Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жобалау әдістемесі оқулық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы

Жобалау әрекетінің нәтижесі мақсаттық - бағдарлы жобалармен қатар ұйымның даму бағдарламалары түрінде де жасалады. Оның құрылымы негізінен жобалардың құрылымына өте ұқсас келеді, бірақ мазмұны мен түрі жағынан айырмашылықтары бар.

Аталған бағдарламаны жүйелілік тұрғыдан құрастыру жоспарланған нәтиже мен оған жету жолдарының арасындағы өзара байланыстың болуын көздейді. Даму бағдарламалары төмендегі мазмұнда құрастырылды:

  • Бағдарлама мақсаты мен құрылымдық логикасын анықтау;

  • Білім беру ұйымының, педагогикалық процестің проблемаларын диагностикалау жолдарын анықтау;

  • Білім беру ұйымының, педагогикалық процестің күтілетін жаңа сапасын белгілеу;

  • Оған жету жолдарын анықтау;

  • Білім беру ұйымының, педагогикалық процестің дамуын басқарудағы мақсатты нақтылау;

  • Оны орындаудың нақты іс -әрекеттер жоспарын жасау;

  • Бағдарлама құрастырушылар тобын анықтау;

  • Бағдарламаны жүзеге асыруды басқаруды жоспарлау;

  • Бағдарламаның орындалуын көрсететін индикаторларды белгілеу.

Бағдарлама құрастыру жұмысының нәтижесі – құжат ретіндегі даму бағдарламасын мәтіні. Оны құрастырудың өзіндік талаптары болады: құжатты оқитын, пайдаланатын, оның орындалуы мен реттелуін қадағалайтын адамдарды анықтау, сол арқылы құжаттың жазылу стилі, құрылымы, саны, сақталатын орны анықталады; құжаттың бекітілу деңгейін анықтау, мысалы, педагогикалық кеңес, басқару кеңесі, жалпы жиналыс, білім басқармасы т.б.; бағдарлама негізіне жасалатын құжаттарды белгілеу, мысалы, жылдық жоспарлар, құрылымдар жоспарлары, кейбір нормативтік құжаттар.

Бағдарламаның құрылымы оның идеясын, мақсатын, таңдаған даму бағдарын көрсетеді, сонымен қатар, төмендегі міндеттерді орындайды:

  • бағдарламаның кімге арналғаны анықталады;

  • білім беру ұйымының даму тұжырымдамасы нақтыланады;

  • білім беру ұйымының жетістіктері талданып, проблемалары айқындалады;

  • білім беру ұйымы дамуының ішкі ресурстарына баға беріледі;

  • бағдарламаның теориялық негіздері қарастырылады;

  • білім беру ұйымы қызметінің басым мақсаттары мен даму жолдары анықталады;

  • даму міндеттеріне сәйкес жобалар құрастырылады;

  • бағдарламаны орындау кестесі жасалады;

  • бағдарлама жобасы сараптаудан өткізіледі.

Сонымен қатар, жобалардағыдай, даму бағдарламасында төмендегідей мағлұматтар берілуі талап етілді: педагогикалық ұжымның сол кезеңде кол жеткен нәтижелері туралы; одан жоғары нәтижелерге жетудің мүмкіндіктері туралы; жоғары нәтижелерге жетудегі кедергілерді анықтау және оны болдырмауға қажет ресурстар туралы.

Бағдарламаны жүзеге асыру бірнеше жылдарды қамтитын болғандықтан, оның аралық орындалу кезеңдері белгіленді, әдетте оқу жылдарын кезең ретінде алып отыру қолайлы деп есептеледі. Бұл жағдайда жобалар сияқты, әр кезеңнің мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері, орындалу әдістері мен нәтижені бағалау көрсеткіштері, оны өлшеу құралдары айқындалды.

