- •1.Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы.
- •2. Жобалаудың теориялық негіздері.
- •3. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.
- •4. Әлеуметтік жобалау
- •5. Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны
- •1. Педагогикалық жобалаудың мәні
- •2. Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен түрлері.
- •3.Педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
- •4. Педагогикалық жобалау және басқару
- •5. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі
- •6. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары
- •1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мазмұны мен құрылымы
- •2.Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың шарттары.
- •3.Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы
- •4. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалау
- •5. Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
- •6. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы
- •IV. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру
- •1. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
- •2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде
- •3. Оқу жобаларының құрылымы мен түрлері
- •4.Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
- •5. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру
- •6. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі
- •7. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
- •8. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі
- •5. Жобалау әрекетін басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту
- •1. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері
- •2.Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны
- •3. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау типтері, немесе салалары бойынша қалай бөлінбейді:
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау кластары, немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша:
- •Мульти –жобалау:
- •Кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті қалай қарастырды?
- •Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы неше кезеңді бөліп көрсетеді?
- •Мәдени қорын сақтаушы роль:
- •Таратушы роль:
- •Жүйелеуші роль:
- •Құрушы роль:
- •Ұйымдастырушы роль:
- •Ұйымдастырушының басымдық позициясы дәстүрлі мәдениет түрінде болып, оған қатысушылармен қарым–қатынас жеке бас тұрғысынан жасалса, онда жобалау әрекеті қандай түрде орындалады?
- •Ұйымдастырушының корпоративтік-қолөнершілікке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының кәсіби мәдениетке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының бүгінгі заман талабына сай технологиялық мәдениетке негізделген түрінің басым назары:
- •Осындай ғылыми ізденістерде пайда болған жаңа бағыттарды шартты түрде қалай атауға болады?
- •Әлеуметтік құрастырудың бірнеше принциптерін белгілейді, олар –
- •Жобалау қызметі мен әлеуметтік жобаларды басқару бағдарламалары алдын-ала жасалатын болғандықтан жобалауды болжау мақсатында да пайдаланса оны қандай жобалау деп атаймыз?
- •Өткен ғасырдың 80- 90 жылдары дамыған елдердің жаңа экономикасына сай қызметкердің алатын орны қандай болды?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жобалау әдісі» қандай түсінік берілген?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жоба» ұғымына қандай түсінік берілген?
- •Зерттеу әрекеттері қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •Жобалау әрекеттері логикасы қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •«Педагогикалық жобалау» түсінігі в.Безруковтың анықтамасы бойынша:
- •И.А.Колесникова бойынша жобалау:
- •А.П.Тряпыцина бойынша жобалау:
- •Е.С.Заир-Бек бойынша жобалау:
- •Н.А.Масюкова бойынша жобалау:
- •Психологиялық – педагогикалық жобалаудың мақсаты:
- •Білім беруді жобалау арқылы нені белгілей аламыз?
- •Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың мазмұндық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың технологиялық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Процессуалдық, үрдістік деңгей нені құрастыруға бағытталады?
- •Статустық сараптама дегеніміз қандай сараптама?
- •Семинар сабақтарының мазмұны
3. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
Жобалау зертханасын ұйымдастыруда зертханалық жұмыс мазмұны ғана емес, оны ұйымдастыру, аудиториялық және өзіндік практикалық жұмыс түрлерін ұштастыра жүргізудің көптеген әдістемелері талдануы тиіс. Жобалау технологиясын меңгеруге арналған әрбір тақырып қатысушылардың теориялық білімі ғана емес, оны тәжірибеде, өзінің рефлексиясымен, өзінің негізгі жұмысындағы прблемалармен байланыстыра меңгеруі маңызды міндет ретінде қойылуы тиіс.
Сондықтан, жобалау зертханасы нақты бір жүйедегі ұйымдастырушылық өзгерістер ретінде құрастырылып, ондағы берілетін ақпараттар мазмұны, тақырыптарды меңгеру үшін американдық ғалым Давид Колбтың ересектерді оқытуға арналған тәжіибе арқылы оқыту әдістемесі тиімді болып табылады. Өйткені, жобалау зертханасы оған қатысушылардың негізгі жұмысынан қол үзбей, жобалау әрекетін өзінің қызмет істейтін білім беру ұйымымен тығыз байланыста жүргізу қажет болғандықтан аталған әдістеме бірден бір оқытудың тиімді әдісі бола алады.
