- •1.Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы.
- •2. Жобалаудың теориялық негіздері.
- •3. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.
- •4. Әлеуметтік жобалау
- •5. Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны
- •1. Педагогикалық жобалаудың мәні
- •2. Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен түрлері.
- •3.Педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
- •4. Педагогикалық жобалау және басқару
- •5. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі
- •6. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары
- •1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мазмұны мен құрылымы
- •2.Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың шарттары.
- •3.Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы
- •4. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалау
- •5. Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
- •6. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы
- •IV. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру
- •1. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
- •2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде
- •3. Оқу жобаларының құрылымы мен түрлері
- •4.Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
- •5. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру
- •6. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі
- •7. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
- •8. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі
- •5. Жобалау әрекетін басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту
- •1. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері
- •2.Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны
- •3. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау типтері, немесе салалары бойынша қалай бөлінбейді:
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау кластары, немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша:
- •Мульти –жобалау:
- •Кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті қалай қарастырды?
- •Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы неше кезеңді бөліп көрсетеді?
- •Мәдени қорын сақтаушы роль:
- •Таратушы роль:
- •Жүйелеуші роль:
- •Құрушы роль:
- •Ұйымдастырушы роль:
- •Ұйымдастырушының басымдық позициясы дәстүрлі мәдениет түрінде болып, оған қатысушылармен қарым–қатынас жеке бас тұрғысынан жасалса, онда жобалау әрекеті қандай түрде орындалады?
- •Ұйымдастырушының корпоративтік-қолөнершілікке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының кәсіби мәдениетке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының бүгінгі заман талабына сай технологиялық мәдениетке негізделген түрінің басым назары:
- •Осындай ғылыми ізденістерде пайда болған жаңа бағыттарды шартты түрде қалай атауға болады?
- •Әлеуметтік құрастырудың бірнеше принциптерін белгілейді, олар –
- •Жобалау қызметі мен әлеуметтік жобаларды басқару бағдарламалары алдын-ала жасалатын болғандықтан жобалауды болжау мақсатында да пайдаланса оны қандай жобалау деп атаймыз?
- •Өткен ғасырдың 80- 90 жылдары дамыған елдердің жаңа экономикасына сай қызметкердің алатын орны қандай болды?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жобалау әдісі» қандай түсінік берілген?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жоба» ұғымына қандай түсінік берілген?
- •Зерттеу әрекеттері қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •Жобалау әрекеттері логикасы қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •«Педагогикалық жобалау» түсінігі в.Безруковтың анықтамасы бойынша:
- •И.А.Колесникова бойынша жобалау:
- •А.П.Тряпыцина бойынша жобалау:
- •Е.С.Заир-Бек бойынша жобалау:
- •Н.А.Масюкова бойынша жобалау:
- •Психологиялық – педагогикалық жобалаудың мақсаты:
- •Білім беруді жобалау арқылы нені белгілей аламыз?
- •Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың мазмұндық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың технологиялық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Процессуалдық, үрдістік деңгей нені құрастыруға бағытталады?
- •Статустық сараптама дегеніміз қандай сараптама?
- •Семинар сабақтарының мазмұны
1. Педагогикалық жобалаудың мәні
Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».
Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым –қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.
Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл –ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.
Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.
Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.
В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:
Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;
Мақсатқа бағытталған әрекет;
Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.
Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:
өндірістік, немесе жасампаздық;
тұтынушылық;
интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;
жоба–жаттығулар.
Өткен ғасырдағы педагогикада гуманитарлық идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К.Роджерс, Э.Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық өсуіне, жеке әлеуметтік тәжірибесінің дамуына, шығармашылық еркіндігін көтермелеуге бағытталған педагогикалық жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.
Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың өзі педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. Мысалы, мектеп өмірінің демократиялануына байланысты жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен өнімді әрекеті түріне айналды, өзара тең дәрежедегі жаңа қарым–қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. С.И.Гессеннің айтуынша педагогикалық ортада «қоғамдық өмірдің сан алуан түрлеріндегі өзара әрекеттердің өркендеуіне», Килпатрик бойынша айтқанда, жобаға қатысушылардың «белсенділіктері ағаш бұтақтарындай таралып өсуіне» қатты ықпал етті. Сөйтіп, жобалау әрекетін алдаңғы қатарлы педагогтар жобалау үрдісіне тартылған әлеуметтік–білімдік кеңістіктегі демократиялық қарым–қатынас құралы ретінде пайдалана бастады.
Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түре дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады.
Посткеңестік елдерде, соның ішінде Ресейде және Қазақстанда жобалау әдістері негізінде оқыту шетел тәжірибесімен қатар жүрді деуге болады. өткен ғасырдың басында – ақ С.Т.Шацкийдің жетекшілігімен оқыту барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В.А.Герд практикалық жүмыстағы жобалау әдістерін, А.П.Пинкевич жаратылыс тану ғылымындағы сынақ –тәжірибелік жұмысында, Б.Е.Райков зерттеу жұмыстарында, К.П.Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады. Оған осы кезде орыс тіліне аударылған Килпатрик еңбегінің ықпалы мол болды, соның негізінде оқу және әлеуметтік –педагогикалық жобалау педагогикалық әрекеттің ерекше түрі ретінде терең таратылды.
1931 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің Қаулысымен жобалау әдістері үлкен сынға ұшырады, өйткені, «оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін игеруге мүмкіндік бермейді», деп көрсетілді. Соған орай, кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс ретінде қолданылмады. Шетелдер тәжірибесінде, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, т.б. көптеген елдер жобалау әдістері ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады.
Жобалау әрекеттерінің одан әрі дамуы мәдени құбылыстардың қалыптасу логикасы бойынша – жай репродукциядан – зерттеуге, зерттеуден –мақсатты қайта құруға әкелді. Дамытып және дамып отыратын жобалық түзілім: танымға қызығушылық – таным әдістері – білім құрылымы негізінде өзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың жобалық амалы, жолдары қалыптасты.
Кеңестік мектептерде жобалауды педагогикалық ойлау логикасы тұрғысынан А.С.Макаренко қолданды, ол нақты бір тәрбиеленушінің қабілеті мен қызығушылықтары негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның оқу –тәрбие әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды.
1970- жылдары Н.В.Кузьмина еңбектерінде жобалау компоненті педагог әрекеттерінің құрылымына енгізілді, қазіргі кезде терминологиялық аппараттан «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау әрекеті», «педагогикалық жобалау» ұғымдары орын алды. Олардағы жобалау объектілері ретінде педагогикалық әрекеттің әдістері мен түрлері алынады.
Жобалауды одан әрі зерттеген В.В.Давыдов, Генисаретский, Н.Г.Алексеев, А.В.Петровский, И.В.Якиманская, И.А.Колесникова, В.И.Безруков, т.б. жобалауды білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған әрекеттер негізінде қарастырады.
Осылайша, кәсіби – педагогикалық ой – пікірдің даму барысында жобалау идеясы педагогикалық практикадан педагогикалық теорияға қарай ауыса бастады.
Жобалау әрекетінің негізі болып табылатын «жоба» түсінігінің өзі де ғылымда түрліше қарастырылғанын көруге болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар (М.С.Каган) оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, әрекеттік тұрғыдан қарастыру (И.А.Колесникова) жоба –жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. Жалпылай келгенде, жоба – «белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде өзгерту» деген (В.Н:Бурков, Д.А.Новиков) пікірге сай дей аламыз, өйткені бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін көрсетеді.
Жобаны құрастыру материалдары ретінде теориялар, модельдер, түсініктер, таңбалар мен формулалар, алгоритмдер мен парадигмаларды айта аламыз. Жобалаудың түрлі салалардағы инструменталдық жүйесі ретінде әрекет теориясы алынады.
