- •1.Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы.
- •2. Жобалаудың теориялық негіздері.
- •3. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.
- •4. Әлеуметтік жобалау
- •5. Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны
- •1. Педагогикалық жобалаудың мәні
- •2. Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен түрлері.
- •3.Педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою
- •4. Педагогикалық жобалау және басқару
- •5. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі
- •6. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары
- •1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мазмұны мен құрылымы
- •2.Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың шарттары.
- •3.Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы
- •4. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалау
- •5. Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
- •6. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы
- •IV. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру
- •1. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
- •2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде
- •3. Оқу жобаларының құрылымы мен түрлері
- •4.Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
- •5. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру
- •6. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі
- •7. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
- •8. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі
- •5. Жобалау әрекетін басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту
- •1. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері
- •2.Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны
- •3. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау типтері, немесе салалары бойынша қалай бөлінбейді:
- •А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау кластары, немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша:
- •Мульти –жобалау:
- •Кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті қалай қарастырды?
- •Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы неше кезеңді бөліп көрсетеді?
- •Мәдени қорын сақтаушы роль:
- •Таратушы роль:
- •Жүйелеуші роль:
- •Құрушы роль:
- •Ұйымдастырушы роль:
- •Ұйымдастырушының басымдық позициясы дәстүрлі мәдениет түрінде болып, оған қатысушылармен қарым–қатынас жеке бас тұрғысынан жасалса, онда жобалау әрекеті қандай түрде орындалады?
- •Ұйымдастырушының корпоративтік-қолөнершілікке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының кәсіби мәдениетке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі:
- •Ұйымдастырушының бүгінгі заман талабына сай технологиялық мәдениетке негізделген түрінің басым назары:
- •Осындай ғылыми ізденістерде пайда болған жаңа бағыттарды шартты түрде қалай атауға болады?
- •Әлеуметтік құрастырудың бірнеше принциптерін белгілейді, олар –
- •Жобалау қызметі мен әлеуметтік жобаларды басқару бағдарламалары алдын-ала жасалатын болғандықтан жобалауды болжау мақсатында да пайдаланса оны қандай жобалау деп атаймыз?
- •Өткен ғасырдың 80- 90 жылдары дамыған елдердің жаңа экономикасына сай қызметкердің алатын орны қандай болды?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жобалау әдісі» қандай түсінік берілген?
- •Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде «жоба» ұғымына қандай түсінік берілген?
- •Зерттеу әрекеттері қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •Жобалау әрекеттері логикасы қандай схемасы бойынша жүзеге асырылады?
- •«Педагогикалық жобалау» түсінігі в.Безруковтың анықтамасы бойынша:
- •И.А.Колесникова бойынша жобалау:
- •А.П.Тряпыцина бойынша жобалау:
- •Е.С.Заир-Бек бойынша жобалау:
- •Н.А.Масюкова бойынша жобалау:
- •Психологиялық – педагогикалық жобалаудың мақсаты:
- •Білім беруді жобалау арқылы нені белгілей аламыз?
- •Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың мазмұндық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Жобалаудың технологиялық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?
- •Процессуалдық, үрдістік деңгей нені құрастыруға бағытталады?
- •Статустық сараптама дегеніміз қандай сараптама?
- •Семинар сабақтарының мазмұны
4. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалау
Педагогикалық жобалаудың нәтижелері педагогикалық жүйелерді дамыту мақсаты арқылы анықталады, олар, сонымен қатар, мақсатты орындауды көздейтін сан түрлі әдістердің болуын қажет етеді. Педагогикалық жүйелерді дамыту сыртқы – қоғамның әлеуметтік талап - сұраныстары және ішкі – әлеуметтік - педагогикалық жағдайларына тікелей байланысты. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары басқа да педагогикалық жүйелер сияқты қол жеткізген нәтижелердің деңгейіне қатысты сипатталады.