Бағдарлама мазмұнына сай өзгерістердің бірнеше кезеңдері белгіленді:

Қазіргі жағдайды талдау, немесе жобалау алдындағы зерттеу жұмысы – қалыптасқан мақсат, міндеттер жүйесіне, оны жүзеге асыру құралдарына, білім беру әрекеттерінің жағдайына, нәтижелері мен бағалау жүйесіне сипаттама беру;

Жобаны құрастыру – білім беру үрдісіне ендірілетін өзгерістерді және оның нәтижелерін жобалау;

Басқарушы және педагогтарды педагогикалық процеске ендірілетін өзгерістерге теориялық, әдістемелік және психологиялық даярлау, жобаланған өзгерістерді қоғам тарапынан қолдау ісін ұйымдастыру, немесе жоба туралы келісімге келу;

Жобаны нормативтік, ұйымдастырушылық, материалдық және қаржылық қамтамасыз ету;

Білім беру үрдісіне шағын өзгерістер ендіру (білім жүйесінің белгілі сатыларына ғана, немесе, жеке пәндерді оқыту көлемінде, т.б.)

Білім беру үрдісіне жүйелі өзгерістер ендіруе көшу, немесе жобаны жүзеге асыру;

Белгілі кезеңдерде қол жеткен нәтижелерді талдау, басқару және әдістемелік шараларға түзетулер мен толықтырулар ендіру, педагогикалық процестің сапасын өзгертудегі перспективалық бағыттарды анықтау,немесе жобаны қорыту.

Бұл кезеңдер де өзгертіле алады, әр кезеңнің ұзақтығы да әр түрлі болу мүмкін, сонымен қатар әрекеттер түрлі болатыны сөзсіз.

Даму бағдарламасын құрастыруда төмендегі талаптардың орындалуы қамтамасыз етілді:

біріншіден, педагогтардың, ата - аналардың, білім алушылардың оны құрастыруға қатысуы аталған бағдарламаның шын мәнінде білім беру ұйымын дамыту құралына айналуына мүмкіндік береді;

екіншіден, бағдарламаның жүйелілігін қамтамасыз ету, оның мақсат міндеттері мен жүзеге асырылу құралдарының өзара байланыста болуы оның тиімділігіне негіз болады;

үшіншіден, бағдарламаның орындалу барысы туралы ұжымын, ата - аналар және білім алушылардың, сыртқы ортаны хабардар етіп отыру міндетті болып табылады. Оның формасы ретінде білім беру мекемелерінің көпшілікке ұсынылатын есеп ретіндегі баяндамасын алуға болады.

Бағдарламалардың нұсқаларын екі негізгі топқа біріктіруге болады. Олар: жаңа талаптар мен іс - әрекеттерді орындауға бағытталған бағдарламалар; педагогтардың инновациялық әрекеттерін қолдауға бағытталған бағдарламалар. Сонымен қатар, тәжірибеде осы нұсқалардың араласқан түрін білім беру нәтижелерін көтеру үрдісін басқаруда кездестіруге болады.

Бағдарламаның білім беру үрдісін жаңаша құрудағы негізгі бағыттары белгіленіп, олар бөлімдер ретінде ұсынылды:

Жаңа білім беру стандарттарына көшуді ұйымдастыру:

Оқу жоспарының варианттарын таңдау.

Пәнаралық нәтижелерге бағытталған жұмыс жоспарларын құрастыру.

Оқу үрдісін жоспарлау.

Оқу тәртібін белгілеу.

Сабақ кестесін жасау.

Білім беру технологияларына өзгерістер енгізу.

Оқулықтардың пәндік -әдістемелік түрлерін таңдау.

Бейіндік оқытуды ендіру.

Желілік қарым – қатынасты орнату.

Элективтік таңдау және факультативтік курстарды таңдау және мазмұнын құрастыру.

Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру:

Білім алушылардың қорытынды және аралық бақылау жүйелеріне өзгерістер енгізу.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау.

Пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау.

Функциональдық сауаттылық пен түйінді құзіреттіліктерді бағалау.

Білім беру үрдісінің мектепішілік сапалық көрсеткіштерін анықтау.

Мектептің жаңаша ұйымдастырылу сапасы:

Жаңа қарым - қатынас нормалары.

