Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жобалау әдістемесі оқулық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі

Жобалау жұмысын бағалау – педагогтардың жаңа көзқарасын қажет ететін ерекше бағалау үрдісі. Дәстүрлі оқытумен салыстыратын болсақ, онда оқушының игеретін білімі, білігі мен дағдысы нормативтік сипатта болғандықтан, оларды бағалаудың өлшемдері (критерийлері) нақты беріледі.

Мысалы, жазу үлгісінің, есепті орындаудың эталоны (үлгісі) болады, сонымен қоса, оны орындау деңгейі де белгіленеді. Баға қоюда берілген эталон мен оқушының орындау деңгейі салыстырылады да, қаншалықты үлгіге сәйкес келетіні бағаланады. Берілген норма (эталон, үлгі) шын мәнінде оқушының тапсырманы орындау деңгейін өлшейтін құрал болып табылады. Сөйтіп, қаншалықты сынға ұшыраса да, дәстүрлі оқытудағы бағалауды белгілі бір дәрежеде обьективті деуге болады. Солай бола тұрса да, қалыптасқан дәстүрлі педагогикалық іс – тәжірибеде оқушының жұмысын бағалау емес, оқушының жұмысын бағалау емес, оқушының өзін бағалауға, тіпті, жаза қолдануға айналып кеткені белгілі. Бұл бүгін көптеген келеңсіз жағдайларға, мысалы, білім алу үшін ғана емес, баға үшін оқуға әкеліп отыр.

Жобалау жұмысында оқушылардың алатын өнімдерінің (нәтижелері) білім, білік, дағды сияқты нақты нормативтік сипаты болмайды. Соған орай жобаның нәтижелері оның мақсатына қаншалықты сәйкестігі бағаланады. Ал жобалаудың мақсаттары бірдей болмайды, сол себепті бағалау критерийлері үнемі өзгеріп, қойылатын талаптарды өлшеуге сәйкестендіріліп отырады.

Оның бірнеше мүмкіндіктері бар. Мысалы жобаға бір емес, бірнеше баға беруге болады: топтың бірлескен жұмыс деңгейі; жобаның идеясының өзектілігі; оның жүзеге асыру тиімділігі, сәтті жасалған презентация, т.б. Жобалау әрекетін бағалаудың әдістемелік нұсқаулары тәжірибеде жасалып енгізіліп те жүр. Төменде жобаларды бағалаудың өлшемдерін ұсынамыз:

  1. Жобаның барлық кезеңдерін орындаудағы өз бетіндік жұмыс жасау дәрежесі:

  2. Оқушылардың топтық жұмысқа араласу және өз рольдерін орындау дәрежесі;

  3. Пән бойынша, жалпы мектепте алған білім, білік, дағдыларын пайдалана алу дәрежесі;

  4. Жобаны орындауда пайдаланылған жаңа ақпараттар саны;

  5. Пайдаланылған ақпараттың мәнін түсіну дәрежесі;

  6. Қолданып отырған әдістердің күрделілігі және оны игеру деңгейі;

  7. Проблеманы шешу идеясы мен шешу жолдарының жаңалықтың тың болу дәрежесі;

  8. Жобаның проблемасын анықтау мақсатын қою және оның мәнін түсіну деңгейі;

  9. Презентацияны, жазбаша есепті дайындау, ұйымдастыру және өткізу дәрежесі, оның барысында көрнекі құралдарды пайдалану деңгейі;

  10. Рефлексия жасай білу деңгейі;

  11. Презентация жүргізудегі шығармашылық дәрежесі;

  12. Алынған нәтиженің әлеуметтік және қолданбалы маңызы;

Оларды төмендегі 8-кесте арқылы бағалауға болады.