Кез - келген деңгейдегі мақсат мазмұндық толықтыққа ие болуы тиіс, оның мәні – алынатын нәтиженің барлық сапаларының қажеттіктер мен талаптарға сәйкес белгіленуінде. Сонымен қатар, мақсатқа сай күтілетін нәтижелерді анықтау барысында олардың диагностикалауға, бақылауға келетін параметрлері белгіленуі тиіс. Яғни, мақсатты анықтау дегеніміз – күтілетін нәтижелердің сипаттамасын тексеруге, өлшеуге болатындай етіп көрсету. Мақсат толықтай диагностикалауға келетін болуы тиіс, сондықтан, оны осы талаптарға сай дәл қоя білу қазіргі басқарушылардың құзыреттілігінің, басқарушылық ой – әрекеттері деңгейінің басты көрсеткіштері болып табылады.
Жобалауға тән негізгі белгілерінің бірі – олардың белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатыны, саналы түрде қойылған мақсат бұдан кейін оны жүзеге асыру барысында қалыптасатын белгілі бір түпкілікті нәтижеге айналады. Сөйтіп, педагогикалық жобалардың мақсатқа сәйкес іс әрекеттердің орындалуына байланысты оның мақсаттылық, мақсатқа ұмтылушылық қасиеті белгіленеді.
Мысалы, педагогикалық жүйе ретіндегі дәстүрлі сабақ процесін алатын болсақ, оның білімдік, дамытушылық және тәрбиелікке негізделген мақсаты сабақтың құрылымдық бөліктеріне (тапсырманы тексеру, қайталау, жаңа тақырыпты меңгеру, бекіту, қорыту) қатысты таратылады, яғни сабақты әр бөлігінің мақсаты айқындалады.
Педагогикалық жүйе ретіндегі еліміздің жалпы білім беру жүйесі алынатын болса, оның мақсаты жоғары білім беру жүйесі, техникалық - кәсіби білім беру жүйесі, жалпы орта білім беру жүйесі, мектепке дейінгі білім беру жүйесі, педагогтардың кәсіби біліктілігі арттыру жүйесі, т.б. мақсаттарына қатысты декомпозицияланады.
Одан кейінгі кіші жүйелердің әрқайсысының өзіндік мақсаттарына сай алынатын түпкілікті өнімді білдіретін күтілетін нәтиже белгіленеді. Мақсаттар жүйесінің деңгейлері жүйенің күрделілігіне қарай тағы да одан да кіші элементтерді қамтып, одан әрі сатылануы мүмкін. Сондықтан, шартты түрде аяқталған құрылымдық мақсаттар жүйесінің таралымы (декомпозициясы) одан әрі - төртінші деңгейде – кіші жүйелердегі іс - әрекеттердің мақсаттарымен жалғасады. Оларды құрастыру үшін ең кіші жүйелердегі басқару қызметінің «кіруден» бастап, «шығуға» дейін қамтитын іс - әрекеттерді қарастырылады.
Іс - әрекеттердің таралымы (декомпозициясы) басқару қызметінің типтік моделіне негізделіп, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру мен реттеу, ынталандыру, бақылау, талдау элементтерінен тұрады.
Кіру Шығу:
ПА МҚ ЖҚ
ЖА ББ
Cурет 11 − Мақсаттық- бағдарлы жобаларды ұйымдастыру кезеңдері
Соңғы, бесінші деңгейдегі қызметтік мақсаттарды декомпозициялау төмендегі мақсаттық- бағдарлы жобалау қызметінің кезеңдері негізінде жүргізіледі:
Мақсаттық- бағдарлы жобалау қызметін ұйымдастыру кезеңдері жоғарыда көрсетілген бағыттар ретімен жүргізіледі, суреттегі шартты белгілердің мәні:
ПА - проблеманы анықтау;
МҚ - проблема анықталғаннан кейін оны мақсатты - бағдарлы жобалау қызметі арқылы шешу мақсатын қою;
ЖҚ - жобалар құрастыру: оның тиімділік көрсеткіштерін белгілеу, варианттарын қарастыру арқылы тиімді жобаны бекіту;
ЖА - қабылданған шешімді жүзеге асыру, орындау;
ББ - жобаны жүзеге асыру барысын бақылау, орындалу нәтижесін бағалау (сурет 11).
Жүйелік тұрғыдан басқару категорияларына сай, педагогикалық жүйені басқаруда орын алып отырған проблеманы шешу жолы – нақты мақсат қою, басқару қызметін жүйелі ұйымдастыру, ондағы адам ресурстарының сапасын жетілдіріп отыруға жағдай туғызу арқылы негізгі процестерді дамыту. Проблеманы шешу мақсаттық - бағдарлы жобалар құрастыру, қалыптасқан жүйенің бір негізгі компонентін өзгертіп, іс жүзіндегі нәтижеден күтілетін нәтижеге өту процесін жоспарлау және шешімді жүзеге асыру кезеңдерінен тұрады.