Дэвид Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту» – (experiential learning, 1984), атты моделі ересектерді қызмет орнындағы тәжірибе барысында оқытудың бірнеше түрлерін, соның ішінде, жобалау әдісін де қамтиды. Джон Дьюи, Карл Роджерс және Жан Пиаже идеяларына сүйене отырып, Колб оқытуды кезеңдерге бөлуді ұсынады. Әр кезең төрт процестен тұрады және оқыту өз мақсатына жету үшін бұл талаптардың берілген ретпен орындалуы міндетті. Бұл әдіс бойынша оқыту кезеңдері төмендегідей:
Тәжірибе (ситуация);
Рефлексия (ұғыну, болған ситуацияны түсіну);
Түсініктерді жинақтау (тұжырымдар құрастыру, кейбір қажетті шешімдер қабылдау);
Тәжірибені жобалау
Автордың ойынша, бұл жерде білім алу көзі тәжірибе (ситуация, болған жағдай, сабақ тақырыбы, ақпарат, т.б.) ғана емес, негізінен алғанда сол тәжірибені ойша түсіну, ұғыну, қорыту, өздері үшін оның маңызын анықтау, түйін жасау. Одан соң, яғни, жаңағы тәжірибе (ситуация, болған жағдай, сабақ тақырыбы, ақпарат, т.б.) – қатысушының өз алдындағы жеке мақсатына, міндеттеріне, кәсіби қызметіне қатысты ой елегінен өткізіліп, ұғынылып, тиісті мағына берілгеннен кейін – оның әрі қарай жасалатын қызметінің шартына айналады.Д.Колбтың түсіндіруінше, тәжірибе барысындағы оқыту, оны дамыту процесі деуге де әбден болады, осылайша, жүзеге асырылады.
Колб идеясын тәжірибеде пайдалануда берілген ақпарат, немесе, оқиға жеке тәжірибеде ұғынылып, адамның өз тәжірибесіне тұтастай енгенде ғана оқыту мақсатына айнала алады. Олай болмаған күнде, индивид үшін ол өзіне мәлім көп ақпараттардың бірі күйінде қалады деп есептейді.
Әлемдік тәжірибеде Д.Колб моделінің көптеген модификацияланған түрлерін кезедстіруге болады, бірақ олардың барлығы да автордың негізгі қойған талабын – тек тәжірибе базасында оқыту, кезеңдерге бөлу және әр кезеңде төрт процесті орындау қатаң сақталған (сурет 15).
Сурет 15 - Д. Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту» моделі
Жобалауды басқарушылар үшін оқу модельдерінің төмендегі нұсқаларын пайдалануға болады. Мысалы:
Бірінші кезең. Тәжірибе. Қатысушылардың жобалау тақырыбына қатысты нақты тәжірибесі алынады. Оның аудиториялық бөлігінде әр адам осы проблема бойынша өзіндік тәжірибесін өз бетінше құрастырады.
Екінші кезең.Рефлексия. Қатысушылар оның мағынасын ұғыну үшін өз тәжірибесіне рефлексиялық бақылау жасайды. Яғни, тақырыпқа сай өзінің тәжірибесіне рефлексиялық талдайды, қандай бағыттар ол үшін жеңіл орындалады, қажетті білімдері жеткілікті, қай жерде қиындықтар кездеседі, неліктен, ол неге байланысты болады, нені өзгерту керек, т.б.
Үшінші кезең. Логикалық тұжырым. Қатысушылар абстракциялық тұжырымдар жасап, оны басқа әріптестерімен сабақ барысында бөліседі. Оларды әркім өз бетімен құрастырады, сонымен қатар, басқалардың пікірін тыңдау, олардың тұжырымдарын талдау да қажет,сонда ғана қатысушылардың ортақ және жеке көзқарастары анықталады.
Төртінші кезең. Теориялық тұжырымдар. Қатысушылар өздері жасаған тұжырымдарын өзгелер пікірлерімен, жаңа теориялық ақпаратпен толықтыру, салыстыру арқылы өзінің жаңа теориялық тұжырымын құрастырады, маңызды түйін түйеді. Аталған тұжырымдама, немесе маңызды түйін аудиториядан тыс жұмыстар барысында тәжірибеден өткізіліп, жаңа тәжірибе құрылады. Бұл тұтастық тұрғысындағы оқыту әдісі әрбір тақырып байынша жобалаудың негізі болады
Осылайша, жаңа нақты тәжірибе келесі деңгейдегі жаңа ізденістік жұмыстың бастамасы болып, аталған цикл дамудың келесі деңгейінде қайталанады.
