- •1.Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы.
- •2. Жобалаудың теориялық негіздері.
- •3. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.
- •4. Әлеуметтік жобалау
- •5. Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны
- •1. Педагогикалық жобалаудың мәні
- •2. Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен түрлері.
- •3.Педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
- •4. Педагогикалық жобалау және басқару
- •5. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі
- •6. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары
- •1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мазмұны мен құрылымы
- •2.Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың шарттары.
- •3.Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы
- •4. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалау
- •5. Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
- •6. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы
- •IV. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру
- •1. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
- •2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде
- •3. Оқу жобаларының құрылымы мен түрлері
- •4.Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
- •5. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру
- •6. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі
- •7. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
- •8. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі
- •5. Жобалау әрекетін басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту
- •1. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері
- •2.Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны
- •3. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау типтері, немесе салалары бойынша қалай бөлінбейді:
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау кластары, немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша:
- •Мульти –жобалау:
- •Кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті қалай қарастырды?
- •Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы неше кезеңді бөліп көрсетеді?
- •Мәдени қорын сақтаушы роль:
- •Таратушы роль:
- •Жүйелеуші роль:
- •Құрушы роль:
- •Ұйымдастырушы роль:
- •Ұйымдастырушының басымдық позициясы дәстүрлі мәдениет түрінде болып, оған қатысушылармен қарым–қатынас жеке бас тұрғысынан жасалса, онда жобалау әрекеті қандай түрде орындалады?
- •Ұйымдастырушының корпоративтік-қолөнершілікке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының кәсіби мәдениетке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының бүгінгі заман талабына сай технологиялық мәдениетке негізделген түрінің басым назары:
- •Осындай ғылыми ізденістерде пайда болған жаңа бағыттарды шартты түрде қалай атауға болады?
- •Әлеуметтік құрастырудың бірнеше принциптерін белгілейді, олар –
- •Жобалау қызметі мен әлеуметтік жобаларды басқару бағдарламалары алдын-ала жасалатын болғандықтан жобалауды болжау мақсатында да пайдаланса оны қандай жобалау деп атаймыз?
- •Өткен ғасырдың 80- 90 жылдары дамыған елдердің жаңа экономикасына сай қызметкердің алатын орны қандай болды?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жобалау әдісі» қандай түсінік берілген?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жоба» ұғымына қандай түсінік берілген?
- •Зерттеу әрекеттері қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •Жобалау әрекеттері логикасы қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •«Педагогикалық жобалау» түсінігі в.Безруковтың анықтамасы бойынша:
- •И.А.Колесникова бойынша жобалау:
- •А.П.Тряпыцина бойынша жобалау:
- •Е.С.Заир-Бек бойынша жобалау:
- •Н.А.Масюкова бойынша жобалау:
- •Психологиялық – педагогикалық жобалаудың мақсаты:
- •Білім беруді жобалау арқылы нені белгілей аламыз?
- •Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың мазмұндық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың технологиялық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Процессуалдық, үрдістік деңгей нені құрастыруға бағытталады?
- •Статустық сараптама дегеніміз қандай сараптама?
- •Семинар сабақтарының мазмұны
4. Педагогикалық жобалау және басқару
Педагогикалық жобалау білім берудегі белгілі бір жүйенің (басқару, оқыту, тәрбиелеу, зерттеу, әдістемелік, т.б.) осы кездегі жағдайымен салыстырғанда жобаланып отырған болашақ жағдайының тиімділігін ұғыну, оны жоба ретінде ұйымдастыру және жүзеге асыруды көздейді. Бұл жерде жобалау қызметіне даму қадамдарын орындаушы «белсенді агент» позициясы беріледі және ол белгілі бір мақсаттық – құндылықтық ұстанымдары негізінде күтілетін нәтижені орындаудың жолдарын белгілейді, басқарады, ұйымдастырады, бағалайды.
Педагогикалық жобалау нысандарын И.А.Колесникова білім беру ұйымын басқарудағы жобалау, оқу-тәрбие жүйесін басқарудағы жобалау, қоғамдық басқаруды жобалау деп анықтайды. Жобалау барысында пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық деңгейлерде жүзеге асырылады.
Жүйе құрамындағы басқарушы және басқарылушы компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес күтілетін нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі – басқарудағы жобалау болып табылады.