Бүгінгі инновациялық үдерістер білім берудің құзыреттілік нәтижелерін қалыптастыру үрдісін жобалау қызметі арқылы мазмұндық және технологиялық қамтамасыз етуді қарастыруда. Бұлар білім беру ұйымдарындағы нақты өзгерістерді қажет ететіндіктен, педагогикалық жүйелерді басқару болашақ өзгерістердің алдын – ала отырып жүргізілуі тиіс.
Атап айтқанда, басқарудағы жобалау қызметі негізінде белгілі бір жүйені дамытудағы нақты жаңа өзгерістерді қамтамасыз етуге қажетті құзыреттіліктерді анықтап алу; басқару субъектілерінің өзгерістерді жүзеге асыруға қажетті құзыреттіліктерін жобалау бағдарламасы негізінде қалыптастыру. Осылайша, жүйені дамытудағы алдын - ала белгіленген жаңа өзгерістерін мақсатты бағдарлы жобалар арқылы жүзеге асыру орындалады.
Жобалау қызметі негізінде педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың белгілі бір проблеманы шешудегі мақсаттарын біріктіріп, күтілетін нәтижені мазмұндық, әдіс - тәсілдік, ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ететін мақсаттық - бағдарлы дамыту жобалары жасалады.
А
талған
жобалар жүйенің
құрылымдық
компонентіндегі адам ресурстарын
өзіндік дамыту арқылы жүйенің тұтас
дамуын қамтамасыз ете алатын жобалау
субъектісі ретінде алады.
Жобалау қызметі негізінде педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың белгілі бір проблеманы шешудегі мақсаттарын біріктіріп, күтілетін нәтижені мазмұндық, әдіс - тәсілдік, ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ететін мақсаттық – бағдарлы дамыту жобалары жасалады. Біздің зерттеуімізде бұл жобалар жүйенің тұтас дамуын қамтамасыз ете алатын басты қызмет ретінде алынып отыр.
Жобалау қызметін ұйымдастыру педагогикалық жүйенің барлық деңгейлердегі басқарушылардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттілігіін дамытуды қажет ететін болғандықтан, оларды ұйым ішінде оқыту мен тәжірибені ұштастыру арқылы жүргізілуі тиіс. Ол үшін мақсаттық – бағдарлы жобалар ретінде оқу-тәжірибелік алаңдар мен зертханалар ұйымдастырылады. Субъектаралық және іс - әрекет барысында жүзеге асырылатын оқыту жобалары нәтижесінде оған қатысушылар – әр деңгейдегі жүйе басшылары, педагогтар, білім алушылар өзіндік білім алу мақсатын қоя алатын, өзінің мүмкіндіктерін дамытуды көздейтін деңгейге жете алады.
Мақсаттық - бағдарлы дамыту жобаларының күтілетін нәтижесі түрлі деңгейлердегі басқарушылардың, педагогтардың құзыреттілігін дамыту болуы жалпы жүйе дамуының стратегиялық мақсаты – білім алушылардың күтілетін нәтижелерін қамтамасыз ету мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйелерді дамыту процесінің құрылымдық толықтығын қамтамасыз ету өзгерілетін компоненттің процедураларын реттеп отыруды қажет етеді.
Мақсаттық - бағдарлы жобалау барысындағы аралық нәтижелерді бағалаудың көрсеткіштерін құрастыру аса маңызды, өйткені, бұл параметрлерді жасау әр кезеңнен нақты не күтілетінін анықтауға, оның мақсатқа сәйкестігін бағалауға, түзетіп отыруға, сөйтіп, күтілетін өзгерістерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Педагогикалық жүйедегі ұйымдастырушылық, сапалық өзгерістер жасалуына мүмкіндік беретін маңызды факторлар – оларды басқарушылардың құзыреттіліктерінің дамуы болып табылады.