Бұл модельдің өзіндік ерекшеліктері жоба жетекшілерін өз тәжірибелері барысында өзіндік дамытуға мүмкіндік береді. Олар:
Оқыту тәжірибеден басталып, аяғына дейін одан ажыратылмайды, ол өзара байланысты кезеңдерден тұратын циклдық үрдіс ретіне ұйымдастырылды.
Оқыту абстрактілі «оқу сабақтарынан» өзгеше, қатысушылардың күнделікті атқаратын жұмысы контекстіне енгізілген күйде жүргізіледі.
Колб әдістемесі оқыту оқыту мазмұнына алған ұйымы сатылы дамыту моделіне сәйкес келеді, осы сәйкестік оқытудың нәтижелі болуына мүмкіндік берді.
Модельдің түрлі жағдайларға сай модификациялауға келетін сипаты жоба жетекшілерін оқытуда ғана емес, басқа категорияларды оқытуға да бейімдеуге мүмкіндік берді.
Осы әдістемеге сай жоспарланған аудиториялық және практикалық сабақтарды үйлестірудің төмедегі нұсқалары да пайдалауға болады:
Практикалық сабақтан бастап, тақырып бойынша өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісуден тұратын дискуссиядан бастауға болады (нақты тәжірибе және рефлексиялық бақылау).
Келесі кезеңде тақырып бойынша аудиториядағы жаңа теориялар және практикалық ақпараттармен танысу, өз тәжірибесін тұжырымдамалық схемалармен байланыстыру (абстрактілік тұжырымдау).
Практикалық жұмыста меңгерген жаңа теорияларын бірлескен топтық жобалау қызметінде пайдалану (тәжірибеде белсенді пайдалану).
Зертхана бағдарламасының модульдік мазмұны. Модульдің мақсаты - «жобалау тәжірибесін» басқарудың педагогикалық жүйелерді және оның барлық компоненттерін дамыту және оған өзгерістер ендіру құралы ретінде пайдалануға жоба жетекшілерін дайындау.
Жобалау қызметін әлеуметтік тұрғыдан қарастыру аса қажет, оның мәні - жүзеге асырылатын әрбір жобаның білімдік мазмұнын ғана емес, оның әлеуметтік ролін, яғни, жобалау нәтижесінің оған қатысушылар мен ұйымдастырушылардың, жалпы ортаның дамуы мен өзгерістеріне ықпал ететін ұғыну, бағалау деген сөз. Жобалау қызметінің әдіснамасын ұғыну оның барлық кезеңдерін рет-ретімен меңгеруден – тұжырымдамасын, мақсаты мен міндеттерін құрастыру, ресурстарын анықтаудан бастап, оның іс-әрекеттік жоспарын жасап, әкімшілік - ақпараттық қолдау құрылымын жасауға дейінгі әрекеттерді қамтиды.
Модуль мазмұнында басқару тәжірибесіне тән талдау, зерттеу, ұйымдастыру сияқты элементтер мен олардың байланыстары да қарастырылады (Кесте – 13).
Қатысушылар жобалар негізінде өзіндік талдау және зерттеу бағыттарын құрастырады. Сонымен қатар, олардың жеке жобалары өздерінің мамандығы бойынша пәндік таңдау курстарын құрастыруға немесе педагогикалық ізденіс тақырыптарын белгілеуге негіз бола алады.
Кесте – 13
Жобаның компоненттеріне сай зертханалық жұмыс мазмұны
Жобаның компоненттері |
Көпсатылы өзгерістер алгоритмі |
Зертханалық жұмыс мазмұны |
1 |
2 |
3 |
Жағдайды талдау
|
Жаңа өзгерістерге қажеттік пайда болуы
|
Жобаны орындауға қажеттік неліктен пайда болды? Жобалау алдындағы талдау Жоба тұжырымдамасын жасау |
Проблеманы анықтау |
Проблеманы анықтау |
Неліктен бұл проблеманы шешу маңызды болып отыр?
