Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жобалау әдістемесі оқулық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары

Мақсатты әрекет ретіндегі жобалаудың мәні өзгерістерді басқару идеясымен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда жалпы жобалау қызметінің де, нақты жобалардың да ауқымы жобалау қызметін жүзеге асыру нәтижесінде болатын өзгерістер деңгейіне қатысты өлшенеді. Сондықтан, нәтижесінде нақты жобалар құрастырылатын (басқарушыларды оқыту бағдарламасы, тренингтер, семинарлар, жаңа оқулықтар, белгілі бір педагогикалық зерттеу нәтижесі ретіндегі өнім, т.б.) жобалау мен сол нәтижелердің педагогтар мен білім алушыларды, басқарушыларды, ұйымды, немесе, жалпы жүйені дамытуға жасайтын ықпалын айыра білу және оны пайдалана білудің маңызы зор.

Жобалауды педагогикалық инновация тұрғысынан қарастырсақ, оның өзі шын мәніндегі инновация болып табылады. Өйткені, жобалау негізінде жүзеге асырылатын қайта құрулар ұйымның дамуы мен ондағы өзгерістердің инновациялық механизмін жасайды. Сөйтіп, жобалауды ұйымдастыру жобалардың ішкі мазмұнын, жоба құрастыру жолдарын және жобалау нәтижесінде берілген жүйенің дамуына ықпал ету жолдарын қамтиды.

Соған орай, ұйымдастырушылар назарында үнемі екі топтағы мәселелер тұруы тиіс, олар: 1) жобалау қызметін ұйымдастыру – орындалатын жобаның мазмұны мен оған қажетті ресурстары және 2) күтілетін нәтижелер – жүйенің өзін дамыту.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жобалау әрекетін ұйымдастыру бірнеше деңгейден: жобалау тұжырымдамасын жасау, оның мазмұндық және процессуалдық қызметтерін құрастыру және орындаудан тұрады.

Жобалаудың бастапқы кезеңінде оның түпкілікті нәтижесі нақтыланады. Оның барысында жүйені дамытудағы күтілетін нәтиженің мәні - нені қалыптастыру қажет, ол – жаңа қатынастар деңгейі ме, әлде құзыреттілік пен кәсібиліктің жаңа деңгейі ме, оқыту мен тәрбиедегі жаңа дәстүрлер бола ма, – нақты анықталады.

Жобаланатын педагогикалық құрылымның компоненттік бөліктерінің әртүрлі құрастырыла алатын қасиеттеріне сай жобалау қызметі де түрлі бағыттарда жүргізіле алады. Сөйтіп, жобалау әрекеті жүйені жан- жақты дамытуға, яғни, оның ішкі қызметтік - құрылымдық байланыстары мен адам ресурстарын дамытуға бағытталады.

Бірақ, қай жағдайда да жүйені құрылымын жобалауда жүйе құрылымдарының изоморфтығы (гр.isos және morphе -ұқсас құрылымдар арасындағы сәйкестік қасиеті ұғымы) туралы ережеге сүйену қажет болады. Құрылымдық компоненттерінің артықтығы да, немесе жетіспеушілігі де жүйенің дамуына кері әсер ететіні есте болуы қажет. И.А.Колесникова, оны «тірі организмдер» жүйесімен ұқсастырады: «табиғат тірі организм бойында ұқсас қызметтер атқаратын, немесе, бәсекелес органдар болмайтыны тәрізді, педагогикалық жүйелердің ішінде де артық, бірі –бірі қайталаушы қызметтер атқаратын құрылымдар болуы тиіс емес. Әйтпесе, педагогикалық қызметке жатпайтын, бөлекше, қолайсыз қатынастар қалыптасуға негіз қаланады».

Педагогикалық жүйелердің компоненттік құрамы белгілі бір мақсатты көздейтін жобалау қызметінің жүргізілу логикасын қамтамасыз етуге қажетті және жеткілікті болуы тиіс. Компоненттер құрамына енгізілетін өзгерістер міндетті түрде негізделеді, оның себептері мен нәтижелері алдын ала нақтыланады. Соған сай, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау қызметі жүйенің құрылымдық толықтығын өзгертпей, оған жаңа компонент қосылмайтындықтан қажетті және жетілікті құрылымдық логикасын бұзбайды.