Жоба жетекшілері ретінде басқарушылар құзыреттіктерін арнайы дамыту, өз кезегінде, жүйенің қызметтік және құрылымдық компоненттеріне белгілі бір өзгерістер ендіріп, оның мамұндық, құрылымдық, стратегиялық дамуындағы жаңа сапалық өзгерістерді қамтамасыз ететіні анықталды. Төмендегі суретте өзгерістердің жүзеге асырылу кезеңдері берілген.
5 - кезең - КН -5
4 - кезең - КН -4
3- кезең - КН -3
2 – кезең - КН -2
1 - кезең - КН -1
Сурет 12 − Өзгерістердің жүзеге асырылу кезеңдері
Бірінші кезеңде – жобалау нәтижесінде жүйені басқарушылардың құзыреттілік сапаларын дамыту деңгейі. Онда жүйенің түрлі деңгейлеріндегі басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіліктері қалыптасып, одан әрі дамытыла бастайды. Бұл кезеңде олардың жобалау барысындағы әлеуметтік – педагогикалық, тұлғааралық қарым-қатынастар негізінде өз әрекетіің мақсатын айқындай алушылық, құндылықтық, өзін – өзі дамытушылық көзқарастары өзгеріп, жаңа сапалары қалыптаса бастайды. Жаңа құзыреттілік сапалары өзара қарым – қатынастың жаңа түрлерін қалыптастырып, нәтижесінде жүйедегі педагогтардың өз әрекеттерін ұйымдастырудағы құндылықтық мақсаттары өзгере бастайды.
Екінші кезең – білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан іс – әрекеттерді, қарым-қатынастарды өзгере бастауы, дамуы. Онда түрлі деңгейлердегі жүйелерде басқарушылық іс- әрекеттер мазмұнында, өзара қарым - қатынаста өзгерістер пайда болды Бұл алдыңғыға қарағанда күрделірек, өйткені бұндағы әрекеттер бір адамға емес, адамдар тобына, немесе, басқарылушы субъектілерге қатысты. Іс - әрекеттерді, қарым-қатынастар мен әдіс - тәсілдерді өзгерту тәжірибеде нормаға айналып кеткенше қадағалау мен қалыптастыруды қажет етеді және жаңа стандарттық жағдайлар тудырады. Бұл жағдайда негізінен қалыптасқан әрекет түрлерін өзгерту жүзеге асырылып, топтар мен адамдар көзқарастары түбегейлі болмағанымен ішінара өзгере бастайды.
Үшінші кезеңде – ұйымдағы басқару субъектілері (педагогтар, білім алушылар, ата - аналар бірлестіктері, т.б.) ұжымды басқаруға қатыстырылып, түрлі деңгейлердегі жүйелерде ұйымдастырушылық - құрылымдық өзгерістер пайда болады, педагогикалық әрекеттердің мазмұны мен әдістері жаңарып, педагогтар тарапынан білім беру процесінде, сабақтардың құрылымына өзгерістер енгізіле бастайды. Бұл күрделі міндет, өйткені ол қосымша құрылымдар енгізу емес, қалыптасқан құрылым мазмұнына өзгеріс енгізуге байланысты. Соған орай, өкілеттіктерді, міндеттер мен жауапкершіліктерді, құрылымдық бағыныштылықты қайта бөлісу, оны талқылау мен реттеп отыру нәтижесіндегі өзгерістер ұйым мүшелерінің, жалпы ұжымның, білім алушылар мен педагогтардың іс – әрекеттік тәртіптері мен көзқарастарының, өзара қарым- қатынастарының жаңа сапасын әкеледі.
Төртінші кезеңде – білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан басқару қызметтері – мақсат қою, міндеттер мен күтілетін нәтижелерді жаңаша нақтылау жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда түрлі деңгейлердегі жүйелерді басқарудың стратегиялық мақсатына бағдарлы өзгерістері, яғни, жүйені әрбір компоненті нәтижелерінің жалпы жүйе мақсатына, күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі қамтамасыз етілді. Осылайша, басқарушылар мен педагогтардың өзіндік мақсаттарын анықтау арқылы құндылықтық бағыттарының қалыптасуына, өзін – өзі дамытушылық көзқарастары ғана емес, жалпы білім беру ұйымының, білім беру процесін ұйымдастыру мақсатына сай ұйымның даму стратегиясын өзгертуге ықпал етуге мүдделі болуы қамтамасыз етіледі.