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәнін ашу үшін жобалауға негіз болатын танымның және қалыптасқан ортаны жаңартудың ерекше тәсілі туралы идеяларды қарастыруымыз қажет болады, олардың бастылары:
«алдын–алу идеясы» – алдағы әрекеттерді жобалауға бағытталған жобаға тән перспективалар;
« әлеуеттердің айырмашалық идеясы» – жоба нысанының қалыптасқан жағдайы мен алдағы уақытта болуы тиіс сипаттарының айырмашылығы;
«бір қадамнан–келесі қадамға» – «болашақтағы қажеттіктердің» бірте–бірте, өз кезеңімен жақындай беруі (Н.А.Бернштейн);
«бірлесу идеясы» – жобалау барысындағы түрлі бағыттағы күштер мен ресурстарды біріктіре пайдалану жолдары;
«көбейіп тарай беретін белсенді» қатысушылар – (В.Х.Килпатрик) біірлескен әрекеттер барысында мақсатты орындауға деген қатысушылар белсенділігінің артуы.
Қазіргі кезде көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарының нәтижелері сапалы құрылған білім жобаларының ғылыми негіздемесі болуын, ал жобалардың нәтижесі жаңа ғылыми идеялар мен жаңа зерттеу бағыттарына негіз болуын дұрыс деп есептейді.
Дегенмен де, білім беруде жобалау әрекетінің «идеядан –соңғы нәтижеге дейінгі» толық циклы бойынша жобаны таңдау, құрастыру ғана емес, идея берушілер мен жобаны құрастырушылардың жобаны тәжірибеге ендіруге де тікелей араласатын болғандықтан, білім берудегі жобалау әрекетінің құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық жобалау тәжірибесінен айқын көруге болады.
Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде «жоба», «жобалау» ұғымдарынан тарайтын түрлі сөз тіркестері мен терминологиялық түсініктер көбеюде. Олар бір қарағанда мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар, сондықтан жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет етеді. Оларды төмендегі сипаттары бойыша ажырата аламыз:
− «жобалық» – бұл сипат белгілі бір нәрсенің жоба аясында қолданылатынын түсіндіретін, жоба категориясына жататынын білдіретін ұғым, мысалы, жобалық шешім, жобалақ құжаттар, жобалық тұрғы, жобалық мәдениет, т.б.
− «жобалай алушылық» – бұл сипат адамның ой түріндегі объект бейнесінің тәжірибеде іске асырылу моделін көре алатын қабілеті. Ол белгілі бір әдістер мен процедуралар негізінде іске қосылатын тұлғалық сапасы ретінде көрінеді, мысалы, жобалай алатын ой-сана, жобалай алу әдістемесі, жобалай алуды тексеру, т.б.
− «жобалаушылық» – бұл сипат ерекше әрекет ретіндегі жобалауға жататын ұғымдарды білдіреді, мысалы «жобалаушылық кезең» деп белгілі бір үрдістегі жобалау әрекетін пайдалануға мүмкіндік бар кезеңді, «жобалаушылық біліктілік» –жобалау қызметін іске асыру мүмкіндігін білдіреді.
Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік -техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалау әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән - мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады. Ғалымдар білім берудегі жобалаудың екі стратегиялық түрін белгілейді, олардың бірі – әлеуметтік ортаға және оның жағдайларына бейімделу, басқаша айтқанда, педагогтардың білімнің әлеуметтік өзгерістерге жауап беру түрлері деуге болады; екіншісі –өз құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде жобалау туралы бірнеше түсініктер берілген, мысалы «педагогикалық жобалау –оқушы мен тәлімгердің алдағы іс - әрекетінің негізгі құрылымдарының жасалымы, бұл оқытушы әрекетінің тиімділігін арттырады» делінсе, «жобалау әдісі» – оқушыны бірте -бірте күрделене түсетін практикалқ тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі» деп тұсіндіріледі. Енді «жоба» ұғымына келсек, қазақ тілінде оны «жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге тиісті нысандардың макеттері, есептеулері және ұстанымды дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады».
Білім беру саласы қоғам дамуының деңгейін анықтайтын әлеуметтік және әлеуметтік мәдени технология және іргелі сала. Бұл тұрғыдан қарастыру арқылы жобалау мен ғылыми зерттеудің ортақ идеясын болатынын дәлелденеді. Оның мәні:
объектінің құрылым ішінде пайда болуы;
кейін оның зерттеу пәніне айналуы;
оның кешенді және көп пәнді болуы;
зерттеу элементтерімен қатар жобалау элементтерінің қамтуы;
жобалық идеяның тиімділігінің бағалануы және оның салдарының талдануы;
ғылыми зерттеу позициясымен қатар басқару субъектілерінің өзара байланысы.