8-кесте «Бағалау парағы» №1

Рет

саны

Бағалау өлшемдері

Орындалу деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

1

2

3

Әрине, жоғарыдағы критерийлер өте ауқымды, оларды жоғары сынып оқушыларына арналған деуге болады. Оны төменгі сыныпта ұсыну өте күрделі екені белгілі. Бұл міндетті түрде барлық жобаларды бағалауға қойылатын талаптар емес, оны жалпы жобаны бағалау үлгісі деп қабылдаған дұрыс. Сондықтан, әр жобаның көлеміне, мерзіміне, мақсатына сай өзіне тән критерийлер (бағалау өлшемдері) жасалуы тиіс, бұл – міндетті түрде орындалатын талап. Аталған өлшемдерді құрастыру жобалау басталмас бұрын, оның міндеттерін анықтау барысында жасалған дұрыс. Өйткені, біріншіден оқушылар бағалау өлшемдері белгіленгеннен соң жобаны орындау жоспарын соған сай құрастырып үйренуі тиіс. Жоспар құруда олар кейін бағаланатын өлшемдерді ескере отырып, қай жеріне қалай көңіл аудару қажеттігін түсінеді. Сондай – ақ, кейін жобаны орындауда да бағалау өлшемдеріне сәйкес сапалы болуын қадағалап отыруына негіз болады.

Екіншіден, бағалау өлшемдерін өздері құрастыру кезеңі олардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуға жағдай туғызады. Бағалау өлшемдерін құру арқылы өздері болашақ өнім (нәтижені) сапасын күні бұрын жан – жақты белгілеп алады. Бұл оқушылардың өз ойларын білдіру, тақырыпқа тереңдеу, оның мәнін түсіну, бірлесе талқылау, өз мүддесін де, өзгелер мүдделерін де ескере білу қабілеттерін дамытады. Бұл қабілеттерді «Мен» тұрғысынан «Біз» тұрғысына өту үшін маңызды қабілеттер.

Жобалау жұмысына қатысу, бағалау өлшемдерін жасау, оны орындауға үйрену оқушылардың жауапкершілік қасиеттерін дамытуға себеп болады, олар жауапты қадамдар жасап үйренеді.

Жобалаудағы бағалауды тек мұғалім шеше алмайды, ол оқушылармен санасуға тиіс. Сондықтан, бағалау жобалау әрекетін ұйымдастырудың және басқалардың бір бөлек бөлігіне айналады.

Жобалау бірнеше кезеңнен тұратын болса, оның әр кезеңіне мониторинг жасап бағалау керек. Ал әр кезеңде алынатын нәтижені бағалау өлшемдері болуы тиіс.

Бағалау форматы да бірдей болмайды, ол әр жобаның ерекшелігіне, балалардың жасына сай алынады. Кейде (кіші жастағыларға, мерзімі қысқа жобаларда) «ия / жоқ», «қабылданады / қабылданбайды» деп, немесе 5 баллмен де бағалануы мүмкін. Мысалы:

9-кесте «Бағалау парағы» (ия / жоқ) № 2

Реттік саны

Бағалау өлшемдері

Талапқа сәйкестік

ия

жоқ

1

2

10-кесте «Бағалау парағы» (5 баллдық) № 3

Реттік саны

Бағалау өлшемдері

Баллдары

Орта есебі

1

2

3

4

5

1

2

«5 баллдық» бағалауда қорытынды баға дифференциондық бағалардың қосындысынан орифметикалық орта балды есептеу арқылы қойылады.

«Профильдік бағалау» - бұл әр өлшемнің профилі бойынша бағалануы. Бұнда бағалар қосылмайды, сол күйінде қалады. Оның мәні – одан әрі осы топ сақталған жағдайда олардың келесі жобасы осы профильдер бойынша даму өзгерістеріне түсуі тексеріліп, бағаланады.

Бағалау өлшемдері жобаға қатысқан топ үшін жасалған жағдайда топ бағаланып, әр оқушының қатысу дәрежесі ескерілмеуі мүмкін. Кей жағдайда бұдан конфликтілер туындайды. Әрине, ол үшін тек жеке жасалған жобалар ғана тиімді дей алмаймыз. Ал топтық жобаны бағалауды тағы бір бағалау өлшемі – топтың өз ішінде пайдаланатын «Бағалау парағы» болуы мүмкін. Оны әр оқушының қатысу деңгейі әрбір көрсеткіш бойынша бағаланады. Мысалы, оны төмендегідей үлгіде көрсетуге болады.

