ ауылшар.Қ ветер.Қ....
- •127.Тбиғаттағы заттар айналымындағы мик.Ағ.Ң ролі: құрамында күкірті бар заттарды тасымалдау процестері.
- •128.Микроағзалардың көбеюі,бөліну арқылы көбеюі
- •129.Микроағзалар генетикасы.Мутация жиілігі,олардың алуан түрлілігі.Мутация типтері.Спонтанды,индукциялық, радияциялық, химиялық мутагенез
- •129.Микроскоп.Микроскоп құрылысы.
- •130.Бактерия жасушаларының пішіндерінің алуан түрлілігі. Шар тәрізді немесе коккалардың алуан түрлілігі.
- •131.Микроағзалардың көбеюі:бүршіктену процесі
- •132.Ашу.Ашу процесі туралы жалпы түсінік.Спирттік ашу.Спирттік ашу процесін жүзеге асыратын микроағзалардың алуан түрлілігі
- •134.Топырақ микрофлорасы.Топырақ мирофлорасын анықтау.Микроағзаларды бөліп алуда суспензиясын дайындау
- •135.Бактерия жасушаларының пішіндерінің алуан түрлілігі таяқша тәрізді бакт.Бацииллалар
- •136.Микроағзалардың көбеюі:бүршіктену процестері
- •137. Ашу.Ашу процесі туралы жалпы түсінік.Сүтқышқылдық ашу.Сүтқышқылдық ашу процесін жүзеге асыратын микроағзалардың алуантүрлігі.
- •138.Микроорганизмдер генетикасы:плазмидалардың биологиялық қызметі,хромосомалардағы интеграция
- •139.Саңырауқұлақтар.Аскомециттер класы саң.На жалпы сип.
56.Микроағзаларды жеке топтарға топтастыру. Н. Красильниковтің «Бактериялар анықтаушысы» еңбегі.
1 топ. Спирохиттер. Spirochaetalec –тер қатарына кіреді. Олар спираль формалы бір жасушалы, өзінің жеке морфологиялық ерекшеліктері бар қозғалуға қабілетті клетка. Жасушаның ұзындығы бөлігі 5 тен 250мкм қозғалады. Бөліну арқылы көбейеді. Жасушалары протоплазмалық цилиндр, ұзынша жіпшелер және сыртқы қабықшадан тұрады. Қабықшасы жұқа және созылмалы болып келеді. Өзінше қозғалуға қабілетті. Бұл топқа жататындар оттегімен қоректенеді. Грамтеріс. Олардың арасында аэробтылар бар. Олардың ішінде өз бетінше қозғала алатындарыда болады. Тұзды және тұщы суларында құрамы Н2S бар жерлерде кездеседі. Патогендердің кейбір түрлері Treponema pallidum – сифилисті қоздырғыш болып табылады. Borrelia recurrentis – тифтің қоздырғышы.
2 топ. Аэробты, спиральді қозғалғыш немесе иілгіш грам теріс бактериялар. Осы топтағы прокариоттардың жасуша қабықшасы жақсы жетілген. Жасуша пішінін өзгертпейді. Олардың қозғалысы бір немесе бірнеше талшықтардан құралады. Хемоорганотрофтар қоректенетін заттары арқылы бір-бірінен ажыратуға болады. Spirillum тұқымдастары тұрып қалған лас суларда, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының арасында кездеседі. Олардың арасында паразиттер болады.
3 топ. Қозғалмайтын грам теріс иілгіш бактериялар. Бұған Spiromonaceae тұқымдастары жатады, олар аэробты. Жасушалары әртүрлі пішінді болады.
4 топ. Грам теріс аэробты таяқшалар және коктар. Бұл топтың 8 тұқымдастары бар. Pseudomonadaceaе тұқымдастарына жататын жекеленген түзу немесе иілген қозғалғыш таяқшалар болып келеді. Олар қармалаушылары арқылы қозғалады. Бұл топтағы жасушалар өзіне энергияны оттегінің қышқылдануынан немесе көмірқышқыл газынан алады.