Білім берудің әртүрлі жүйелерінің орынды пайдаланылуы ( өз бетімен білім алу, қосымша білім беру, шығармашылық тәжірибелер, т.б.).

Өзін - өзі басқару ұйымдары.

педагогикалық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің үйлесімді сақталуы.

Педагогикалық және әлеуметтік бастамаларды қолдау.Әлеуметтік жобалау.

Білім берудің нәтижелеріне қоғамдық сараптама жасалуы және мектептің қоғамдық аттастациялаудан өтуі.

Мектептегі білім беру ортасы

Басқа мекемелерімен - мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру, кәсіптік білім беру мекемелерімен, мәдениет және спорттық ұйымдармен өзара байланысы.

Ата- аналармен педагогикалық серіктестік тұрғысындағы қарым- қатынасы.

Қоғамды ұйымдармен қарым- қатынасы.

Мемлекеттік мекемелермен және түрлі меншік иелеріндегі өнеркәсіптермен, мекемелермен қарым- қатынасы.

5. Педагогтарды инновациялық міндеттерін орындауға даярлау

Педагогикалық мақсат қою жүйесін басқару.

Кәсіби жетілдірудің түрлері мен әдістері.

Педагогтардың құзыреттілігін дамыту бағдарламасы.

Педагогтарды құзыреттілігін дамытуға ынталандыру.

Педагогикалық ұйым мүшелерінің өзара қарым - қатынастары.

Даму бағдарламасын құрастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезең: білім беру нәтижелерін бағалау кезеңі. Басқарудың теориялық моделі білім беруді жаңартуды қол жеткен білім беру нәтижелеріне талдау жасаудан, оларды білім берудің жаңа нәтижелеріне жету үшін қойылған мақсатпен салыстырудан бастау тұрғысынан қарастырады. Бұндай баға беруді педагогтар мен білім алушылар, ата – аналар арасында жүргізілген сауалнамалар қорытындаларын, қоғамдық сараптама мен қоғамдық аттестациялау қорытындаларын жинақтау негізінде ұйымдастыруға болады. Білім беру нәтижелерін бағалау бір жолғы жүргізілетін үрдіс болмауы да мүмкін, оның ұзағырақ мерзімді қамтуы, оның ішінде білім беру үрдісі субъектілерінің мақсат қоюшылық технологиясын дамыту, білім беру мақсатын қайта қарастыру кезеңдері ретінде жүргізілуі мүмкін.

Білім беру нәтижелерін бағалауды тақырыптық семинарлар, тренингтер, конференциялар, педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер түрінде өткізіп, оларда нәтижелердің алуан түрлері талдауға болады. Бұл шаралардың алдында міндетті түрде ақпараттарды талдау әдістері, оларды жинақтау мен талдау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Екінші кезең: жобалау кезеңі

Бұл кезеңде білім беру бағдарламаларыны нұсқаларын таңдау жүзеге асырылады. Нұсқаларды таңдау еліміздегі білім беру сапасын арттыруды көздейтін нормативтік құжаттарға, білім беру үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне, ұйымдастырылу мәдениетіне, педагогтар кәсібилігіне қатысты жүргізіледі. Онда білім беру нәтижелерін көтерудің түрлі жолдары мен әдістері, түрлі білім мекемелерінде жүргізілген тәжірибелік, инновациялық жұмыстар қорытындалары, ғылыми және әдістемелік әдебиеттердегі теориялық және практикалық зерттеулер туралы ақпараттар мен мәліметтер жинақтау және талдау жасалады. Аталған бірінші және екінші кезеңдердегі бағдарлама мазмұны орындалу мерзімі бойынша аралас келуі де, ұжымның аналитикалық – талдау түрінде жүзеге асырылатын кәсіби деңгейін көтеруге бағыталған бағдарлама ретінде де қарастырыла алады.

Бұл жұмыстардың қорытындалары ретінде білім беру нәтижелерін көтерудің түрлі жолдары мен әдістері туралы мәліметтер жинақтары жасалады.