11-кесте «Бағалау парағы» № 4

Аттары

Қатысу деңгейлері (5 балл)

Көрсеткіштер

I кезең

II кезең

III кезең

қорытынды

Мыс:Марат

4

5

4

13:3=4,1

Болат

Айна

Айжан

Жарас

Жобалау әрекеті барысында оқушылардың портфолиосы жасақталады, онда оқушылар жасаған зерттеу нәтижелері, талдаулары, идеялары мен шешімдері жинақталады. Олар модель, сурет, схема түрінде қысқа, нақты болуы қажет. Мәтін түрінде жазбаша жазылғаннан гөрі модельдеу түрінде беру – оқушылардың символдық, таңбалық ойлауын да дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылар өз портфолиосын безендіруге уақыт жібереді, оларға портфолионың жұмыс құжаты екенін түсіндіру қажет, ең бастысы, жоба нәтижесінің рәсімделуі, күтілетін нәтиженің алынуы.

Жобаның нәтижесі үш түрлі болады, олар:

  • жобаланған, дайындалған, сыналған, бағаланған материалдық бұйым;

  • жобалау портфолиосы;

  • оқушылардың танымдық, білімдік деңгейінің дамуы жаңа сапаларының пайда болуы;

Мұғалімнің міндеті – оқушылардың дамуына қолайлы орта тудыру, жұмыс істеуіне жағдай жасау.

Жобалау әрекетінің мақсаты – оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын, өз бетімен ойлау, білім алу қабілеттерін дамыту. Соған орай «оқушы - мұғалім» қарым – қатынасы да өзгереді. Атап айтқанда:

  • әрекеттің мақсаты оқушыға қатысты анықталады – мұғалім оны орындауға жағдай жасайды;

  • оқушы жаңа білімді өзі үшін ашады – мұғалім оның жолын ұсынады;

  • оқушы тәжірибе жасайды – мұғалім тәжірибенің әдісі мен түрлерін үйретеді, ұйымдастыруға көмектеседі;

  • оқушы таңдау жасайды – мұғалім таңдау нәтижесін болжауға көмектеседі;

  • оқушы белсенді – мұғалім оны қолдайды, дамытады;

  • оқушы – субьект, мұғалім – көмекші;

  • оқушы алынатын нәтижеге жауапты – мұғалім алынған нәтижені бағалауға көмектесуші, орындау жолдарын көрсетуші.

Сондай – ақ, мұғалім жоба барысында төмендегі мәселелерде көмектесуі аса қажет:

жобаның мақсат – міндеттерін анықтауда;

нәтижесін жоспарлауда;

тәжірибе қоюда;

презентациялауда;

портфолио жинақтауда.

Шетел мектептерінде жобалау әдісін (Бельгия, Германия, Италия, Норвегия, Ұлыбритания, т.б.) қолданылу тәжірибесі белгілі бір проблеманы шешуде оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибесін ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретіні анықталды.

Сөйтіп, мектепте жобалау әдісін қолдану:

  • оқушылардың танымдық әрекеттерінің белсенді болуына ықпал етеді;

  • оқушылардың оқу барысындағы біліктіліктері мен дағдыларын (атап айтқанда: оқу проблемасын қоя білу, мақсатқа жету жолдарын анықтай алу, өз бетімен жұмыс жасай білу, өз әрекеттерін бағалай білу) қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқушы үшін мұғалім көмегі төмендегі бағыттарда аса қажет болады:

  • оларды түрлі ақпарттар көзімен, құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету;

  • түрлі нақты сұрақтар қою арқылы проблеманы шешу барысындағы қиындықтарды талқылауға, шығу жолдарын іздестіруге тарту;