Жобалау – бұл, ең алдымен – ойлау қызметі, өйткені, оның барысында оймен болжам жасау, ойша құрастыру жүзеге асырылады. Жобалау «алға қойылған» деген ұғыммен түсіндірілетіндіктен, оны шешім қабылдау үшін алға қойылған ойлау қызметі деуге болады. Мысалы: адамның өзінің әрекеттерін басқаруда алға қойылған ойлау қызметі; бірлескен әрекеттерді орындауда өзге адамдарды тарту үшін олардың алдына қойылған ойлау қызметі; мәселенің шешілуіне ықпал ете алатын адамдардың алдына қойылған; ресурстық қамтамасыз ете алатын адамдардың алдына қойылған; жобалау нәтижелі болуына мүдделі адамдардың алдына қойылған, т.б.

Бұлардың барлығы да жобалаудың ойлау қызметімен байланысты екенін көрсететіндіктен, басқа адамдарға түсінікті құжат болуын талап етеді. Оның негізгі белгілері:

− мәселенің нақты және кешенді қойылуы;

− күнделікті атқаратын қызметтен бөлек шектелуі;

− айқын мақсаты болуы;

− ресурстардың нақты жоспарлануы;

− уақыттың (жобаның басталуы мен аяқталуын) дәл көрсетілуі;

− ішкі ұйымдастырылу түрі белгіленуі;

− кімге арналғаны белгіленуі;

− нәтижелердің тиімділігін нақты тексеру өлшемдері болуы.

Педагогикалық жобалаудың заңдылықтарын қарастыруда оның жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, жүйенің өмір сүру және дамуы жағдайлары туралы түсініктерді ұғынуды қажет. Сондықтан, жобалаудың өзіне тән заңдылықтары мен принциптерінің анықталуы және сақталуы тиіс. Мысалы, Ю.А.Конаржевский ұсынған басқарудағы демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын орындау түрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың, педагогтар мен білім алушылардың, ата - аналардың белсенділіктерін жобалауда пайдалануға ықпал етеді. Бұл шешім қабылдауда, қатысушыларды таңдауда, қажетті ақпараттарды алуда, педагогтардың ұйымдағы проблемалардан хабардар болуында аса маңызды.

Жобалау қызметіндегі ізгіліктік көзқарас – адамдардың бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, олардың өзін - өзі басқаруға жағдай туғызу болып табылады. Ізгіліктік құндылықтарына сүйене отырып басқару әр адамның өзіндік құндылығын, адами көқарастарын дамытуды көздейді. Сөйтіп, барлық деңгейлерде субъектаралық қарым -қатынастың орнығуына негіз болады..

Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік ғалымдар түрліше анықтайды, мысалы: Дж.К.Джонстың зерттеулерінде олар: дәстүрлілік пен жаңашылдықтың байланысы мен тепе теңдігін сақтау; ұйымның «жақын даму аймағында» жобалау; күтілетін нәтижелердің жобалаушы адамдарға қатыстылығы; алынған нәтижелердің ұйымда институциялануы, бекітілуі; белгілі бір әлеуметтік топтар проблемасын шешу мақсатына бағдарлылығы болса, М.М.Поташник оларды жаңалықтық ұстанымы (мақсат, міндеттеріндегі, мазмұнындағы, ұйымдастыру тәсіліндегі, басқарудағы, т.б.), мақсатқа бағытттылық ұстанымы (белгілі бір нәтижені нақты жүзеге асыруға бағыталғандығы), жүйелілік принципі, сабақтастық ұстанымы, ғылымилық ұстанымы, технологиялылық ұстанымы, нақтылық ұстанымы, ресурстық қамтылу ұстанымы, оңтайлылық ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп қарастырады.