Келесі қадам болуы мүмкін өзгерістердің жобалық матрицаларын құрастыру. Бұндай матрицаларды өзгерістер жасалатын әрекеттің әрбір бағыты үшін жасаған дұрыс болады. Нұсқаларды таңдаудың критерийлері ретінде қол жеткен нәтижелерді бағалау, білім беру жүйесінің әлеуеті, басқару стратегиясының моделі (дәстүрлі, иннвациялық, эксперименттік). Осылардың қорытындысы бойынша бірнеше бағыттарды матрицалар құрастыруға болады. Олар: білім беру үрдісі, мектептің ұйымдастырылу мәдениеті, білім беру ортасы, педагогтардың әлеуетіне қатысты.

Матрицаларды құрастыру үрдістер сипатында болып, ұжымды білім беруді жаңарту бағдарламасын орындауға даярлау кезеңінен тұрады, ол үшін инновациялық бағыттарды ендіру үшін арнайы даярланған топ құрылады.

Үшінші кезең: модельдеу кезеңі

Бұл кезеңде мектептің білім беру жүйесіндегі өзгерістердің бөлек – бөлек матрицаларын өзара келісімге келтіру нақты жобалар құрып, олардың орындалу кезеңдері анықталады.

Осы кезеңге дейін мектептің білім беру жүйесінде болатын барлық өзгерістердің негізгі бағыттары анықталады, ұжымның білім беру нәтижелерін көтеру бағдарламасын орындауға даярлағы қамтамасыз етіледі. Даярлықтың шарты ұжымның стратегиялық әрекеттерінің нақтылануы, мектептің перспективалық даму бағдарламасының құрастырылуы болып табылады. Бұндай бағдарламаны орындаудағы жетекші элемент ретінде жобалау тобын қалыптастыру және жеке бағыттарды орындауға жауапты адамдарды тағайындау есептеледі. Бағдарламаны орындау алдында оны басқарудың жағдайлары жасалады. Олар, білім беру жүйесінің барлық элементтеріндегі өзгерістерді құқықтық қолдауды қамтамасыз ететін жекелеген нормативтік актілерді жасаудан тұрады. Бағдарламаның басталуы алдында оның орындалуын бақылау түрлері белгіленеді және оны білім беру үрдісі субъектілеріне таныстыру технологиялары анықталады.

Ұйымның даму бағдарламасын жасаудың негізгі мәнісі білім беру ұйымының жалпы әлеуетіне баға беру, сонымен қатар, оны көтеру мүмкіндіктерін анықтау және жүзеге асыру шараларын белгілеу болып табылады. Соған сай, оның әлеуеті өзі жете алатын, жетуге болатын білім нәтижелерімен және қолда бар ресурстарымен айқындалады. Ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі білім саласындағы жалпы саясатқа, білім беру ұйымының орналасқан жеріне (ауыл, аудан, қала), сонымен қатар, білім беру ұйымының өзіне, оның қажет ресурстарды тарта білу қабілетіне де байланысты болып келеді.

Бағдарлама білім беру ұйымының өзінде бар мүмкіндіктерге сай даму бағытында өзгерістерді енгізудің, ресурспен қамтамасыз етілудегі өзгерістердің, қолда бар ресурстарды пайдаланудағы өзгерістердің жоспарлануын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық жүйені дамытуды жобалар көбінесе даму бағдарламасының бір бөлігі ретінде де, немесе, өз алдына дербес те жүзеге асырыла алады. Бұлардың қайсысын алсақ та, педагогикалық жүйенің проблемаларын анықтау, оның құрылымдары мен компоненттерін мақсатты түрде дамытуды, ондағы негізгі процестерге өзгерістер енгізуді көздейді. Бұл өзгерістер «қалыптасқан жүйені күтілетін жүйеге сәйкестендіру үшін іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір қызметін өзгертіп, оны күтілетін жүйе деңгейіне жеткізетін жаңа сипатты жүйе құрастыру, іс жүзіндегі жүйеден күтілетін жүйеге өту процесін жоспарлау және шешімді жүзеге асыру» логикасында жүзеге асырылады.

