- •1.Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы.
- •2. Жобалаудың теориялық негіздері.
- •3. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.
- •4. Әлеуметтік жобалау
- •5. Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны
- •1. Педагогикалық жобалаудың мәні
- •2. Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен түрлері.
- •3.Педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
- •4. Педагогикалық жобалау және басқару
- •5. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі
- •6. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары
- •1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мазмұны мен құрылымы
- •2.Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың шарттары.
- •3.Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы
- •4. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалау
- •5. Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
- •6. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы
- •IV. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру
- •1. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
- •2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде
- •3. Оқу жобаларының құрылымы мен түрлері
- •4.Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
- •5. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру
- •6. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі
- •7. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
- •8. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі
- •5. Жобалау әрекетін басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту
- •1. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері
- •2.Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны
- •3. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау типтері, немесе салалары бойынша қалай бөлінбейді:
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау кластары, немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша:
- •Мульти –жобалау:
- •Кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті қалай қарастырды?
- •Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы неше кезеңді бөліп көрсетеді?
- •Мәдени қорын сақтаушы роль:
- •Таратушы роль:
- •Жүйелеуші роль:
- •Құрушы роль:
- •Ұйымдастырушы роль:
- •Ұйымдастырушының басымдық позициясы дәстүрлі мәдениет түрінде болып, оған қатысушылармен қарым–қатынас жеке бас тұрғысынан жасалса, онда жобалау әрекеті қандай түрде орындалады?
- •Ұйымдастырушының корпоративтік-қолөнершілікке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының кәсіби мәдениетке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының бүгінгі заман талабына сай технологиялық мәдениетке негізделген түрінің басым назары:
- •Осындай ғылыми ізденістерде пайда болған жаңа бағыттарды шартты түрде қалай атауға болады?
- •Әлеуметтік құрастырудың бірнеше принциптерін белгілейді, олар –
- •Жобалау қызметі мен әлеуметтік жобаларды басқару бағдарламалары алдын-ала жасалатын болғандықтан жобалауды болжау мақсатында да пайдаланса оны қандай жобалау деп атаймыз?
- •Өткен ғасырдың 80- 90 жылдары дамыған елдердің жаңа экономикасына сай қызметкердің алатын орны қандай болды?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жобалау әдісі» қандай түсінік берілген?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жоба» ұғымына қандай түсінік берілген?
- •Зерттеу әрекеттері қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •Жобалау әрекеттері логикасы қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •«Педагогикалық жобалау» түсінігі в.Безруковтың анықтамасы бойынша:
- •И.А.Колесникова бойынша жобалау:
- •А.П.Тряпыцина бойынша жобалау:
- •Е.С.Заир-Бек бойынша жобалау:
- •Н.А.Масюкова бойынша жобалау:
- •Психологиялық – педагогикалық жобалаудың мақсаты:
- •Білім беруді жобалау арқылы нені белгілей аламыз?
- •Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың мазмұндық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың технологиялық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Процессуалдық, үрдістік деңгей нені құрастыруға бағытталады?
- •Статустық сараптама дегеніміз қандай сараптама?
- •Семинар сабақтарының мазмұны
3.Педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
Педагогикалық жобалауда міндетті түрде мақсатты белгілеу қажет болады. Мақсат қою дегеніміз жобаланатын нысанды өзгерткеннен кейінгі нәтижесін көре білу және сонымен қатар, сол нәтижеге жету барысын нақты үрдіс ретінде көре білу деуге болады. Сөйтіп, мақсат қою күтілетін нәтижеден және оған жету жолдарынан тұрады. Бұл ойша жасалған құрылым жобалау барысындағы түрлі жағдайларға байланысты өзгерістерге де түсе алады. Сондықтан жобалау барысында стратегиялық мақсат та, оған жету жолдарын қадағалап отыратын аралық мақсаттар да жасалуы тиіс және олардың басты сипаты қорытындылары бойынша мақсаттың орындалғанын, берілген проблеманың шешілгенін өлшеуге, тексеруге келетін болуы қажет.