5 топ. Факультативтік анаэробты грам теріс таяқшалар. Бұлар 3 тұқымдастардан тұрады: Enterobacteriaceae, Vibrionaceae мен Pasteurellaceae. Бірінші тұқымдасқа қозғалатын немесе қозғалмайтын таяқшалардан тұрады. Кейбіреулері капсула құрайды. Хемоорганогетеротрофтар. Энергияны тыныс алудан немесе ашудан алады. Бұл тұқымдастар табиғатта көптеп кездеседі. Олар топырақта, теңіз суларында, тұщы суларда кездеседі. Өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтарында, адамдардың ішегінде, жануарлардың көптеген түрлерінде, құстар мен балықтарда болады.
6 топ. Анаэробты грам теріс тік, иілгіш немесе спиральды таяқшалар. Негізінен таксономиялық топтың тұқымдасы Bacteroidaceae. Бұл таяқшалар түзеткіш пішіндері қозғалатын немесе қозғалмайтын жасушалар. Хемоорганотрофтар. Олар адамдардың және жануарлардың ішектерінде, жәндіктердің асқорыту мүшелерінде кездеседі. Бұл патогендердің кейбір түрлері теріге әсер етеді.
7 топ. Диссимиляциялық күкірт пен сульфатты қалпына келтіруші бактериялар. Бұл топтағы эубактериялар әртүрлі морфологиялық біртектес құрамда болады. Грам теріс қалыпты анаэробты акцептордың сапасы электрондық молекулалық күкірт H2S. Кейбір түрлері ашуға бейім, олардың арасында азотфиксаторлар бар.
8 топ. Анаэробты грам теріс коктар. Veillonellaceae бір тұқымдасы болады. Коктар бір-бірімен байланыста тұрады. Хемоорганогетеротрофтар қомағай. Бұл топтар жылы қанды жануарлардың денесінде болады. Асқорыту мүшелерінде, ауыз қуысында, адамдар мен жануарлардың тыныс алу мүшелерінде болады.
9 топ. Риккетсия мен хламидия. Бұл топтың екі түрі бар. Rickettsiales және Chlamydiales. Бірінші топтағы бактерияның негізгі белгілері: племорфты, қозғалмайтын грам теріс эубактериялық жасушалық қабықшалар, ішкі жасушалардың бөліну арқылы көбейеді. Олар ауру ұлпаларда, омыртқы жасушасында кездеседі.
10 топ. Микоплазмалар. Бұған жасуша қабықшасы жоқ түрлері жатады. Берги бактериясының анықтамасы Tenericutes, класс Mollicutes, қатары Mycoplasmatales . Ол гректің myce — саңырауқұлақ; plasma — плазма деген мағананы білдіреді. Бұл бактерия адамда және жануарларда кездеседі. Мысалы, М. Pneumoniae – бұл адамдарда күшті пневмония ауруын қоздырады.
11 топ. Эндосимбионттар. Бұл топқа прокариоттар мен қарапайым эндосимбионттар жатады. Бұл бактерия жәндіктер мен саңырауқұлақтарда, омыртқасыздарда кездеседі. Эндосимбионттар қатарындағыларды зертханаларда таза түрінде зерттеуге болмайды. Эндосимбионттарды зерттеуге әдістері цитологиялық электронды микроскоптар арқылы болады. Ерекше белгілері негізгілеріне арақатынасы және эндосимбионттардың морфологиясы көбею ерекшеліктері. Жекелеген эндосимбионттарға аты қойылған. Олардың 5 қатарымен 14 түрі бар.
12 топ. Граммоң коктар. Бұл топқа 15 қатар кіреді. Олар финогенетикалық және фенотиптиялық болып ажыратылады. Олар энергияны тыныс алу арқылы немесе ашытқыдан алады. Хемоорганогетеротрофтар қоректенуі әр түрлі болады. Micrococcaceae тұқымдасы коктар тобындағы бактериялар бөліну арқылы көбейеді. Көптеген органикалық қалдықтарды шірітіп “тазалаушы” міндетін атқарады. Бұл топқа Streptococus тұқымдасы жатады. Энергияны күшті қышқылдарының ашу процесінен алады және Leuconostos тобындағыларда гомоферменттік сүт қышқылы ашуға әсер етеді. Бұл топтағы бактериялар топырақта, ауыз қуысында, ас қорыту мүшелерінде, адамдар мен жануарлардың тыныс алу мүшелерінде болады. Кейбір түрлері Staphylococcus тобына жатады.