Басқарудағы жобалау білім беру саласын жаңартатын, оқыту мен тәрбие үрдісін үшін жаңа жағдайлар жасай алатын көпфункционалдық педагогикалық процесті басқару қызметі ретінде қарастырылуда. Жобалаудың білім берудегі қызметін анықтауда жоғарыда келтірген зерттеушілер пікірлеріне сүйене отырып, зерттеушілік, талдаушылық, жобалаушылық, жаңартушылық, нормалаушылық, құрастырушылық, т.б. көптеген сипаттағы мәндерін белгілей аламыз.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау білім беру процесінің синергетикалық заңдылыққа сәйкес өзін – өзі дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс. Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық – саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады.
Білім беру ұйымын басқарудағы жобалау. Педагогикалық жүйелердің басқа да әлеуметтік жүйелер сияқты білім беру ұйымның нәтижелігі мен тиімділігі оның құрылымдық, ақпараттық әлеуеттерінің, ресурстарының тиісті деңгейде қамтамасыз етіліп отыруынан ғана емес, ең бастысы, ұйымды басқарудың ұтымды жүйесін құрастырудан және оны үнемі жетілдіріп, әрі дамытып отырудан болады.
Қоғам дамуындағы қайта құрулар білім жүйесіндегі өзгерістердің, оны басқарудың жаңа сипаттарын қалыптастырудың алғы шарттары болады. Мысалы, Ф.Кумбс «білім беру жүйесі дағдарыс үстінде, оның әкімшілікке негізделген құрылымы одан шығу жолдарын ұсына алмайды, өйткені бұл құрылым баяғы заманнан бері бері өзгерген жоқ. Сондықтан, оның жай дамуы бұдан бұрынғы білім мен сол кездегі қоғам туғызған қарапайым міндеттерге сай болғанымен, бүгінгі қоғамның жаңа талаптарын орындауға дайын еместігін көрсетеді. Ол - білім беруді жаңаша ұйымдастыру, оған сыни көзқараспен қарау және жаңалықтарды белсенді ендіруді жүзеге асыруға есептелмеген құрылым» деп атап көрсеткен.
Жүйелерді ұйымдастырушылық дамытудың логикасына сай педагогикалық жүйелер өз құрамындағыбелгілі бір кіші жүйелерден тұратын болғаннан кейін оны дамыту мақсатты, мазмұнды және әдістерді өзгертуді көздейді. Сонымен қатар, басқару процесі барлық білім беру деңгейлерін қамтитын болғаннан кейін сол жүйелердің әрқайсысын дамытуды көздейтін басқару міндеттері қойылуы тиіс.
Ұйымдарды басқарудың жалпы теорияларына тоқталсақ, басқарудың ғылыми теориясын 1916 жылы жасаған А.Файоль өзінің алдында кез – келген ұйымды табысқа жеткізетін басқарудың универсалдық принциптерін құрастыру мақсаты тұрды. Оның принциптері классикалық болып есептеліп, осы күнге басқару тәжірибесінде қолданылып, көптеген теориялардың негізіне алынуда.Бұлар басқарудың өзара тығыз байланыстағы маңызды универсалдық қызметтері: жоспарлау, ұйымдастыру, міндет бөлісу, үйлестіру, қадағалау, бақылау.
А.Файоль ұсынған құрылым бүгінгі күнге дейін басқарудың негізгі қызметтері болып келсе де, сынаушылар оны, біріншіден, қатаң орындаушылыққа негізделген, құрылымы өзгертуге келмейтін сипаттағы механизм деп есептейді. Екіншіден, бұл сипаттары оның қоғамдағы өзгерістер болмайтын, ішкі және сыртқы тұрақты жағдайларда басқаруға қолайлылығын көрсетеді. Үшіншіден, оның ең басты кемшілігі адамның ұйымда өзін ұстауының психологиялық механизмдерін, ерекшеліктерін терең ескермейтін, оны қалыптастыратын түрлі қалыптан тыс факторларды елемейтін сипаттары.