Бұл пікірлер жобалау әрекетінде негізге алынатын ұстанымдарды құрайды. Біздің зерттеуіміз бойынша, педагогикалық жобалауды жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық - бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар жүйесін анықталды.

Жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық процестің жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Бұл педагогикалық процесті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Жүйенің интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі өзгерістер басқа компонент, не тұтас жүйенің өзіне өзгеріс енгізе алады. Сөйтіп, жүйенің басқарудағы біртұтастық жүйенің барлық компоненттерінің дамуына, тұрақтануына, нығаюына ықпалы болады.

Синергетикалық ұстаным. Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, әлеуметтік ұйымдар -ашық және өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынасы арқылы өзін-өзі дамытуға өзіндік мүміндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиетін көруге болады. Жобалау әрекеті өзінің мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар мен педагогтардың өзіндік дамуы мен өзіндік білім алуын ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді. Сөйтіп, жобалауда синергетикалық принциптің сақталуы педагогтардың, білім алушылардың, шығармашылық топтардың, сыныптың, білім беру ұйымының, т.б. өзін-өзі басқару негізінде дамуын қамтамасыз етеді.

Мақсаттық - бағдарлылық ұстаным жобалаудың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер негізінде жобалау алды талдау қызметін де қамтиды.

Технологиялық ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық реті құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын - ала анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай қатысушылардың қызметтерін бөлісу және оларды үйлестіріп отыру ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип жобалауға қатысушы адамдар мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді;

Құзыреттілік ұстанымы жобалауға қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау – ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, өйткені, жобалау барысында қамтылатын педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыретіліктер адамдарға өз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, проблемаларды талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік береді.

Кері байланыс ұстанымы. Жобалауды ұйымдастыруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Педагогикалық процесте нәтиженің орындалу барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе - ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, сонымен қатар ұйым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынас ұйымдастыра алады. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі.

Нәтижелілік ұстанымы жобалау нәтижесінде орындалуы тиіс күтілетін нәтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді әдіс - тәсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нәтижелердің мақсатқа сәйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады.

Сонымен қатар, педагогикалық жүйелер қызметтерінің нәтижелері жүйе ішіндегі өзара тығыз байланыста болып келетін көптеген факторларға – ресурстар мүмкіндігіне, ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, педагогтар құндылықтарына, сыртқы ортамен байланысына т.б. – тәуелді екені ескеріледі.

Педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен барлық құрылымдардың мақсаттарын сәйкестендіру және қызметтік құрылым мен адам ресурстарын құрылымын нәтижеге жетуде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін мақсаттық - бағдарлы жобалар болып табылады.

Мақсаттық - бағдарлы жобалар тиімді дамыту құралы болып табылады, өйткені оны қолдану жағдайлары (белгілі бір құрылымдық жүйеге өзгерістер ендіру, туындаған проблеманы кешенді тұрғыдан шешу қажеттігі, әлеуметтік даму тенденцияларына сәйкес өзгерістер, т.б.) өтпелі кезеңнің ерекшелігіне толық жауап береді, сонымен қатар, бұл бағдарлама әлеуметтік - экономикалық жағдайларға сай мемлекеттік, аймақтық, аудандық қана емес, белгілі бір жүйе, немесе ірі мекеме, ұйым деңгейлерінде де сапалы өзгерістерді жүзеге асырудың негізгі жолы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Жобалау негізінде шығармашылық топтар, шағын топтар, белсенді топтар құрылуы мен олардың өзара байланыстарын көлденең, немесе желілік сипатта нығайту қажеттігі, проблемалардың негізінен пәнаралық және интегративтік сипатта болуы қалыптасқан құрылымға өзгерістер қажеттігін тудырып, дәстүрлі қызметтер матрицалық құрылым арқылы үйлестіріле қолданылады. Бұл иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің, немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең» байланыстардың болуына негізделеді.

Матрицалық құрылым өзара байланыстардың жаңа түрі болып табылады. Оның басты ерекшелігі - басқарудағы дәстүрлі қызметтік және жүйе элементтері мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен өкілеттіктері, жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіруге сүйене отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттердің ерекше қызметін ұйымдастыра алуында.