13 топ. Эндоспора түзетін грамоң таяқшалар мен коктар. Бұл топқа 6 туыс жатады. Бұлардың енуі (Bacillus және Clostridium) көп тараған. Bacillus туысы ұйысқан қозғала алатын таяқшалы жасушалар. Бактерияның бұл түрлері полисахаридтерде ақуыздар мен май түзейді. Ал кейбір түрлі антибиотиктер түзейді. Көпшілік бациллдер - сапрофиттер. Негізгі тұрағы топырақ. B. anthracіs – бұл сибирь язвасының қоздырғышы. Май қышқылынан энергия алады. Кейбіреулері адамдар мен жануарлардың ішектерінде кездеседі. С. tetani – столбняктың қоздырғышы болып табылады. C. persrinqens cияқтылары іріңді гангренаны қоздырады. С. perfringens – экзотоксина ол биологиялық өте күшті у болады.
14 топ. Грамоң таяқшалар түзейтін споралар. Конгломераттар тобына бір-біріне физиологиялық, морфологиялық ұқсастығы бар 7 туыс жатады. Өте күрделі ортада өмір сүретін аэробтар, микроаэрофильдер және аэротолеранттар, анаэробтар хеморганогетеротрофтар жатады. Табиғатта өте көп тараған: топырақтан табуға болады, өсімдіктер мен жануарлардың майларынан, сүттен, сүт тағамдарынан, омыртқалардың ішектерінде кездеседі.
15 топ. Грамоң спора түзебейтін таяқшалар. Бұл топ әртүрлігімен ерекшеленеді. Грамоң таяқшалардың дұрыс емес түрі, ауа бар жерде эндоспора түзбейді, бактериялар тобы коктар анаэробтармен бірге болады. Бұл таяқшалар дифтерияны қоздырады, кейбір түрлерімен өсімдіктер ауруға шалдығады.
16 топ. Микробактериялар. Бұл бактериялар тобын құрайтын Micobacteriaceae бір туыс Mycobacterium микробактерия - грамоң таяқшалар. Таяқшалар даму формасында кокка тәрізділерге айналады. Микобактерияларда мицелийлер пайда болмайды. Қышқылдар мен спиртке төзімді келеді. Топырақта кездесетін сапрофит бактериясы ақуыздар мен көмірсулар, майлар, парафиндерде қолданылады. Патегендердің М. tuberculosis — туберкулез қоздырғыштарының таяқшалары мысал бола алады.
17 топ. Нокардиоформалар. Бұл топқа даму циклінің мицелиалды сатысы бар бактерияның жиынтығы жатады. Нағыз споралары жоқ. Топ морфологиялық және физиологиялық, биохимиялық ерекшеліктерімен көп түрлі. Барлық топтарының өкілдері грамоң аэробты. ГЦ құрамында ДНК-63-79% болады. Әр түрлі топтарға бөлгенде химиялық жасуша қабықшаларына қарай бөлуге болады.
18 топ. Оттегінсіз фотосинтез құрайтын фототрофтық бактериялар. Бұған эубактерия фотосинтездеуші болады. Пигменттердің жиынтығы ерекше фотосинтезде бактерохлорофил мен каротиноидтың әр түрлерімен қатар оттегіні бөледі.
19 топ. Оттегі қатысуымен фотосинтез құрайтын фототрофтық бактериялар. Эубактерияға жататын топтағы фотосинтетикалық пигменттер құрайтын соның ішінде міндетті – хлорофилл а болуы және молекулярлық оттегі түзейді.
20 топ. Аэробты хемолитотрофтық бактериялар және соған жақын ағзалар. Бұл топқа жататын прокариоттар энергияны қышқылданған бейорганикалық қосылыстардан азот, күкірт, темір, молекулярлы сутегінен алады. Бұл топ 4 майда топшалардан құралады.