  • жұмыс барысында өзінің оң не теріс пікірлерін айтып отыру;

  • жобалау барысын жазып отыруға үйрету;

  • жұмыс нәтижелерін талдауға үйрету;

  • жобалау әдісін пайдалануда мұғалім өзі үшін төмендегі мәселелерді анықтап алуы қажет:

  • жобалау үшін қажетті тапсырмалар мазмұнын;

  • әр түрлі жастағы оқушылар үшін жобаны орындау әдістемесін;

  • жоба жасау тапсырмалары мен өзінің жетекшілік ететін тұстарын;

  • белгілі бір жобаны орындауға қажетті оқушылардың білімділік және біліктілік деңгейлерін.

Сонымен, жобалау әдісі дегеніміз не? Бұл педагогикалық қана емес, әлеуметтік мәні бар проблема. Өйткені жобалау мәдениетін игеру – қайта жаңарту әрекетін игеру деген сөз. Сондай – ақ, оның әдістерін, құрастыру мен модельдеу тәсілдерін тақырыпқа, талапқа сай орындай білу де керек. Бұл жерде дизайн жасаудың әдістері мен тәсілдері тек жоба жасау үшін ғана емес, оқушының қоршаған ортада кеңістігін проблемаларды модельдеу, ойша құрастыру, бейнелеу, кеңістіктен ойлау, логикалық ойлау сияқты сапаларын дамытуда да маңызды орын алады.

Жобалау әдісі оқушының танымдық және қайта құрушылық әрекеттерінде шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, оқу мотивациясын арттыруға, интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді, өз бетімен жұмыс істеу, жоспарлау, шешім қабылдау, нәтижені бағалау дағдыларын қалыптастырады.

Өздерінің болашақ өмірінде кездесетін проблемаларды шешу үшін қажетті тәжірибелер жинақтайды.

Жобалау әдісіне үйрету барысында оқушылар әрекеттің субьектісіне айналады, сөйтіп, әр оқушы жобалау тобының тең құқылы мүшесі болып табылады.

Мұғалімнің ролі басқарушы емес, оқушының серіктесіне айналады. Жобалау әрекетіне қатысу барысында оқушы түрлі ролдер атқарады, қызығушылығына байланысты топтарға бірігеді, тапсырманы мерзімінде орындауға, бір – біріне көмектесуге, жауапкершілікке дағдыланады. Сондай – ақ, жобалау әрекетіне қатысу арқылы оқушылар өз бейімділігін, мүмкіндіктерін анықтап, болашақ мамандығын таңдауға да мүмкіндік алады.

Сондай – ақ, мұғалім үшін де жобалау әдісіне қатысу оның шығармашылығын арттыруға, педагогикалық әдістемесін кеңейтуге жағдай туғызады .

Оқушылар жобаларының түрлері мен критерийлері (көрсеткіштерін) шартты түрде төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте-12 Оқушылар жобаларының түрлері мен өлшемдері

Өлшемдері (критерийлері)

Жоба түрлері

1

2

Жоба мазмұны бойынша

1.Пәндік (нақты пән материалдары бойынша орындалады)

2.Пәнаралық (бірнеше пәндердің ұқсас тақырыптары біріктірілді, интеграцияланды)

3.Пәннен жоғары (мектеп бағдарламасынан тыс материалдар бойынша жасалған жобалар)

Жобаның оқу жоспарына енгізілуі бойынша

Күнделікті (оқу бағдарламасынан жобалау үшін бірнеше тақырып таңдап алынып орындалуы мүмкін)

Қорытынды (жобаның нәтижелері бойынша оқушылардың материалды меңгергені бағаланады)

Жобаның орындалу мерзімі бойынша

Мини – жобалар (1 аптадан бірнеше аптаға дейін)

Тоқсандық жобалар (1 тоқсан бойы)

Ұзақ мерзімді (жыл бойына жасалатын жобалар)