|
Мақсат қою
|
Бірлесіп бір шешімге келу Мақсат қою |
Жобалаудағы іс әрекеттер қандай мақсатты орындауға бағытталады? Ол берілген проблеманы шешуге қаншалықты байланысты? Жобалауда орындалатын әрекеттер қалыптасқан жағдайды қалай өзгертеді? |
Кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
Күтілетін нәтижелерді анықтау
|
Стратегияларды көре білу
|
Жобаны орындау барысында қандай нақты нәтиже алынуы тиіс? Жоба аяқталған соң педагогикалық жүйеде қандай оң өзгерістер болады деп күтіледі? Белгіленген міндеттердің орындалуы мақсатқа жетуді қалай қамтамасыз етеді? Берілген міндеттерді орындау үшін қандай нәтижелер (олардың сандық және сапалық сипаттамасы) алынуы тиіс? |
Жобаны жүзеге асыру, орындау |
Ұжымға өзгерістер мәнін түсіндіру Жобалау топтарын құру, ынталандыру
|
Жобалар құрастыру: оның тиімділік көрсеткіштерін белгілеу, Варианттарын қарастыру арқылы тиімді жобаны бекіту Жобалуды орындаушылар күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қандай шаралар орындалуы тиіс? |
Ресурстарды тиімді пайдалану |
|
Қандай ресурстар: адамдар, материалдық құралдар, қызметтер – жобалау барысындағы шараларды орындау үшін қажет болады? Бұл ресурстар қандай көздерден түседі (орындаушылардан, тапсырыс берушілерден, қатысушылардан, ұйымдар, мемлекет, жеке қорлар, т.б.)? |
Бақылау, нәтижені бағалау |
Жетістіктерді байқау мен кемшіліктер
|
Жасалған жобаларды талдау, тиімділеріне баға беру, күтілетін нәтижеге сәйкессіздерін анықтау, себебін талдау, түзетуге ұсыну |
Кері байланыс |
Жетістіктердің ұйым бекітілуі
|
Тиімді жобаларды тәжірибеге енгізу, көпшілікке тарату, әдістемелік технологияларын, құралдарын жасау туралы ұсыныстар қабылдау |
Қорытынды |
|
Жобаларды презентациялау, бағалау |
Оқу зертханалық жұмысы соңында жоба жетекшілері жасалған жобаларды қорғау үшін топ ішінде талдап, талдау карталары үлгісінде өз жобаларының тиімділігі туралы сараптамалық талдаулар жасалады. Үздік деп танылған жобалар ашық қорғауға ұсынылып, оған қалаулары бойынша педагогикалық ұйымдар өкілдері қатыстырылады. Жобаларды қорғау үшін төмендегі құжаттар жиынтығы дайындалады:
Ұйымды дамытудың мақсатты бағдарлы жобасының тұжырымдамасы;
Ұжымда талданып, рәсімделген жобаның мазмұны;
Жобаның тиімділігіне жасалған сараптама.
Қорыта келе, жобалау зертханасы негізінде жоба жетекшілерін ғана емес, ойлау деңгейі жоғары, өз бетімен аса жауапты проблемаларды шеше алатын құзыреттілігі бар педгогтарды, лидерлерді дайындау, сонымен қатар, өміршең, өзекті жобалар құрастыру да мүмкін екені дәлелденді.
Тапсырмалар
Дэвид Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту» әдістемесі бойынша белгілі бір тақырыпты игерудің модулін жасаңыз
Оны төмендегі оқу кезеңдеріне бөліп көрсетіңіз:
Тәжірибе (ситуация);
Рефлексия (ұғыну, болған ситуацияны түсіну);
Түсініктерді жинақтау (тұжырымдар құрастыру, кейбір қажетті шешімдер қабылдау);
Тәжірибені жобалау
Өзіңіз құрастыратын зертхана бағдарламасының модульдік мазмұнын алдыңғы тақырыппен («Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы») байланыстыра жоғарыдағы үлгімен кестені толтырыңыз.
Жоба компоненттері |
Сатылық дамыту алгоритмі |
Зертханалық жұмыс мазмұны |
Жағдайды талдау |
|
|
Проблеманы анықтау |
|
|
Мақсат қою |
|
|
Күтілетін нәтижені анықтау |
|
|
Жүзеге асыру |
|
|
Ресурс пайдалану |
|
|
Бақылау, бағалау |
|
|
Кері байланыс |
|
|
Қорытынды |
|
|
Бесінші тарау бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
Қазіргі заман ерекшеліктеріне байланысты басқарушылар құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар
Білім берудің құзыреттілік нәтижелерінің Халықаралық деңгейде анықталуы
Джон Равен бойынша құзыреттілік сипаттамалары
Бүгінгі білім беру ұйымдарын басқару ерекшеліктері
Білім беру ұйымдарын басқарушылардың құзыреттіліктері
Басқарушылар құзыреттіліктерін қалыптастырудағы жобалаудың орны
Жобаларды басқарушыларды арнайы жобалау зертханасында дайындаудың маңызы
Өз жұмысыңызға байланысты, немесе, өзіңізді қызықтыратын тақырыпты зерттеуге арналған жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұнын құрастырыңыз. Оның қысқаша негіздемесі, мақсаты мен болжамы, кезеңдері және сатылық қадамда бойынша жүргізу алгоритмі болуына көңіл аударыңыз.
Жобаны жеке немесе топпен ортақ тақырыпта орындауға болады.