21 топ. Бүршіктенген немесе сабақ тәрізділер. Бұл топқа өскіндердің шырынында болатын цитоплазмаға байланысты емес Nekvia-туыстық бактериялар өскіндердің шырында пайда болатын жасушадан бөлініп шығатын шырыш өскіндерге ұқсас келеді. Өз ерекшеліктерімен Gallionella бактериясы бұршақ формалы өзінен гидроксиль темір болып шығарады олар иілген шиыршықтар тәріздес болып келеді.
22 топ. Шырышты қабық түзетін бактериялар. Бұл топқа жай көзге көрінбейтін суда өз бетінше қозғалып немесе бір затқа жабысып тұратын болады. Құрамында темір тотығы және марганец түзіледі. Бұл топтағы бактериялар - аэробтар және хемоорганогетеротрофтар болады. Көп тараған Sphaerotilus және Leptothrix. Sphaerotilus — ағынды суларда көп болады, олар органикалық затқа байланысты. Leptothrix - органикалық заттарға кедей темір тотығы көп болады.
23 топ. Жыныс денесі пайда болмаған фотосинтезге қатыспайтын жылтыр бактериялар. Бұл топтағыларға жататындар морфологиялық, физиологиялық жағдайлары әртүрлі бактериялар жатады. Көпшілігі ешқандай талшықтарының көмегінсіз қатты жерлерде қозғала алады. Топтың ішінде 3 қатарға бөлінеді. Cytophagales қатарындағылар грам теріс таяқша тәріздес бактериялар, энергияны тыныс алудан және ашу процесінен алады. Әртүрлі полсахаридтерді пайдалана алады (агар, целлюлоза, хитин, храхмал, пектин және т. б.).
Beggiatoales қатарына жіп формалалылары жатады. Сырғымалы қозғалысқа әсер ететін жіпшелері серпімді. Leucothrix түрге жататын бактерияларда ұзын жіпшелері пайда болады.
24 топ. Миксобактериялар – жыныс денелері пайда болған жылтыр бактериялар. Myxococcales қатарына жатады, 4 туысқа бөлінеді. Таяқша тәрізді грам теріс, жұқа серпімді жасуша қабықшасы бар бактериялар. Жасушаны қоршап тұратын шырыш қабықшасымен ерекшеленеді. Талшықтары болмайды. Миксобактерияларда жыныс денелері пайда болған. Энергияны тек тыныс алудан алады. Қатты ортаның беткі қабатында жақсы өседі. Негізгің кездесетін жерлері – топырақ.
25 топ. Археобактерия. 3 эволюция қатарынан өткен прокариоттылар жатады .
26-33 топ. Актиномицеттер. Салыстырмалы анализ 16S рРНК көрсеткендей барлық грамоң эубактериялар 10 негізгі филогенетикалық сабақшалар түзеді. Олар 2 негізгі сабақшаларға бөлінеді: 1 бөліміне молекулярлы қосылыстары бар ГЦ ДНК 55 %, келесісіне - Bacillus — Clostridium — Streptococcus ДНК ГЦ құрамы 50%.
26 топ. Нокардио тәрізді актиномицеттер. 17 топта суреттелген ағзаларға жақын келеді .
27 топ. Көп жасушалы спонгиялы актиномицеттер. Өзінше вегетативті денеден тұратын актиномицеттердің бір тобы біріктірілген (талломдар): мицелилі жіпшелер (гифалар). Спора түзеді. Жіп тәрізді мицелилі Geodermatophilus және Dermatophilus микроағзалар жатады.
28 топ. Актинопланеттер. Су ортасында кездесетін актиномицеттер тобы біріктірілген. Спорангилер түзетін топтар өкілдері жатады. Micromonospora топтың өкілдерінде спорангилері болмайды. Осы топқа кіретін барлық актиномицеттер — аэробтылар, хемоорганогетеротрофтылар, сапрофиттер немесе факультативті паразиттер. Негізгі тіршілік ортасы: тұщы су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлардың өлескі қалдықтары.
29 топ. Страптомицеттер және оған жақын туыстар. Жақсы мицелий құрайтын актиномицеттер. Көбеюі спора арқылы, гифа түзеді. Streptomyces туысының 500 түрі кездеседі. Көптеген стрепомицеттер антибиотиктер синтездейді.