Осылайша, жобалау қызметі барысында жаңа бөлімшелер құру, өз тиімсіздігін көрсетіп отырған құрылымдық бөлімдерді жабу немесе қайта құру, ішкі кадрлық өзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Мақсаттық - бағдарлы жобалардың алдымен дәстүрлі басқару циклдік айналымына – жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, есептеу, реттеу, талдау – негізделетінін ескеру қажет. Мысалы бірінші кезеңде: жобалық бағдарлама құрастыру; кіру және шығу мәліметтерін дайындау; нәтижелерді бақылау, бағалау өлшемдерін даярлау; жобаны талдау және оны түзету жолдарын жасау; талдау нәтижелерін ескеру және жобаны өзгерту жолдарын белгілеу.

Екінші кезеңде, тиісті қызметтік сала басшылары мен бөлімшелердің, мамандарының арнайы міндеттері мен қызметтерін бекітіп беру қажет, олар берілген мақсат ауқымына сай әртүрлі болуы мүмкін.

Жүйені мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі негізінде дамытудың үлгілік матрицалық құрылымы мақсатты түрде күтілетін нәтижелерге бағытталауын көздейді. Мақсаттық - бағдарлы жобалар тұрақты сипатта да, уақытша сипатта да бола алады, әрбір жобалық бағдарламаны басқарушы тағайындалып, салалық орынбасарлардың, немесе кіші жүйе басшыларының қызметтері белгіленген мақсаттарға сай арнайы ұйымдастырылады.

Төмендегі 6 - суретте мақсаттық - бағдарлы жобалaу қызметін ұйымдастырудың матрицалық құрылым үлгісі ұсынылып отыр.

Сурет 6 − Мақсаттық –бағдарлы жобалаудың үлгілік матрицалық құрылымы

Матрицалық құрылымның басты элементтері – мақсаттық - бағдарлы жобалар (суретте шеңберлер ретінде берілген), олар салалық басшылар мен ондағы қызметкерлердің мақсатты бағдарламаны орындау барысындағы қайталанып отыратын қызметтерін көрсетеді.

Суреттегі тік сызықтар – басқару қызметтерімен және көлденең сызықтар – мақсаттық - бағдарлы жобалармен байланыста болатынын бейнелейді.Педагогикалық жүйелерді бүгінгі таңда бір уақытта бірнеше мақсаттарды орындау қажеттігі туындап отырады, ол үшін жүйені басқарушылардың тікелей ұйымдастыруын талап ететін бірнеше бағыттар қамтылуы да мүмкін.

Оларды жүзеге асыру, бір жағынан, жүйенің тұрақты жұмысын қалыпты жағдайда басқару, екінші жағынан, жаңадан туындап отырған мақсаттарды нәтижелі орындауға байланысты күрделенетіні белгілі. Мысалы, соңғы жылдары білім беру жүйесін 12-жылдық білім беруге көшуге даярлау, оның нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр. Бұл міндеттер педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын басқарушылар алдына да, білім беру үрдісін басқарушы педагогтар алдына да жаңа талаптар қоюда.

Педагогикалық жүйелердің синергетикалық табиғатындағы өздігінен ұйымдасу мүмкіндіктерінің болуы мен оның тәжірибеде жүзеге асырылмауы мына проблемаларды айқындайды: біріншіден, педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын басқарудағы жүйенің түрлі деңгейлеріндегі барлық компоненттерін жалпы жүйенің алдына қойылған жүйеқұраушы мақсатқа сай тиімді ұйымдастыру қажеттігі, екіншіден, педагогикалық жүйелерде субъектінің өзіндік дамуын ұйымдастыруға қажетті басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі.

Осылайша, жобалау мақсаттары нақты орындалу уақыты мен кеңістігіне «орналастырылғаннан» кейін (қайда және қашан, қалай орындалады, оның нәтижесі не болып есептеледі, немен өлшенеді, т.б.) міндеттері, мақсатқа жету қандай жолдармен, қандай міндеттерді орындау арқылы мүмкін болатыны белгіленеді.