Білім берудің тұтас саласы да жобалау пәні бола алады, бұнда тәжірибелік зерттеулер жүргізілуі эксперименттердің жобалық бағдарламалық түрі пайда болуына алып келеді.
В.В. Давыдов пен Ю.В.Громыко ғылымилықтың жаңа жобалық – бағдарламалық түрін белгіледі. Оның негізіне ғылыми сипаттама беру (модельдеу), жаңа фрагменттер мен жүйелер құрастыру алынады. Жобалау пәні ретінде әлеуметтік –мәдени әрекеттер жүйесінің мәдени – тарихи түрлері алынады, бағдарламалау пәні ретінде тәжірибенің даму үрдісі алынады. Аталған В.В. Давыдов пен Ю.В.Громыконың тұжырымдамасын білім берудегі жобалаудың мета –әдіснамасы деп есептей аламыз және ол дәстүрлі педагогикалық үрдістің тұтас адам құндылықтарына көшуін белгілейді. Оның жобалау негізінде қолданылу шарттары төмендегідей қарастырылады:
белгілі бір білім мекемесі деңгейінде тәжірибелік зарттеудің зерттеудің қажеттігін анықтау;
білім саласындағы дәстүрлі нормативтік қызметтермен қатар инновациялық тәжірибелік алаңдардың болуына жағдай жасау;
білім беру саласындағы тәжірибелік жаңғыртулардың құралы ретінде жобалық әрекеттерді алу.
Айта кететін жайт, білім берудегі жобалау инновациялық жобаларды барлық білім беру ұйымдарына міндеттеуге тиіс емес. Бұл жағдайда басқару маниулятивтік сипатта болып, білім беру ұйымдары бірдей сипат алуы мүмкін.
Білім беруді жаңарту білім беру жүйелерін жобалау әдіснамасына, әртүрлі білім мекемелері сипатын және олардың өзін –өзі дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс. Білім беруді дамытудың перспективалық бағыты ретіндегі жобалау идеяларын В.И. Слободчиков білім берудегі инновациялық әрекеттері тұрғысынан зерттейді. Ол инновациялық әрекеттерді:
белгілі бір әлеуметтік тәжірибе кеңістігінде;
дәстүрлі нормалардың жаңа әлеуметтік күтінімдерге сәйкес болмауынан пайда болған проблемаларды шешуге бағытталған әрекеттер ретінде;
жаңа инновациялық тәжірибені, оның мәдени рәсімделуі мен берілу механизмін түсіну және қабылдау әрекеті ретінде;
қалыптасқан тәжірибені жаңартуға бағытталған әрекет ретінде қарастырады
Мысалы, зерттеу әрекеттері «мақсат –құрал – нәтиже» схемасы бойынша бар нәрсені зерттеу түрінде болатын болса, басқару әрекеттері «бағдар – әрекет – бақылау» түрінде, ал жобалау әрекеттері логикасы «идея –орындау – рефлексия» түрінде жүзеге асырылады. Жобалаудың өзіне тән ресурстары бар, олар:
интеллектуалдық, ерік – жігерлік;
адами позициялық;
ұйымдастырушылық;
басқару;
кәсіби – әрекеттік
материалдық – қаржылық, т.б
Инновациялық жобалау төмендегі өзара байланысты қызметтерді қамтиды, олар:
ғылыми –зерттеу әрекеттері, немесе жаңа білім ашу, игеру;
жобалау әрекеттері, немесе жаңа білімді технологияда пайдалану арқылы тағы да жаңа білім құрастыру;
білім беру әрекеттері, немесе субъектілердің өз тәжірибесі негізінде өзіндік білімді игеруі;
Осылайша, жаңа әлеуметтік –мәдени жағдайлар ұлттық білімнің жаңа бейнесін қалыптастыра бастады, оның мәні мен белгілері –қоғамдық тәжірибенің өз бетіндік түрі, тарихи тәжірибенің универсалды түрде берілуі, адамдық мәннің қалыптасуы мен күшеюінің жалпы тарихи –мәдени түрі.