30 топ. Мадуромицеттер. Аэробты актиномицеттер. Споралар түзбейді, олар тек гифтер құрайды .
31 топ. Термомоноспоралы және оған жақын жақын туыстар. Бұл топ өкілдері мицелий құрайды, гифтерінде жылжымалы немесе жылжитын спора түзеді. Көптеген өкілдерінде спорангилері болмайды. Thermomonospora туысындағы актиномицеттердің өсуіне 40-480 температура қолайлы.
32 топ. Термоактиномицеттер. 1 туыс термофильді актиномицеттерді біріктіреді. Зерттеулер көрсеткендей споралы Thermoactinomyces эндоспоралы түрге жатады. Бұл топтың өкілдері субстратты мицелий құрайды. Аэробты хемоорганогетеротрофтылар. Негізгі тіршілік ортасы – топырақ, су, өсімдік қалдықтары.
33 топ. Актиномицеттердің басқа да түрлері. Соңғы жылдары актиномицеттердің жаңа түрлері ашылуда, жеке туыстарға бөлінген топтар енгізілген.
57.
Ашытқы
саңырауқұлақтарының жасушалары. Ашытқы
саңырауқұлақтарының көбею ерекшеліктері.
Ашытқылар.
Ашытқылар
немесе бүршіктенетін саңырауқұлақтар
– протоаскомицеттер класына жатады.
Ашытқылар
– бір жасушалы ағзалар қатарына жатады.
Оның көлденеңінен өлшемі 3 тен 5 мкм-ге,
ал ұзындығы 6 дан 10-15мкм-ге жетеді.
Ашытқылардың пішіні – дөңгелек,
сопақша-жұмыртқа және эллипс тәрізді
болып келеді. Ашытқылар жасушаларының
пішіні және құрылымы тұрақсыз, олар
дақылдау жағдайларының өзгеруімен
сипатталады. Ашытқылар жасушалары
жасушалық мембранадан, цитоплазмадан
және цитоплазмада орналасқан органоидтардан
(ядро, ядрошық, митохрндрия, рибосома,
вакуоль, Гольджи аппараты), сонымен
қатар, жасушаның қор заттарынан, май
тамшылары, гликоген түйіршіктері және
валютин (сурет 7). Жас ашытқы жасушалары
цитоплазмасы гомогенді құрылымды және
вакуолясы кішірек келеді. Жасушалардың
өсуі және ұлғайюы салдарынан цитоплазма
түйіршікті және вакуолясы үлкен келеді.
Ашытқылар қоршаған ортаның қолайсыз
жағдайлары салдарынан төзімді тыныштықтағы
жасушалар – артроспоралар мен споралары
бар қалталар түзуге қабілетті.
Артроспоралар вегетативті жасушалардың
пішінін сақтап қалады, бірақ олардан
айырмашылығы – артроспора плазмасы
өте тығыз, гликоген, май тамшылары және
тығыз қабықшалы болады. Споралары бар
қалталар вегетативті жасушалардың
пішінін және көлемін сақтап қалады.
Сурет 7 – Ашытқы жасушасының көлденеңінен кесіндісі:
1 — цитоплазматикалық мембрана; 2 — цитоплазма; 3 — Гольджи аппараты; 4 — эндоплазматикалық тор; 5 — май тамшылары; 6 — митохондрия; 7 — ядро; 8 — жасушадан бөлінген бүршіктің орны, 9 — ядрошық; 10 —волютин түйіндері (метахроматин); 11 — рибосомалар; 12 — вакуоль; 13 — жасуша қабықшасы.