Жобалау негізіндегі қайта құрулардың мазмұны мен түрлерін анықтау кезеңі – ненің өзгеретінін, ненің құрылатынын белгілеу кезеңі. Жобалау құжаттарында (2 – кесте) өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс –

Кесте 2– Жобалау құжаттарын қолдану үлгісі

Іс – әрекет бағыттары

Іс – әрекет мазмұны

Орындау базасы

Орындау-

шылар

Жүзеге асыру

мерзімі

1

2

3

4

5

әрекеттер мен технологиялық әрекеттер, жаңа «өнімді» (мысалы, оқу әдістемелік құралдар, технологиялық кешендер, құралдар мен әдістемелер) тудыратын қызметтер,

институциялық құрылымдар, т.б. сипатталады. Оларды қолдануға қолайлы болу үшін белгілі бір форматтар, кестелер жасалады.

Кез келген жобаның құрал ретіндегі тиімділігін бағалау (авторлық, немесе сыртқы бағалау) үшін оның құжаттарына көңіл аударуды қажет етеді. Жобалау құжаттары мақсаттарына сай түрлі деңгейлерде жасалынады, мысалы, белгілі бір ұйым үшін маңызды проблеманы шешуді жобалау, белгілі бір қаржылық ұсыныстарға жобалар даярлау, авторлық жобалар, т.б.

Жобалау қызметі туралы құжаттар құрастыруды аяқтау үшін оның шын мәнінде орындауға болатынын тексеру жолдарын белгілеу керек. Жобалаудың құжат ретінде аяқталғаны, толықтығы жүзеге асырылып жатқан үрдістердің дұрыстығын, аралық нәтижелері мен қорытындыларын тексеру, бағалау өлшемдері берілген бөлімінің болуынан көрінеді.

Жобалаудың жақсы жасалғандығының тағы бір белгісі – оның аяқталуының рәсімделуі. Оның нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, аяқталуы барысында талдаулар жасалуы мен объективті бағалануы басқа ұйымдар мен адамдар үшін маңызды болып есептеледі. Рәсімделіп аяқталуына көңіл аудару жобалауға қатысушылар үшін де қажетті шара, өйткені олар белгілі бір деңгейдегі жұмысты қорытындылап, таратылады.

Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың өзіндік талаптары бар, олар:

  1. Жүйелік көзқарастарға сәйкес, жүйенің белгілі бір бөлігін, немесе оның бір компонентін жобалау көзделмейді, олар біртұтас құрылым ретінде алына отырып, барлық кіші жүйелердің өзара әрекеттесуін басқару жобаланады. Бұл жүйенің жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың тұтастығы негізінде күтілетін нәтижені нақтылау, оның мазмұнын, құралдарын, әдіс - тәсілдерін қамтитын мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі түрінде болады.

  2. Педагогикалық жүйелерді басқарудағы инвариант ретінде қызметтік құрылымы сақталып, олар басқарудың дәстүрлі қызметтерін атқару арқылы жүйенің тұрақтылығын, қызметтік тәртіптердің орындалуын жүзеге асырады. Оның қосымша міндеттері жобалау қызметін қамтамасыз ету: талдау, ұйымдастыру, жағдайлар туғызу, тапсырманың орындалу мерзімі мен деңгейін белгілеу, қадағалау.

  3. Мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі жүйедегі адам ресурстарын өзінің ықпал ететін объекті, немесе, нәтижеге қол жеткізуге қажет құрал ретінде қарастырмайды, оны дамыту нәтижесінде жалпы жүйенің дамуын қамтамасыз ете алатын жобалау субъектісі ретінде алады. Жобалау қызметін жүзеге асыру барлық деңгейлердегі жүйелерді басқарушылардың педагогтардың жаңа құзіреттіліктерін қажет етеді. Соған орай, жобалау қызметімен қатар, міндетті түрде жүйені басқарушылардың, педагогтардың құзыреттілігін дамыту сол ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыру арқылы жүргізілуі тиіс.