Мақсатқа ұмтылушылық жүйенің тиімді қызмет етуіне қажетті жалпыға ортақ және міндетті элемент деп есептеледі, сондықтан, педагогикалық жүйелердің құрамындағы әрбір кіші жүйе, әр элемент тұтас жүйенің алдында тұрған басты мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрқайсысының қызметі салыстырмалы түрде дербес болып табылатын өзіндік мақсаттарын орындауға бағытталғанымен, түптеп келгенде барлығы да жүйенің негізгі мақсатына тәуелді болып табылады. Педагогикалық жүйелердегі мақсат қою оны анықтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, белгіленген мақсатты тарату (декомпозициялау), яғни, ондағы кіші жүйелер мен элементтердің қызметін, олардың арасындағы өзара байланыстарын ескере отырып, әрқайсысының дербес мақсаттарын анықтауды да қамтуы тиіс.
Мақсат қою барысында ескеретін маңызды мәселе – жобалық өзгерістердің мақсаты ретіндегі жобаны жүзеге асырудағы нәтижелер де, сонымен қатар, сол нәтижелер арқылы қол жеткізілетін стратегиялық мақсаттар да берілуі тиіс. Оны төмендегідей мысалдармен түсіндіре кетейік, бірінші мысал білім алушыларға қатысты: егер педагогикалық жүйелерді ақпараттандыруды жобалауды алсақ, оның мақсаты білім алушылар үшін жеткілікті мөлшерде компьютерлердің қойылуын және сабақта оларды кеңінен пайдалануға жағдайлар тудырылуын көздейді, бұл жобаны жүзеге асыру нәтижелері болып табылады.
Бұл нәтижелер өз кезегінде белгілі бір стратегиялық мақсатқа бағытталады, яғни, оқытуды ақпараттандыру нәтижесінде білім берудің сапасын көтеру, білім алушылардың жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру, т.б. қамтамасыз етіледі. Келесі мысал: егер, жобалау педагогикалық ұйымдарды басқарушылардың құзыреттілігін дамыту мақсатында жүзеге асыратын болсақ, оның нәтижесі – басқарушылардың белгілі бір құзыреттілік сапаларын қалыптастыру болады да, осы нәтижелер өз кезегінде стратегиялық мақсатқа – педагогикалық жүйелерді заман талаптарына сай дамытуға бағытталады. Сөйтіп, педагогикалық жобалаудың негізгі нәтижелері жобалар және бағдарламалар болып табылады.
Педагогикалық жобалау қызметінің тиімділігі субъектілерді дамыту тұрғысынан қарастырылады. Өйткені, біріншіден, кез келген субъектінің бойында өзіндік дамытуды жүзеге асыратын барлық қасиеттері бар екені белгілі, екіншіден, педагогтардың құзыреттілігін дамыту жалпы білім беру ұйымының жаңа сапаға өтуінің факторы бола алады. Үшіншіден, педагогикалық әрекеттерді басқару субъектілерінің өз бетімен оқу әрекеттерін ұйымдастыру, өмірдегі өзгермелі жағдайларды қабылдай алу, оған даяр болуды қамтамасыз ететін басқарушылардың құзыреттіліктерін жобалау қызметі барысында жүзеге асыруға болады.
Жобалауды ұйымдастыру кез келген ұйымды дамытудың факторы ретінде соңғы кездері қарастырыла бастады. Өйткені, білім беру ұйымдарындағы қайта құрулар мен өзгерістер динамикасы жобалаудың өзектілігін арттыруда.
Педагогикалық жүйе компоненттерін мақсатты түрде дамытуды жүзеге асыру мақсаттық - бағдарлы жобалар жасалуын қажет етеді. Бұл жобалар, ең алдымен, ұйым мүшелері мен топтардың қарым - қатынасын, ішкі тәртіптері мен жұмыс нәтижелерін өзгертуге бағытталады. Басқаша айтқанда, жобалау қызметін ұйымдастыруды өзін -өзі дамытатын жүйе қалыптастыру әдісі деуге болады. Осындай педагогикалық жобалаудың ерекшеліктері:
қоршаған ортаның динамикалық өзгерістеріне сәйкес жаңа мақсаттарға бейімделе алады;
педагогтар мен басшылардың бірлескен қызметтері арқылы қоғамдағы өзгерістер талабына жауап бере алады;
ұйым мүшелерін дамытуға және өздерін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызылады, өзара сенімге құрылған қарым- қатынастың жоғары болуынан туындаған қайшылықтар дер кезінде шешіліп отырады;
ұйымдағы мақсат қою және шешім қабылдау процестеріне әр адам міндетті түрде тартылады, өйткені, олар жүйедегі өзгерістерді жоспарлау мен оларды басқаруға өздерінің тікелей қатысы барын ұғынады.