Білімнің аталған жаңа бейнесіне сәйкес оның құрылымы өзгереді, білім саласы құрылымының көрінісі үш қырынан байқалады, олар:
білім беру ортасы –білімнің әлеуметтік –мәдени мазмұны ретінде;
білім беру институттары – білім беру субъектілері әрекетінің ұйымдастырылған жүйесі ретінде;
білім беру үрдісі – білім беру субъектілері әрекетінің мазмұны мен нақты жолдары ретінде;
білім беру саясаты – білім беру қызметін басқа жүйелер арасында қамтамасыз ету;
білім беруді басқару – оның тұтас қызмет етуін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология ғылымдарының әдіснамасында орын ала бастауы оны гуманитарлық тұрғыдан қарастыруды алып келді. Н.Г.Алексеев Ю.В.Громыко, В.А.Никитин зерттеулерінде жобалау туралы білім берудегі инновациялардың мәдени түрі деген түсініктер де берілді.
Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік – техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалауды әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән –мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады. Г.П.Щедровицкий білім берудегі жобалаудың екі стратегиялық түрін белгілейді, олардың бірі – әлеуметтік ортаға және оның жағдайларына бейімделу, басқаша айтқанда, педагогтардың білімнің әлеуметтік өзгерістерге жауап беру түрлері деуге болады; екіншісі –өз құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру.
Бүгінгі әдебиеттерде жобалау – «алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау әрекеті», бұл жерде ең маңызды нәрсе – бір нәрсенің болашақ сипаты туралы, оның қолжетімдігі туралы мақсаттық –құндылықтық ұстаным болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің қалыпты өз шеңберінен шыға алуы – трансценденттенуі – ойлау қызметінің дамытушылық функциясы іске асырылады.
Жобалауға – педагогикалық жобаны жасау және жүзеге асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы – деген түсініктер берушілер де бар. Жобалау әдістерімен оқыту үрдісінен педагогикалық қоғам оқытудағы жобалауға, немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге (О.И.Газман), жобалау негізіндегі білім беруге (Г.Ильин) көшу жүзеге асырылуда. Бұл үрдісті жобалық ортаның білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжіибеге белсенді түрде еніп келеді.
Білім беруді басқарудағы жобалауға туралы зерттеушілер пікірлері төмендегідей болып келеді. «Педагогикалық жобалау» түсінігі В.Безруковтың анықтамасы бойынша «гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу».
И.А.Колесникова: «жобалау – тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет»;
А.П.Тряпыцина: «жобалау – білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы»;
Е.С.Заир-Бек: «жобалау– қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт»;
Н.А.Масюкова; «жобалау – педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы»;
Олардан басқа жобалауға «педагогикалық жоба құру және жүзеге асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы» деген түсініктер берушілер де бар. Бүгінгі күні жобалау әдістерімен оқыту үрдісінен оқытудағы жобалауға, немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге, жобалау негізіндегі білім беруге көшу жүзеге асырылуда. Бұл үрдісті жобалау ортасының білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типтік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжіибеге белсенді түрде еніп келеді.
И.А.Зимняя білім берудің жобалылығын білім тенденциясының болашағы ретінде қарастыра отырып, оны айқын байқалып келе жатқан пәндік – бағдарлы оқыту жүйесінің тұлға әрекетіне бағытталған жобалық – құрастырушылық оқытуға ауыса бастауымен түсіндіреді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы
Д.Дьюи мен В.Килпатрик еңбектерінде «жоба» түсінігінің қарастырылуы.
Жобалау – педагогикадағы демократиялық қатынас құралы ретінде.
Посткеңестік елдер педагогикасында жобалау әдістерінің таралуы.
Педагогикалық әрекеттері құрылымына жобалау компоненті ендірілуі
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәні.
«Жоба», «жобалау» ұғымдарының педагогикалық мәні анықталуы.
В.В.Давыдов пен Ю.В.Громыко анықтаған жобалық – бағдарламалық үрдістің педагогикада қолданылу шарттары.
Педагогикалық жобалаудың логикасы мен ресурстары.
Педагогикадағы инновациялық жобалау әрекеттері.
Глоссариймен жұмыс