Ашытқылардың көбеюі. Ашытқылар көбеюінің 2 түрі белгілі— вегетативтік (жыныссыз) және спора түзу арқылы жынысты. Көптеген ашытқылар түрінде вегетативті көбею бүршіктену арқылы өтеді, сирек жағдайда бөліну арқылы өтеді (Schizosaccharomyces). Ашытқы саңырауқұлақтары көбінесе бүршіктену арқылы көбейеді. Бұлар спора түзу және жай бөліну арқылы сирек көбейеді. Олардың кейбір түрі жыныстық жолмен көбейеді.Бүршіктеніп көбейгенде, алдымен аналық жасушадан төмпешік пайда болады да, кейінен ол үлкейіп бүршікке айналады. Бұдан кейін жас жасуша аналық ағзадан мүлдем бөлініп кетеді. Қолайлы жағдайда бүршіктену екі сағатқа созылады. Көмірсулар пен азотты қоректік затқа бай ортада ашытқы саңырауқұлағының бүршіктенуін жай биологиялық микроскоптармен де көруге болады.Аспорогенді ашытқылар тек бүршіктену арқылы көбееді. Жынысты көбею тек қолайсыз жағдайлар туындаған кезде, яғни, ашытқылардың бүршіктенуі тоқтап, ашытқылар жасушалар споралы қалталарға – аскоспораларға айналады. Жынысты процесс (сурет 8) – копуляцияға негізделген, яғни, 2 вегетативті жасушалардың бір-біріне жақындап, копуляционды түтік түзеді.
Сурет 8 – Ашытқылардың жынысты көбеюі және тірішілік циклы:
а — аскоспоралар; 6 — ұрықтану; в — хромосомалық редукция; г— диплоидты жасушалар. Гаплоидты генерация бос кескіндермен, ал диплоидты — штрихты кескіндермен көрсетілген. А — Saccharomyces; Б — Zygosacharomyces; В — SaccharomycodesТүтік арқылы жасушаның плазмасы мен ядролары қосылып (кариогамия), 2 жасушаға ұқсас, копуляционды түтік арқылы байланысқан диплоидты зигота түзеді. Мейоз немесе редукциялық бөліну, бірден жынысты көбеюінсіз зигота 4 гаплоидты споралары бар қалталарға немесе аскаларға айналады, сондықтан, споралардың мұндай ұрпақтары гаплоидты болады. Споралар копуляция процесінсіз өне бастайды. Zygosaccharomyces туысына жататын ашытқылардың көбеюі осы жолмен өтеді (сурет 8,б). Ал Saccharomyces туысына жататын ашытқыларда жынысты көбею споралардың немесе споралардан өніп шыққан жасушалардың қосылуы нәтижесінде диплоидты зигота түзіледі, соңынан, бірден бүршіктену процесі өтеді, нәтижесінде диполоидты ұрпақ түзіледі (сурет 8,а). Мейоз спора түзілу процесі алдында өтеді. Ашытқы саңырауқұлақтардың систематикасы көбею тәсілдері мен физиологиялық қасиеттеріне негізделген (сурет 9). Олар екі тұқымдасқа бөлінеді: сахаромицеттер және сахаромицет еместер.
59. Залалсыздандыру. Залалсыздандыру әдісі, оның алуантүрлілігі және микпрбиологиялық зерттеу әдістерінде қолданудың тиімділігі. Төмендегі суреттегі сызба нұсқаның құрылысын түсіндір. Залалсыздандырудың ең қолайлы әдістері болып термиялық, сәулелік залалсыздандыру және этилен тотығымен заласыздандыру жатады. Термиялық (автоклавта қөрғақ бумен 100°С - 140°С дейін) немесе құрғатқыш шкафтарда құрғақ ыстықпен (160°С - 200°С) Залалсыздандыру жатады. Жоғарғы температурамен залалсыздандыру кезінде келесі жұмыс фазаларына бөледі: қыздыру уақыты (жұмыс камерасында бастапқы қыздыру уақытынан бастап белгіленген температураға дейін);тепе-теңдік уақыты (жұмыс камерасында стерилденіп жатқан материалдың барлығына белгіленген температураның таралуы);жою уақыты (нұсқауда көрсетілгендей, микробтарды жоюға арналған уақыт).Залалсыздандырудың сенімділігі 50% жою уақытының ұзақтығына байланысты. Нақты залалсыздандырудың уақыты тепе-теңдік уақыты, қосымша жою уақыты және қосымша қауіпсіздік уақыты болып табылады. Залалсыздандыру дұрыс жүргізілмесе немесе температура параметрлері жеткіліксіз болса, стерелизацияны қайталап жүргізген жөн (Денсаулық Сақтау Министрлегінің № 720, 31.07.78 ж. бұйрығымен стерилизация тәртібі белгіленген).