Педагогтарды мақсатты бағдарлы жобалау қызметіне тарту арқылы педагогикалық немесе оқыту жүйесін дамытудың жобасы жасалады. Онда:
біріншіден, «нені жасау керек?» деген сұраққа сай, педагогикалық жүйенің «шығудан» көрінетін күтілетін нәтижелері құрастырылады. Олар жүйенің ішкі және сыртқы өзгерістерге, ұйымның мүмкіндіктері мен ресурстарына сай жасалады;
екіншіден, «неге олай жасау керек?» сұраққа сай атқарылатын әрекеттердің мақсаты мен міндеттерін анықталады. Олар сыртқы орта, үлкен жүйе талаптарына сай жасалған педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымының жалпы мақсаты мен соған сәйкес жүйедегі әрбір құрылымның мақсаттары мен міндеттері үйлестіріледі. Ол жобалауға қатысушылардың мақсаттар жүйесіндегі өз міндеттерін ұғынуға мүмкіндік береді;
үшіншіден, «қалай жасау керек?» деген сұраққа сай, яғни, мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда қандай құндылықтардың басшылыққа алынатыны, қандай әдіс - тәсілдер мен құралдар пайдаланатыны белгіленеді.
Тәжірибе барысында бірнеше педагогикалық бағыттарды қатарынан жобалау негізінде жаңа педагогикалық жүйенің «көрінісі» қалыптаса бастайды және осы жаңа «көрініс» педагогикалық жүйенің өзін-өзі қайта құру субъектісі ретінде жаңа қажеттіктерін тудырады. Осыған сай, педагогикалық жүйенің жаңа құндылықтары мен жаңа қатынастары, қызметтік құрылымдары мен байланыстары, жаңа қызметтер бағыты пайда болып, тәжірибеде бекітіле береді. Бекіту процесі де маңызды болып табылады, өйткені, уақыт пен жаңа талаптар сынағынан өткен кейбір нәтижелері, белгілі бір тұжырымдамалар, нормативтік құжаттар, бағдарламалар, нормативтік нұсқаулар ретінде қабылдауды, тәжірибеге енгізуді қажет етеді.
Педагогикалық әрекеттер теориясында білім беру әрекеттен тыс бола алмайды, тұлға бойына өзгерістер ендіру оны белгілі бір мотивтер негізінде әрекеттерге тарту арқылы жүзеге асырылады. Аталған пікірлер педагогикалық жүйе ретіндегі білім берудің басты қайшылығы білім алушы мен педагогтардың мақсаттары арасындағы қайшылықты көрсетеді.
Педагогикалық мақсат қою – бұл мақсатты құрастыру процесі, өте жауапты логикалық–құрастырушылық жұмыс. Ол келесі алгоритм бойынша орындалады: «қалыптасқан жағдайды талдау – қажетті нормативтік құжаттарды ескеру – олардың негізінде қанағаттандырылуы тиіс мүдделер мен қажеттіктерді белгілеу– осы мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін күштер, ресурстар мен мүмкіндіктерді анықтау – берілген ресурстар мен күштерді жұмсау арқылы қанағаттандырылатын ең тиімді мүдделер мен қажеттіктерді анықтау – мақсат құрастыру, яғни, мақсат қою».
«ҚР Білім туралы Заңының» 11-бабында «білім беру жүйесінің мақсаты: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.
Білімділік – тұлғаның игерілген әлеуметтік тәжірибесін пайдалана отырып проблемалар класын, түрлерін өз бетімен шешуге қабіллеттілігін крсететін жалпы білім нәтижесі. Білімділік деңгейі тұлғаның өзі шешуге қабілеті жететін проблемалар класы, түрлері арқылы белгілінеді. Олар:
сауаттылық–оқу әрекетіндегі проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Сонымен қатар, бұл деңгей өз әрекетін ұйымдастыра алу, өзге де білім үрдісіне қатысушылармен қарым– қатынас жасау проблемаларын шеше алуды да қамтиды;
функционалдық сауаттылық– қоғамдық ортадағы әлеуметтік рольдерді (оқушы, тұтынушы, қызметкер, клиент, азамат, отбасындағы, жолдастар арасындағы, қызмет бабындағы рольдер, т.б.) жүзеге асыру проблемаларын шешуге қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі.