  4. Жобалауға қатысушы педагогтарды ынталандыру, олардың жаңашылдықтары мен шығармашылығын қолдау, табысты болуға, өз бетімен шешім қабылдауына қолдау көрсету, кәсіби өсуіне, жоғары стандарттар деңгейінде жұмыс жасау жобалау қызметінің басты құндылықтары. Жобалау қызметі жаңа идеялар мен ұсыныстар тудыратын және ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын жүйенің ішіндегі «белсенді топтар» құруды қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары ретінде болады.

  5. Жобалауға қатысушылардың – басқарушылардың, педагогтардың, білім алушылардың өзіндік білім алу мақсатын қоя алатын, өзінің мүмкіндіктерін дамытатын құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызылады.

  6. Педагогикалық жүйені басқарудағы жобалау қызметі қатаң құрылымданбаған матрицалық, немесе желілік – матрицалық болуын қажет етеді

Сонымен қатар, мақсаттық - бағдарлы жобаларды ұйымдастырудың нарықтық жағдайдағы материалдық және қаржылық тиімділігін төмендегі белгілері арқылы көрсетуге болады:

− жобалардың индикативтік сипаты - әрбір жобаның орындалу мерзімі мен көрсеткіштерінің жобалардың қажетті материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне тікелей тәуелді болуы;

− бірнеше салалар мен түрлі деңгейлердегі жүйелерді қамтитын күрделі және кешенді проблемаларды шешудегі негізгі мақсаттар мен міндеттердің жүйелі қойылуы;

− түрлі деңгейлердегі жүйелерді дамыту проблемаларын шешуде әдіснамалық және әдістемелік тұрғылардың бірлігі қамтамасыз етілуі;

− аз мөлшерде бөлінетін материалдық және қаржылық ресурстарды ең басты мақсатқа шоғырландыру (білім берудің құзыреттілік нәтижелерін қамтамасыз ететін түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерді дамыту проблемаларын шешу, мысалы, басқарушылар мен педагогтарды дайындау, ата – аналар мен қоғамдық ұйымдарды серіктестікке тарту, т.б.) мүмкіндігі;

− мақсаттық бағдарлы жобаларға бюджеттік қаржылармен қатар түрліше қосымша қаржы көздерін тарту жағдайлары болуы, кейде мақсаттық жобалардың перпективалық мазмұны жоғары бағалануы нәтижесінде жүйені дамытуға қосымша қаржылық мүмкіндіктер (гранттар, қолайлы кредиттер ) пайда болуы;

− педагогикалық жүйелерді дамытудың мақсаты мен міндеттерінің нақты құрылуын тексеру, оларды жүзеге асыруда қаржы көздерінің жұмсалуын бақылау үшін қоғамдық сараптамалар жасалуы.

Жобалау әдіснамасын құрастырушылардың бірі Джон Кристофер Джонстың айтуынша, «жобалауды проблеманы шешу ретінде қарастыру оның белгілі бір status quo–ны өзгертетінін ғана емес, өзіміздің жаңа мүмкіндіктерімізді білу мен оған көзқарастарымызды өзгертуге бағытталғанын түсіну».

Бұл өте маңызды тұжырым, өйткені, жобалау қызметі қалыптасқан тәжірибені өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар, жаңа құралдар, технологиялар, жаңа құрылымдар жасауға негіз болады. Ал, жаңаны құрастыру қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін, оның айналаға көзқарасын, өз ортасын өзгертуге мүмкіндік береді.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Жобалау әрекетін ұйымдастыру деңгейлері

  2. Жобалау және жүйе құрамындағы қажеттілік және жеткіліктілік түсінігі

  3. Жобалаудың ойлау әрекетімен байланыстылық белгілері

  4. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары

  5. Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік ғалымдар анықтауын сипаттаңыз.

  6. Педагогикалық жобалауға тән ұстанымдарды атаңыз.

