Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ОСНОВЫ ФАРМАКОЭКОНОМИКИ 4 курс Фармация ка...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Фибрилляциялық жүрекалдымен ауыратын науқастың варфарин қолдануындағы тікелей анализ шығыны.

Мақсаты. ФПмен ауыратын науқасқа 1 жыл емделу үшін жұмсалатын варфарин мөлшерін дүниежүзілік нормаланған бақылау (ДНБ) комитеті арқылы шығын структурасына анализ жүргізу.

  Кең таралған ФП популяциялық зерттеу үлкен мөлшерге негізделіп есептелген. Көмек көрсету кезіндегі шығын туралы мәлімет ҚР субъектісінің бірі болып табылатын 2011 ж. қабылданған басты тариф келісімі бойынша міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы арқылы анықтайды. Медициналық қызмет көрсетудің құны туралы мәліметті, соның ішінде амбулаториялық-поликлиника бөлімінің емдеу-профилактикалық мекеме және коммерциялық лабораториялар интернет-сайттан алынады. Портативті коагулометр және тест-сызықтарды алу үшін кеткен шығынды интернет дүкеннің ұсынысы бойынша есептейді. Қауіпсіз варфаринді қолданудағы анализ құны мөлшер белгісі, әсерлілік бақылауы арқылы шығын анализі жүргізілді.

Нәтиже. Теория бойынша жуық шамамен ҚР-ның 539 мың адамы варфаринмен терапия алу керек және ДНБ тұрақты бақылау қажет. ДНБ жүйесінің варфаринге шығыны 1% құрайды, ал бақылау және терапияның тікелей шығыны жылыны 4 058,12 теңге/адам саны. 0,03% және 13 019,05 тенге кеңес поликникасы құрайды. Өз-өзін бақылау — 0,01-0,05% және 40 405,00 бастап (терапияның бірінші жылы) — 7 404,98 тенгеге дейін (келесі жылдарға).

Қорытынды. Жүргізілген терапияда эффективтілік пен қауіпсіздікті бақылай отырып, ФП-ны варфаринмен емдеу кезінде, ДНБ-ны бақылау әдісіне тәуелсіз, шығыны 1%-дан кем болу керек.

4-тақырып. Фармакоэкономикалық анализ әдістері: «аурудың жалпы құны», «шығын минимизациясы».

«Минимизациялық шығын» анализі.

«Шығын-тиімділік» анализі кезінде тиімділік пен қауіпсіздікті сипаттайтын әртүрлі құнда бір немесе бірнеше салыстырмалы баға жүргізіді. Бір дәрілік затты немесе медициналық технологияны қолдануда әртүрлі пішіндегі салыстырмалы зерттеулерде немесе қолданудың әртүрлі шарттарында минимизациялық шығын анализін қолдану ұсынылған. Осындай зерттеу жүргізу кезінде әрбір емдеу әдісіне қатысты медициналық қызметтің барлығы қатысады. Олар жұмсалған шығынды анықтайды.

Минимизациялық шығын анализін келесі формула бойынша есептейді:

СМА =DC1 — DC2 немесе СМА = (DC1+ IC1) — (DC2 + IC2), бұл жерде

  • СМА — шығын әртүрлілігің көрсеткіші;

  • DC1 — 1- ші әдісті қолдану кезіндегі тікелей шығын;

  • IC1 — 1- ші әдісті қолдану кезіндегі жанама шығын;

DC2 и IC2 — 2-ші әдісті қолдану кезіндегі тікелей және жанама шығын.

Фармакоэкономикалық зерттеу жүргізудің түрлері мен әдістері.

Әрбір дәрілік препараттың клиникалық құндылығы оның тиімділігі, тасымалданғыштығы және қауіпсіздігімен анықталады. Фармацевтикалық нарықта препараттардың көп мөлшерде пайда болуына байланысты медициналық қызметкерлердің фармакоэкономикалық баға жағынан оңтайлы терапиялық таңдау мүмкіншілігі пайда болды. Ол үшін фармакоэкономикалық анализдің әртүрлі түрлері қолданылады. Фармакоэкономикалық анализдің төрт негізгі түрлері көрсетілген:

  • барлық шығын немесе минимальді шығын анализі;

  • шығын және тиімділік анализі;

  • шығын және пайдалылық анализі;

  • нәтиже және шығын анализі.

Кейбір елдерде құн және тиімділік немесе құн және пайдалылық арақатынасында дотацияланатын мемлекеттік дәрі формулярына дәрілік заттарды қосу шарт болды.

Бақыланатын топта анализді зерттеу проспективті клиникалық сынақ жолымен жүргізіледі. Сынаққа қатысушыларды кездейсоқ таңдау принципі бойынша емдеу тобына қосады, ал олардың емі уақыт бойынша бақыланып отырады. Бұл зерттеуді қос соқыр әдісімен өткізуге болады. Негізгі мақсат және талдау әдістерін зерттеуді жоспарлау кезеңінде анықтайды.