құзыреттілік – өмірлік және кәсиби жолын таңдаудағы проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Оның негізгі компоненттері:
Білім беру сапасындағы өзгерістердің бағыттары:
Білім берудің жаңа нәтижелеріне жету – ол білім нәтижелерінің жаңа компоненттері тұлғалық, метапәндік және пәндік нәтижелерді меңгеру негізінде жүзеге асырылады;
Мектеп бітірушілердің білімділік деңгейінің өзгеруі – қарапайым сауаттылық, функционалдық сауаттылық, құзіреттіліктер;
Білім беру әрекеттеріндегі табысты болу масштабының өзгеруі, табысты болу аумағының ұлғаюы, табысты білім әрекеттерін игерген оқушылардың саны көбеюі, оқушылардың дербес жетістіктерінің көбеюі;
Қоғам дамуына сай оқушыларды жаңа проблемаларды шешуге дайындау
Қорыта айтқанда, білім беру нәтижесін өзгеруі оның деңгейіне ғана емес мазмұнына да байланысты.
Білім беру мақсатының өзгеру жағдайлары мен мүмкіндіктерін қарастырып көрейік. Біздің кеңестік тарихымызда мектепте білім беру мақсаты «тұлғаның жан жақты және үйлесімді дамуы» болып келді, бірақ ол декларативті түрдегі ұран күйінде қалып, шын мәнінде, негізгі мақсат пәндік білім нәтижелері болып әлі күнге дейін қалып отыр. Ал пәндік білім нәтижелерінің көрсеткіші ретінде әр пәннен алған білімдерінің жиынтығы, есептер шығара білуі, тарихи даталарды есте сақтауы алынады.
Білім жүйесін жаңғырту жағдайында негізгі мақсаттар ретінде метапәндік, пәннен жоғары жетістіктер – оқушылардың оқу тапсырмаларын орындаудағы және танымдық түріндегі ғана емес, өмірдегі түрлі ситуацияларындағы сан-алуан проблемаларды шеше білуге қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған ұмтылыстар жасалуда. Оларды талдап көрейік:
Біріншіден, білім беру мақсаты - оқушыларды өз әрекеттерін ұйымдастыруға үйрету, атап айтқанда, өз әрекетінің мақсатын қоя білу, жүзеге асыру құралдарын айқындай білу, шешім қабылдай білу, өзгелермен бірлесіп әрекет ете білу.Бұндағы тағы бір маңызды нәрсе-оқушыларда оқу біліктіліктері мен оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Екіншіден, білім беру мақсаты- оқушыларды айналадағы құбылыстардың мәнін түсіне, түсіндіре білуге үйрету. Бүгінгі таңда оқушылар құбылыстарды сипаттауға және ол туралы белгілі бір ғылыми тұжырымдарды жаттап алуға үйретілуде.
Үшіншіден, білім беру мақсаты- оқушыларды дүниетанымдық, адамгершілік және азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына ықпал ететін құндылықтар әлемінде өз бағытын таңдай алуына, өз тұрғысынан баға беру білуге үйрету.
Төртіншіден, білім беру мақсаты- оқушылардың бойында күнделікті кездесетін әлеуметтік рольдерді (оқушы, талапкер, тұтынушы, қарым- қатынас субъектісі т.б) дұрыс орындауға қажетті функциональдық біліктіліктерді қалыптастыру.Егер мақсат осылай қойылатын болса, онда қазірге дейін басты мақсат болып келген «мектепте оқушыларды болашақ өмірге дайындау керек» ұраны өз күшін жойып, мектепте оқушылардың өз әлеуеттерін толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әрекеттер түрлерін игерудің нақты бағдарламасына көшуге болар еді. Бұл мақсатты орындау үші оқу пәндерін және оның белгілі бөлімдерін игерудегі қалыптасқан мақсат қоюшылық бағыттардың өзгертілуі, пәндердің интеграциялануы қажет болады.
Бесіншіден, білім беру мақсаты- оқушылардың бойында түрлі саладағы түрлі әрекеттерді орындауға негіз болатын универсалдық түйінді дағдыларын қалыптастыруға бағытталады, бұлар қазіргі кезде түйінді құзыреттіліктер деп аталып жүр. Түйінді дағдыларды (әр жерде түрліше аталады) қалыптастыру көптеген елдерде жүзеге асырылуда, оларда бұл дағдылар жиынтығы жұмыс берушілердің білім беру жүйесіне әлеуметтік сұранысын көрсетеді. Бұл дағдылар, немесе құзыреттіліктер біздің түсінігіміздегі «білім беру жүйесіне қойылатын талаптар» ретінде емес, еңбек нарығындағы жағдайларды зерттеу және алдын –ала болжау нәтижесінде жасалады және олар жастардың қай деңгейдегі білімі еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатынын көрсетеді.