Жобаны міндетті түре өзіңіз оқитын немес жұмыс істейтін білім беру ұйымы жұмысын дамытуға байланысты болуы тиіс.
Дэвид Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту» әдістемесі бойынша белгілі бір тақырыпты игерудің модулін жасаңыз
Оны төмендегі оқу кезеңдеріне бөліп көрсетіңіз:
Тәжірибе (ситуация);
Рефлексия (ұғыну, болған ситуацияны түсіну);
Түсініктерді жинақтау (тұжырымдар құрастыру, кейбір қажетті шешімдер қабылдау);
Тәжірибені жобалау
Өзіңіз құрастыратын зертхана бағдарламасының модульдік мазмұнын алдыңғы тақырыппен («Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы») байланыстыра жоғарыдағы үлгімен кестені толтырыңыз.
Жоба компоненттері |
Сатылық дамыту алгоритмі |
Зертханалық жұмыс мазмұны |
Жағдайды талдау |
|
|
Проблеманы анықтау |
|
|
Мақсат қою |
|
|
Күтілетін нәтижені анықтау |
|
|
Жүзеге асыру |
|
|
Ресурс пайдалану |
|
|
Бақылау, бағалау |
|
|
Кері байланыс |
|
|
Қорытынды |
|
|
Бесінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер
Шляйхер А. Экономика знаний: почему образование-ключ к успеху в Европы. //Вопросы образования. −2007. −№1. −С.28.
Болонская декларация « Европейском регионе высшего образования». −Болонья, 1999.
Болонский процесс: поиск общности европейских систем высшего образования (Проект TUNING) /под научной редакцией д.п.н., профессора В.И. Байденко. − Москва-Астана, 2006. −6 с.
«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы».
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының Жобасы. Жалпы орта білім беру. Негізгі орта білім беру. Бастауыш білім беру. −Астана, 2008.
Делор Ж. Образование: сокрытое сокровище. UNESCO, 1996., с. 37
Равен Дж. Компетентность в современном обществе: пер. с англ. −Москва: Когито-центр, 2002. −С.212.
Маркова А.К. Психология профессионализма. – М.: МГФ «Знание», 1996. −С. 7.
Минцберг Г., Альстрэнд Б., Лэмпэл Дж. Школы стратегий / пер. с англ, под ред. Ю.Н.Каптуревского. Серия «Теория и практика менеджмента». – CПб.: «Питер», 2001. -336 с.
Фрумин И.Д. Тайны школы: заметки о контекстах. − Красноярск, 1999. −С.76.
Barber, М. Consistently high performance: Lessons from the world’s top performing school systems // McKinsey&Company. June 2007.
Фуллан Майкл. Новое понимание реформ в образовании − Moscow: «Prosvesheniye», 2006. −С.59.
Kotter John P. Chaos, Wandel, Leading Chandge / пер.на нем.Führing. − Düsseldorf, 1997. − S.66.
Колб Д. Еxperiential learning, 1984, Интернет материалы: http://www.learningfromexperience.com.
Тест сұрақтары
Жобалауды әлеуметтік – мәдени әрекет түріне жатқызған ғалым:
Генисаретский О.И.
Новиков А.М.
Маркузе Г.
Алексеев Н.Г.
Данилов М.А.
Жобалауды жүзеге асыру кезеңін бүгінгі оның идеологтары қалай бағалады?
адамның қайта құру әрекеттері
адамның іс-әрекеті
Адамның мінез-құлқы
Адамның жоспары
Адамның жұмысы
Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады?
Осы шақтан өткенді бағалайды
Осы шақтан қазіргіні саралайды
Осы шақтан тарихқа бағамдайды
Осы шақтан болашақты жоспарлайды.
Осы шақтан алдағы бір жылды жоспарлайды
Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы төрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар:
ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық
ситуативтік, әлеуметтік, қоғамдық және экзистенциалдық
ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық
ситуативтік, байланыстық, мәдени және экзистенциалдық
өзгермелі, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық
«Трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы мен оның өлшемдерін жасаған кім?
Генисаретский О.И.
Новиков А.М.
Маркузе Г.
Алексеев Н.Г.
Данилов М.А.
Дәстүрлі «жобалау» ұғымы энциклопедиялық сөздіктерде не мағына береді?
техникада, құрылыста, т.б. өндірістік салаларда белгілі бір бұйым жасау, немесе ғимарат салуға қажет құжаттардың –суреттер, есептеулер, т.б. –жиынтығы деп қарастырылады.
«педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы»;
тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет;
гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу;
білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы;