Жобаға оқушылардың қатысуы бойынша

  1. жеке орындалатын;

  2. жұппен орындалатын;

  3. шағын топтармен орындалатын;

  4. ұжыммен орындалатын;

Жобалау әрекетінің тиімділігін бағалау үшін мұғалім төмендегілерді білуі тиіс:

  • оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыру принциптері мен жолдарын;

  • оқу жобаларын ұйымдастыру әдістемесін;

  • жобалау барысында оқушылар әрекетін жоспарлауды;

  • жобалау барысын жүйелі бақылау жолдарын;

  • қажетті дидактикалық құралдар және жоба ресурстарын даярлау жолдарын;

Қорыта айтқанда, бағалау форматы, субьектілері, өлшемдері әрбір жоба бойынша оның ауқымы, мақсаты, мерзімі, т.б. жағдайларға байланысты таңдалып, құрастырылып отырады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Жобалау жұмысын бағалаудың ерекшіліктері

  2. Жобаларды бағалаудың өлшемдері

  3. Оқушыларды жобаларды бағалауға тартудың маңызы

  4. «Бағалау парақтарының» түрлері мен айырмашылықтары

  5. Жобалау әрекеті барысындағы оқушылар портфолиосының мазмұны

  6. Жобалауды бағалаудағы мұғалімнің ролі

  7. Оқушылар жобаларының түрлері мен критерийлері

  8. Жобалау әрекетінің тиімділігін бағалау

Төртінші тарау бойынша сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Жобалау – оқушылардың өз бетіндік оқу белсенділігін арттыру технологиясы ретінде.

  2. Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролі

  3. Оқушылар – жобалау әрекетінің субьектісі ретінде.

  4. Жобалау барысындағы педагогтың іс - әрекеттері

  5. Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері

  6. Оқушылардың жобалау әрекетінің құрылымы

  7. Жобалау және ғылыми зерттеу

  8. Жобалау және жобалауға қабілеттілік

  9. Жобалау және шешім қабылдау

  10. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыбы ұсынып, негізгі кезеңдерін анықтаңыз.

  11. Оқушылардың жобалау әрекеті негізінде қалыптасатын білім беру нәтижелері

  12. Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттері

  13. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері

  14. Оқушылардың жобалау әрекетіндегі «субъект» және «объект» ұғымдары

  15. Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны

  16. Сыныптан тыс жобалар.

  17. Жобалау және рефлексия

  18. Оқыту үрдісіндегі жобалау

  19. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.

  20. Оқушылардың жобалау әрекеттерінің жобалық-ойындық сипаты

  21. Мектеп тәжірибесіндегі жобалаудың түрлері

  22. Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы

  23. Оқушылар жобасының сипаттамалары мен типтері

  24. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері

  25. Оқушылар жобасын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі

  26. Жобалау және модельдеу

  27. Оқушылар жобаларының мерзімі мен ұзақтығы

  28. Жобалау әдісін оқытуда пайдалану ерекшеліктері. Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру

  29. Жобалау әдісін зерттеушілікте пайдалану талаптары.

  30. Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қараудың маңызы

  31. Жоба тақырыптары мен мақсатының сәйкестігі

  32. Жобалау идеясы мен жобалау әрекетінің өнімі

  33. Оқушылар бойында қалыптасатын жаңа құзыреттілік сапалар – жобалау өнімі ретінде

  34. Жоба нәтижелерін бағалау өлшемдері – жобаны бағалау өлшемдері мен оқушылар сапаларын бағалау өлшемдеріне сипаттама беріңіз

  35. Оқушылардың белгілі бір сапаларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған жоба тақырыбы мен құрылымын ұсыныңыз

  36. Жобалау әрекетін ұйымдастырудағы жас ерекшеліктерін ескерудің маңызы

  37. Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттерінің үйымдастыру жолдары

  38. Жасөспірім шақтағы оқушылар үшін жобалаудың мәні

  39. Жобалау әрекеті және білім берудің кеңістігіндегі өзгерістер

  40. Білім берудің әрбір кезеңіне (бастауыш, негізгі, жоғары сыныптар) тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері

  41. Оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланысы

  42. Жобалаудағы білім берудің әрбір кезеңінің сабақтастығы

  43. Жобалау әрекетіндегі топтық коммуникацияның ролі

  44. Жасөспірімдер үшін топтық қатынастың маңызы

  45. Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетінің көрсеткіштері

  46. Білім беру үрдісіне қатысушылардың қарым – қатынас түрлері

  47. Оқушылар арасындағы, топтағы қарым – қатынас

  48. Топтық коммуникацияны ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі

  49. Жобалау – топтық қарым – қатынас белсенділігін арттыру құралы ретінде

  50. Топтық қарым – қатынасты қалыптастыру мен дамыту

  51. Оқушыларды жоба жасау үшін топтарға бөлудің жолдарын өз бетіңізбен құрастырып көріңіз. Онда қандай принциптерді ұстануға болатынын түсіндіріңіз.

  52. Жобалау әрекеті арқылы оқушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастырудың мәні

  53. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011 - 2020 жылдарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасындағы құзыреттілік нәтижелердің белгіленуі

  54. Түйінді құзыреттіліктер және олардың түрлері

  55. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру

  56. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру

  57. Проблеманы шешудің жолдарын және шешім қабылдай білу құзыреттіліктері

  58. Жобалау жұмысын бағалаудың ерекшіліктері

  59. Жобаларды бағалаудың өлшемдері

  60. Оқушыларды жобаларды бағалауға тартудың маңызы

  61. «Бағалау парақтарының» түрлері мен айырмашылықтары

  62. Жобалау әрекеті барысындағы оқушылар портфолиосының мазмұны

  63. Жобалауды бағалаудағы мұғалімнің ролі

  64. Оқушылар жобаларының түрлері мен критерийлері

  65. Жобалау әрекетінің тиімділігін бағалау

Төртінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер

  1. Новиков А. М., Новиков Д.А. Образовательный проект: методология образовательной деятельности. — М., 2004.

  2. Полат Е. С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. — М., 2002.

  3. Татарченкова С.С.Формирование ключевых компетентностей учащихся через проектную деятельность.,Изд. «Каро».,СПб,2008

  4. Колесникова И.А. Основы технологической культуры педагога. — М.1 СПб., 2003.

  5. Кулюткин Ю. Н., Сухобская Г. С. Моделирование педагогических ситуаций. — М., 1981.

  6. Гузеев В. Метод проектов как частный случай интегральной техноло­гии обучения // Директор школы. — 1995. — № 6.

  7. Круглова О. С. Технология проектного обучения // Завуч. — 1999. — № 6.

  8. Жуков В. А. Педагогическое проектирование. Методическое пособие к дипломному проектированию по специальности инженер-педагог. — СПб., 1993.

  9. Сериков В. В. Образование и личность: теория и практика проектирования педагогических систем. — М., 1999.

  10. Сибирская М. П. Педагогические технологии: теоретические основы проектирования. — СПб., 1998.

  11. Субетто А. И. Системологические основы проектирования образовательных систем. — Воронеж, 1998.

  12. Эльконин Б. Д. Кризис детства и основания проектирования форм детского развития // Вопросы психологии. — 1992. — № 3, 4.

  13. Келс Г. Р. Процесс самооценки: Пер. с англ, в сокр. О.Бухиной. — М. 1999.

  14. Тубелъский А. Н.Экспертиза инновационной школы // Инновационе движение в российском школьном образовании. — М., 1997.

  15. Хюсен Т. Образование в 2000 году: Исследовательский проект: Пер. сшвед. Е.М.Соколова. — М., 1977.

  16. Загашев И. О., Заир-Бек С. И. Критическое мышление: технология раз­вития. — СПб., 2003.

  17. Поливанова К.Н. Проектная деятельность школьников, М. «Просвещение», 2008