Қорыта келе, басқарудағы мақсаттық - бағдарлы жобалау технологиясы жүйенің өзіндік ұйымдастырушылық қабілеті оның құрамындағы субъектілік компоненттердің өз бетімен білім алуы мен өзін өзі дамыту сапаларын педагогикалық жүйелерді дамытуға жұмылдыра алады, сонымен қатар, аталған сапалар жүйе қызметінің басты мақсаты болып табылады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Ұйымның даму бағдарламасы - жобалау әрекетінің нәтижесі ретінде

Даму бағдарламаларын жобалау мазмұны

Бағдарламаның құрылымы мен міндеттері

Бағдарлама мазмұнына сай жасалатын өзгерістер кезеңдері

Даму бағдарламасын құрастыруға қойылатын талаптар

Бағдарламаның білім беру үрдісін жаңартудағы негізгі бағыттары

Даму бағдарламасын құрастыру кезеңдері

Ұйымның даму бағдарламасын жасаудың негізгі мәні

Өзіңіз оқитын немесе жұмыс істейтін білім беру ұйымынң даму бағдарламасына талдау жасап, оны өзгерту немесе мақұлдау үшін сараптама жасаңыз.

Үшінші бөлім бойынша сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру нысандары

  2. Жобалауды ұйымдастыру құрылымы мен компоненттері

  3. Дамыту жобасының мазмұндық құрылымы

  4. Жобалау негізідегі педагогикалық ұжымның өзгерістері

  5. Инновациялық жобалауға қойылатын талаптар

  6. Мақсатты жобаларға тән белгілер

  7. Жобалау алды даярлық жұмыстарының құрылымы

  8. Жобаның негізгі бөлімдеріне талдау жасаңыз

  9. SWOT-талдаудың мәні мен мазмұны

  10. PEST- талдаудың ерекшелігі

  11. Жобалаудың логикалық құрылымына сүйене отырып өзіңіз оқитын не жұмыс істейтін педагогикалық жүйені өзгерту жобасының құрылымын жасаңыз

  12. Жобалауды ұйымдастыру шарттарын анықтау қажеттігі неде?

  13. Жобалауды ұйымдастыру шарттарын атап, сипатама беріңіз.

  14. Жобаны жүзеге асыру кезеңдері

  15. Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі

  16. Жобалау құжаттары мен эксперттердің сараптамалары

  17. Жобаның аяқталуын рәсімдеу талаптары

  18. Жоба жетекшілеріне қойылатын талаптар

  19. Жобалау үрдісінің үздіксіз циклын құрайтын алгоритмі

  20. Педагогикалық ұжымда жобалауды жүзеге асырудағы міндеттер

  21. Педагогикалық жүйелердің жобалау негізіне неліктен субъектінің өзіндік дамыту жүйесі ретінде алынатыны мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

  22. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық деңгейлеріне сипаттама беріңіз.

  23. Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі неде?

  24. Педагогикалық жобалаудың міндеттері

  25. Жоба құрастырудың жалпы логикасы

  26. Педагогикалық жүйелерді классикалық сипатта басқарудың мәні

  27. Педагогикалық жүйелерді басқаруда жобалауды ұйымдастырудың мәні мен ерекшеліктері

  28. Жобалау ресурстары мен оны ұйымдастыру

  29. Жобаны жүзеге асыратын топтар не командаларға қойылатын талаптар.

  30. Жобалау негізіндегі ұйымдастыршылық өзгерістер мәні

  31. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері неге байланысты анықталады?

  32. Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының мақсаттар жүйесі қалай анықталады?

  33. Педагогикалық мақсаттық- бағдарлы жобаларды ұйымдастыру кезеңдері

  34. Жобалау негізінде білім берудің құзыреттілік нәтижелерін қалыптастырудың мазмұны және технологиясын сипаттаңыз.