  7. Мақсатты бағдарлы жобалардың ерекшеліктері мне белгілері

  8. Жобалауды жүзеге асырудағы ұйымдастырудың матрицалық құрылымы

  9. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыруға қойылатын талаптары.

  10. Мақсаты бағдарлы жоба үшін тақырып ұсынып, нобайын жасаңыз

  11. Глоссарийді жалғастырыңыз

Екінші бөлім бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы

  2. Д.Дьюи мен В.Килпатрик еңбектерінде «жоба» түсінігінің қарастырылуы.

  3. Жобалау – педагогикадағы демократиялық қатынас құралы ретінде.

  4. Посткеңестік елдер педагогикасында жобалау әдістерінің таралуы.

  5. Педагогикалық әрекеттері құрылымына жобалау компоненті ендірілуі

  6. Жобалау әрекетінің педагогикалық мәні.

  7. «Жоба», «жобалау» ұғымдарының педагогикалық мәні анықталуы.

  8. В.В.Давыдов пен Ю.В.Громыко анықтаған жобалық – бағдарламалық үрдістің педагогикада қолданылу шарттары.

  9. Педагогикалық жобалаудың логикасы мен ресурстары.

  10. Педагогикадағы инновациялық жобалау әрекеттері.

  11. Педагогикалық жобалаудың бүгінгі қолданылу аясы

  12. Жобалауды педагогикалық жүйелер тұрғыысынан қарастырудың мәні.

  13. В.И.Слободчиков бойынша педагогикалық жобалаудың түрлері.

  14. В.П.Бедерханова белгілеген педагогикалық жобалау бағыттары.

  15. Педагогикалық жобалаудың нысанына, мақсаты мен нәтижелеріне байланысты түрлерін сипатаңыз.

  16. «Білім берудегі жобалау» және «педагогикалық жобалау» түсініктерінің айырмашылығы неде?

  17. Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру деңгейлерін атаңыз.

  18. Педагогикалық проблеманы жобалау алгоритмі

  19. В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері

  20. Педагогикалық жобалаудың негізгі сипаттамалары

  21. Педагогикалық жобалаудағы мақсатты айқындаудың маңызы

  22. Статегиялық мақсат қою мен жобалаудың байланысы неде?

  23. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері деп нені айта аламыз?

  24. Педагогикалық жобалаудың субъектілерді дамытушылық ролі

  25. Мақсатты –бағдарлы педагогикалық жобалардың ерекшеліктері

  26. Педагогикалық (оқыту) жүйесі дамыту жобасын жасау реттері

  27. ҚР «Білім беру заңында» білім беру мақсаты қалай анықталған?

  28. Бүгінгі білім берудің күтілетін нәтижелері және сипаттамасы

  29. Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы негізгі мақсаттар

  30. Білім беру нәтижелеріне тікелей ықпал ететін факторлар

  31. «Педагогикалық жобалаудың бүгінгі мақсаты – субъектінің өзіндік дамуын қамтамасыз ету» тұжырымын нақты тақырып бойынша жобалау тәжірибесі негізінде дәлелдеңіз.

  32. И.А.Колесникова бойынша педагогикалық жобалау нысандарын атаңыз.

  33. Басқарудағы жобалаудың «белсенді агент» позициясын түсіндіріңіз

  34. Білім беруді басқарудағы жобалаудың синергетикалық заңдылыққа негізделу мәнін түсіндіріңіз.

  35. Ф.Кумбстың не себептен «білім беру жүйесі дағдарыс үстінде» дегенін дәлелдеңіз.

  36. А.Файоль ұсынған басқару құрылымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз.

  37. Э.Мэйо жасаған «адамдық қатынастар теориясының» мәні неде?

  38. Басқарудың бүгінгі рационалдық бағыттарының өкілдері кімдер, олардың ерекшелігі неде?

  39. В.С.Лазаревтың басқару түрлеріне сипаттама.

  40. Басқарудағы жобалау негізінде проблеманы шешу моделі.