Табиғи жағдайда медициналық көмекті пайдаланудың тиімділігі алдын-ала белгіленген уақыттың бақылау ағымыны ұшырайды. Табиғи жағдай ем нәтижелерін ғылыми талдаудағы маңызды ерекшелік болып табылады. Дәстүрлі клиникалық зерттеу жүргізу кезінде сынаққа қатысушылардың келу жиілігі, қолданылатын процедуралар саны және емдеу нұсқалары зерттеу хаттамасы арқылы анықталады.

Зерттеліп аяқталған мәліметтерге жиі ретроспективті клиникалық зерттеулер жүргізеді. Емнің екі әртүрлі түрлерінің нәтижесіне негізделе отырып емделуші 2 топ құрайды. Зерттеудің мақсатына байланысты дәрігерге қаралған кездегі мағлұматарға, сонымен қатар басқа да медициналық көмекке анализ жасайды. Мұндай клиникалық зерттеулерді медициналық жәрдемнің ұйымдасқан жүйесі және клиникалық зерттеулер туралы мәліметтер жүзеге асырады.

Ұзақ клиникалық зерттеулер (longitudinal studies) рандомизирленген немесе рандомизирленбеген болуы мүмкін және емделушілерге ұзақ уақыт бақылануды ұсынады. (1-кесте).

Сурет. Фармакоэкономикалық анализдің жалпылама қабылданған түрі

1-кесте

Емдеу барысындағы клиникалық зерттеу түрі

Анализ түрі

Емдеу барысына сипаттама

Шығын критерийлері

Минимальді шығын (барлық шығын, емдеу құны)

Болжам бойынша, барлық емдеу курсы эквивалентті нәтиже береді; емдеу барысы өлшенбейді

Ақшалай тура және жанама эффект

Тиімділік және шығын

Қарапайым клиникалық тәжірибеде жеткен әсер сипаттамасы; әрбір топ нақты жағдайды сипаттайды

Пайдалылық және шығын

Стандартталған пайдалылық сипаттамасы (QALY)

Шығын және нәтиже

Ақшалай емдеу барысы

Минимальді шығын анализі (CMA — COST-MINIMIZATION ANALYSIS)

Минимальді шығын критерийі бойынша бір немесе бірнеше емдеу әдісі аз шығынды анықтау үшіш арналған. Олардың клиникалық әсері анықталған немесе эквивалентті болып есептелінеді. Осындай зерттеулер жүргізу кезінде емдеудің әрбір әдісіне қатысты медициналық қызмет көрсетудің барлық түрі кіреді (емдеуге кеткен шығынды анықтайды).

Минимальді шығынды есептеудің формуласы:

СМА =DC1 – DC2 немесе СМА = (DC1+ IC1) – (DC2 + IC2),

Мұнда,

СМА — шығын әртүрлігінің көрсеткіші;

DC1 — 1-әдісті қолдану кезіндегі тікелей шығын;

IC1 — 1-әдісті қолдану кезіндегі жанама шығын;

DC2 және IC2 — 2-әдісті қолдану кезіндегі тікелей және жанама шығындар.

Минимальді шығын анализін пайдалана отырып клиникалық зерттеуге мысал. Мысалы, минимальді шығын критерийін екі әсерлі гиполипидті дәрілік затты салыстыру үшін қолданылады. Алатын дәрілік препаратқа байланысты сыналып отырған екі топтың емі туралы мәліметтерді жинақтайды. Егер қандайда бір препарат көп мөлшерде қолайсыз әрекет көрсететін болса, емделушілерге медициналық мекеменің қосымша көмегі қажет болады. Қосымша диагностикалық зерттеулерді қосқанда міндетті түрде емделетін дәрілік препараттың құнына әсер етеді. Клиникалық зерттеу кезінде әрбір препараттың бөлшек бағасын минимальді шығын арқылы анықтайды.

Бір емдеу әдісінің шығынын басқа емдеу әдістерімен салыстырмай клиникалық зерттеу жасау шығынның барлық анализі деп аталады. Нақты аурумен емделушіні тіркеусіз емдеу әдісімен емдеудің тікелей және жанама шығындары нақты ауруға қарсы дәрі-дәрмек шығыны деп аталады. Осындай анализ туралы ақпарат көрсетулерге сәйкес келген жағдайда дәрілік заттарды шығаратын фармацевтикалық компанияларға пайдалы мүмкіндік береді. Барлық шығындарды талдау нәтижесі зерттеліп отырған препартты сату кезінде қаржылық пайда жеткіліктілігін анықтауға көмектеседі. Бұл мәліметтер медициналық қызметке жұмсалатын шығынды азайту үшін дәрілік маңызды.