  35. Мақсаттық - бағдарлы жобалау барысындағы аралық нәтижелерді бағалау кезеңдері мен көрсеткіштері

  36. Белгілі бір педагогикалық жүйені негізге ала отырып, берілген кезеңдерге сай ұжымды дамытудың жобасын жасаңыз және алынатын нәтижелерді бағалау көрсеткіштерін белгілеңіз.

  37. Жобалау негізінде ұжымның өзгерістерін қамтамасыз ететін ресурстар.

  38. Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясының кезеңдеріне сипаттама беріңіз

  39. Иновациялық үрдістерді жобалау технологиясына қойылатын талаптар.

  40. Педагогикалық жобалауға дайындық мазмұны

  41. Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту жобасы негізінде оның барлық кезеңдерін қамти отырып, берілген үлгімен өзіңіз үшін өзекті тақырыптағы жоба құрастырыңыз және оны топпен талқылыңыз.

  42. Жобаны бағалау көрсеткіштерін жасап, өз жобаңызды бағалаңыз.

  43. Жобалаудың дәстүрлі әдістемелік шаралардан айырмашылығын мысалдар арқылы ажыратыңыз.

  44. Ұйымның даму бағдарламасы - жобалау әрекетінің нәтижесі ретінде

  45. Даму бағдарламаларын жобалау мазмұны

  46. Бағдарламаның құрылымы мен міндеттері

  47. Бағдарлама мазмұнына сай жасалатын өзгерістер кезеңдері

  48. Даму бағдарламасын құрастыруға қойылатын талаптар

  49. Бағдарламаның білім беру үрдісін жаңартудағы негізгі бағыттары

  50. Даму бағдарламасын құрастыру кезеңдері

  51. Ұйымның даму бағдарламасын жасаудың негізгі мәні

  52. Өзіңіз оқитын немесе жұмыс істейтін білім беру ұйымынң даму бағдарламасына талдау жасап, оны өзгерту немесе мақұлдау үшін сараптама жасаңыз.

Үшінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер

  1. Шапиро В.Д. и др. Управление проектами. - СПб.: «Два ТРИ», 1996.

  2. Зуев С.Э. Управление изменениями. Социальное проектирование. Учебно-методический комплект по курсу, МВШСН. − М., 2003. −С.72.

  3. Безруков В.С. Проектирование педагогических систем. − Самара, 2007. − с.315

  4. Тряпыцина А.П., Радионов В.Е. Теоретические основы педагогического проектирования. − СПб., 1996. − с.196

  5. Дункан В.У. Путеводитель в мир управления проектами. − Екатеринбург, 1998. −С.45-142.

  6. Колесникова И.А. Горчакова-Сибирская М.П. Педагогическое проектирование. − М., 2005. − с.288

  7. Ляхов И.И. Проектная деятельность (социально-философский аспект). −М., 1996. -356 с.

  8. Ушаков К.М. Ресурсы управления школьной организацией. −М.: Изд. Сентябрь, 2000.

  9. Бахишева С.М. Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау және оның ғылыми-теориялық негіздері, монография. − Алматы, 2009.

  10. Senge, Р. «The Fifth Disciplinepline: The Art and Practice of the Learning Organization» Сенге П.«Пятая дисциплина: искусство и практика самообучающейся организации» /пер. с англ.-ЗАО «Олимп-бизнес», 2003. -408

  11. Масюкова Н.А. Теория и практика проектной деятельности в системе ПК работников образования: дисс. ... д.п.н. − Минск, 1999. −340 с.

  12. Взятышев В. Ф. Методология проектирования в инновационном образовании — М., 1995.

  13. Гаспарский В. Праксеологический анализ проектно-конструкторских разработок. — М., 1978.

  14. Джонс Дж.К. Методы проектирования / Пер. с англ. — 2-е изд., - М., 1986.

  15. Хилл П. Наука и искусство проектирования: методы проектирования, научное обоснование решений. — М., 1973.

  16. Анисимов О. С. Основы методологического мышления. — М., 1989.

  17. Бедерханова В. П. Становление личностно ориентированной позиции педагога. — Краснодар, 2001.