Аталған классикалық көзқарасқа қарама - қарсы, ұйымдағы қарым - қатынастарға негіз болатын адам факторларын қолдайтын мүлдем жаңа көзқарас дами бастады, оның ең алғашқысы 1924 жылы Чикаго маңындағы Хоторн өнеркәсібіне қатысты Элтон Мэйо жасаған «адамдық қатынастар теориясы» болатын. Ол классикалық теорияны да, оның ықпалынан қалыптасқан адамның әлеуметтік жағдайын қарастырмайтын көзқарастарды да қатаң сынға алып, қызметтік құрылымына өздерінің «адамдық қатынастар теориясын» ұсынды. Оны қолдаушылардың айтуынша, құрылымы айқын білінбегенімен, адамдар көзқарасы топтық құндылықтық қатынастар қалыптасуына ықпал етеді, сондықтан, басқарушылар ұйымдағы адамдардың түрлі мотивтерін дамытуға, материалдық жағдайлар туғызуға, т.б. ынталандыруға назар аударуы тиіс.
Бұл зерттеулер жаңа қарым қатынас түрлерін, адамдарды ұйым жағдайында мақсаттық тренингтер мен семинарлар арқылы мотивациялау, басқару стилінде қалыптасқан қатынастарды өзгерту,т.б. жаңа бағыт болып басқару теориясына қосылды.
Сонымен қатар, аталған көзқарас адам факторларын дамытуда маңызды болғанымен, классикалық құрылымның негізіне алынған көп мәселелерді назарынан тыс қалдырды. «Бұл теориялардың әуел бастан кемшіліктері, -делінген М.Мескон, М.Альберт, Ф. Хедоури зерттеулерінде, «олар бір ғана басты элементін негізге ала отырып, басқару тиімділігінің бұдан басқа да көптеген факторлардан тұратын нәтижеге бағытталатынын қарастырмайды» дейді. Аталған рационалдық және адам қатынастары туралы теориялардың мықты жақтарын зерделеу - басқарудың жүйелілік, ситуациялық және ұйымдастырушылық сипаттарын қамтитын синтездік түрін қарастыруға әкеледі.
Өткен ғасырдың аяғында жобалау негізінде басқару тұжырымдамасы пайда болды. Ұйымдардың нәтижелі қызметін арттыру мақсатында менеджерлер жүйелі диагностика, жоспарлау, орындау мен өзгерістерді қолдаудың әдістері мен процедураларын басқарудың эволюциясы негізінде жасады. Жобалау негізінде басқарудың мәні ондағы адам әлеуетін тиімді пайдалануға жағдай туғызу, тұлғалық және тұлғаралық қатынастарды дамыту,олардың құндылықтық бағдарларына ықпал ету арқылы ұйымдардың нәтижелі қызметі етуіне мүмкіндік беру.
В.С.Лазарев қазіргі педагогикалық ұйымдарды басқару түрлерін оның сипаттарына қарай бірнеше түрге бөледі:
субъектілігіне қарай - әкімшілік басқару (басқаруға, шешім қабылдауға әкімшілікің ғана қатысуы) және партисипативтік- қатысушылық (субектілердің басқаруға қатысуы) деп бөледі;
мазмұнына қарай- процеске бағытталған және нәтижеге бағытталған;
жаңалықтарды ендіру сипатына қарай – автономдық және интегративті басқару;
өзгерістерге жауап беруіне қарай- болуы тиіс өзгерістердің алдын ала басқару, және болған өзгерістерге реакциялық жауап бере басқару.
Бүгінгі күні басқару теорияларының эволюциясы төмендегідей дамуда:
− ұйымдардың басты ресурстары ретінде адам факторына, ұйымдастырушылық мәдениетті дамытуға көңіл бөлу;
− ұйымдардың нәтижелі қызметін арттыруда қаншалықты маңызды болса да бір ғана бағытты алмау, оларды синтездеу қажеттігі;
− ұйымның өзімен өзі болатын механикалық сипатынан сыртқы ортамен белсенді әрекеттесетін органикалық, ашықтық сипатына көшу;
− ұйымдарды дамыту мен ондағы өзгерістерге жағдай туғызу.
Басқарудың көптеген түрлері ішінде жүйелі басқару және оны дамыту тереңірек тоқталуды қажет ететін мәселе. Жүйелі басқарудың басты ерекшелігі ұйымды белгілі бөлек компоненттердің қарапайым жиынтығы ретінде емес, ал интеграцияланған сапалардың тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән.