  41. Басқарудағы жобалау қызметінің алгоритмі

  42. Білім берудің нәтижелеріне қойылатын жаңа талаптардың әлемдік деңгейде қарастырылуы

  43. Қазақстанда білім берудің жаңа нәтижелері айқындалуы

  44. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы білім берудің жаңа нәтижелері.

  45. Жаңа білім нәтижелерін қамтамасыз етуде педагогтарға қойылатын жаңа талаптар.

  46. Педагогикалық ұжымды білім берудің жаңа міндеттерін жүзеге асыруға теориялық, әдістемелік және технологиялық дайындау жолдары.

  47. Педагогикалық жобалау негізінде педагогтардың арнайы құзыреттіліктері және оларды дамыту.

  48. Педагогикалық жобалаудың жаңа білім нәтижелерін қалыптастырудағы ролі.

  49. Педагогикалық ұжымдағы жобалау нәтижелерін бағалау.

  50. Жобалау әрекетін ұйымдастыру деңгейлері

  51. Жобалау және жүйе құрамындағы қажеттілік және жеткіліктілік түсінігі

  52. Жобалаудың ойлау әрекетімен байланыстылық белгілері

  53. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары

  54. Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік ғалымдар анықтауын сипаттаңыз.

  55. Педагогикалық жобалауға тән ұстанымдарды атаңыз.

  56. Мақсатты бағдарлы жобалардың ерекшеліктері мне белгілері

  57. Жобалауды жүзеге асырудағы ұйымдастырудың матрицалық құрылымы

  58. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыруға қойылатын талаптары.

  59. Мақсаты бағдарлы жоба үшін тақырып ұсынып, нобайын жасаңыз

Екінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер

  1. Монахов В.Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Сов. педагогика. − 1990. − №7.

  2. Сластенин В. А., Подымова Л. С. Педагогика: Инновационная деятельность. - М., 1997. − с.342

  3. Таубаева Ш.Г.Исследовательская культура учителя. Методология, теории и практика. -Алматы:Алем, 2000. -381с.

  4. Бейсенбаева А.А.Теория и практика гуманизации школьного образования: Монография. -Алматы: Ғылым, 1998.-225 с.

  5. Ковалев А.П. Педагогические системы: оценка текущего состояния и управление. - Харьков: ХГУ, 1990. - 153 с.

  6. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. /аударған Қ. С.Оспанов. − Алматы: Ғылым, 2002. − б.170

  7. Краевский В.В. Методология педагогического исследования: - Самара:Изд-во СамГПИ, 1994. – 165с

  8. Поташник М.М.,Управление развитием школы. −М.,1995. − с.464

  9. Прикот О.С. Методологические основания педагогической системологии. - СПб., 1997. - 303 с.

  10. Кузьмина Н.В. Методы системного педагогического исследования.-Л., ЛГУ, 1980. -171 с.

  11. Галиев Т.Т. Системный подход к интенсификации учебного процесса. − Алматы: Ғылым, 1998. −С.308.

  12. Воробьева В.А. Основы управление образовательными системами. −М.: 2007. − с.208

  13. Конаржевский Ю.А. Внутришкольный менеджмент. − М., 1993. − с.240

  14. «ҚР Білім туралы Заңы», 2007. − Астана

  15. Заир–Бек Е.С. Теоретические основы обучения педагогическому проектированию.,СПб.,1995. − с.164

  16. Масюкова Н.А. Проектирование в образоваии. − Минск, 2005. − 36 с.

  17. Шамова Г.И. Давыденко Т.М.Управление образовательным процессом в адаптивной школе. −М.: Центр "Педагогический поиск", 2002.

  18. Файоль Общее промышленное управление. − 1929. − 31 б.

  19. Кумбс Ф Кризис в системе образоваия. −1996.

  20. Мэйо Элтон, Хоторн: Теория человеческих отношений. − М., 2003. − с.65

  21. Мескон М, Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. −М., 1993. − С.538.

  22. Шамова Т.И., Тюлю Г.М. Педагогическая инноватика. − М., 2001.

  23. Бахишева С.М. Қазіргі мектепті басқарудың менеджменті. −Орал, 2007.

ІІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