Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

126.Микробиологияның бөлімдері.Қолдану сфералары бойынша мик.Бөл.Мед.Қ ауылшар.Қ ветер.Қ....

Микробиология ( грек тілінен аударғанда micros – кішкентай, bios – тіршілік, logos - ілім) – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микробиологияның мақсаты – микроорганизмдердің физиологиясын, генетикасын, экологиясын және биохимиясын зерттеу. Микроорганизмдерге әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады. Микроб әлемінің ауқымдылығы соншалықты, онда көптеген және әртүрлі пайдылы және жарамсыз микроскопиялық организмдер кездеседі. Олар табиғатта, өндірістің әртүрлі саласында, ауыл шаруашылығында, адам өмірінде, жануарлар ағзасында және т.б. жағдайларда үлкен роль атқарады. Микроорганизмдердің бір түрлері табиғаттағы зат және энергия айналымының негізі болып саналады. Микроорганизмдердің көптеген түрлері эволюция барысында тірі организмдерге бейімделіп, паразиттік қасиетке ие болған. Паразиттер – жануарлардағы, өсімдіктердегі және адамдардағы әр түрлі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болып саналады.

Микробиология жеке ғылым болғандықтан, оны зерттеудің өзіндік әсері бар. Бұл әдістер іс-тәжірибеде кең қолданылып жүр. Молекулалық биологияның соңғы жылдардағы қарқындап дамуы микробиологияда жаңа биохимиялық, биофизикалық және генетикалық әдістердің енуін қамтамасыз етеді. Осы әдістерді қолдану барысында микробиологияда бұрын зерттелген салалардан бірқатар жаңа деректер алынды. Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Ал ферменттерді, витаминдерді зерттеуде микробиология биохимия пәнімен де ұштасып жатады. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлардың зиякестеріне қарсы күресуде, шырынды азық -сүрлемді даярлауда кеңінен қолданылады.

Микробиология микроорганизмдердің биохимиялық өнімдерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен, қанттың спиртке дейін ашуын, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар. Ірі өндіріс орталықтарында, қалаларда қалдық заттардың көптеп жиналуы тіршілік үшін өте қауіпті. Сондықтан оларды уақытында осы зиянды заттардан тазартуда микроорганизмдерді қолданады.

Микробиология бөлімдері. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микробиология, техникалық немесе өндірістік микробиология, тағамдық микробиология, ауылшаруашылық микробиология, геологиялық микробиология, санитариялық микробиология, медициналық микробиология, эпидеминология, мал дәрігерлік миробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым салаларына бөлінеді.

Жалпы микробиология – микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жалпы сипаттама береді, олардың табиғатта зат алмасу процесіндегі ролін және оны адам игілігіне қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.

Техникалық немесе өндірістік микробиология – микроптардың тіршілік нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам үшін ең қажеттілерін іс-жүзінде өндірудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндірудің технологиялық жағынан тиімді жолдарын қарастырады. Сонымен қатар ол дайын өнімдерді микроптардан қорғаудың әдістері мен жолдарын белгілейді.

Тағам микробиологиясы - әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағамды өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және осы өнімдердің микроптар әсерінен бұзылуын болжаудың шараларын белгілейді.

Ауылшаруашылық микробиологиясы - өсімдіктердің қоректенуі мен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді. Топырақтың құнарлығын арттыру мақсатында пайдалы микробтардан тыңайтқыштар жасауды қарастырады. Сонымен бірге мал азықтық ақуыздарды өндіруге басқада өсімдіктер текті азықтарды құнарландырудағы микроорганизмдердің пайдалы топтарын тауып шаруашылыққа ұсынады.

Геологиялық микробиология немесе геоморфология – жер қабатындағы микроорганизмдерді зерттейді. Тірі микроорганизмдердің бірнеше километр тереңдікте, жердің мұнай таратқан қабаттарында кездесетіндігі анықталды. Олар 1000 атмосфералық қысымға шыдай алады. Сондықтан олардың жер қабатындағы түрлі заттардың түзілуіндегі ролін геологиялық микробиология зерттеп ашады.

Санитарлық микробиология – су, ауа және топырақтағы микроорганизмдердің таралуын, ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көмегімен аурулардың таралу жолдарын зерттеп, ақыр аяғында табиғаттағы адам пайдаланатын объектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын белгілейді.

Медициналық микробиология – адамда аура қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу, олардан алдын-ала сақтанудың лабораториялық диогностикасы және арнаулы әдістерін жасауды қарастырады.

Эпидемиология – адам мен жануарларда кездесетін әртүрлі жұқпалы аурулардың жаппай таралу жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды, олармен күресу шараларын белгілейді.

Мал дәрігерлік микробиология малдарда болатын жұқпалы ауруларды, қоздырушы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күрес шараларын анықтайды.

Вирусология – вирустардың өсімдіктерде, жануарларда, адамда және бактерияларда даму заңдылықтарын зерттейді, вирустық ауруларды табудың әдістері мен жолдарын емдеу, алдын-ала сақтандыру жағдайларын қарастырады.

Қазіргі кезде микробиология ғылымы басқа да салалармен тығыз байланыста, олардың әдіс тәсілдері және басқа да жетістіктері микробиологияда кеңінен қолданылады.