Жүйелік тұрғыдан басқару идеялары менеджмент теорияларының дамуына сай негізінен батыс елдер тәжірибесінде кең тарады. Оның идеялары жалпы басқарушылық ой - пікір мен көзқарастардың өзгеруіне, олардың жаңа сапаға ие болуына үлкен әсер етті. Оның мәні, әсіресе өндірістік жүйелерді, үлкен корпорациялардың стратегиялық дамытудағы жетістіктерін қамтамасыз етумен қатар, әлеуметтік жүйелерді басқарудың жоғары деңгейлеріндегі стратегиялық шешімдерді қабылдауда маңызды екені анықталды.
Мақсатқа бағытталғандық – ішкі себептерге сай белгіленетін болашақ бейнесінен мақсатты айқындау. Әлеуметтік жүйенің осы аталған сапалары ондағы басқару қызметінің орындалуы арқылы қамтамасыз етіледі.Жалпы ұйымды басқарудағы проблема шын мәнінде не бар және дұрысында не болу керек, яғни, нелер талап етіледі деген сұрақтардың арасындағы сәйкессіздіктен туындайды. Мұндай сәйкессіздіктің болуы басқарудағы проблема бар екенінің белгісі болып табылады. Егер басқарушылар пайда болған сәйкессіздікті қалай жоюды білсе, онда проблемалар пайда болмайды – стандартты, қалыптасқан жолмен шешіледі. Осылайша, проблеманың пайда болуы:
− біріншіден, шын мәнінде бар нәрсе мен не талап етілетіні арасындағы сәйкессіздік;
− екіншіден, басқарушы бұл сәйкессіздікті саналы түсінеді;
− үшіншіден, проблема пайда болған кезде оны қалай жоюды білмейді.
Сөйтіп, проблема дегеніміз - объективті қажеттіліктер және оны қанағаттандырудағы субъектінің мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздік. Педагогикалық проблемалар екі түрлі жағдайда пайда болады, біріншісі, шын мәнінде бар нәрсе өзгеріп, оның талаптарға сәйкес болмаған жағдай. Мысалы, білім алушылар үлгерімнің төмендеп кетуі немесе педагогтың басқа жерге ауысып, оның орнына адам табылмауы. Екіншісі – қойылатын талаптардың өзгеруі және бұрын қанағаттандырып келген нәрселер енді қанағаттандырмайды. Мысалы, егер білім беру нәтижесіне қойылатын талаптар өзгерсе, онда бұрын қанағаттандырып келген нәтижелер енді қанағаттандырмайды, т.б. .
Келесі түсінік «проблеманы шешу», яғни, іс жүзіндегі жүйені күтілетін жүйеге сәйкестендіру. Оның кезеңдері:
бірінші кезең, іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір қызметін өзгертіп, оны күтілетін жүйе деңгейіне жеткізетін жаңа сипатты жүйе құрастыру;
екінші кезең – іс жүзіндегі жүйеден күтілетін жүйеге өту процесін жоспарлау, яғни, осы процесті жүзеге асыратын жүйе құрастыру;
үшінші кезең – шешімдерді жүзеге асыру.
Проблеманы шешу – күтілетін және іс жүзіндегі жүйелердің арасындағы кеңістікті толтыру. Проблеманы шешудің моделі мен проблеманы іс жүзінде шешу– екі түрлі нәрселер.
Проблеманы шешу моделі күтілетін жүйені мақсат ретінде алып, оны орындаудың толық жоспары, сонымен қатар, мақсатқа жету үшін іс жүзіндегі жүйеде нені, қашан және қалай өзгерету керектігін көрсетеді (сурет 5).
Іс жүзіндегі процесс
Іс жүзіндегі кіру Іс жүзіндегі нәтижелер
Күтілетін процесс
Күтілетін кіру Күтілетін нәтижелер
Сурет 5 − Жүйелік проблеманы шешу моделі
Проблеманы іс жүзінде шешу – іс жүзіндегі жүйені күтілетін жүйеге айналдыру мақсатында өзгертудің нақты процесі. Іс жүзіндегі шешімнің кейбір кезеңдерде проблеманы шешудің моделіне сәйкес келмеуі де мүмкін, бұдан жаңа проблемалар туындайды.