Алтыншыдан, білім берудің тағы бір мақсаты- оқушыларды кәсіби білім алуға даярлау.Оның мәні, әрине,бізге үйреншікті түсініктен мүлдем бөлек, ол тек қана Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындау әрекеттері ғана емес. Кәсіби білім алуға даярлау бүгінгі еңбек нарығында да, білім беру қызметтерін көрсету нарығында да өз бағдарын нақты айқындап алу, өзінің білім алу траекториясын құрастыра білу, шешім қабылдауға бел байлай білу. Бұл мақсат бөлек пәндерді игеру аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін емес, оған пәнаралық тұрғыдан келу қажет болады.
Білім беру нәтижелеріне тікелей ықпал ететін факторларды былайша белгілеуге болады:
білім беру мақсаты, бұл жерде білім беру мақсаты ретінде білім беру үрдісінің мақсатқа бағытталғандығы, білім беру үрдісіне қатысушылардың құндылықтық бағдары алынады;
білім беру мазмұны, немесе, білім беру жүйесіндегі бекітілген стандарттар;
білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы, білім беру технологияларының қолданылуы
Осыған қоса, біздің ойымызша, жоғарыда аталған барлық факторлардың басын біріктіретін - нақты білім беру жүйесінің ұйымдық мәдениеті, бұл фактор білім беру үрдісіне қатысушылардың қарым-қатынасымен, қалыптасқан құндылықтарымен анықталады.
Өзіндік білім алуға мүмкіндік беретін субъектілік компоненттері іс жүзінде толығымен пайдалану үшін, оның әр компонентінің мақсаттары жалпы жүйенің мақсатына сәйкес келтірілуі қажет.
Сурет 4 − Білім берудегі мақсаттар жүйесінің үлгілік құрылымы
Осыған сай, білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін, оқыту жүйесін, барлық деңгейлердегі басқару жүйесінің мақсаттары бір арнаға тоғысып, субъектінің өзіндік дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Оны жоғарыдағы 4 -суретте берілген мақсаттар жүйесі ретінде көрсетуге болады.
Қоғам дамуының қазіргі ақпараттық кезеңдегі жағдайлар, адам проблемасын тарихи, әлеуметтік, шығармашылық субъектісі ретінде алдыңғы орынға шығарып, осы өзгерістерге сай білім берудің ролін тиісінше бағалау қажеттігі педагогиканы басты ғылымдар қатарын қойып отыр. Бүгінгі таңда педагогиканың нысанасы ретінде әртүрлі оқу-тәрбие жүйелері алынып, ал оның пәніне әлеуметтік белсенді, шығармашылық тұлғаның өздігінен өмір бойы білім алуы белгіленіп» жүргені белгілі. Адамның өзіндік дамуын қамтамасыз ететін тұтас жүйе жасауға деген қажеттіктің бүгінгі таңда ерекше көкейтестілігі қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму талаптарынан туындап отыр. Сондықтан, педагогикалық жобалау жүйенің жалпы мақсатына бағытталып, орндағы мақсат иелері өздігінен білім алушы субъектілер болуы қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Педагогикалық жобалаудағы мақсатты айқындаудың маңызы неде?
Статегиялық мақсат қою мен жобалаудың байланысын мысал арқылы дәлелдеңіз.
Педагогикалық жобалаудың нәтижелері деп нені айта аламыз?
Педагогикалық жобалаудың субъектілерді дамытушылық ролі қалай айқындалған?
Мақсатты –бағдарлы педагогикалық жобалардың ерекшеліктері.
Педагогикалық (оқыту) жүйесі дамыту жобасын құрастыру реттері.
ҚР «Білім беру Заңында» білім беру мақсаты қалай анықталған?
Бүгінгі білім берудің күтілетін нәтижелері қандай және оларға сипаттама беріңіз.
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы негізгі мақсаттар жүйесін атаңыз.
Білім беру нәтижелеріне тікелей ықпал ететін факторлар
«Педагогикалық жобалаудың бүгінгі мақсаты – субъектінің өзіндік дамуын қамтамасыз ету» тұжырымын нақты тақырып бойынша жобалау тәжірибесі негізінде дәлелдеңіз.