Бесінші кезеңде – жүйенің ұйымдастырушылық өзгерістері, жаңа сапаға өтуі –педагогикалық жүйенің мақсатқа сәйкес даму өзгерістері жүзеге асырылады. Осы деңгейде педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында, білім беру процесін басқаруда жаңа бағыттар, тұжырымдамалық өзгерістер пайда болады. Бұндай түбегейлі өзгерістер біртіндеп дамытуды қажет ететіндіктен, әрқайсысының орындалуы өзінің алдындағы деңгейдің орындалуына тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан, жаңа стратегиялық міндеттерді орындау қалыптасқан басқару құрылым жағдайында мүмкін емес.
Педагогикалық жүйені мақсат қою арқылы өзгерту, дамыту әдетте белгілі бір деңгейде ықпал ету әрекеттерін қажет етеді. Мысалы, педагогикалық жүйелерде бірінші және екінші деңгейдегі өзгерістер үнемі жүргізіліп отыратын үрдістер, тіпті стартегиялық өзгерістер де жоспарланып жатады. Бірақ өзгерістерді дәл жоспарлау мүмкін емес. Стратегиялық өзгерістер мен дамуды дәл жоспарлау, есептеу арқылы басқару мүмін емес. Өйткені, өзгерістер жоспардың жақсы болуынан емес, ұйымдағы күрделі қарым қатынастардың тиімді, қолайлылығы нәтижесінде пайда болады. Сөйтіп, педагогикалық жүйені даму логикасында қарастыру басқарудағы жобалау қызметінің жаңа мүмкіндіктерін айқындап отыр.
Педагогикалық жүйенің өзгерістерін жобалау арқылы қамтамасыз ету педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларының құзыреттіліктерін арнайы дамытумен қатар, ұйымды дамытуға сыртқы ықпалдар нәтижесінде байланысты ішкі ресурстарды тиімді пайдалану нәтижесіінде мүмкін болады. Жобалау негізінде ұжымның өзгерістерін қамтамасыз ете алатын ресурстар және оны пайдалану мүмкіндіктерін төмендегідей белгілейміз:
педагогикалық ұжымның құзыреттілігін дамыту, оның ұйымішілік түрлерін жаңарту, педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыру ресурстары, немесе педагогтарды негізгі адам ресурстары ретінде басқару ресурсы;
білім беру мекемелері жүйесін пайдалана отырып жеке білім алу бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру ресурстары, немесе ұйымдастырушылық–педагогикалық ресурстар;
білім беру мақсаттары мен педагогтар сұраныстарына сай келетін білім беру технологияларыды игеру, пайдалану ресурстары, немесе ғылыми–әдістемелік ресурстар;
педагогикалық жетістіктер мониторингін жасау және пайдалану негізінде білім беру үдерісін жетілдіру ресурстары, немесе ақпарттық ресурстар;
әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескере отырып ұйының білім беру бағдарламасын жетілдіру, немесе әлеуметтік–педагогикалық ресурстар;
Бұл басқарудағы жобалау қызметін жүйені даму логикасында қарастыру арқылы жаңа мүмкіндіктерін айқындайды.
Осыған сай, басқарудағы жобалау қызметі құрылымдық және мазмұндық өзгерістер механизмі ретінде педагогикалық жүйелердің барлық бөліктері мен құрылымдарындағы мақсат қою мен оны орындау жолдарын талаптарға сай жаңарта алады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Педагогикалық жобалаудың нәтижелері неге байланысты анықталады?
Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының мақсаттар жүйесі қалай анықталады?
Педагогикалық мақсаттық- бағдарлы жобаларды ұйымдастыру кезеңдері
Жобалау негізінде білім берудің құзыреттілік нәтижелерін қалыптастырудың мазмұны және технологиясын сипаттаңыз.
Мақсаттық - бағдарлы жобалау барысындағы аралық нәтижелерді бағалау кезеңдері мен көрсеткіштері
Белгілі бір педагогикалық жүйені негізге ала отырып, берілген кезеңдерге сай ұжымды дамытудың жобасын жасаңыз және алынатын нәтижелерді бағалау көрсеткіштерін белгілеңіз.
Жобалау негізінде ұжымның өзгерістерін қамтамасыз ететін ресурстар.
Глоссарийді жалғастыру