Педагогикалық жүйелерді басқару проблемаларын шешудің жолдары:
− проблеманы анықтау;
− проблеманың өзектілігін бағалау;
− шектеулер түрлерін белгілеу;
− проблеманы шешудегі күтілетін деңгейге жету дәрежесін анықтайтын критерийлерін айқындау;
− жүйенің проблеманы шешудегі мүмкіндіктерін талдау;
− проблеманы шешу жолдарының бірнеше нұсқасын жасау;
− нұсқаларға баға беру, тиімдісін таңдау;
− шешімді жүзеге асыру;
− шешімнің орындалу нәтижесін бағалау.
Өзгеріс объектілеріне жүйелердің мақсаттары, шарттары, мазмұны, қралдары, әдістері, оқыту, тәрбиелеу, басқару, т.б. процестер түрлері жатады.
Қазіргі инновациялық жаңғыртуларды ендіру барлық деңгейдегі, мемлекеттік мекемелер, жеке фирмалар, ірі корпорациялар болса да, белгілі бір ұйымның өмір сүруі мен дамуының басты элементі болып отыр. Жүйелілік тұрғысынан қарастыратын болсақ, инновациялар жүйені өзгертетін, оның дамуын келесі деңгейге көтеретін басты факторға айналды. Педагогикалық жүйелер қазіргі қоғамның басты салаларының бірі ретінде осы инновациялық өзгерістерді бастан кешіру үстінде.
Бүгінгі білім беру тәжірибесіндегі өзгерістеге байланысты басқару қызметі технологияларын жүзеге асырудағы басым бағыттар да өзгеруде, олар соңғы кездері стратегиялық көзқарасқа, дамытушылық сипатқа қарай ауыса бастады (кесте 2).
Кесте 2 − Жобалау басқару қызметі ретінде
Басқару түрі |
Жүйенің жобалау объектісі ретіндегі жағдайы |
Жобалау қызметі |
Жобалау жиілігі |
Жобалау әрекеті стратегия-сы |
Әкімшілік басқару |
Жүйенің қанағаттанарлық жағдайы |
Жүйені белгілі бір нормаға сай жетілдіру |
Жоспарлау логикасы мен аясына сай |
Жобалау объектісі ретіндегі типтік ұқсастық ты сақтау |
Оңтайлылылық басқару |
Кейбір бөліктері мен компоненттерінің қанағаттанарлық сыздығы |
Жаңа қасиеттерін, байланыстар мен қызметтерін дамыту |
Бағдарла – малау мен құрастыру логикасы мен аясына сай |
|
Инновациялық басқару |
Қанағаттанарлықсыз, жүйенің жаңа қызметтерін қажет етеді |
Тұтастық ішінен жаңа құрылымның қызметі мен орнын анықтау |
Болжау мен модельдеу логикасы мен аясына сай |
Жобалау объектісі ретіндегі жүйелі трансфор –мациялану |
Дамыта басқару |
Қанағаттанарлықсыз, жүйенің жаңа түрлерін Қажет етеді |
Жүйенің түрін өзгерту |
Жобалаудың өзінің логикасы мен аясына сай |
Егер «жоба» тұрақты күйдегі ұғымды білдірсе, онда «жобаны жасау» оны құрастыру – қозғалыстағы күйі, өйткені ойлау әрекеттері ұйымдастырушының бірқатар ізденістік–зерттеу қызметтерін, ойлау операцияларын көздейді, олар: болжау, жобалау, модельдеу, құрастыру, т.б.. Ал жобаны жүзеге асыру – ұйымдастырушының басқарушылық әрекеттеріне қатысты операцияларын – бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау, түзету әрекеттерін қажет етеді.
Олай болса, болжам жасау, жобалау, модельдеу, құрастыру, бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау әрекеттері жобалау қызметінің өз алдына жеке түрлері ретінде қарастырыла алады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының бойында аталған әрекеттер жүйесі кіші деңгейде осы ретпен орындалып жатады. Мысалы, белгілі бір ауқымды проблеманы болжау барысында жоба жетекшісі төмендегідей жобалау әрекеттерін ретімен орындайды:
проблеманы нақтылау;
оның «болашағын» болжау – қазіргі жағдайдағы проблемалар, күні ертең шығуы айқын және алдағы уақытта пайда болуы мүмкін проблемалар;
оларды ескере отырып, басқару әрекетін дамытудың тиімді жолдарын жобалау;
қолайлы нәтижеге жету жолдарын жоспарлау;
қабылдануы қажетті шешімдерге баға беру;
Осы әрекеттердің ішіндегі ең маңызды рольді жобалау атқарады, өйткені,ол оған қатысты барлық әрекеттермен тығыз байланыста, сонымен қатар, аталған әрекеттердің барлығы да жобалау объектісі қызметін атқара алады. Кейіннен инновациялық қозғалыстың кеңінен тарауына байланысты бұл ұғымның өзі де нақтылана басталды, кейбір зерттеушілердің пікірінше, инновацияға тән қасиеттер ретіне мыналарды алуға болады:
жаңа қажеттіктерді қанағаттандыру;
жоғары дәрежедегі тәуекелге бару мен алатын нәтиженің белгісіздігі;
қарама қайшылықтар мен конфликтілердің шиеленісуі;
өзгерістер түрлерінің икемділігі;
күтпеген нәтижелердің пайда болу ықтималдығы;
жүйенің дамудың жаңа деңгейіне өтуі;
Бүгінгі қоғам дамуына тән жедел өзгерістер жағдайында басты мәселе үнемі туындап отыратын проблемалық ситуацияларды шешудің әдіс амалдарын табу болғандықтан, инновациялар үнемі өзгеріп отыратын жағдайға жауап беріп отырудың тиімді түрі болып табылады.
Педагогикалық жүйелерде туып отырған қазіргі проблемалық ситуация - қазіргі экономикалық қатынастарға еніп кетуе мүмкіндік беретін оқу нәтижелерін күтетін білім алушылар талабы мен осы талаптар мүддесінен көбінесе шыға алмай жүрген білім беру үрдісін басқару қызметі арасындағы қайшылық. Білім сапасын көтеру, оның мазмұнындағы прагматикалық компоненттерді күшейту бағытында өзгерту талаптары осыдан туындап отырған мәселелер.
Басқарудағы жобалау қызметінің алгоритмі жобалау үрдісінің үздіксіз циклын құрайды. Оның басталуы педагогикалық жүйелердегі әлеуметтік -мәдени ситуациялар талаптарына сәйкессіздіктері анықталған әрекет нормаларын өзгерту, қайта жаңғырту мақсатын көздейтін өзіндік сұраныстан, немесе сыртқы сұранысты қабылдаудан басталады. Сұраныстың қабылдануы немесе түсіндірілуі үшін басқарушының басқару әрекетін ұйымдастыру негізінде жетуді көздейтін түпкілікті нәтиже туралы нақты түсінігі болуы қажет. Сөйтіп, болашақ әрекеттің ең қарапайым және міндетті нормасы – әрекеттің мақсаты анықталады. әрекет мақсаты басқарушы айқындаған тұрғысы мен принциптеріне негізделеді. Одан соң әрекеттің берілген үлгісінен белгіленіп отырған күтілетін нәтижесіне жеткенге дейінгі барлық жолдары анықталады, ол кезеңдерге жүйелі түрде бөлініп көрсетілген әрекеттің нормасы жоспар болып табылады. Осылайша, барлық процедуралар мен оны орындауға қажетті құралдарды, орындалу мерзімін, алынатын аралық өнімдерін нақтылай отырып, басқарушы әрбір кезеңнің технологиялық сипаттамасын жасайды. Бұл норманы маңызы зор, өйткені, осы сипаттамаларды белгілеу барысында қажетті ресурстар анықталады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
И.А.Колесникова бойынша педагогикалық жобалау нысандарын атаңыз.
Басқарудағы жобалаудың «белсенді агент» позициясын түсіндіріңіз
Білім беруді басқарудағы жобалаудың синергетикалық заңдылыққа негізделу мәнін түсіндіріңіз.
Ф.Кумбстың не себептен «білім беру жүйесі дағдарыс үстінде» дегенін дәлелдеңіз.
А.Файоль ұсынған басқару құрылымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз.
Э.Мэйо жасаған «адамдық қатынастар теориясының» мәні неде?
Басқарудың бүгінгі рационалдық бағыттарының өкілдері кімдер, олардың ерекшелігі неде?
В.С.Лазаревтың басқару түрлеріне сипаттама.
Басқарудағы жобалау негізінде проблеманы шешу моделі.
Басқарудағы жобалау қызметінің алгоритмі
Глоссарийді жалғастырыңыз.
